104
Егер де курсор клиентте орналасқан болса, онда тек қана статистикалық курсорды
қолдануға болады. Барлық әр түрлі типтердегі курсорлар бір негізгі деректер базасымен
жұмыс жасай алмайды. Бір деректер базасы бір типті қолдайды, ал басқасысы барлығын
қолдай алады.
Filter – сүзгінің жолы.
Filtered – кесте сүзгіленген бе. Егер де мұнда false – ты құрса, онда сүзгінің жолы
(Filter) жауап бермейді.
IndexFieldNames – индекстелген колонканың аты. Индекстер деректерді сұрыптау
үшін немесе кестелердің арасындағы байланысты орнату үшін қолданылады.
RecNo – ағымдағы белгіленген жолдың номері.
Record Count – кестедегі жолдардың саны.
Sort - сұрыптаудың типі көрсетілген жол. Мысалы, «Телефон» өрісі бойынша
сұрыптау үшін, мұнда жолды жазу керек: Ado query.Sort :=’ Телефон ASC’. ASC операторы
өсу тәртібі боынша сұрыптау керектігін айтады. Desc операторы азаю тәртібі бойынша
сұрыптау керектігін айтады.
Active – егер мына қасиет true – ге тең болса, онда кесте ашық болып табылады.
Agg Fields – мұнда барлық агрегатты өрістер сақталады.
Auto Calc Fields – егер де мұнда true болса, онда автоматты түрде өрісті қайта
санайды.
Bof - бұл қасиетке әсер етуге болмайды, бірақ егер де ол true – ге тең болса, онда біз
файлдың басында отырмыз.
Bookmark – мұнда ағымдағы закладка орналасқан.
Eof - бұл қасиетке әсер етуге болмайды, бірақ егер де ол true – ге тең болса, онда біз
файлдың аяғында отырмыз.
Fiekd count- мұнда кестедегі өрістердің саны сақталған.
Fields - осы өріс арқылы өрістердің белгіленуі жайлы қатынас алуға болады. Айталық,
4-ші өрісте ненің сақталғанын білу керек. Ол үшін келесіні жазу керек:
Table.Fields.Fields[4].AsString.
AsString тәсілі бізге жол тәріздес мән алу керектігі туралы айтады. Бұл өте оңай тәсіл,
сондықтан мен оны қолданбаймын. Кітаптың соңына дейін мен өрістерді атымен атаймын.
Field Values - осы қасиеттің арқасында оңайлықпен барлық берілген өрістерге қатынас
алуға болады. Өрістің атын төртбұрышты жақшаларда көрсету керек. Мысалы,
Table.Fields.Values[‘Телефон‘]:=’3346598’;
Filter Option - сүзгінің баптаулары. Мұнда келесі параметрлерді көрсетуге болады:
-foCase Insensitive регистрге сүзгі сезімтал болмайды;
-foNo Partial Compare егер де осы параметр тұрса, онда теңеулер сүзгі де белгіленген
мәндер нақты көшірмемен орындалады. Мысалға, егер де сүзгі де «са» сөзі белгіленіп беріліп
тұрса, онда сүзгіге «са» сөзінен басталатын барлық сөздер түседі (самолет, самокат).
Modified – егер де мына қасиет true ге тең болса, онда кестеде енгізулер бар деген
ұғым.
Достарыңызбен бөлісу: