Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№30 жалпы білім беретін мектеп» КММ –нің қазақ тілі пәні әдістемелік комиссиясының 2020-2021 оқу жылында жүргізген
жұмыстарының сараптамасы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Токаев Қазақстан халқына алғашқы жолдауында қазақ тілінің мәртебесін өсіру қажеттігін атап өтіп, «Қазақ тілінің мәртебесін мемлекеттік тіл ретінде күшейіп келеді. Ол ұлтаралық қатынас тілі болатын кезең келіп жетті. Алайда ол үшін бәріміз бірігіп жұмыс істеуіміз керек»,-деді.
Тіл саясатын қолдау және оның аясын кеңейту мақсатында қалалық білім беру бөлімі мемлекеттік тілдің сапасын арттыру бойынша алдымен төмендегідей нормативтік құжаттарды басшылыққа алды. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы, Қазақстан Республикасының тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы, Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі, орта жән негізгі жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (МЖМС -2012, өзгертулер мен толықтырулар, тамыз 2015ж) енгізілуіне байланысты қазақ тілі пәнінің деңгейлік (қарапайым, негізгі, орта) еуропалық стандарт негізінде әзірленген оқу бағдарламаларын оқу үрдісіне енгізу, 2020-2021 жылдарға арналған әдістемелік нұсқау хат, ШҚО бойынша көптілділікті дамытудың 2016-2021 жылдарға арналған Кешенді жоспары, ШҚО бойынша көптілділікті дамытудың 2022-2024 жылдарға арналған Кешенді жоспары (жоба), Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің «Білім туралы» Заңы, 2020-2025 жылдарға арналған білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.
Әдістемелік комиссия «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану арқылы бірлесе жұмыс істеуде оқушылардың коммуникация, креативтік пен сыни тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту» атты өзекті тақырыппен жұмыс істей отырып, 2020-2021 жылдарға төмендегідей міндеттерді алды:
1. Оқу-тәрбие үдерісінде жаңа педагогикалық қашықтықтан оқыту бойынша технологияларды меңгеру;
2. Оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту жұмыстарын жүргізудің тиімді жолдарын анықтау;
Кадрлық құрам
№
|
Оқу жылдары
|
Барлық мұғалімдер
|
Білімі
|
Санаты
|
жоғары
|
орта
|
жоғары
|
І
|
ІІ
|
санатсыз
|
1
|
2018-2019
|
11
|
11
|
0
|
-
|
1
|
1
|
1
|
2
|
2019-2020
|
11
|
11
|
0
|
-
|
1
|
1
|
1
|
3
|
2020-2021
|
11
|
11
|
0
|
-
|
0
|
2
|
-
|
Үш жыл көлемінде жұмыс жасаған мұғалімдердің барлығы жоғары білімді. І санатты зейнет жасындағы мұғалім Маширбаева Н, ІІ санатты бастауыш, шағын орталық мұғалімі Корыкбасова Г, санатсыз 2018-2019 оқу жылында қабылданған мұғалім Рахимова А. 2020-2021 оқу жылында Рахимова А біліктілігін арттырып педагог-модератор санатына өтті. ІІ санатты екі мұғалім Корыкбасова Г, Мухадиева Н (жаңадан қабылданған) болды.
№
|
Оқу жылдары
|
Барлық мұғалімдер
|
Санаты
|
Ш
|
З
|
С
|
М
|
1
|
2018-2019
|
11
|
-
|
3
|
3
|
1
|
2
|
2019-2020
|
11
|
-
|
3
|
3
|
2
|
3
|
2020-2021
|
11
|
-
|
3
|
3
|
3
| Қорытынды: 2018-2019 оқу жылы мұғалімдердің 63%, 2019-2020 оқу жылы мұғалімдердің 73%, 2020-2021 оқу жылы мұғалімдердің 82% санаттарын көтерген. 2021 жылдың наурыз айында ІІ санатты мұғалімдер Корыкбасова Г., Мухадиева Н. педагог-модератор ретінде біліктіліктерін көтерді.
2016-2021 оқу жылдарында жаңартылған білім беру мазмұнына байланысты курстан қазақ тілі мұғалімдері 100 % өтті.
Қазақ тілі мұғалімдерінің оқу бағдарламасы, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары («ҚР Білім жән ғылым министрілігінің 2021 жылғы 23 тамыздағы №1080 бұйрығымен бекітілген ҚР жалпыға міндетті білім беру стандартын» басшылыққа ала отырып құрылған), ҚР жалпыға міндетті білім беру стандартының және 2019-2020 оқу жылына арналған әдістемелік-нұсқау хат талаптарына сай.
Достарыңызбен бөлісу: |