Сонымен функциялық тұрғыдан екі типті жасушалар дамиды.
а) сүйек тінін жасайтын (өндіретін) ----остеобласттар------остеоциттер;
Б) сүйек тіндерін бұзатын – остеокласттар.
(205-210 б.)
Сүйек тіндерінің жасушааралық заты (матриксі)
Олар өте тығыз және мөлшері көп бейорганикалық (65%), органикалық (25%) компоненттерінен, және судан (10%) тұрады. Екі құрамдастардың үйлесімділігі сүйек тінінің беріктігін және серпімділігін анықтайды.
Сүйек тіндерінің классификациясы
Жасушааралық затының микроскопиялық құрылымының ерекшеліктеріне, мысалы коллагенді талшықтардың орналасу реттілігі дәрежесіне сәйкес сүйек тіндерінің екі типін ажратады.
Ретикулофиброзды (жуан талшықты немесе біріншілік сүйек типі);
Пластинкалы (екіншілік сүйек тіні). Бұдан басқа, сүйек тіндеріне тістің дентин және цемент түрлері жатады.
Ретикулофиброзды (жуан талшықты) сүйек тіні)
Бұл іштегі нәрестенің сүйегін құрайтын эмбриондық сүйек тіні, кейін ол кемелденген пластинкалық сүйек тініне ауыстырылады. Ересек адамдарда ретикулофиброзды сүйек тіні бұлшық ет сіңірлерінің сүйекке бекітілетін жерлерінде, бас сүйек тігістерінде, тіс альвеолдарында, ішкі құлақтың сүйек лабиритінде және де сынған сүйектің жазылып жатқан жерлерінде сақталады.