Шұғаның белгісі


Антонов. Рақмет, господин Жақып! Жарты сағат шамасын да келіңіз... (Айбалаға қарай, шығады.) Шоңмұрын



бет5/25
Дата15.02.2023
өлшемі450 Kb.
#68147
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Б.Майлин Шығармалар жинағы

Антонов. Рақмет, господин Жақып! Жарты сағат шамасын да келіңіз... (Айбалаға қарай, шығады.)


Шоңмұрын. Уай, дарақы жігіт-ау өзі...


Айбала. Өжет жігіт! Кеше Сергеевті жібергенше, осының өзін жібергендерінде, большевик біткенді мұрнынан тізіп қамап беретін еді. Сол былжыраған немені жіберіп...


Күлән (бұртиып). Әпесер Сергеевті былжыр деп ешкімде айта алмайды. Антоновтың қорқып қалғанына Сергеев айыпты емес... Ендігі ерлігін көрсетіп, кезімізді тұндырмай-ақ қойсын!

Айбала Күләнға алакөзімен қарайды. Күлән Жақыпқа қарап күлімденді.




Күлән. Жоға! Антоновша честь беріп әтештенбей-ақ қояйық: іс орындалды. Қазір Есенгелдіні алып келеді!..


Әбіш (бұл жұмысқа өзінің де қатынасы бар екендігін сездіргендей ілгері шығып иіліп). Растығын анықтаймын! ( Үйдегілер ұшып тұра келеді.)


Жақып. Рас па?


Шоңмұрын. Апырмау, ұстаған кім?


Әбіш (даусын созып). Кәртай мен үш ақсақал!.. Отыз әскерді оққа ұшырып Есенгелдіні иліктіре алмап еді, біз бір оқ шығармай-ақ алдық, алдияр полковник.


Жақып (жайраңдап). Қалай алдық дейсің? Қалай?


Әбіш (күлімсіреп). Кәртай мен ақсақалдар алдап түсірді...


Шоңмұрын. Қалай, қалай?.. Ашып айтсайшы!..


Әбіш. Қалада еш нәрсе жоқ. Атыс қаладан тыс жерде болған... Ревком орнында. Сені Ревком шақырып жатыр деп Қартай барды қызыл жалау алып...


Жақып. Соған илана қалды ма?


Әбіш. Қартай Ревкомның мүшесі емес пе және Әбдірахман хазірет пен Алқабек ақсақал құран көтеріп аз айла жұмсаған жоқ, Қартай жүгін атқарды... (Далада дауыс, шу. Күләнмен Әбіш жүгіріп шығады.)


Дауыс. Қап, дінсіздер-ай!.. Байлама қолымды!..

2 - дауыс. Байла! Байла!.. Тыңдама сөзін... Жетті сенің құрмалдығың...




Дауыс. Байла, байла... Өй, жауыз арамдар!.. Өй, сатылған мұндарлар!

Қолын артына байлап екі солдат Есенгелдіні алып кіреді: бет-аузы қан, киімі пәрә-пәрә... Қартай мен ақсақалдар есіктен көрінеді де, бастарын иіп шығып кетеді.




Есенгелді (бұлқынып). Қайдасың жауыздар, атыңдар! ( Ұмтылады. Солдаттар жібермейді. Бір солдат наганын Есенгелдінің көкірегіне тірейді.) Қартай... Қартай предатель! Кезеп! Сатылған мұндар!.. Әлі де кездесерсің, қызыл жалауды сатқан арам! Бетің шыдамады ма? Шыдамас, құнсыз мұндар!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет