Шығарма : Тәуелсіздік-қасиет тұнған ұлы ұғым. Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба
жолымен алдық деп ойлаймын...
Н.Ә.Назарбаев
Мен қазақпын,биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен де мың тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді,айта бергім,-деп Молдағалиев ақынымыз жырлағандай:
... Қайран қазақ елі...Бұл өмірде не көрмеді? Сонау «Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама» заманды басынан кешіп, қойша қырылған репрессия жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осындай қиыншылық заманға тап болуы қырғынға ұшырауы, қуғын-сүргінге түсуі үлкен соққы болғаны баршамызға мәлім.
1991 жыл- еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы.Сол сәттен бері 25 жыл өте шықты. Қазақстанның тәуелсіздігі-бұл ғасырлардан аса тарихы бар қазақ
Мемлекетінің қалыптасуы мен дамуы, бүгінгі жетістігі мен асқан асуы. Тәуелсіздік-бұл бүгінгі өмір емес,сонымен қатар ертеңгі өміріміз-Қазақстанның болашағы,оның мүмкіндіктері мен мақсаттары.Тәуелсіз болу-өз тағдырына жауап беру деген сөз. «Тәуелсіз Қазақстан!», «Қазақстан Республикасы!» Неткен керемет киелі ұғымдар! Бұл ұғымдардан Отанымыздың тәуелсіз,еркін мемлекет екенін бірлен аңғаруға болады.Бүгінде біз қанатын кеңге жайған егеменді елміз. Сол жағымыздағы мақтаныш сезіммен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға әуен қосып,көк туымызды желбіреткен тамаша мемлекетпіз.Алпауыт елдердің алдында әлем жұртшылығы бас июде.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 25 жылда еліміздің биік тұғырға көтерілуіне елеулі үлес қосты.Ерең еңбегімен Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын алған осындай елбасымыз болғанына мақтанамыз.
Мен тәуелсіз елдің патриотымын! Ешқандай қиыншылық көрмей,ата-анамның арқасында ойнап-күліп қуаныш пен шаттыққа толы күндерім, еркін білім алып,ерікті елдің ұланының бірі болып өсіп келемін. Елбасымыз «Алдымызда асу-асу белдер бар,ұлт жолында ұйытқи соққан желдер бар. Бел де талар,жел де беттен қағар.Бәріне көну керек,бәріне төзу керек,жас ұрпақ!»-деп айтқандай, біздер ,жас ұрпақ,тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жауапты екенімізді, аға ұрпақ зор сенім артып отырғанын түсінуіміз керек. Бүгінгі ұрпақ ертеңгі ел азаматы, ел патриоты. Сол азаматтардың ең бірінші міндеті-туелсіз елдің өркені екенін ұмытпау, екінші міндеті-сол елдің іргетасының берік болуына үлес қосу.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай қанатты,
Мен жастарға сенемін-деп өршіл ақын М.Жұмабаев болашаққа,жастарға үлкен сенім артты емес пе? Елімнің ертеңінен, болашағым нұрлы да әсем болатынына мен кәміл сенемін.Мен тәуелсіз елдің патриоты болғанымды мақтан тұтамын.