126
пәктік пен жастықтың, тарақ әдемілік пен сұлулықтың,
иіссу құлпырудың, жайнай түсудің белгісін білдіретін еді
ғой.
3-қария:
Я, па, шіркін десеңші! Сондағы ауыл жастарының, ауылды
бір шулататынын айтсаңшы! Ауыл жастары бір асау
тайыншаға ашамай ерттеп, үстіне жанды қуыршақ мінгізіп,
мойнына қоңырау іліп, иттерді шулатып, малды үркітіп,
елді ұйқыдан оятып түнгі сағат үште тайыншаның басын
бос жібереді. Бұл тайынша келе жатқан жаңа жыл іспеттес
еді-ау.
Үй иесі:
Е, е, сол ұмыт болған дәстүрлеріміз қайта қолға алынып,
жалғастырылса нұр үстіне нұр емес пе?! Ақсақалдар,
Наурыз көже алыңыздар.
1-қария:
Ұлың ұяға, қызың қияға қонсын,
Қыруар малың өріске толсын,
Дәулетіңді асырсын,
Дұшпаның басылсын,
Менің берген бұл батам
Ұлыс күнге сақтап жүрген сүр батам.
Достарыңызбен бөлісу: