Шетелдерде қазақ қауымдастығы қалыптасуының тарихи себептеріне талдау



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата03.03.2017
өлшемі348,96 Kb.
#5625
  1   2   3   4

Шетелдерде қазақ қауымдастығы қалыптасуының  тарихи 

себептеріне талдау 

Бұл  қоғамдық  құбылыстың  қайдан  пайда  болғанын  анықтау  үшін 

алдымен  оның  тарихи  себептерін  қарастыруға  тура  келеді.  ХҮІІІ  ғасырда 

қазақ халқы өзінің ертеден қалыптастырған кең-байтақ этнотерриториясында, 

өз мемлекетінің - Қазақ хандығының басқаруында біртұтас ел ретінде өзінің 

дәстүрлі  тіршілік  формасын-  да  өмір  сүретін.  Ол  кезде  қазақ  халқы  Жүздік 

әкімшілік  аумақтар  бойынша  орналасқан  және  бір-бірі-  мен  байланысты 

біртұтас ел болатын. Ендеше қазақ халқының жүздер бойынша географиялық 

орналасуларын  еске  түсіріп  көрейік.  Ұлы  жүз  қазақтарының  қысқы 

жайылымдары  –  Оңтүстік  Балқаш  өңірі,  Мойынқұм,  Іле,  Шу  және  Талас 

өзендерінің  аңғарлары;  ал  жазғы  жайлаулары  –  Тянь-шань  мен  Қаратау 

жотасының солтүстік сілемдері. Аймақтың оңтүстігіндегі Ұлы жүздің көшіп-

қонатын өңірі - Ташкент қаласы мен оған жапсарласып жатқан қалалар және 

отырықшылық  –  егіншілік  қыстақтар,  Ферғана  алқабының  солтүстік-  батыс 

бөліктері,  Шыршық  және  Арыс  өзенрдерінің  аңғарларына  дейін  созылып 

жатты  және  Сырдария  маңында  Бұқара  хандығымен  шектесті,  Жетсу 

жеріндегі солтүстік шегі Орта жүз қазақтары қоныстанған ауданмен тікелей 

ұласты. Орта жүз қазақтары – Солтүстік-шығыс, Орталық, ішінара Оңтүстік-

шығыс  Қазақстанның  кең-  байтақ  кеңістігін  алып  жатты,  оңтүстігі  Сарысу 

өзені  және  Шу  өзеннің  төменгі  ағысын  бойлай  Сырдарияның  төменгі 

ағысына  қарай  көлбейді,  Арал  теңізі  –  Ырғыз,  Торғай  шебі  арқылы 

солтүстікке  қарай  созылып,  Кіші  жүздің  шығыс  қонысымен  ұштасты;  одан 

әрі Тобыл өзеннен Торғайдың жоғарғы жағасымен Сібірдегі башқұрттардың 

қоныстарымен  шектесті;  Солтүстігінде  Нұра  мен  Есілдің  жоғары  ағысына 

қарай  созылып,  Ертіс  бағытымен  шығысқа  созылып  жоңғарлардың 

жайылымдарына  барып  тіреліп  жатты.  Кіші  жүздің  жері  –  қазіргі  батыс 

Қазақстан аумағын алып жатты. Шығысы Орта жүздің қоныстарына ұласты, 

оңтүстігі  Қарақұм  құмдарына  қарай  және  Сырдарияның  төменгі  ағысына 

дейін  қарақалпақтар-  дың  қоныстарына,  Түркістан  аймағына  жетіп,  ондағы 

Ұлы  жүз  бен  Орта  жүз  тайпаларының  жайылым-  дарымен  тұтасты.  Оның 

жазғы  жайлаулары  -Үстіріт  жазығы,  Ор,  Жайық,  Елек,  Жем,  Темір 

өзендерінің  салалары  бойында,  Мұғалжар  тауы  аймағы  болды;  ал 

қыстаулары – Ырғыз өзендері, Сырдарияның төменгі ағысы, Арал теңізінен 

оңтүстікке  қарай  созылды,  Маңғыстау  түбегі,  Атрау  алқабы  мен  Нарын 

құмдарында болды[1, 96-97-б.]. ХҮІІІ ғасырдың басындағы қазақ ханқының 

жалпы саны 2-3 миллиондай адам болған деген зерт- теулер бар[2, 21-б.].  

Ол тұста қазақ халқын Тауке хан біртұтас билеп тұрған еді. Тәуке хан 

өзі  түзген  «Жеті  жарғы»  арқылы  ел  іші  берке-бірлігін  нығайтып,  қоғамдық 

қатынастарды  реттеп,  мемлекет  қуатын  артырып,  сырттан  келетін 

шабуылдарды  тойтарып,  «Қой  үстіне  бозторғай  жұмыртқалаған»  бейбіт 

заман орнатқандай болған еді. Бірақ мұндай бейбіт заман көпке сөзылмады, 


1718  жылы  Тауке  хан  өмірден  өтісімен-ақ  қазақ  қоғамында  бүркемеленіп 

жатқан  қайшылықтар  жарыққа  шыға  бастады.  Сұлтандардың  билік   үшін 

күресі үдей түсті. Олардың күресі Орталық – мемлекет билігін нығайту үшін 

емес,  өздерінің  ықпалындағы  ру-тайпалардың  шағын  бірлестіктер  немесе 

одақтастықтар сипатындағы аумақтық әкімдіктер құруға көбірек бой ұрды. 

Тәуке  хан  тағына  «Болат  отырды  дегенмен  де,  нақты  өмірде  биллікке 

Қайып  хан  ие  болған»[3,  282  -б]  екен.  Міне,  бұдан  қазақ  қоғамында  тақ 

күресінің  қаншалықты  шиленісті  болғанын  көруге  болады.  Бұл  ғана  емес, 

ішкі  берекесіздіктен  әр  жүздің  ру-  тайпалары  алды-алдына  хан  көтерген 

қалың  билеушілер  бір  мезетте  саяси  саханаға  келді.  Мысалы,  Түрсын  хан, 

Әбілхайыр  хан,  Рустем  хан,  Абдолла  хан  және  оның  ұлы  Жолбарыс  хан, 

Болат хан, Сәмеке хан, Әбілмәмбет ханнан Абылай ханға барғанда ғана елдің 

біртұтастығы  қайта  қалпына  келе  бастады.  ХҮІІІ  ғасырдың  алғашқы 

жартысында  Қазақ  хандығы  ішкі  алауыздықтан  әлсіреуге,  бөлшектеніп 

майдалануға  бет  алған  кезде,  онымен  тарихы  тамырлас  өзбек  хандықтары 

(Бұқара,  Хиуа  және  Қоқанд)  да  «өзара  кикілжіңдері  мен  бүліктері  аса 

ұшығып тұрған, өте ауыр күйзелісті бастан кешіріп жатқан бо- латын»[4, 74 -

б.].  Солайда  олар  қазақтарға  қысым  көрсетіп  ығыстырып  отырды.  Еділ 

жақтан қалмақтар шабуыл жасады, Жайықтың арғы бетіндегі башқұрттар да 

қазақ  жеріне  баса-көктеп  келіп  барымталап  жатты,  Солтүстік  Сібірдегі 

казактар сұғанақтық жасап елдің шырқын бұзып, мазасын кетіре бастады. Ал 

қазақтардың шығысындағы Жоңғар хандығының жағдайы Қазақ хандығынан 

өзгеше бағытта дами бастады. Олар 1640 жылы қабылдаған «Халқа ойраттар 

Заңы»  арқылы  өздерінің  ішкі  береке-бір-  лігін  нығайтып,  шаруашылығын 

дамытып,  әскери  қару-жарағын  жаңартып,  елдің  жалпы  күш-қуатын 

мығымдай  бастаған-ды.  Содан  бері  жоңғарлар  қазақ  даласын  және  сауда 

қалаларын  ауық-ауық  ша-  уып  кетіп  отырды.  Әрине,  оған  жауап  ретінде 

қазақтар  да  оларға  соққы  беріп  тұрды.  Жоңғар  ханық  тағына  Цэван-

Рабтанның  (1697-1727  ж.  билік  басында  болған)  келуімен  олардың  сыртқы 

шабуылының  мақсаты  өзгерді.  Ол  өзінің  қазақтардан  кек  қайтару  үшін 

қырғындау  жорықтарын ұйымдастырды.  Ол  өзінің  бұл  мақсатын  Цин  (Чиң) 

империясына  ашық  атқан  болатын[5,  54-б.].  Бірақ  оның  1710  және  1718 

жылдары қазақ еліне жасаған шабуылдары оның ойлаған мақсатына жетпеді. 

Сонан  соң  ол  көп  дайындалып,  қалың  қол  топтап  1723  жылы  ерте 

көктемде қазақтарға кенеттен сұрапыл шабуыл жа- сады. Жоңғарлардың осы 

шабуылы  қазақ  халқын  өте  ауыр  күйзеліске  ұшыратты.  Ол  оқиға  «Ақтабан 

шұбырынды,  Алқакөл  сұлама»  деген  атпен  ұлттық  трагедия  ретінде  ел 

жадында  мәнгілікке  сақталып  қалды.  Осы  шабуылының  нәтижесінде 

«ойраттар  Ташент,Түркістан,  Сайрам  қалаларын  басып  алды,  ауылдарды 

және  бірқаншалаған  Орта  жүз  бен  Ұлы  жүз  руларын  қырғындады.  Ендігі 

жерде   тұқымымен  құрып  кепеу  үшін  қазақтар  көше  бастады,  өздеріне 

жақынырақ  маңдағы  басқа  Орталық  Азиядағы  халықтар  арасына  бытырап 



кеттіп,  Ортазиялық  хандықтары  жерлеріне  барып  қоныстанды»[6,  94-б.]. 

Міне, осылайша қазақта ел бытырап, мал жамырап кеткен тарихта болмаған 

ауыр  жағдай  орын  алып,  бір  мезет  ел  есенгіреп  қалған-тұғын.  Бірақ  ел 

билеушілері  естерін  тез  жинады.  Олар жаудан  ырықсыз ықтай беруден  гөрі 

белсенді түрде қайтарма шабуылға өту – ең жақсы қорғану деп білді де, бүкіл 

халықты  береке-бірлікке  шақырып,  жұдырықтай  жұмылып  жоңғар 

басқыншыларына қайтарма соққы беруге бел байлады. Сонымен 1726 жылы 

үш  жүздің  игі  жақсылары  Ордабасында  бас  қосып,  зор  кеңес  мәжілісін 

өткізді.  Ол  мәжілісті  «Болат  хан  ашқан.  Бірақ  кездесу  барысындағы  сөз  де, 

билік  те,  байлам  да  қазақтың  үш  жүзінен  келген  билерде  болған»[7,  35-б.] 

дейді  профессор  Сәбит  Жолдасов.  Айтса  айтқандай,  Қаз  дауысты  Қазыбек 

бидің  ұсынысымен  Кіші  жүздің  ханы  Әбілқайыр  үш  жүздің  қарулы 

күштерінің  бас  сардары  –  қолбасшысы  болып  сайланды.  Сонымен 

Әбілқайырдың  қолбасшылығымен  қазақ  жасақтары  1726  жылдың  соғы  мен 

1727 жылдың басында жоғарларға қайтарма шабуыл жасап, жеңіске жетеді. 

Жеңіле  бастаған  жауды  жермен  жексен  етіп  талқандау  үшін  қазақ 

жасақтары  1728  жылы  Арқада,  Сарысудың  батысындағы  Бұланты  бойында 

соғыс  жүргізіп,  жауды  ауыр  шығынға  ұшыратты,  1729  (1730  ж.)  жылы 

Балқашкөлінің  оңтүстігіндегі  Итішпес  көлінің  маңында  жоңғарларға  қарсы 

ұрыс  ашып,  толық  жеңіске  жетті.  Бұл  жеңістер  қазақ  жасақтарының 

жауынгерлік  күш-жігерін  арындатып,  елдің  еңсесін  көтере  түскен  кезде, 

қазақтың  ұлы  ханы  Болат  хан  қайтыс  болды.  Сонымен  ұлы  хандық  таққа 

Әбілқайыр  мен  Сәмеке  таласып,  жаңадан  ел  болып  топтасқан  халықтың 

бірлігіне нұқсан кел- тірді. Соған байланысты билер бас хандықты ол екеуіне 

де  бермей,  хандық  мәртебені  Әбілмәмбетке  ұйғарды.  Сонымен  билікке 

өкпелеген ол екеуі де өз жасақтарын ертіп соғыс шебінен шегініп кетті. 

Әбілқайыр ендігі жерде сыртқы күштердің қолдауы арқылы бас хандық 

билікке қол жеткізу үшін Ресей империясына байланысқа шықты. Қазақстан, 

Орталық  Азия  арқылы  Үнді  теңізіне  шығу  орыстардың  ойындағы, 

жоспарындағы стратегия болатын. Енді міне, сол мақсатын жүзеге асырудың 

орайын  қазақтардың  өздері  әзірлеп  берді.  Әрине  бұл  Ресей  импреиясы 

үшін   Көктен  сұрағанын  жерден  тапқандай  іс  болды.  Сонымен  Ресей 

империясы  Қазақ  даласын  отарлауды  Әбілқайыр  арқылы  Кіші  жүзеден 

бастауды  жоспарлап,  1731  жылы  алғашқы  ресми  елшісін  жіберді. 

«Әбілқайыр  1731  жылы  Тевкелев  елші  болып  келгенде  кездесуге  түнде 

шақырған.  Ру  басылары  біліп  қоймасын  деп  елшіге  қазақи  жұпыны  киім 

кигіздірген»[8,  82-б.]  екен.  Осының  өзінен-ақ  Кіші  жүз  элитасының  Ресей 

империясының  уысына  түсуге  қарсы  екендігін  білдіреді.  Бірақ  орыс 

отаршылдары бәрібір орайды қолдан жібермей Кіші жүз жеріне ене бастады, 

бірақ  олар  алғашқы  кезде  экспанциясын  дипломатиялық  тәсілдер  арқылы 

жүргізді.  Сонымен  ХҮІІІ  ғасырдың  30-  жылдары  қазақ  қоғамының  саяси 

өміріне Ресейдің отарлық саясты кимелеп кірді. Ол тұста қазақтың Орта жүі 



мен  Ұлы  жүзінде  де  қайтадан  берекесіздік  етек  алып,  қазақ  жасақтарының 

жауынгерлік  қуаты  әлсіреген  еді.  Осы  жағдайды  жақсы  біліп  отырған 

жоңғарлар қазақтарды келе- междеп, намысын тапта, елін жасыту үшін ашық 

жекпе-жектерге қазақ жігіттерін шақыратын болған. Сондай жекпе-жектердің 

бірінде,  1731  жылы  Әбілмансүр  жоңғар  батыры  Шарышты  мерт  қылып, 

елінің  намысын  тіктеп,  Аылайлап  жауға  шауып,  көптік  көзіне  түсеіп 

танылды.  Сондан  бастап  Әбілмансұр  «Абылай»  деген  атпен  қазақтың  саяси 

саханасына  көтерілді.  Жас  та  жігерлі  Абылай  алғашқы  кезде   Орта  жүздің 

сұлтаны  және  әскери  қолбасы  ретінде,  қазақ  халқының  жоңғар 

шапқыншыларына  қарсы  күресіне  жетекшілік  етіп,  ат  үстінен  түспей 

алдыңғы  шептегі  шайқастарға  қолбасшылық жасады  және жеңістен  жеңіске 

жетіп, атақ даңқы алысқа тарап, саяси беделі өсті. Соған байланысты Ресей 

импери- ясы да оған назар аудара бастады. Мысалы, 1740 жылы 19 тамыз – 1 

қыркүйекте Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының Орынбор қаласына келген 

өкілдерімен  В.Урусов  жүргізген  хаттамасында:  «Кешке  қарай  генерал 

В.Урусов  Әбілмәмбет  пен  Абылай  сұлтанға  тілмаш  Мақсұтов  арқылы  бір 

үлкен  шатыр  жіберді»[9,  81-б.]  –деген  дерек,  Абылайдың  қазақ  саяси 

элитасындағы  аса  салмақты  тұлға  болғанын  көрсетсе  керек.  Ал 

жоңғарлардың алдында Абылай асу бермейтін алып тұлға еді. Сонықтан олар 

1741  жылы  ебін  тауып  Абылайды  тұтқындап,  бір  жылдан  артық  қамауда 

ұстап  тұрып,  оны  қалыптасқан  жағдайды  (жоңғарлардың  үстемдігін) 

мойындауға көндірмек болған еді. Алайда Абылай жоңғарлардың қазақтарға 

өктемдік  көрсетіп,  атажүртын  алып  жатуын  мұлде  қабылдай  алмайтыны 

ақиқат  еді.  1742  жылы  Абылай  жоңғарлардан  елге  оралғанда,  Әбілмәмбет 

салтанатты  түрде  өзінің  хандық  билігін  оған  сеніп  тапсырады»[10,95-б]. 

Сонымен  Абылай  хан  қазақ  халқын  жоңғар  басқыншыларынан  азат  ету, 

этнотерриториясын 

қалыпына 

келтіру 

және 


елді 

біртұтастандып, 

мемлекеттілікті  нығайту  жолындағы  машақатты  күресін  бастап  кетті  және 

одан  зор  нәтижеге  қол  жеткізді.  Сөтіп  қазақ  елі  күшеюге  бет  алды.  Ал 

жоңғарлар болса, 1745 жылы Қалдан Сереннің қайтыс болуына байланысты 

хандыққа таласқан күреске түсті, оның арты қырғын соғысқа апарып соғып, 

іштей  бөлшектеніп,  Жоңғар  хандығы  құлдырауға  бет  алды.  Демек,  Қазақ 

хандығының  күшеюімен  бараллель  Жоңғар  хандығының  әлсіреу  процессі 

басталып кетті. Сонымен жоғарлардың қазақтарға өктемдігі аяқтады, Абылай 

хан  билікке  таласқан  жоңғар  нояндарының  кезек-кезегімен  келіп  көмек 

сұрайтын  адамына  айналды.  Абылай  хан  бұл  жағдайды  өзіне  өте  ұтымды 

пайдаланып,  қарама-қарсы  топтардың  әлсіздерін  әдейі  қолдау  арқылы 

күштілерін  әлсірету  немесе  өзін-өзімен  күйрету  тәсілін  қолданып,  өз  күшін 

барынша нығайтты. Бұл туралы жазылған Ресей деректерін келтірейік. 1753 

жылы  желтоқсан  айында  Ресей  барлаушыларының  алған  ақпарында:  «Бұл 

қырғыздар  (қазақтар  –Н.М.)  Давациға  (қазақша  да  Дауаш  –Н.М.)  көмек 

көрсеткен,  олардың  көмегі  арқылы  ол  көптеген  қалмақтардың  ұлыстарын 

талқандап,  тұтқындар  алып  келген.  ...  Абылай  сұлтан  өз  ұлысын  бастап 

барып,  оларға  осындай  көмек  көрсеткен»  [11,  438-  б.];  1754  жылы  4 


қаңтардағы  Вилепкиннің  мәліметінде:  «1753  жылдың  қаңтар  айында 

қырғыздардың  (қазақтардың)  ұлыстарынан  5  мың  әскер  шығарып  Давациге 

көмектесіп,  Дорботты  жойған.  Себебі,  Дорбот  Давациға  бағынғысы  келмей, 

Намукужирарды  хан  сайламақ  болған.  ...  Уранхайлықтар  Даваци  жағында 

болған.  Көмекке  барған  қырғыз  (қазақ)  әскерлері  қалмақтардың  екі  өңірін 

тас-талқан  еткен»;  «Содан  олжалаған  қыздарды  қырғыздарға  (қазақтарға) 

берді.  Күйретілген  екі  ұлыстың  малдарының  азырағын  қырғыздарға 

(қазақтарға)  берді,  тек  олардың  азығына  ғана  жететіндей  бөлігін, 

қалғандарын  Даваци  бір  өзі  иемденді»;  1753  жылы  31  желтоқсан  күні 

Вейлепкин  «бір  мың  адамнан  ұйымдасқан  Әмірсанаға  көмектеспекші  екен» 

[12-438-б.]  деп  мәлімдеген.  Абылайдың  әскери  күші  әлсіздеу  Әмірсананы 

қолдауының себебі – ол Абылайға «не сұраса соны беретін болған» [13-400-

б.]  екен.  1754  жылғы  Қытай  Цин  империясының  орда  хаттамасында  да: 

«Абылай  Батымашылин,  Есендермен  бірге,  ойрат,  қалмақ  әскерлерінен  он 

мың қолды бастап, Бұратала қатарлы жерлердегі жоңғар малшыларын талан-

таражылап,  қолға  түсірген  малшыларды  алып  қайтты»  [14-29-б.]   деген 

мәлімет  жазылған.  Осы  оқиғаны  анықтаған  қытай  шонжарларының  патша 

ордасына  жолдаған  мәліметінде:  «1755  жылы  ақаның  6  күні  Бан  Ди  Іледегі 

Махмұт  деген  адамнан  сұрағанда,  ол:  қазақ  әскерелрі  Ілеге  келіп 

ұйғырлардың  астығын  талан-таражылап  кетті.  Олар  қазір  Сағансу  белінде 

жатыр  –  дейді.  Жағдайға  қарағанда,  қазақ  әскерлері  Ілеге  жақын  жерде  тұр 

екен»  [15,  15-16-б.]   -  деп  жазылған.  Міне,  бұл  деректер  Абылай  ханның 

жоңғарларға қолданған әлсірету саясатының нақтылы тәжірибесін көрсетеді. 

Әмірсана  Абылай  хан  арқылы  өз  мақсатын  іске  асыра  алмайтынын  сезген 

соң,  ол  Цин  империясының  қолдауы  арқылы  Жоңғар  ханы  болуды  көздеп, 

өзің 20 мың жасағын ертіп, Цин патшалығына көмек сұрап барады. Онысыз 

да  жоңғарларға  жорық  жасауға  дайындалып  жатқан  Цин  патшалығы 

Әмірсананы  құшақ  жая  қарсы  алады.  Оған  тілегің  орындалады  деп 

алдауратып,  «шекараны  тыныш-  тандыру  сол  қанат  генералы»  деген  шен 

беріп, жоңғарларды алдын ала барлау жасауға аттандырып жеберді. 

Әмірсананың  1755  жылы  ақпанның  1  күні  барлаудан  жіберне 

мәлімдеінде:  «Ақжолдың  ай-  туынша,  Батымашылин  (Батыма-Церен  деп  те 

жазылады  –Н.М.)  мен  Абылай  Дауашқа  жорық  жасап,  Бұраталаның  сырт 

жағындағы  елді  талан-таражылап  кетіпті»-делінген.  Осы  ақпарға  талдау 

жасаған  патша  ордасы  әскери  басқармасы:  «Дауаштың  күші  әлсіреп, 

жоңғарлар  күйрейін  деген  екен.  Егер  біз  [жоңғарларға]   жедел  әскер 

аттандырмасақ, қазақтардың көлденең олжаға ие болып кетуі сөзсіз» [16,7- 8 

б.]   генен  көзқарасын  патша  Цияньлунға  (Чиянлүңға)  ұсынады.  Міне, 

осындай  тексеріп-зерттеулердің  негізінде  Цин  империясы  ордасы  Жоңғар 

хандығын  әскери  күшпен  жоюға  шешім  қабылдады.  1755  жылдың  ақпан 

айында Цин империясы Жоңғарияға екі бағытпен екі жүз мың қалың қолын 

аттандырды.  Олар  Баркөл  және  Улиастай  бағытымен  шеру  тартып,  қарсы 

кел- гендерді апырып-жапырып, сәуір айында Бұраталаға жетіп тоғысты. 


Одан  соң  екі  бағыттағы  әскерлер  бірігіп,  Дауаш  тұрған  Іленнің 

Моңғолкүре  ауданына  (Өртекеске)  қаптап  барып,  Дауашты  тірідей  қолға 

түсіріп,  Жоңғар  хандығын  түбегейлі  жойды.  Сонымен  Цин  патшалығы 

жоңғарлардың жері мен аман қалған халқына төрт ноян тағайындап, оларды 

өзі тікелей басқаруға алғандығын мәлімдеді. Цин импе- риясына сүйеніп хан 

болуды  армандап  алдына  барған  Әмірсанаға  тек  бір  тайпа  елдің  нояндық 

билігін  ғана  берілді.  Бұған  нарасы  болған  Әмірсана  1755  жылдың  күзінде 

Цин әскерлері кері қайта бастағанда, оларға қарсы қарулы көтеріліс жасады. 

Бірақ  ол  соғыста  жеңіліп,  қазақ  даласына  қашып  барып  Абылай  ханды 

паналады. Жыл өткен соң ол әскерін қайта жинап және де Цин әскерелеріне 

қарсы  соғыс  ашты.  Бірақ  ол  бұл  жолы  тағы  да  жеңіліп,  Орта  жүз  жеріне 

қашып  келіп  ізін  жасырды.  Бұл  рет  Цин  империя-  сы  Әмірсананы  өкшелей 

қуып  ұстауға  бел  байлады.  Цин  патшалығы  Жоңғарларға  жорық  жасау 

қарсаңында  қазақтарға  елші  жіберіп  байланыс  жасаған  болып,  олардың 

райын – ракциясын барлап баққан болатын. Енді Әмірсана мәселесі бойынша 

Абылай  ханға  арнайы  хат  жолдап,  елші  жіберіп,  Әмірсананы  тұтқындап 

беруді  сұрады.  Бірақ  Абылай  хан  оған  орай  ешқандай  әрекет  жасамады. 

Сонымен Цин империясы Әмірсананы тұтқындап келу үшін үш бағытпен үш 

түмендей  әскерін  қазақ  жеріне  аттандырады,  бірақ  қолбастаған 

сардарларына:  «Біз  тек  сұмырай  Әмірсананы  ғана  тұтқындауға  кетіп 

барамыз,  сендерге  мүлде  шабуыл  жасамаймыз,  сен-  дер  жайбарақат  отыра 

беріңдер – деп айтыңдар. Егер оларда қарсылық болмаса, біздің әскерлердің 

бүлік шығаруына қатаң тиім салыңдар»[17, 22-23-б.]-деген тапсырма береді. 

Алайда  Абылай  хан  қазақ  жеріне  баса-кектеп  келген  Цин  қалың  қолына 

қарсылық көрсетіп үш жерден тойтарыс шабуыл жасай- ды. Бірақ ол мәселені 

соғыспен емес, дипломатиялық тәсілмен шешуді жөн көріп, Цин әскерлерінің 

қолбасына  елші  жіберіп,  ат  тарту  етіп,  бейбіт  мәмілеге  келіп,  өзара  сауда 

жасауға уғыдаласады. Осылайша Қазақ ханды мен Қытай – Цин патшалығы 

арасында  тікелей  байланыс  орнайды.  Содан  бас-  тап  қазақтың  қоғамдық 

саяси  өміріне  қытай  факторы  де  келіп  қосылды.  Сонымен  қазақ  қоғамында 

Батыс-солтүстігінен  патшалық  Ресей  сұғынып  керген,  Шығысынан  Цин 

империясы қысқан жағдай қалыптасты. Алайда ХҮІІІ ғасырдың ортасындағы 

Ресей  империясы  мен  Цин  империясының  сипатында  айтарлықтай 

айырмашылықтар  сақталған  еді.  Ол  кезде  патшалық  Ресейде  капитализмдік 

өндірістің  дами  бастауына  байланысты,  оларға  шикізат  көздері  және  одан 

өндірілген  өнімдерді  өткізетін  рынок  қажет  еді.  Сондықтан  олардың 

экспанциялық бір бағыты - Қазақстан, Орталық Азия, одан әрі Үнді мұқиты 

болып анықталған. Бұл мақсатын іске асыру үшін орыс үкіметі әскерилегнен 

қоғамдық күшті, яғни баукеспе казактарды алдыға салып пайдалану саясатын 

қолданды.  Қазақ  мемлекет  шекарасын  зерттеген  Нұрлан  Сейдіннің  «Қазақ 

елін  отарлауда  Ресей  империясы  казачествоны  негізгі  соққы  бе-  ретін  күш 

ретінде  пайдаланды»[18,  10-б.]  –  деген  тұжырымы  негізсіз  емес.  Белгілі 

тарихшы  ғалым  Зардыхан  Қинаятұлының  зерттеуінше:  «Орыстар  1690-1830 

жылдар  аралығында  қазақ  жеріне  казак,  орыс  аралас  1  миллион  350  мың 



адам,  100  мың  әскерилер  әкелген.  Және  оларға  150  мың  кережақтар  мен 

баптистер  келіп  қосылған»  [19,  5—б.].  Олар  қазақ  даласын  қоршай  әскери 

бекіністер  салып  қусырып  отырды.  Мысалы,  «Есіл  өзенімен  қиылысатын 

тұста,  Қызылжар  деген  жерге 1752  жылдан бастап  бас  бекініс  сала  бастады 

да, оған Петр мен Павл әулиелерінің атын қойды»[20, 342-б.].  

«ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысында Жайық казачествосының шекара 

шебі  Гурьв  (қазіргі  Атырау)  қаласынан  бастап  Орал  өзенінің  бойындағы 

толып  жатқан  бекіністер  арқылы  өтіп,  Алабота  (Солтүстік  Қазақстан  облы- 

сы)  отряты  орналасқан  жерге  дейін  созылды.  Алаботадан  Шығысқа  қарай 

Орынбор  казачествосының  шекара  шебі,  ал  оның  шығысына  қарай  шығыс 

бойлықтың  83-ші  градусындағы  «Сибирский»  посел-  кесінен  бастап  Омбы 

казачествосының шекара шебі жалғасып жатты. Соңғысы Обыға жетіп, одан 

соң  Ертіс  өзеннің  бойымен  оңтүстік-шығысқа  қарай  күрт  бұрылып,  алты 

географиялық  ендікті  басып  өтіп,  Қытаймен  шекаралас  аймақта  қазақтар 

көшіп-қонып  жүретін  Бұқтырма  өзеніне  дейін  жетті.  Осылайша  Ресей 

империясы 

Қазақстанды 

солтүстік-батысынан, 

солтүстігінен 

және 


шығысынан құрсаулы шеңберге алды»[21, 10-б.]. Міне, бұдан патшалық сол 

кезде  Ресейден  Қазақсанды  отарлау  қауіпінің  төніеп  келе  жатқанын  байқау 

қиын  емес.  Ал  шығыстағы  Цин  империясы  ол  кезде  шарықтап  даму 

үдерісінде  болғанымен,  олар  әлі  де  нату-  ралды  экономикадағы  абсалюты 

феодалдық  патшалық  еді.  Олар  өздеріне  қауіпті  деп  санаған  Жоңғар 

хандығын  қырып-жойды  да,  одан  қалған  ел  мен  жерді  өзіне  тәуелдеумен 

шектелді.  Ендігі  жерде  сол  тұста  иелеген  жерлерінің  және  оның 

шекарасының  тыныштығын  сақтауды  бастды  мақсат  етіп  қойған  еді. 

Сондықтан  Цин  империясының  императоры  Цяньлун  1757  жылы  31 

қыркүекте Абылай ханға жолдаған грамотасында: «...Өзің хан екенсің патша 

хандығыңды бекітті. Бұл артық емес, егер өзің тіле- ген мансап-шенің болса, 

хат жолда, патша оны да бекітіп береді. Патша сендердің жайлы қоныстанып, 

көңілді  тіршілік  етулеріңе  тілектес.  Сендер  әлі  де  бұрынғы  салттарыңда 

(қоғамдық  салт,  -  жүйеде)  бола  беріңдер.  Алым-салық  беру-бермеу  еркі 

өздеріңде.  Егер  елші  жіберіп  патшаға  сәлем  беретін  болсаңдар,  патша 

сендерге  ерекше  сый  көрсетеді»[22,  22-б.]  деген.  Бірақ  олар  «жерімізге 

қазақтар кимелеп кіріп кетпейді деуге болмайды» деп, қазақстардан қорғану 

саясатын қолданды. Соған орай шығарған жарлығында Цяньлун патша: «Іле 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет