Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің



Pdf көрінісі
бет106/125
Дата21.12.2022
өлшемі15,32 Mb.
#58721
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   125
Байланысты:
1514000-Геоморфология-каз

Планеталық теория. Ірі ӛзендер аңғарының кеңеюіне және олардың ассиметриялы болуына жер шарының ӛз 
ӛсінен батыстан шығысқа қарай айналуы да ықпал етеді. Бэр-Бабинэ заңына байланысты және Кориолиус 
кҥшіне сәйкес жердің солтҥстік жарты шарында бойлық бағытта ағатын ӛзендердің (Еділ, Днепр, Обь, Ертіс, 
Енесай т.б.) оң жағалауы қашан да болса биік жарлы, ал қарсы жағалауы аласа немесе ойпатты болып келеді. 
Оңтҥстік жартышарда керісінше, ӛзендердің сол жағалауы биік жарлы, оң жағалауы аласа болып келеді. 
Аңғардың осылайша жаралуы жердің тәуліктік айналуының нәтижесі: жер бетіндегі жазық бағытта қозғалған 
дене солтҥстік жарты шарда оңға қарай ығысады, оңтҥстік жарты шарда солға қарай ысырылады, ал экваторда 
ол кҥш нольге тең. Сондықтан жазықпен аққан ӛзен суы бір жағына ығысып, аңғардың жағалау ассиметриясын 
туғызады. 
Аңғардың осы заңдылыққа сәйкес жҥздеген, мыңдаған километрге морфологиялық жағынан ӛзгермейтін 
жағалау ассиметриясын С.С.Воскресенский тҧрақты ассиметрия дейді. 
Климаттық факторлардың ықпалы. Ӛткен ғасырда А.Пенк айтқандай, Орталық Еуропаның басымды ылғалды 
батыс желдеріне тосылып жатқан аңғар жағалары тік деп есептеген. Ал Воскресенскийдің айтуы бойынша 
(1971) 


143 
Шығыс Сібірдің оңтҥстігінде оңтҥстік экспозициялық жағалар тіп-тік болып келеді. Якутияда керісінше, 
жағалардың солтҥстік экспозициясы тік. Мҧндай жағдайлардың әр тҥрлі варианттары болуы мҥмкін, сондықтан 
әрбір жайды толык талқылап талдау тиіс. 
Геологиялық құрылым себептері. Ӛзен аңғарларының ассиметриясының бір жаққа қҧлаған тектоникалық 
элементтермен, мысалы моноклинды қҧрылымдарымен, лықсумен немесе блоктардың әр келкі кӛтерілуімен 
және 
осы блоктарды қҧрған тау жыныстарының эрозияға тӛзімділігімен тҥсіндіріледі. Соның нәтижесінде аңғар 
жағалауларының бір жақ беткейі тіптік, екіншісі жайпақтау, тегіс болады [Сурет-83]. 
Сурет-83Аңғарлар ассиметриясы A - әр беріктік моноклинды жатқан қабаттардың сағалану бойымен 
қалыптасқан аңғарлар; Б - антиклиндік қанаттарда қалыптасқан аңғарлар; В – гранитті интрузия мен тҧнба 
шӛгінділердің жапсарласу бойында қалыптасқан аңғар; Г - лықсу сызығы 
бойымен тҥзілген аңғар (О.К.Леонтьев, Г.И.Рычагов, 1988) 
Суайрықтардың ассиметриясын талқылайтын болсақ, ол да аңғар ассиметрия салдарынан пайда болады. Алайда 
бҧл жерде алғашқы бедердің топографиялық бетінің әр тҥрлі еңістерді туғызатын тектоникалық процестер 
басты рӛл атқарады. 
Сонымен, аңғарлар ассиметриясы ӛзендер дамуының жалпы тенденциясының нәтижесі. Ол арна ағысының 
гидродинамикасымен оның ішкі және сыртқы бедер тҥзу факторларының ӛзара әрекеттерімен тҥсіндіріледі. 
Сонымен қатар, ӛзен жҥйесі кӛне болған сайын, оның аңғар ассиметриясы да айқын кӛрінеді. 
 
Ӛзен торларының тҥрлері 
Ӛзен торларының сипаты мен қҧрылымы қҧрлық бетіне тҥсетін судың мӛлшері мен қарқындылығын, осы 
судың ағу жағдайларын және қҧрлықтың тӛсеніш бетінің щайылуға тӛзімділігін белгілейтін физикалық-
географиялық 


144 
жағдайлардың кҥрделі арақатынасы арқылы анықталады. 
Ӛзен торларының пландағы конфигурациясы дендриттік (ағаш бҧтағы тәрізді), параллельді, радиалды, 
қауырсын тәрізді және т.б. типтерге бӛлінеді [Сурет-84]. 
Сурет-84Ӛзен тораптарының тҥрлері: А) радиалдық орталықтан тепкіш; Б – радиалдық орталыққа тартқыш; В 
- параллельді; Г - бҧтақ тәрізді; Д - кереге кӛз тәрізді; Е - қауырсын тәрізді (О.Леонтьев, Г.И.Рычагов, 1988) 
Ӛзен торының дендриттік типі біртекті тау жыныстарынан тҥзілген аудандарда пайда болған. Мҧнда ӛзеннің 
негізгі арнасы мен салалары ретсіз таралған. Мҧндай ретсіз таралған ӛзен торының арасында басты ӛзен мен 
оның салаларын ажырату мҥмкін емес. Мысалы Еділ ӛзені жҥйесінің бастауында негізгі ӛзен арнасын табу 
қиынға тҥседі. Ал, ӛзеннің салалары негізгі ӛзен арнасына екі жақтан бірдей симметриялы қҧйылса, онда 
қауырсын тәрізді су торы қалыптасады. Осыған ҧқсас су торы қатпарлы және куэсты дамыған аймақтарда 
кездеседі. Кереге кӛзді (решетчатый) немесе ортогональды ӛзен торының арналары мен салаларының 
бӛлікшелері планда ӛзара тік бҧрышты тҥзеп, тектоникалық жарылымдар бойына сәйкес келеді. Сӛйтіп 
тектоникалық жарылымдар бойымен қалыптасқан эрозиялық пішіндер олардың бағытын қабылдап, планда 
ортогональдық сипат алады. Ӛзен тораптарының осындай тҥрлері қатпарлы аймақтарда жиі кездеседі (Орал 
ӛзеннің бастауында). 
Параллельді су торлары бір бағытта немесе қарама-қарсы бағытта ағуымен сипатталады. Олар қатпарлы 
аймақтардың шеткі жағында, теңіз су деңгейінің астынан жаңадан босап шыққан кӛлбеу жазықтардың ҥстінде 
дамиды. Радиалдық ағын сулар орталықтан тепкіш немесе орталыққа тартқыш ӛзен жҥйелерін қҧрады. Мҧндай 
ӛзен тораптары жанартау аймақтары мен тауаралық ойпаттарға тән. Шеңбер және айыр тәрізді су жҥйелері 
әдетте тҥз-кҥмбезді жоталардың етек жағын жиектейді немесе тӛзімділігі әркелкі тау жыныстарынан қҧралған 
брахиантиклиндық қҧрылымдар шегінде дамиды. Гидрографиялық тораптардың беткейлерін зерттеудің 
практикалық мәні зор. Демек, олар белгілі геологиялық, климаттық және басқа табиғи факторлардың әсерінен 
тҥзеліп, белгілі ландшафтың қалыптасуында осы факторлардың маңызын анықтайды. Кейбір жағдайларда ӛзен 
тораптары бейнесін зерттеу оларды қҧрастырған аймақтың геологиялық және тектоникалық қҧрылым 
ерекшеліктерін анықтаудың белгісі болуы мҥмкін, яғни қатпарлы қҧрылымдардың және тектоникалық 
жарылымдар сызықтарының бағытын, тау жыныстары жарықшақтар жҥйесінің арақатынасын және т.б. 
анықтауға себепші болады. Басқаша айтқанда мҧның практикалық маңызы бар. Мысалы, аңғар жҥйесінің 
радиалдық тҥрі әдетте тҧзды кҥмбездер және брахиантиклиндық қҧрылымдардың, ал кейбір жағдайларда ірі 
кимберлит қҧбырлары айналасында дамыған. Тҧзды кҥмбездер мен брахиантиклиндар негізінен мҧнай және 
газды сиыстырған тектоникалық қҧрылымдар болып саналады, ал кимберлит қҧбырларымен алмастың 
кенорындары тікелей байланысты. 
 
Атыраулар 
Ірі ӛзендердің мҧхитқа, кӛлге немесе шығанаққа қҧйған сағасында олардың ағысы кенеттен баяулайды. 
Соның салдарынан ағызып келген лай-қҧмдар су қоймасының тҥбіне шӛгіп су астында ысырынды конус тҥзеді. 


145 
Осылайша ол бірте-бірте биіктей береді де, қҧрлыққа айналып атырау деген ерекше бедер пішінін қҧрайды. 
Оның сыртқы бейнесі ҥш бҧрышты, яғни гректің (дельта) әрпіне ҧқсас, сҥйір бҧрышы ӛзен жақта орналасады. 
Әдетте ӛзеннің қҧяр сағасында теңіз тайыз, толқындардың шалқу-қайту әрекеті аз болса, су қоймасының 
жағалау тҧсындағы арнада тҧнған шӛгіндіге толады да, ағынға бӛгет болады. Сондықтан ағын су ӛзіне жол 
іздеп желпеуіш тәрізді кӛптеген тарамдар мен тармақтарға бӛлінеді. Тарамдалған арналар арасында тегістеу 
келген қҧм аралдары пайда болады. Арна тораптары ӛздері тасымалдап алып келген шӛгінділер әсерінен бірте-
бірте тайыздалады да, жеке-жеке шалшық батпақтарға айналып барып қҧриды. Әрбір тасқын кездерінде 
атыраудың ауқымы ҧлғайып кеңиді және биіктеліп теңізге қарай ӛсе тҥседі. Атыраулардың ӛсу жыдамдығы әр 
тҥрлі. Еділ ӛзенінің атырау бӛлікшелері соңғы 50 жылда 2,5 км-ден 12,5 км-ге дейін ӛсті, ал бҧл кӛрсеткіш 
атыраудың жылына орта есеппен 50 м-ден, 250-м-ге дейін ӛскендігін кӛрсетеді. Миссисипи ӛзенінің атырауы 
жыл сайын 4 м-ден 100 м-ге дейін ӛседі. Кейбір атырау аумағы едәуір кеңістікті ала отырып, ондаған мың 
шаршы шамасында, Лена ӛзенінің атырауы - 45000 км
2
, Еділдің атырауы - 18 000 км
2
. Бірнеше ӛзендердің 
сағалары бірігіп кетіп атыраулық жазығын қҧрайды. 
Шығыс жақтағы Қытайдың кең аумақты жазығы Хуанхэ мен Янцзыцзян атырау жазықтарының бірігіп 
кеткеннен пайда болған аккумуляциялық жазығы. 
Атыраудың қҧрылуына ӛзен ағысының мӛлшері, жылдамдығы, сонымен бірге, жаңатектоникалық қозғалыстары 
мен климат режимі де әсерін тигізеді. Осы факторлардың кҥрделі байланыстары жер бетінде әр тҥрлі атырау 
пішіндерін қҧрады. Атырау аймағы негізінен 5 зонаға бӛлінеді: тӛменгі ӛзен атырауы; су беткі (субаэральдық) 
атырау жазығы; атырау алды кемер (авандельта); кӛлбеу атырау және тереңдік атырау [Сурет-85]. 
Су бетіндегі атырау жазығы аласа аралдардан және оларды бӛліп тҧратын кӛптеген тармақтардан, ескі 
арналардан, кӛл және батпақтардан тҧрады. Шӛгінділерден тҥзілуі негізінен континенттік жағдайларда ӛтеді, 
бірақ кейде теңізден соққан кҥшті желдер әсерінен немесе су кӛтерілуі кезінде мҧнда теңіз суымен айдалып 
келген теңіздік фауна мен минералдар шӛгуі ықтимал. 
Сурет-85Атырау ӛлкесінің планда және кескіндегі қҧрылысы: І - тӛменгі ӛзен атырауы; ІІ - субеткі 
(субаэральдық) атырау жазығы; ІІІ - атырау алды кемер (авандельта); ІV - кӛлбеу атырау; V -тереңдік атырау. 
(Г.Ф.Крашенников) 
Атырау алды кемер немесе авандельта – атыраудың сыртқы шегінде орналасқан су астындағы ӛте таяз, тегістеу 
келген кеңістік. Бҧл зона жағалаудан теңізге қарай бірнеше километрге созылуы мҥмкін. Мҧнда су беті 
бӛлігінде шӛгіп ҥлгермеген шӛгінділер жиналады. Демек, теңіз суларымен кездесерде ӛзен суларының ағыс 
жылдамдығы кҥрт баяулайды да, оның тасымалдау қабілеті азайып, жҥзінді материал тҧнбаға айналады. 
Сонымен бірге теңіз толқындары мен жағалау ағындары жҧқа сазды бӛлшектердің тҧнбаға тҥсуіне кедергі 
жасайды да, олардың одан әрі ӛңделуіне жағдай жасайды. Мысалы, Еділ, Жайық, Кубань, Терек ӛзендерінде 
осындай жҧқа сазды материалдан қҧралған атырау бӛлігі кең дамыған. Кӛлбеу (еңкіш) атырау зона ӛзен суының 
ағысы әбден тоқтап, тасымалданған материалының тҧну қарқындылығы азайған жерінен басталады. Мҧнда суы 
ащылау болғандықтан теңіз организмдері мекендейді. Шӛгінділер жҧқа және жазық бағытта жатқан қабатты 
тҥзілімдермен ерекшеленеді. Атыраудың еңкіш белдемнің тереңдігі 10 м-ден 100 м-ге дейін ауытқиды. 
Атыраудың ең соңғы бӛлігі – тереңдік атырау зонасы ысырынды материалдардың толығымен жетпейтін 


146 
ӛңірінде орналасқан. Тек ӛзендердің тасқыны кезінде судың жоғарғы қабаттарында тҧщыландыру процесі 
жҥреді, ал тҥбінде теңіз шӛгінділерімен қатар ӛзен ысырындыларының жҧқа сазды материалдары орнығады. 
Негізінен бҧл теңіз шӛгінділерінің шоғырлану ӛңірі. Жоғарыда айтылған атырау бӛліктері кез келген ӛзендердің 
қҧйылысында бола бермейді. Мысалы, Еділ және Лена ӛзенінің атырауларында тереңдік зонасы жоқ. 
Атыраудың сырт бейнесі әр тҥрлі. Кейде ӛзен сағалары эстуариямен немесе лимандармен бітеді. Әдетте ірі 
ӛзендердің атырауы тектоникалық иінді ойпаң орнында қалыптасуы ықтимал, сондықтан олардың қалыңдығы 
айтарлықтай. Мысалы Миссисипи атырауында тӛрттік шӛгінділердің қалыңдығы 1000 м-ге дейін жетеді. 
Атыраудың қалыптасуында ӛзен шӛгінділерімен қатар басқа да факторлар қатысады, сол себептен атырау 
шӛгінділерін ерекше бір геологиялық формация ретінде қарастыруға болады. Бҧның қҧрылымында арна және 
жайылма шӛгінділерімен бірге теңіз тҧнбалары, кӛл, батпақ шӛгінділері қабаттаса кездеседі. Кӛл-батпақтар 
тҥбінде ӛсімдік қалдықтары, шымтезектер (торфяники) пайда болады. Ежелгі атыраулар қойнауында мҧнай мен 
газ кең орындары болуы мҥмкін. Әзірбайжан елінде 100 жылдан бері бҧрғылау арқылы игерілген мҧнай қоры 
орталық плиоценнің атырау шӛгінділерінде шоғырланған. 
Атыраудың теңізге қараған алдыңғы шетінде ӛзен суы мен теңіз суы қосылған кезде, теңіздің ащы суының 
әсерінен суда еріген заттар коагуляцияланады (латынша ҧю). Сонда теңіз тҥбіне қҧмды жыныстарымен бірге 
ӛзен ерітіндісінен темірдің, аллюминийдің, марганецтің коллоидтары шӛгеді. 
Абразия 
Абразия (лат. abrasіo – қыру). Теңіздің қиратқыш әрекеті абразия деп аталады. Оның ҥш тҥрі бар – 
механикалық, химиялық және термиялық абразия. Механикалық абразия соқпа толқын әсерінен теңіз, кӛл 
жағаларының бҧзылып ҥгілуі. Оны толқынның шарпып-шегінуі тудырады. Теңіз толқыны жағаға жақындағанда 
жылдамдығы бәсеңдеп, биіктігі артады да жағаға асып кері шайма ағыс тудырғанда абразия әрекеті пайда 
болады. Механикалық абразияның жағалауға тҥсіретін динамикалық қысымы орта есеппен 10 т/м
2
-ге асатын 
толқынның гидравликалық соққысы және толқын ықпалымен кейде ішінде салмағы ондаған тоннадан асатын 
шомбал кесек тау жыныстары бӛлшектерінің соққысынан тҧрады. Механикалық абразия теңіз абразиясының 
негізгі тҥрі, осыған химиялық және термиялық абразиялар қабаттасып қатысады. Химиялық абразия судың 
химиялық әсері, яғни су бетіндегі және су астындағы жағалық тау жыныстарының еруі нәтижесінде жҥзеге 
асады. Әсіресе жаға жиегі карбонатты тау жыныстарынан қҧрылса, онда химиялық абразия (карст процестері) 
қарқынды тҥрде жҥреді. Термиялық абразия - тоң тау жыныстарьнан қҧрылған жағалардың мҧзын теңіз суының 
жылындыруы әсерінен еріп бҧзылуы. 
Тау жыныстарының ҥгілуіне теңіз хайуанаттары мен ӛсімдіктері де ықпал етеді. Ал механикалық абразия 
туралы айтсақ, қатты дауыл кезінде толқынның кҥші жағадағы тау жыныстарына орасан зор гидравликалық 
әсерін тигізеді. Соның нәтижесінде жағалық зонада салынған қҧрылыстар кӛп жағдайда қирап, халық 
шаруашылығына едәуір зиян келтіреді. Толқын соққысы әсіресе жағадағы қҧламалы жар қабаққа ықпал етіп, 
алдымен жарықшақты тау жыныстарды бҧзады. Толқынмен ілескен тау жыныстары сынықтарының қиратқыш 
кҥші бірнеше есе арта тҥседі. Содан жар қабақтың етек тҧсынан баурай шҧңқыр (волноприбойная ниша) 
тҥзіледі де, жоғарыдағы қҧз-жары оның ҥстінен тӛніп тҧрады. Баурай шҧңқыр қҧрлыққа қарай кеңи келе ҥстіңгі 
жар қабақ опырылып қҧлайды да қайтадан тік жар-клиф тҥзіледі. Осы процесс сан рет қайталана келе жар 
қҧрлыққа қарай шегіне береді, оның орнында теңізге қарай сәл еңкіш келген тегіс бетті абразиялық терраса 
бенч қалыптасады Бенч жар қабақ табанындағы баурай шҧңқырдан бастап теңіз деңгейінің тӛменгі сызығына 
дейін жалғасады. Ол негізінде тҥпкі тау жыныстардан тҧрады немесе оның бетін ірі кесекті материалдан 
қалыптасқан тҥзілімдердің жҧқа қабаты жауып жатады. Бҧл тҥзілімдерді теңіздің толқыны ҥнемі әрі бері 
сырғытып, ақырында олар уатылып, жҧмырланып, малтатасқа, қиыршық тасқа, қҧмға және одан да ҧсақ 
бӛлшектерге айналады. Ҥнемі орнынан ауысып сырғуда болғандықтан, теңіздің малтатас жиынтығы ҧдайы 
жҧп-жҧмыр, беттері айнадай жылтыр болады. Су толқындары жағаға келіп соққанда, шайылған малтатастардан, 
қиыршық тастардан және қҧм бӛлшектерден жағажай тҥзіледі де, жағалық зона дамыған сайын, кеңейе тҥседі. 
Домалай жылжыған кесектердің бірсыпырасын толқын шайып әкетіп, су деңгейінен тӛмен апарып ҥйеді. 
Сӛйтіп су астында аккумуляциялық терраса пайда болады. Осы қос терраса кеңіген сайын толқынның шаю кҥші 
баяулап, жағажай кеңи береді. Ақырында жағалық зона одан әрі кеңейгеннен кейін теңіз толқынының 
абразиялық кҥші мҥлдем тоқтайды. Абразия әрекетінің жылдамдығы және жағаның шегінуі алдымен оның 
биіктігі мен оны қҧрайтын тау жыныстарының беріктігіне байланысты. Ерігіш тау жыныстардан қҧралған 
жарқабақтар теңіз суына оңай ерісе, абразия процесі мейлінше қарқынды ӛтеді. Саздан, қҧмнан, қҧмайттан 
қҧралған жаға тез бҧзылып, жылдам шегінеді, оның шегіну жылдамдығы жылына бірнеше сантиметрден 
бірнеше метрге дейін барады. Кристалдық интрузиялық тау жыныстардан тҥзелген жағаның бҧзылу әрекеті 
баяу болады. Сондықтан жағаның қҧрамына қарай оны екі тҥрге ажыратуға болады: ҥгелімен тҥпкі тау 
жыныстардан тҧратын абразиялық жаға және борпылдақ шӛгінділерден қҧрылған аккумуляциялық жаға. 
Қазақстандағы Каспий, Арал және Балхаш кӛлдерінің жағаларында аккумуляциялық және абразиялық тҥрлері 
кездеседі. Егер теңіз толқындары жағаға тік бағытта соқса, жҧмырланған кесек жиынтықтар жағаға қарай 
сыпырылады да, қҧмдар сумен шайылып қайтадан су астына тӛмен ығысады. Су толқынының кҥші баяу болса 
жағажай шегінде қҧмнан қҧралған жал тҥзіледі. Басқаша айтқанда теңіздің тайыз шегінде толқындар 
тарамдарға бӛлініп, кҥші бәсеңдеген кезде, ӛзінің шайып әкелген қҧм-қҧмайттарды тҧндырады. Осының 


147 
нәтижесінде су тҥбінің 4-6 м. терендігінде қҧм жалдар тҥзіледі. Толқындар оны жағаға қарай баяу сырғыта келе 
жағажайға ҧштастырады. Сӛйтіп аккумуляциялық жаға қалыптасады. 
Теңіз террасалары 
Тектоникалық қозғалыстар әсерінен толассыз жоғары кӛтерілуімен, климат ӛзгерістерінің және су деңгейі 
тербелістерінің ҧдайы кӛрініс беруімен сипатталатын, толқындар әрекетінің нәтижесінде теңіз жағалауында 
сатыланып қалыптасқан жазық жер бедерін теңіз террасалар дейді. Мҧндай террасалар казіргі кезде жаға 
бойымен созылған баспалдақтар ретінде айқын байқалады. Әр террасада тӛменгі морфологиялық элементтерді 
кездестіруге болады, олар: терраса ҥсті, терраса кемері, терраса жарқабағы және терраса етегі. Геологиялық 
қҧрылысына байланысты теңіздік террасалар аккумуляциялық, абразиялық және аралас террасаларға 
ажыратылады. Аккумуляциялық террасалар теңіз шӛгінділерінен (қҧмдар, малтатастар, гравийлер) қҧралған. 
Абразиялық террасалар тҥгел тҥпкі тау жыныстардан тҧрады, аралас террасаларының жоғарғы жағы теңіз 
материалынан қҧрылса, іргетасы тҥпкі тау жыныстардан тҧрады. Теңіз жағалаулардың тарихи дамуын білу 
ҥшін террасалардың спектралары деп аталатын далалық зерттеу арқылы нивелирлеу әдіспен, әуе суреттерін 
талдау арқылы жағалаудың әр бӛлікшелерде анықталған террасалардың сҧлбасы (схемасы) сызылады. Сонымен 
қатар жаңа тектоникалық қозғалыстарының сипаты мен қарқындылығы туралы мәліметтер де алынады. Сайып 
келгенде, теңіз террасаларының спектрін талдау – теңіз жағалауында неотектоникалық және қазіргі тік 
бағыттағы тектоникалық қозғалыстарды зерттеу барысындағы сенімді әдістердің бірі болып табылады. 
 
Теңіз жағалауларының бедер пішіндері 
Жағалық сызық-қҧрлық пен су алқабы (теңіз, кӛл-бӛген) арасындағы шартты шекара. Су бетінің қҧрлыққа 
жанасатын жерінде пайда болатын сызық тҥрінде жҥргізіледі. Судың деңгейі ҥнемі ӛзгеріп тҧратындықтан 
жағалық сызық тҧрақты болмайды. Сондықтан оның кӛп жылдық орташа деңгейін алып белгілейді. 
Қазіргі заманның жағалық сызығы тӛрттік кезеңінің жамылғы мҧздығының еруі себебінен дҥние жҥзі мҧхит 
деңгейінің кӛтеріліп, қҧрлықты басу нәтижесінде қалыптасқан. Мҧндай жағдайда қалыптасқан жағаларды 
ингрессиялық жағалар деп атайды. Тӛменде ингрессиялық жағаларының бірнеше тҥрлерін келтіреміз. 
Фиордтык жағалар – тіп-тік, әрі жартасты, қҧрлыққа қарай ондаған км-ге иірімделіп созылған, жіңішке, терең 
теңіз шығанағының жағалары. Олар ӛзен аңғарын мҧздық жырып кеңіткеннен кейін оны теңіз басуы 
нәтижесінде тҥзілген. Мҧндай генезисті жағалар Норвегия, Гренландия, Канада, Жаңа Жер (Новая Земля) 
жағалауындағы таулы ӛлкелерде кең таралған. Шхерлық жағалар, шхерлер (швед.skar) – плейстоцен мҧз басу 
атыраптарындағы теңіз жағаларына таяу орналасқан шағын жартасты аралдар. Олар қазіргі кезде жартылай су 
астында қалған морена қалдықтары мен ежелгі друмлиндер, камалар, оздар. Шхерлерді қҧрайтын ежелгі 
кристалдық тау жыныстарын материктікте мҧз басу кезінде мҧз кӛшкіні қырнап ӛңдеген. Финляндия, Швеция, 
Исландияда, ТМД-да Онега және Ладога кӛлдерінің жағаларында кездестіруге болады. Эстуарий (лат. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет