Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының



бет1/2
Дата26.11.2023
өлшемі397 Kb.
#128303
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
«Компьютерлік техниканы пайдалану және қызмет көрсету»


Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

«Компьютерлік техниканы пайдалану


және қызмет көрсету» пәнінен өткізілген сабақтан
тыс іс-шараның материалдары

Дайындаған: Меллатова М.Д.


2021-2022 оқу жылы
«Техник - бағдарламашы» атты интеллектуалды ойын.


Топ: 20 ЕТ
Күні: 17.02.22
Уақыты: 9:15-10:25
Өткізілген орны: 702 дәрісхана

1 топ – «Процессор» тобы, каптитан команда Кайниев Ермұхан.


2 топ – «IT мамандары» тобы, капитан каманда Оралбек Сұлтан.
Компьютерлік техниканы пайдалану, қызмет көрсету ұғымдары, түрлері. Компьютер құрастырушының аспаптары мен құрал-саймандары тақырыптары бойынша 10, 20, 30, 40 деңгейлік сұрақтарды таңдап жауап беру барысында ұпайлар қойылды.
10 – Компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсету технигінің міндетін және техникалық қызмет көрсету түрі ЕТҚ-ның пайдалану қасиеттерін қолдау жөніндегі технологиялық операциялардың кезеңділігімен және кешенімен айқындалады, яғни кезеңдерін ата. /Компьютерлік жұмыстарды ұйымдастыру және тиімді орындау;

  • Ескірген компьютерлік жүйелерді жаңарту;

  • Жаңартудың экономикалық тиімділігін анықтау;

  • Ақаулардың себептері, оларды жою және алдын алу тәсілдері;

  • Компьютерлік және басқа да ұйымдастыру техникаларында жұмыс істеу.

      • регламенттелген;

      • мерзімді;

      • мерзімді бақылаумен;

      • үздіксіз бақылаумен; /

20 – ТҚК (техникалық қызмет көрсету) түрлерін және сіз көрсете алатын /техниг-программист/ қызмет түрлерін ата.
/1. бақылау тексерулері (КО);
2. күнделікті ТҚ (ЕТО);
3. апталық ТҚК;
4. екі апталық ТҚ;
5. декадалық ТҚК;
6. ай сайынғы ТҚ (ТО1);
7. екі айлық ТҚ;
8. жарты жылдық немесе маусымдық (жүз);
9. жылдық ТҚК;/;

  • /компьютерлерді үйге келіп жөндеу;

  • компьютерлік көмек;

  • бағдарламаларды іске қосу, ретке келтіру;

  • Windows XP, Vista, 2000 қайта қою;

  • вирустарды емдеу мен жою;

  • LAN және WI-FI жүйелерін іске қосу мен реттеу;

  • компьютерлерді жинау;

  • ноутбуктарды жөндеу мен апгрейд;

  • кез-келген перифериялы жабдықпен жұмыс және басқа да компьютерлік қызмет көрсетулер/

30 –

Суретте көрсетілген құрал-саймандарды ата.


/1 сурет - Көп қызметті мультиметр, 2 сурет - WDD Weller дәнекерлейтін аспаптар жүйесі. /


40 – Компьютерді құрастыру мен бөлшектеу алгоритмін ата.

  • Алдымен орнататын құрылғылардың орауларын шешу керек;

  • Компьютердің барлық қажет құрал- жабдықтарды жинақтап алу;

  • Әрбір бөлшектің аталуын дәл білуге ұмтылыңыз;

  • Жүйелік блокқа орналастырылатын жүйелік тақтаның орны мен оны бекітуге қажет болатын бұрандалар мен саймандарды дайындаңыз;

  • Қорапты өз ыңғайыңызға қарап, көлденеңінен оң жақ бетін төменге қаратып үстелге қойыңыз;

  • Процессордың үстіне термосықпаны жағып, кулерді орнату (термосықпа процессор мен салқындатқыш арасындағы жылу алмасуын жақсартады);

  • Қоректендіру блогы бау сымдары жүйелік тақшаға жалғанатындай етіп, қораптың сыртқы артқы тақтасына коректендіру блогынан электр тогына жалғайтын ағытпа қарайтындай етіп оң жақ жоғары жағына орналастырып бекітіңіз;

  • Құрылғылардың барлығын орнатқан соң кабельдер мен байсымдарын ағытпаларына орнату қажет;

  • Компьютер жұмысқа дайын екеніне көз жеткізіңіз.

  • Осы әрекеттерден соң жүйелік блоктың қорабын жабуға болады.

  • Диск - жетектерді (FDD, CD-DVD) компьютердің алдыңғы тақтасына орналастырыңыз;

  • Қатқыл дискіні қораптың ішкі алдыңғы бөлігіндегі орынға орналастырып, бұрандалармен бекітіңіз;

  • Бейне картаны, жедел жадыны жалғаңыз.

  • Жүйелік блогына желдеткіштерді орнату;

Ақауларды анықтауға арналған BIOS құралдары. Ақауларды іздеу және жоюдың негізгі бағыттары. Профилактикалық шаралар бағдарламасы тақырыптары бойынша 10, 20, 30, 40 деңгейлік сұрақтарды таңдап жауап беру барысында ұпайлар қойылды.
10 – Тексерудің нәтижелерін бір уақытта орындалатын үш түрлі әдісті және BIOS–тың түрлерін ата.

  • Монитордағы хабарлама

  • Дыбыстық сигналдар

  • Арнайы кодтардың берілуі /; /AwardBIOS, AMIBIOS және PhoenixBIOS.

20 – Диагностикалық бағдарламалар. /Everest Ultimate Edition бағдарламасы
және PC Wizard 2008/
30 – Компьютерді дұрыс орнату жəне күту үшін қандай нұсқаулықтарды орындау керектігін ата.

  • Компьютерді шамадан тыс ылғалдан, күннің көзі тікелей түсетін жəне өте салқын немесе ыстық жерден аулақ ұстау;

  • Компьютерді тұрақты, жазық жерде қолдану. Қажетті желдетуді қамтамасыз ету үшін компьютер мен монитордың жақтарынан 10,2 cм (4-дюйм) бос орын қалдыру керек;

  • Компьютердің желдеткішерін бөгеп, желдетуін азайтып тастамаңыз. Пернетақтаны құралға тым жақын орналастырмаңыз, желдетуді тежеуі мүмкін.

  • Компьютерлерді бір-бірінің үстіне үймеңіз немесе бір-біріне жақын қоймаңыз, əйтпесе олардың қайта айналымдағы немесе қызып кететін ыстық ауасы бір- біріне əсер етеді.

  • Компьютер мен пернетақтадан сұйықты қашық ұстаңыз.

  • Монитордың желдеткіш ұяшықтарын ешқандай материалмен жабуға болмайды.

  • Компьютерді тазалау кезінде компьютерді өшіріп, сыртын жұмсақ, дымқыл шүберекпен сүртіп алыңыз.

  • Компьютердің жақтарындағы желдеткіш саңылауларын тазалап отырыңыз. Шаң басқа бөтен заттар желдеткішті бөгеп, ауа жүрісін шектеуі мүмкін.

  • Панельдері мен басқаруларын жұмсақ, құрғақ немесе жеңіл тазалағыш сұйықпен ылғалданған шүберекпен тазалаңыз. Шашылатын тазалағыш заттарды құрылғыға тікелей шашпаңыз.

  • Алкоголь, бензин сияқты еріткіштерді қолданбаңыз, зақым келтіреді.

40 – Компьютердегі желдеткіштің міндеті және жүйелік блокты шаңнан тазарту. /Жүйелік блок – компьютердің жұмысына жауап беретін құраушылардың қоры.
1. Бөлменің еденін, терезелерін, компьютерлік үстелді таза ұстау;
2. Компьютердің артқы жағы ашық қалмағаны жөн. Бұл жағдай қақпақшаларды бұрап сындырудан пайда болады. Оларды жабу үшін комплектке кіретін ауыстырмалы қақпақшаларды қолдану қажет. Егер олар болмаса, сервистік орталыққа барып алуға болады.
3. Желдеткіш пен қораптың ішкі құрылысын жиі тазалап тұру. Қораптың ішкі құрылысын жай шаңсорғышпен тазалауға болады. Ең бастысы қоректендіру блоктың шаңын тазарту.
4. Қорап, монитор, тінтуір, пернетақта, принтер, сканер және басқа да құрылғылар уақыт өткен сайын ластанып, сарғаяды. Сондықтанда, олардың үстін сүртіп тұру қажет. Ол үшін жай сабынды суды қолдануға болады. Бірақ, сабынды су сарғыш пен желімді кетірмейді. Ол үшін әртүрлі антистатиктер, спрейлер, гельдер, салфеткалар және т.б. компьютердің құрылғыларын тазартуға қолдануға болады.Жоғарыда айтылған ережелерді сақтау барысында, компьютердің өмірін ұзарта аламыз.
Компьютер қызмет етуінің нормативті мерзімі. Компьютерді жаңғырту және үш тілде сөздік тақырыптары бойынша 10, 20, 30, 40 деңгейлік сұрақтарды таңдап жауап беру барысында ұпайлар қойылды.
10 – Жаңғырту (модернизация, апгрейд), конфигурация (пішін) түсінігі.
Жаңғырту себептері және жаңғыртуға келетін негізгі құрылғыларды ата.
/Жаңғырту (модернизация, апгрейд) – ескірген құрылғыны жаңасына ауыстыру немесе берілген конфигурацияға жаңа құрылғыны қосу.
Конфигурация (пішін) – бұл компьютердің жұмысын анықтайтын толық жиынтық: жүйелік тақша, процессор, жедел жады, қатқыл дискі және т.б.

  • Процессор

  • Жедел жады

  • Бейнекарта

  • Қатқыл дискі

  • CD/DVD диск

20 –



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет