Байланысты: Шетел тілін оқытуда техникалық құралдарды қолдану
ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ. ЖОБАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ҚОЛДАНУ. ШЕТЕЛ ТІЛІ САБАҒЫНА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР.
Шетел тілін оқытуда техникалық құралдарды қолдану.
Сөйлеуге тыңдап түсінусіз үйрену мүмкін емес. Шетел тілін меңгеруде тыңдап түіну қабілетін дамытудың алар оны ерекше.
Ауызша сөзді түсіну – адамның естіген сөздердің мағынасына талдау жасап, аяқтаған ойды білдіруіне, ойша жинақтау қабілетіне байланысты болады.
Тыңдап түсінудің негізгі топтарына мыналар жатады:
a. тыңдап түсіну дағдылары (мәтіннің грамматикалық және морфологиялық формаларын тани білу);
ә. сөздерді және сөз тіркестерін түсіне білу қабілеті;
б. дыбыстарды, дауыс интонациясын ажырата білу.
Тыңдау процесі есту қабілеті механизмімен тығыз байланысты. Есту, тыңдау қабілетін техникалық құралдар көмегімен жаттығулар жасау арқылы дамытуға болады. Логикалық түсіну механизмі талдау процесінде күрделі болып саналады.
Ауызша сөзді түсіну үшін бір материалды бірнеше рет тыңдаудың қажеті жоқ. Сөзді толық түсіну бірден және толықтай бір рет айтқанда қабылданады. Қазіргі кезде шетел тілін меңгеруде (есту, тыңдау, оқу арқылы) оқу фильмдерін көру, үнтаспалар тыңдау және т.б. мүмкіншіліктері өте көп. Шетел мамандарының сөйлеуімен жазылған үнтаспалар, видео–фильмдер көптеп саналады. Бірақ үнтаспа жазбасын тыңдау мен бетпе–бет ауызша сөйлесудің айырмашылығы бар. Сөйлеушінің ауызба – ауыз сөйлесудің мүмкіндігі жоқтығы, үнтаспа арқылы тыңдау барысында біршама қиыншылықтар туғызады. Сондықтан тыңдау қабілетін үнтаспа көмегімен дамыту үшін арнайы аудио – жаттығулар мен аудио – мәтіндер қажет. Осы орайда мәтінді тыңдау, оқып отырған кісінің сөзін тыңдай отырып мәтінді оқып отырудың мәні зор.
Тыңдауға үйренуді сөйлеушімен бетпе – бет отырып тыңдаудан бастаған жөн. Аудиториялық сабақтарда оқушының сөйлеуі, видеофильмдерді көрсете отырып, оқытушының оқуы оқушы үшін үлкен өнеге, үлгі болады. Бастапқы кезде сөйлеуден тыңдау пайызының жоғары болуы мүмкін. Сабақ кезінде кейде естіген материалды қайталаумен шектелеміз, ал оны түсіну қабілетіне көбінесе мән бере қоймаймыз.
Шетел тілін тыңдап түсінудің өзіне тән қиыншылықтары бар, Жаңа материалды тез ұғындырыуға тырысып, тілдік материалдарды көп беру қабылдауды қиындатады, сонымен бірге дағдыны қалыптастыруға кері әсер етеді. Осының әсерінен оқушы тез тыңдап, түсініп, жауап дайындау үшін ойланып отырады. Бұндай тыңдау қорытындысы – тыңдаушының сөзінде қатенің көп болуына әкеледі.
Ауызша сөйлеуге үйрету – шетел тілін оқытудың ең қиын аспектісі болып саналатындықтан, ең негізгі мақсат – естігенін түсіну білуге үйрету.
Түсінуді тексерудің ең басты бөліктерін біріншіден–сурет арқылы, екіншіден–жазбаша жауап беру арқылы жүргізуге болады. Бұл жұмыс түрлері ауызша жауапқа жатпайды. Шетел тілін үйрену үшін мұндай жұмыс түрлері тыңдап түсінуге қарағанда үлкен роль атқармайды.
Сурет арқылы үйрету кезінде қажетті суретті таңдау – алдымен айтылған фразаға, диалогқа, мәтінге, әңгімеге, одан соң тыңдалған материал мен суреттегі айырмашылықты табуға (жауапты жазбаша түрде беруге болады) байланысты болады.
Шетел тілін аудармасыз түсінудің тағы бір жолы үнтаспа арқылы әртүрлі бұйрықтар беріп, орындату. Оқытушы дұрыс, не бұрыс екенін қадағалайды. Бұйрықтарды тек бұйрық рай ретінде берумен қатар әртүрлі нұсқалар ретінде де беруге болады. Мысалы: “When Tom (Mary) walks to the window, John will write Kate’s name on the blackboard”. Мұндай бұйрықтар тыңдаушылардың қызығушылығын тудырады және сөздерді, шетел тілінің грамматикалық формаларын есте сақтауға көмектеседі.
Әртүрлі бұйрықтарды орындау грамматикалық материалды түсіндірумен басталады. Мысалы шартты рай: “If the student in front of you is a boy take his book, if the student in front of you is a girl give her your book”. Үнтаспаға жазылған мұндай жаттығулар оқушылардың ағылшын сөзін түсінуіне көп әсер етеді. Бұл ойын түрі сияқты оқушылардың ынтасын арттырады.
Алғашқыда тыңдаушы аудиоматериалдарды тыңдағанда түсінбегенімен қатар ештеңе “естімегендей” күйде болады. Сондықтан шетел тілін үйренудің ең негізгі этапы – дыбыстарды ажырата білу.
Дыбыстарды ажыратуға арналған жаттығулар:
Сөздерді тыңдап, [ae] дыбысы бас сөздің нөмірін атаңыз: bed, bad, nut, not, mat, cat, set.
Жұпты сөздерді тыңдаңыз. Қандай жұпты сөздер бірдей айтылатынын айтыңыз: shoe – sue, show – show, she – see, shun – sun, sum – some.
Сөздерді тыңдап, ұзақ [i:] және қысқа [i] дыбыстары бар сөздердің нөмірін атаңыз: peat, khit, sheet, Tim, pit, meat, live, team, leave.
Сөйлемді тыңдап, [v] және [w] дыбыстарын неше рет естігеніңізді айтыңыз: “a very vivacious and vain villain was walking wearily with a venerable woman”.
Тыңдаған мысалдарыңызда қандай сөздер а) екпінді, б) екпінсіз айтылады.
Бастапқыда сөйлемдердің грамматикалық құрылымын түсінгендігін тексеру үшін мынадай жаттығулар орындауға болады:
Сөйлемдерді тыңдаңыз және қай сөйлемдер келер шақта айтылып тұрғанын атаңыз: (1) I’ll go. (2) I go. (3) I’ll look at it. (4) I look at it. (5) I’ll laugh with you. (6) I laugh with you. (Бұндай жаттығу осы шақты және келер шақты ажырата алуға үйретеді).
Сөйлемдерді тыңдап, нені білдіретіндігін айтыңыз: I’ll go, She’ll go. (1) I want to go. (2) I want her to go.
Сөйлемдерді тыңдап қайсысы өткен шақта тұрғанын айтыңыз: (1) We’d very little show here. (2) We’ve very little show here.
Фонетикалық және грамматикалық құрылымдарды тыңдау арқылы салыстыра және ажырата білуге арналған тапсырмалардың мұндай түрлерін бірте–бірте күрделендіруге болады. (Тапсырмалар ағылшын тілінде беріледі).
Listen to the sentence pronouced with different intonation. Give the number of the sentence which is said. a) without great interest, b) lively (interested), c) urgenly, with strong emphasis, d) lively (very interested). Here is the sentence: “What’s the time?” (Диктор бұл сөйлемді әртүрлі интонациямен 4 рет қайталайды).
Listen to the sentence “I can’t eat anything” pronounced with different intonation. Which of the variant means “I can eat nothing” and “I can eat some things”?
Тыңдап түсіну қабілетін арттыру үшін 2–3 жауап нұсқаулары бар тапсырмаларды орындау өте пайдалы жұмыс түрі болып табылады. Мындай фоножаттығуларды мысалға алсақ:
Listen to the phrase repeated twice, then listen to the next three phrases. Which of the three is synonymous to the first, preceding them? To run across someone is a) to argue with him, b) to meet him unexpectedly, c) to call him up.
Listen to the sentence “I look after John”. Now, if I look after John, does it mean that I. a) follow him everywhere, b) take car of him, c) call on him?
Listen to the short story. “It was late. Dick was driving home. There was a cross – road ahead. Suddenly a careless driver in another car turned into his path without signalling. Dick ran into him.” Now choose the correct sentence: a) Dick was driving from home, b) Dick was driving home, c) Dick was walking home. Now some more questions to you: a) Did Dick run into another car? b) Didn’t Dick run into another car? c) Did another car run into Dick’s car?
Мұндай фоножаттығуларды оқушылардың түсінгенін ауызша және жазбаша түрде тексеру арқылы білуге болады.
Диалогты, әңгімелерді, мәтіндерді тыңдау шетел тілін түсініп үйрене білудің ең қажетті бөлігі болып табылады. Тыңдауға арналған мәтіндер оқылған тілдік материалдар негізінде құрылады. Оның ішіне 3–4% таныс емес лексикалық материалдар қосуға болады. Алғашқы рет тыңдауға арналған мәтінге жіберілген уақыт 1–1,5 минут көлемінде болуға тиіс. Төмендегі мәтінді мысал ретінде беруді жөн көрдік:
Listen to the story. Be ready to answer the questions that fallow the story:
My friend Bill is a geologist. He doesn’t stay in town in spring and summer. He goes on expeditions. There he lives in a tent and cooks his own meals. He thinks he is a very good cook and when he comes back to town he tries to teach his wife and mother – in – law the art of cooking. He tells everybody that canned meat and porridge are the best dishes. His wife, in his opinion, spends too much time on cooking. So he doesn’t let her stay in the kitchen for more than half an hour. Good plain food is just what a man needs.
Neither his wife nor his mother – in – law contradicts him, for he never stays long at home.
When he leaves, his children are sorry to part with him, but they are glad that grandmother will cook their meals again.
Questions:
What is Bill’s profession?
Where does he usually go to in spring and summer?
He cooks his own meals when he goes on an expedition, doesn’t he?
Who does he try to teach the art of cooking to?
What are his favorite dishes?
Why doesn’t he let his wife spend much time in the kitchen?
What kind of food does a man need, in his opinion?
Why doesn’t his wife contradict him?
Are the children sorry when their father goes on an expedition again?
Who cooks their meals after his departure?
Тыңдалған әңгіме бойынша төмендегідей жұмыс түрлерін орындауға болады:
Жазбаша жоспар құру, мәтінге ат қою, сөз тіркестерін жазу.
Ауызша мәтіннің қысқаша мазмұнын беру, толық мазмұнын беру. Жұмыстың мұндай түрі шетел тілін тыңдап түсіне білу мен сөйлеуге үйретеді. Шетел тілін тыңдап түсіне білуге үйрену үшін тек үнтаспа ғана емес, сонымен бірге видеофильм және диафильмдердің көмегіне сүйенуге болады. Шетел тілінде тыңдап түсіну қабілеттері дамып жетілгеннен кейін, радиобағдарламаларды тыңдауға немесе көркем және деректі фильмдерді көрсету арқылы оқушылардың білімдерін нығайтуға болады.
Жобалау технологиясын бастауыш мектепте қолдану.
Жаңа өмір талабына сай бала тәрбиелеу кез келген адамды алаңдатады. Елбасшымыздың бекіткен тұжырымдамасы мен жолдауында жаңа қоғамды қалыптастыру үшін, саяси және экономикалық талаптарды ескере отырып, жасөспірімдерді мәдениетке, ата – баба салтына, әдет – ғұрпына, ұз ұлтының ұлттық құндылықтарын игеруге, халықаралық қатынас мәселелерін түсінуге дайындауымыз керек. Мектептегі өткізілетін мерекелер ғана емес әрбір сабақ, әр пән тәрбиелік мәнге ие болуы керек. Қазір оқыту барысында мәдениетаралық коммуникация компоненттерін енгізу басты шарт болып отыр. Өйткені бала басқа елдің мәдениетімен таныса отырып, әдет – ғұрып, салт – дәстүрімен өз елінің ұлттық құндылықтарын салыстыра үйренеді. Шетел тілі қазіргі кезеңде заман талабына сай көптеген мектептерде 2 сыныптан бастап жүргізілуде. Бұл оқушы бойында ерте кезеңнен бастап ұлтаралық, мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына тәкелей ықпал етеді. Шетел тілін бастауыш мектептен бастап оқытудың артықшылығы әрбір балаға психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, содан соң негізгі мектепте білімін берік нығайтуын, білім сапасын арттырып, шетел тілінде қарым – қатынасқа түсіп, ерте мәдениетаралық коммуникацияға мүмкіндік беретіндігінде.
Әрине шет тілін оқып, үйрену, бірден қалыптаса қалмайды. Өз ана тілін әлі толық меңгермеген балаға шетел тілін үйрету оңайға соқпайды. Бұл кезде мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Бастауыш мектептің бастапқы сыныптарында баланы шетел тіліндегі дыбыстарды дұрыс айтуға, буындарды сөз тіркестерін, сөйлемдерді дұрыс меңгеріп, хат жазу, анкеталарды үлгі бойынша толтыру үйретіліп, негізгі грамматикалық категориялардан жалпы мағлұмат беріледі. Осы бастапқы сыныптарда – ақ оқушыларды түрлі тәсілдермен білім алуға үйрету қажет. Жоба әдісін қолдануда оқушылар өз бетімен қажетті хабарды жинауға дағдыланып, өздік шығармашылық қабілеттері артады.
Жалпы жоба жұмысы – белгілі бір өтілген материалдың қорытындысы ғана болмай, танымдық әрекетінің әдістемелік жемісі де болуы керек. Яғни, белгілі мақсатқа жетудің нәтижесін көрсеткен жөн. Жобалау әдісінің негізінде оқушының өз бетімен танымдық қабілеті дамиды, хабар кеңістігінде жаңалықты бағдарлай алу, алған жаңалықты сараптау, шығармашылық зерттеуге дағдыланады.
Жобалау әдісі 21 ғасырдың технологиясына кіріп, басқа елдерде бұрыннан қолданылса да біздің елімізде тек соңғы жылдары әсіресе қазақ мектептерінде сирек, оның өзінде 5 – 11 сыныптар аралығында ғана қолданылуда. Жоба әдісін қолдана отырып, оқушы өмір талаптарына сай, қоғамдық жағдайларға байланысты мәселелерге мұқият дайындалады. Олардың лингвистикалық белсенділігі жазу, сөйлеу, оқуды дамиды. Ол үшін шығармашылық хат, газет, журналдар, монологтар, шығармашылық ойын (пьеса) т.б. қолданылады. Жобаны жасауда балаларға әртүрлі бейнефильмдер, мультфильмдер, компьютерленген бағдарламалар ұсынылады. Дене қимыл қозғалысы – ұлттық билер, музыкалық – ритмикалық қимылдар арқылы, ал өлең, тақпақ, хормен немесе жеке ән айтуда дауыс ырғағы, сезім мүшесі дамиды. Түрлі жұмыстар тек ойлау қабілетін ғана дамытып жобамен өз бетімен жұмыс істеуге де үйретеді. Сабақты түрлендіре өткізу оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады. Бала мұндай сабақтан жалығып, шаршамайды. Ал жобаны әр баланың психологиялық ерекшеліктеріне байланысты беру керек. Жобаны оқу жылының басында оқытушы жоспарланған бағдарламадағы тақырыптарға сай етіп алады. Бастауыш мектепті бітірген оқушы бағдарламадағы белгіленген тақырыптар бойынша қарапайым үлгіде өз сыныптастарымен шет тілінде қарым – қатынас жасау алуы керек. Өзі, жанұя мүшелері туралы, мектеп, қала, достары жайлы әңгімелей білу керек.
Шетел тілін оқытып, үйрету мақсаты – оқушылардың қарым – қатынас жасай алуға түсе алатын қабілеттерінің негізін қалау болып табылады.
Жаңа тілге үйретуде оқытудың жаңа тәсілі төмендегідей талаптарға сәйкес келуі көзделеді:
оқушыға қолайлы оқу орта қалыптастыру;
оқушының оқуға деген қызығушылығын арттыру, ой – тілектерін ояту;
ойын түрінде оқыту арқылы оқушының белсенділігін арттыру;
шет тілін оқушының жеке қызығушылығымен байланыстыру;
оқушы – субъекьт, оқытушы – кеңесшісі болу;
сатылап өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.
Жоба әдісін қолданып оқыту бұл талаптарға жауап бере алады.
Оқыту әдісін – жеке тұлғаға, топқа бағыттылған, жоспарланған, шығармашылық сипаттағы жұмыс оқу процесін оқудың әлеуметтік формасына айналдырады, қажетті жаңалықтарды жинап, бірлескен әрекетке үйретеді.
Бастауыш мектепте жобалауды қолданудың негізгі принциптері мыналар:
нақты мақсатты іс – жүзінде жүзеге асырыға бағытталған бірлескен жұмыс атқару, жаңаны білу;
әр балаға нақты тапсырма беру;
жеке тапсырманы орындау;
оқышының жауапкершілігі.
Оқытуда іс – жүзінде шағын жобалар (3 сағатқа арналған) немесе үлкен жоба – 1 – 2 аптаға, тоқсандарға, жылға арналады. Жоба нәтижесі ең соңында коллаж, альбом, суреттер, әртүрлі мәтіндер өлең ережесі, көрме, қойылым түрінде болуы керек. Анығырақ айтқанда оқушы алдына нақты мақсат қойылады, тілді қарым – қатынас ретінде қолдана отырып жаңаны бірлесіп істеуге, білуге үйрету көзделеді. Соңғы қорытынды міндетті түрде сынып алдында топ, басқа сыныптар алдында қорғалу керек. Ең алдымен сынып оқушыларын 3 кіші топқа бөліп аламыз.
1 – кезең дайындық кезеңі. Тақырып таңдау, оны құрастыру міндеттерін белгілеу, ұйымдастыру, талқылау, жоба мазмұнымен танысу. Мұнда оқытушымен бірге оқушы жобаның тақырыбын, мақсатын анықтайды.
2 кезең. Материал жинау, материалды өңдеу, толықтыру. Оқушылардың жинаған тілдік материалдарын, алғашқы нәтижелерін қорытындылап, талқылау, келесі қосымша материалды, жаңа материалды іздестіру. Жоба үй тапсырмасы ретінде материалды қолдана отырып диалог жасауға беріледі, лексикалық грамматикалық материалдар өңделінеді, кесте беріледі.
Сол үлгілерінің түрлерін ғана үйренбей, өздерін – өздері бағалауға, тыңдап түсінуге, өз жобасының ұқсас сәйкестігіне, ерекшеліктерін естіп, бірін – бірі бақылай отырып, ақпарат хабармен алмаса отырып, өңдеп бірлесе коллаж, альбом шығарады.
3 – кезең. Сөйлеу кезінде алынған материалды қолдану, жоба жұмысының аяқталуы, аутентті мәтінге қарап құрған ертегі, жұмбағымен таныстырады.
4 – кезең. Қорытынды шығару, жобаның презентациясы. Осылайша жобалау жұмысымен әр оқушы шетел тілінде сөйлейді.
Жалпы жұмыстың құндылығы сол – баланың бойында әлеуметтік біліктілігі дамиды, жауапкершілік қасиеті артады. Егер оқушылар жүйелі бағытпен жұмыс істесе білім тиімділігі жоғары болмақ. Оқып, аударудың сапасы жақсарады, ауызша, жазбаша сөйлеу қабілеті нақтыланады, түсінігі кеңейеді, сөйлеу дағдысы дамиды. Әр оқушы өз ойын айтуға, дәлелдеуге тырысады. Ауызша сөйлеуді жетілдіруге үлкен мүмкіндік береді.
Сонымен бастауыш мектепте жобамен жұмыс технологиясын қолдану жеке тұлғаны дамыту бағытында оқушының өз бетімен хабарды жинауға, сараптау, тиімді де тиісті қорытынды жасау, өз ойын дәлелдеуге, сөздік қорын толтыруға, тілдік мәдениетке үйренуге, эстетикалық талғамын дамытуға үлкен үлес қосады. Жобаны жүргізу барысында оқушылардың арасында білінбей жүрген қабілеттері байқалып, ашылып, дамиды. Жеке тұлғаның қоғам алдында жауапкершілік міндеті артады, жұрт алдына шығып сөйлеуге үйренеді. Психологтардың шетел тілін ерте үйрету баланың есін нығайтады деген пікірлеріне келісеміз. Бала жинақы және ширақ болып өседі. Баланың бойында мұндай қасиеттерді ерте кезінен бастап қылыптастырсақ, орта мектептің 5–6 сыныбына барғанда оқу бағдарламасындағы кеңейтілген пәндерді меңгеруде қиындықтарға кездеспейді, өйткені бала бойында бастауыш сыныптарда қалыптасқан білім алуға қажетті дағдылар көмектеседі.
Шетел тілі сабағына қойылатын негізгі талаптар.
Сабақ – мектептегі оқу–тәрбие жұмысының негізгі формасы. Өйткені мұғалім сабақта оқушыларға білім береді, оларды тәрбиелейді және жан – жақты дамытады. Сондықтан шеберлікпен ұйымдастырылған сабақ көп табыстарға жеткізеді.
Шетел тілі сабағын ұйымдастыруда және өткізуде мынадай негізгі ерекшеліктерді ескеру керек:
- әрбір сабақтың мақсаты шетел тілін оқытудағы негізгі мақсатқа сай бағытталуы керек. Ондай мақсат – шетел тілін іс жүзінде меңгеру, оны тіларалық қатынас ретінде пайдалану.
- жоғарыдағы мақсатты білім беру, дамыту мен тәрбиелеу мақсаттарымен бірге іске асыру керек.
Шетел тілі сабақтарына мынадай талаптар қойылады:
сабақ бастарда оқушылар сабақта жұмыс істеу тәртібін сақтайтын болуы керек: оқушылардың сабаққа даярлығын, кітап, дәптер, сөздік, күнделіктер партаның үстінде болуын тексеру;
оқушыларды шетел тіліне ынтақтыру мақсатымен фонетикалық жаттығулар орындап, шағын тақпақ, өлеңдерді күйтабақтан, магнитофоннан тыңдау, оларды қайталау;
оқушылаға сабақтың мақсатын айқын ашып көрсету;
қажетті кезеңдерде әрқашан тақтаны дұрыс пайдалана білу;
жаңа сабақ өткізер алдында өткенді қайталау, оқушылардың ойлау қабілетін арттыру мақсатында ұқсастыққа сүйеніп, қарама – қарсылық принциптерін пайдалану;
лексикалық, грамматикалық жаңа материалды түсіндіру, соңынан пысықтауға арналған жаттығуларды орындау;
жаттығуларды біртіндеп қиындата түсуді ескеру;
оқушыларға орындалатын жаттығулардың алдын ала орындау шарты мен мақсатын түсіндіру;
жаттығуды орындаған кезде оқушылардың белсенділігін арттыра алатын жұмыс тәсілдерін пайдалану; жаппай және жұптар бойынша жұмыс жүргізу, жарыс ұйымдастыру, бұл істе хорды, әнді, ойындарды пайдалану, көрнекі және техникалық құралдарды қолдану;
қоңырау соғылмастан бұрын үй тапсырмасын түсіндіру, оны күнделікке жаздыру;
cабақтың соңында оқушылардың білімін, тілдік дағдылары мен сөйлеу іскерліктерін бағалап, сабаққа қорытынды жасау;
сабақты қалыпты қарқынмен, айқын мұқаммен, ұстаздық өнегілілікпен жүргізу.
Сондай – ақ мұғалім тіл материалының әрқайсысымен және сөздің әртүрлі әрекеттерімен жұмыс жүргізгенде төмендегі ерекшеліктерді мен сатыларды ескермесе болмайды.
Тіл материалы бойынша жүргізілетін жұмыс барысында мынадай жүйелілік ескерілуі тиіс:
Лексикалық жұмыс а) жаңа сөздің мағынасын түсіндіру:
Зат – сурет көрнекілігін, тиісті жағдайды және т.б. тәсілдерді пайдаланып сөздің мағынасын түсіндіру;
Жаңа сөздің мағынасын оқушылардың дұрыс түсінгенін тексеру;
Жаңа сөздің айтылуын және үлгі сөйлемдердегі жаңа сөздің айтылуын жаттықтыру;
Сөзді тақтаға жазып, оның грамматикалық, орфографиялық ерекшеліктерін тынастыру;
Сөздің сөйлемде қолданылуын таныстыру. ә) Пысықтауға арналған АВСД/Е жаттығуларын орындау.
Грамматикалық жұмыс.
Ең алдымен грамматикалық материалды түсіндіру жолдарын (индуктивті, дедуктивті, лексикалық) анықтап алу қажет: а) Жаңа грамматикалық материалды түсіндіру:
Грамматикалық материалдың атқаратын қызметі мен мағынасын түсіндіру;
Оның жасалу жолдары мен формасын түсіндіру;
Оның қалай қолданылатынын түсіндіру (жағдай, үлгі сөйлемдер беру);
Түсінгендерін тексеру. ә) Пысықтауға арналған жаттығуларды орындау:
Фонетикалық жұмыс.
тиімділігіне қарай төмендегі жұмыс тәсілдерінің біреуін таңдап алып, сол бойынша жұмыс істеу:
Мұғалімге/дикторға/еліктеу, қайталау; 2. Қалай айту ережесі түсіндірілгеннен кейін дыбыстарды қайталау, жаттықтыру; 3. Талдап және жинақтап дыбыстау тәсілі бойынша жұмыс жүргізу.
ә) Пысықтау жаттығуларын орындау (жаңа дыбыстар мен сөздерді қайталау, үлгі сөйлемдерді айту, оқу, айту ережелерін ескере отырып, жаттығуларды орындау).
Сөз әрекетінің түрлері жұмыстарының мынадай ретте жүргізілуін ескерген жөн:
Тыңдап түсіну:
Тыңдалатын мәтіндегі түсінуі қиын кедергілерді жою;
Тыңдалған мәтіндегі жалпы мағлұматтарды қалай түсінгенін тексеру.
Егер мұғалім оқушылардың мәтінді толық түсінгенін тексеруді мақсат етсе, онда оқушыларға мәтінді екінші рет тыңдатуы керек, арнайы тапсырмалар құрастыруы қажет.
Монологқа үйрететін жұмыс кезеңдері:
Оқушылардың оқыған мәтіні бойынша өзімен өзі сөйлеуін төмендегіше ұйымдастыруға болады:
Мәтіннің мазмұнын түсінуге қиындық келтіретін сөздерді, грамматикалық жағынан күрделі сөз тіркестерін мәтінді оқыту алдында түсіндіру, қайталау;
Мәтіннің мазмұнын жалпы түсінуге нұсқау беру (тексеру жолдарын, сұрақтарды алдын ала айтуға болады);
Оқушыларға мәтінді өз бетімен іштей оқыту (оқуға берілетін уақыт белгіленеді);
Мәтіндегі жалпы мағлұматтарды тексеру;
Мәтіннің мазмұнын толық түсінуді талап ету, мәтінді екінші реет оқу үшін арнайы тапсырмалар беру.
Мәтінді оқушылардың толық түсінгенін тексеру;
Мәтіннің мазмұнын айту;
Мәтіндегі оқиғаға өз пікірін айту.
Шетел тілі сабағында оқушының монологты түрде сөйлеуінің мынадай түрлеріне көңіл бөлу керек: оқыған, тыңдаған мәтіннің мазмұнын айту, қысқа хабар жасау, өткен тақырыптар бойынша әңгіме құру, бір нәрсені суреттеу, кейіпкерлерге мінездеме беру, өз пікірлерін айту.
Диалогқа үйрететін жұмыс кезеңдері:
Диалогты түрде сөйлеуге қажет лексикалық, грамматикалық материалдарды қайталау;
Диалогты құруға қажетті жағдай жасау (сөзбен немесе көрнекіліктер арқылы);
Диалог сөзде үйретуде өткен тақырыптар, оқыған, тыңдаған мәтіндер, қосымша аутенттік диалогтар, суреттер, жағдаяттар кең түрде пайдаланылуға тиісті.
Оқуға және оқу техникасына үйретуге арналған жұмыс кезеңдері:
а) Оқуға арналған жұмыстардың реті:
1. Оқуға қиындық келтіретін сөздерді түсіндіру, аудармасын беру;
2. Мазмұнын толық түсінуге арналған оқу;
3. Оқушылардың мәтінді қалай түсінгенін сұрақтар арқылы тексеру;
4. Жоспар құрғызу;
5. Жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын айтқызу және т.б.
ә) Оқу техникасына жаттықтыру:
1. Мұғалімнен (диктордан) соң қиын оқылатын сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдерді қайталау;
2. Мұғалім қойған сұрақтарға оқылған мәтіннен дауыстап жауап оқып беру;
3. Оқушыларға мәтінді азат жол бойынша дауыстап оқыту;
4. Оқығанда кеткен қателерді талдау, оқу ережелерін еске түсіру.
Оқу техникасын жаттықтыру кезінде мәтінді оқыға берілетін уақытты алдын ала белгілеп қою маңызды болып табылады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Мектептегі шет тілі/Иностранный язык в школе. Шілде-Тамыз. №4(22)/2006 ж.
“Мектептегі жаңалықтар” №3/2004
Сысоев П.В. Развитие умений учащихся воспринимать текст на средней и старшей ступенях общего среднего образования//Иностранные языки в школе – 2007 г.