Шетел мемлекеттеріндегі мүлік салығының ерекшеліктері


Мүлік салығын бақылауды жетілдіру мен салықты төлеуден жалтарудың алдын алу шаралары



бет17/19
Дата11.12.2023
өлшемі136,36 Kb.
#136990
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
3.2 Мүлік салығын бақылауды жетілдіру мен салықты төлеуден жалтарудың алдын алу шаралары

Нарық қатынастары елдерінде салық экономика мен әлеуметтік хал-ахуалды тұрақты дамытудың реттеуші көзі болып табылатын бюджеттік қатынастарды тікелей басқару мен бақылаудың әдісі ретінде қолданылады.


Бүгінгі күннің ең негізгі талабының бірі – «Көлеңкелі экономика мен сыбайластық жемқорлыққа» қарсы күрес жүргізу барысында қоғамның даму заңдылықтарын орындау. Ол үшін әрқашанда жалпы бақылау жүйесін, сондай-ақ мүлікке салықты бақылауды талдау әдістерін кеңінен қолданып, оны тек құқықтық негізде жүргізе білу қажеттілігі туындап отыр. Қазіргі жағдайда салық төлеушілер үшін мүлікке салықтық ауырпалылығы әлі де жоғары, олардың ішінде көбісінің тиімділігі де төмен [20, 19 б.].
Мүлікке салықты бақылаудың жан-жақты қажеттілігі, оның түрлері мен жүзеге асырылу әдістері дұрыс жолға қойылуымен қатар, екі жаққа да тиімді жүргізілуі тиіс. Мүлікке салықты бақылауда қайта құрулар сәйкес шешімдер мен ережелермен бекітіледі. Олардың орындалуынсыз қоғам алға қойған мақсаттарына: экономикалық өсімге, қаржы тұрақтылығына, азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге, олардың қауіпсіздігіне және тағы сол сияқтыларға қол жеткізе алмайды. Мүлікке салықты бақылау кері байланыстың бір түрі бола отырып, сол сәтте басқару шешімдерінің орындалуына котолизатор бола алады. Мүлікті басқарылу объектісі туралы қажетті ақпараттарды алып, оны талдау арқылы оған шаралар қолдануға, яғни, жағдайды түзетуге бағытталған нормотивтік актілермен басқару шешімдерін қабылдау қажеттігі туралы қорытындылар жасауға болады.
Мүлікке салықты бақылау, мемлекеттің табысы болып табылатын салықтың түсуін қамтамасыз ету құралы екендігін көрмеу мүмкін емес. Яғни, бұл дегеніміз салықтық бақылаудың негізінде мемлекеттің материалдық қызығушылығы жатыр.
Қазіргі таңда экономистер салықтық бақылауға төмендегіше белгілермен сипаттамалар береді:
Біріншіден, салықтарды бақылау мемлекеттік бақылаудың бір түрі болып табылады. Яғни, оны мемлекеттің бақылау қызметін жергілікті өзін-өзі басқару органы арқылы жүзеге асырады. Сонымен бірге бұл жергілікті өзін-өзі басқару органына мүлікке салықты басқаруды атқару мүмкіндігіне ие.
Екіншіден, мүліктік бақылау, және басқа да салықтарды бақылау қаржылық бақылаудың бір түрі болып табылады. Оны жүргізу барысында заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің және жеке тұлғалардың мүлікті немесе белгілі бір объектіні заңды және мақсатты пайдаланылуын тексереді. Сол арқылы экономика дамуына және халық жағдайын жақсартуға тиімді қолданылуын қадағалайды. Мүлікке салықты бақылауын жүзеге асыру барысында жергілікті бюджетің немесе мемлекеттік бюджетке қаржылық іс-әрекетіне бағытталған, ақша қорларын құрауға кететін, осы мүлікке салық мемлекеттің салық жүйесінің құрамына кіретін салықтарды жинау болып табылады.
Үшіншіден, мүлікті бақылау мемлекеттік немесе жергілікті деңгейде басқарудың арнайыланған түріне жатады. Бұл бірінші кезекте мүлікке салықтық бақылауды тек арнайы жергілікті басқару органдары ғана жүзеге асыра алатындығынан көруге болады [21, 334 б.].
Мүліктік салықты бақылаушының мақсаты:
1. Салық заңдарын бұзушылық фактілерді немесе салықтық құқықтық қатынастарда қатысушының өз міндетін сапасыз орындалғанын анықтау;
2. Айыптыларды анықтау және оларды заңда бекітілген жауапкершілікке тарту;
3. Салық заңын бұзушылықты жою;
4. Мүлік салығы бойынша қарыздарды өндіріп алу бойынша шаралар қолдану түріндегі мемлекеттің материалдық пайдасын қорғау;
5. Салық заңын бұзушылықтардың алдын алу;
Соңғы мақсат бойынша айтар болсақ салықтық тексеру барысында тіпті заң бұзушылық болмағанның өзінде де салық төлеуші өзі де салықтық міндеттемелердің орындалуын мұқият қадағалап отыратын болады.
Мүлікті салықтық бақылау негізінен мемлекеттік орындаушы органының іс-әрекеті арқылы, ал нақтылай айтқанда жергілікті салық органдары арқылы ғана іске асырылады. Бірақ құқық қорғау органдары да салықтық бақылау жасай алатындығын айтпауға болмайды, тек салық органының қатысуымен. Салықтық бақылаудың тиімді болуы тұрақтылыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мүлік салығының тиімділігін арттыру үшін бірінші кезекте жалпы салықтық бақылауды жетілдіру қажет екндігі түсінікті. Яғни, салық органы жұмысында мүлікке салық бақылауын ұйымдастыру жолдарын тұрақты түрде дамытып, әрқашан жаңа әдістер ізденіп отыруы арқасында мәселелерді шешудің нақты жолдарын анықтаса, салықтық бақылауға оң әсерін тигізер еді.
Салық төлеуден жалтарыну – салық төлемдерін толық немесе ішінара төлемеу мақсатымен салық төлеушінің салық салу объектісін (табысты, тауар айналымын, пайданы және мүлікті) әдейі жасыруы және азайтуы.Салық төлеушілердің мұндай заңсыз іс-әрекеті мемлекет мүддесіне айтарлықтай нұқсан келтіреді: мемлекеттік немесе жергілікті бюджетедәуір қаражаттарды ала алмайды, салық заңнамасын бұзушылар кірістерінің қосымша криминалдық көздері жасалынады, кәсіпкерлік қызмет сферасында, салада, аймақта және тағы басқа құн қозғалысының сомасы бұрмаланады.
Салық төлеуден жалтарынудың себептері әр түрлі болуы мүмкін:
1. Жеке және заңды тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің шаруашылық, кәсіпкерлік немесе өзге де қызметті қалыпты жүргізуге мүмкіндік бермейтін елеулі салық ауыртпалығы, салықтардың көптігі және жоғары мөлшерлемелері салық салынатын субъектінің көлеңкелі жұмыс жүргізуіне кетуіне жәрдемдеседі;
2. Салық заңнамасының анық еместігі, нұсқаулықтар мен ережелердің қағидалары мен нормаларын түрліше түсіндіретін ондағы толықтырулардың, өзгерістердің, түзетулердің көптігі;
3. Салық департаменттерінің немесе басқармаларының ұйымдастырудағы кемшіліктер: қызметкерлердің төмен біліктілігі мен білімсіздігі, экономикалық білімдер мен құқықтық мәселелердің шектес салаларын жеткіліксіз білу, тексерулер кезіндегі қызметкерлердің адалдыққа жатпайтын іс-қимылдары;
4. Салық сомаларын баю немесе көлеңкелі жұмыс жүргізу мақсатымен субъектілердің оларды төлемеуге қасақана, әдейі ұмтылуы және тағы басқа.
«Көлеңкелі экономиканың» орасан зор ауқымы, басқа елдердің банк мекемелеріне ақша аудару, кәсіпкерлік қызметтің шын ауқымын, мүлік құнының мөлшерін төмендету жөніндегі табысты күш салулары мемлекет бақылауынан салық түсімдерінің аса ірі сомаларын шығарады.
Салықтардан мәжбүрлі өндіріп алудың шаралары белгіленген. Салық төлеушінің белгіленген мерзімде орындалмаған салықтық міндеттемесін орындау:
1. Төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасына өсімпұлдар есептеу;
2. Салық төлеушінің салық берешегі есебіне мүлікке билік етуін шектеу тәсілдерімен қамтамасыз етілуі мүмкін
Өсімпұл сомасы мен салық берешегін өтеу бойынша салықтық міндеттемені мәжбүрлеп орындату шараларын, сондай-ақ салық заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылықтың өзге де шараларын қолдануға қарамастан есептеледі және төленеді [22, 11 б.].
Салық органдары салық төлеушіге мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттемені орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолданғаннан кейін, мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануға құқылы.
Алайда аталған шаралардың бәрі салықтан жалтарынудың проблемаларын жоймайды. Тек салық службасының органдары тексерулерінің нәтижелері бойынша есептелінбеген төлемдердің сомасы бюджет кірісінің үштен бірін құрайды. Салық төлеушілер салық салынатын объектілерді жасырудың аса жетіктелінген әдістерін қолданады, салық службаларына бұрмаланған мәліметтерді беру жағдайлары жиі кездеседі.
Салықтан жалтарынудың мүмкіндіктері халықаралық қаржы-экономикалық қатынастарында да бұл сұрақ туындап отыр.
Салық сомасын төлемеу немесе азайтып төлеу «салықтық моральдің» құлдырауын, салық органдардың және мемлекеттің өзінің беделін түсіу жазасыздығының нәтижесін тудырады. Сондықтан салық төлеуден жалтарынуымен күреске салық органдарының жұмысында зор маңызы берілуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет