Үшфазалы тоқ электр тізбектері Электр тізбегінің көп фазалы жүйесі


Генератор мен тұтынушы(жүктеме) орамаларын жұлдызша қосу



бет7/11
Дата11.03.2022
өлшемі0,65 Mb.
#27596
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
3 фазалы ток

Генератор мен тұтынушы(жүктеме) орамаларын жұлдызша қосу.

Егер фазалардың ұштары x, y, z, нолдік немесе бейтарап нүктесі 0 бір нүктеге қосылса, онда мұндай қосылуды жұлдызша жалғау деп аталады.

Бұл сұлба бойынша басы А-В-С электр қабылдағышқа (жүктемеге) берілетін тізбекке жалғағанса ,ал ораманың аяққы ұштары x,y,z бір нүктеге ( түйінге) қосылады да, Ол нүктені үш фазалы генератордың  нөлдік нүктесі немесе бейтарап нүктесі ( О) деп атайды.

Сол сияқты қабылдағыштың (жүктеменің) де фазаларының бір ұштары бір нүктеге ( түйінге) қосылады және ол нүктені жүктеменің нөлдік нүктесі немесе бейтарап нүктесі ( О′) деп атаймыз.

Генератордың орамаларының басқы ұштарын жүктемемен қосатын сымдарды сызықты сымдар деп атайды, ал олар арқылы жүретін токтар сызықты токтар IA , IBIC деп аталады. Бұл токтар генератордан жүктемеге қарай бағытталған.

Генератордың бейтарап нүктесін жүктеменің бейтарап нүктесімен жалғайтын сымды нөлдік немесе бейтарап сым деп аталады.



Бейтарап сыммен жүретін ток нөлдік ток (I0) немесе бейтарап ток деп аталады және ол жүктемеден генераторға карай бағытталады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет