Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кəсіби даярлау
Мақалада білім беру сапасын көтеру, болашақ мұғалімді даярлау мəселесі айтылған. Аталмыш
мəселеде педагогикалық инновацияны пайдалану проблемасы болашақ педагогтарын даярлаудың
аспектісі ретінде алынды. Сондықтан болашақ мұғалімдерді даярлауда педагогикалық инновацияны
пайдалану ерекшелігін қарастыру керек. Оларды даярлауда арнайы курстың маңыздылығы көрсетілді.
Болашақ мұғалімдерді даярлауда педагогикалық инновацияны пайдалану жөнінде арнайы курстың
мазмұны, мақсат, міндеттері, құрылымы ұсынылды. Оқу процесінде енгізілген арнайы курстың
нəтижелері талданды.
Кілт сөздер: педагогикалық инновация, болашақ маманды даярлау, арнайы курс, ауыл мектебі,
мектептегі білім беру, оқу процесі.
Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»
Жолдауында: «Мен сіздерге — жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер жаңа бағыттың
қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер», — деген. Мемлекет болса, өз тарапынан жастардың сапалы
білім мен саналы тəртіп алуына, қажетті мамандықты игеруіне, өз арман-мақсаттарын жүзеге
асырулары үшін бар мүмкіндіктер жасап келеді. Елбасы бұл Жолдауында мемлекетте білім алып,
еңбек етіп жатқан азаматтарға ең озық жабдықтармен жəне ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау
машығын меңгеруді міндеттеп отыр. Əрине, біздің еліміз үдемелі индустриалды-инновациялық
бағытта шарықтап, тез дамып келе жатқан елдердің қатарында. Сол себепті жаңа өзгерістерге əр
уақытта да қазақстандық азаматтардың дайын болулары керектігін Елбасымыз ашық айтты.
Елбасының осындай саясатын жете түсінген ел азаматы өзінің кəсіби біліктілігін үзбей жетілдіріп,
озық технологияларды меңгеру жолында тынымсыз еңбек етуі керек шығар [1].
Елбасы өз Жолдауында прагматикалық стратегия құра отырып, қазақстандықтарға жаһандық
технологиялық төңкерістің бөлшегіне айналу мақсатын қояды. Ол үшін инновациялық зерттеулер
мен əзірлемелер дайындап, ауқымды халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу
мүмкіндіктерінің бар екендігін баса айтады.
Елбасы ұсынған елімізді өркендетудің жеті бағыты да маңызды. Оның ішінде төртінші бағыт
білім саласының қызметкерлері, біздер үшін, өте маңызды болып табылады. Ол — жоғары білімді
ұлт қалыптастыру қажеттігі. Бұл бағыт білім беру саласында еңбек етіп жүрген ұстаздарға жаңа
міндеттер жүктейді. Оқыту əдістемелерін жаңғырту, отандық білім беру жүйесіне инновациялық
əдістерді, шешімдерді жəне құралдарды қарқынды енгізуге тиістігі заман талабы. Жаңа заман
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ