Байланысты: Тест жинағы "Әдістемелік құрал психологиядан"
Ашуыңды ірке біл... Бұл тест 20 сұрақтан түрады. Әр сұрақтың 3 жауабының біреуін тандау керек. Мұғалімнің бәрі бірдей емес. Әр мұғалімнің шыдамдылығы әр алуан. Тестің қорытындысы бойынша, егер мұғалім 36-44 ұпай алса, мұғалім өз-өзіне сенімді, шыншыл, өмірде өз жолын тандай білген, агрессиясы орташа адам. 45-тен жоғары ұпай алса, ол өте ашушаң, басқа адамдарға қатал қарайтын, өз-өзін ұстай алмайтын адам. Жеңіске жету үшін, биікке көтерілу үшін, ол жанұясын, қоршаған ұжымын құрбандыққа шалуы мүмкін. 35 ұпайдан төмен алған мұғалім өте мейірімді, өз-өзіне толық сенбейтін адам, оған өмірде кішкене батылдық, сенімдік қажет.
1. Егер басшымен ұрысып қалсаныз, татуласуға жол іздейсіз бе?
1. әрқашан
2. анда-санда
3. ешқашан
2. Қиын жағдайда өзіңізді қалай ұстайсыз?
1. ішімнен ашуланамын
2. өз-өзімді ұстаймын
3. өз-өзімді ұстай алмаймын
3. Ұстаздар сізді қандай адам деп санайды?
1. өзімшіл және қызғаншақ
2. мейірімді
3. салмақты және өз-өзіне сенімді
4. Егер сізге жауапты жұмыс берілсе не деп жауап бересіз?
1. сенімсіздікпен келісім беремін
2. ойланбай келісем
3. өзімнің тыныштығым үшін келіспеймін
5. Егер сіздің рұсатыңызсыз мұғалім столыңыздан қағаз алса, сіз өзіңізді қалай ұстайсыз?
1. қатты ұрсамын
2. орнына қойдырамын
3. тағы ештеңе керек жоқ па деп сұраймын
6. Егер сіздің күйеуіңіз (әйеліңіз) жұмыстан кешігіп келсе оны қалай қарсы аласыз?
1. сен неге кешіктің?
2. кеше қайда қаңғыдың?
3. мен енді уайымдай бастадым
7. Сіз өзіңізді машинаның рөлінде қалай ұстайсыз?
1. алдындағы машинаны қуып жетесіз
2. сізге бәрібір, қанша машина озады
3. машинаны қатты жылдамдығына салам
8. Сіз өмірге қалай қарайсыз?
1. орташа
2. жеңіл
3. қатты
9. Егер жолыңыз болмаса сіз не істейсіз?
1. жаланы басқа біреуден көремін
2. көнесіз
3. келесі жолы абай боласыз
10. Жастардың өзінің бос уақытын дұрыс өткізбеуіне сіз қалай қарайсыз?
1. оларға тыйым салу керек
2. оларды дұрыс ұйымдастыру керек (мәдениетті демалу)
3. солармен біз неге әуреленеміз
11. Егер сіздің жұмыс орныңызға басқа біреуді қойса, сіз қайтесіз?
1. несіне босқа жүйке-жүйемді тоздырам
2. оның бет әлпеті бастыққа ұнады 3. келесі ретте менің жолым болады
12. Қорқынышты киноны калай көресіз?
1. қорқасыз
2. жалығасыз
3. жақсы көңіл бөлем
13. Жолдың кедергісінен маңызды жиналысқа кешіксеңіз.
1. жиналыста мазасызданып кетесіз
2. тіл табысуға тырысасыз
3. өкінесіз
14. Спорттық жетістіктерге қалай қарайсыз?
1. женуге тырысасыз
2. өзіңізді жас сезінесіз
3. жеңілсеңіз ашуланасыз
15. Егер сізді мейрамханада дұрыс күтпесе.
1. айғай-шу болмас үшін үндемейсіз
2. күтушіні шақырып сөгіс бересіз
3. арыз кітабымен директорға барам
16. Сіздің балаңызды мектепте ренжітсе.
1. мұғаліммен сөйлесем
2. ренжіткен баланың ата-анасына айқай шығарамын
3. балаға «өзің ақылмен шеш» деймін
17. Сіз кандай адамсыз?
1. орташа
2. өз-өзіме сенімдімін
3. өткір
18. Егер мектеп есігінің алдында әріптеспен қақтығысып қалсаңыз, ол сізден кешірім сұраса сіз не дейсіз?
1. оқасы жоқ
2. көзіңе қарамайсың ба?
3. кешіріңіз мен кінәлімін
19. Жастардың арасындағы бұзақылыққа қалай қарайсыз?
1. қашан бұл жастарға тыйым салынады
2. жүрекке тиетін жаза беру керек
З.тек қана жастарды кінәламай, бұл жерде тәрбиешілер де кінәлі
20. Егер бұл дүниеге аң болып келсеңіз, қай аңды таңдайтын едіңіз?
1. жолбарыс
2. үй мысығы
3. аю