Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы



Pdf көрінісі
бет122/180
Дата06.01.2022
өлшемі4,77 Mb.
#15026
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   180
 
 
№2 зертханалық жұмыс Тармақталуды, көптік таңдауды программалау 
 
Зертханалық жұмысқа тапсырма 
2.3.1  Берілген  мәнді  есептеудің  блок-сұлбасымен  бағдарламасының  екі  түрін 
(stdio және iostream библиотекасын қолданып) құрастырыңыз. Бағдарлама мәтінінде барлық 
қажетті  түсініктемелерді  орнатыңыз,  сонымен  бірге,  көрнекті  және  ыңғайлы 
пайдаланушының  интерфейсін  жасау  үшін  түсініктемелері  бар  форматты  енгізу-шығаруды 
қолданыңыз. 
1. Параллелограмм ауданын есептеу. 
2. Параллелепипед көлемін есептеу. 
3. 
Нүкте 
радиусы R шеңбер 
бойынша 
тұрақты a
t
 тангенцалды 
үдеумен 
қозғалады. Қозғалу  басталған  соң  қанша  уақыттан  кейін нүктенің a
n
 нормалды  үдеуі  оның 
тангенцалды үдеуінен үлкен болатынын есептеу. 
4. Негізі мен биіктігінің өлшемдері берілген болса үшбұрыштың ауданын есептеу 


123 
 
5.  Үшбұрыштың  екі  бетінің  ұзындығы  мен  олардың  арасындағы  бұрыштың  мәні 
бойынша оның ауданын табу. 
6. Екі тізбектеліп қосылған кедергілері бар электр тізбектің жалпы кедергісін есептеу. 
7.  Кернеу  мен  кедергіге  берілген  мәндер  бойынша  электрлік  тізбектің  тоқ  күшін 
есептеу. 
8.  Масштабты  есепке  алып,  картада  белгіленген  екі  елді  мекеннің  арасындағы 
қашықтығын есептеу. 
9. Белгілі  коэффициенттері  бойынша  квадратты  теңдеудің  түбірлерін  есептеу 
(дискриминанты оң таңбалы). 
10.  Берілген  дистанцияны  жүгіргіш  белгілі  уақытта  өтті,  оның  жылдамдылығын 
есептейтін бағдарламаны құрастырыңыз. . 
11. Белгілі өлшемдері бар пирамиданың көлемін есептеу. 
12. Шар бетінің ауданын есептеу. 
13.  Тең  бүйірлі  тік  бұрышты  үш  бұрыштың  гипотенузаға  түсетін h биіктігі  белгілі; 
оның беттерін есептеу. 
14. Берілген бүйір мәні бойынша тең қабырғалы үш бұрыштың биіктігін есептеу. 
15. n санының цифрларының қосындысын табу. 
16. Екі параллель қосылған кедергілерден тұратын электр тізбектің кедергісін есептеу. 
17. k санының цифрларының көбейтіндісін табу. 
18.  Автомобиль  жолдың  бірінші  жартысын v1 жылдамдылықпен,  екінші  жартысын  -
 v2  жылдамдылықпен қозғалады. Орта жылдамдылығын есептеу. 
19. Бұрыштың мәнін берілген радиан бірліктерден градус бірліктерге түрлендіру. 
20. Жел  жылдамдылығы «бір  секундтағы  метр»  бірліктерімен  өлшенген,  оны  «бір 
сағаттағы километр» бірлігіне түрлендіру. 
21.  Берілген  температураны  Кельвин  бірліктерінен  Фаренгейт  және  Цельсий 
бірліктеріне түрлендіру 
22.  Метрлермен  берілген  қашықтықты орыс  метрикалық  емес  бірліктерге  (версталар 
мен саженьдерге) түрлендіру. 
23.  Берілген  мәнді  келесі  -  фемто,  нано,  микро,  гекто  префикстары  бар  метрикалық 
бірліктерге түрлендіру. 
24. Уақыт интервалы минуттармен берілген, оны секундтарға түрлендіру. 
25. Салмақты (кг берілген) фунт және унциялар бірліктеріне түрлендіру. 
26. Берілген қашықтықты (км) келесі - миля, ярд бірліктеріне түрлендіру. 
27. Қуаттылықты (Вт-пен берілген) ат күші және эрг/сек бірліктеріне түрлендіру. 
28.  Жұмыс  шамасын  (Дж-мен  берілген)  килокалория  және  Вт*сағ  бірліктеріне 
түрлендіру. 
29.  Қысымды  (сынап  бағанының  мм  берілген)  физикалық  атмосфера  (атм)  және  су 
бағанының мм бірліктеріне түрлендіру. 
30. Квадратты метрмен берілген ауданды  ар мен гектарларға түрлендіру. 
  
2.3.2  Есепті  шешудің  блок-сұлбасы  мен  бағдарламасының  екі  вариантын:  шартты 
оператордың  біреуін  және  таңдау  операторын  қолданып  құрастырыңыз. Бағдарлама 
мәтінінде  барлық  қажетті  түсініктемелерді  орнатыңыз,  сонымен  бірге,  көрнекті  және 
ыңғайлы  пайдаланушының  интерфейсін  жасау  үшін  түсініктемелері  бар  форматты  енгізу-
шығаруды қолданыңыз. 
1. Екі санның бөлімін анықтаңыз; егер бөлімі нөлге тең болса, онда қатені  хабарлау. 
2. Кедергілердің тізбектеліп немесе параллель  қосылғанын есепке алып, екі кедергісі 
бар электр тізбегінің жалпы кедергісін есептеу. 
3. 
Теңөлшемді 
немесе 
тең 
айнымалы 
қозғалысты 
есепке 
алып, S қашықтықты t уақытта жүретін автомобильдің v қозғалыс жылдамдығын табу. 
4.  Сенбі  мен  жексенбідегі  20%  жеңілдікті  есепке  алып,  телефон  сөйлесулерінің 
бағасын есептеу; сөйлесу уақыты мен күнді пайдаланушы енгізеді. 


124 
 
5. Пайдаланушының пернетақтадан енгізген оң мәндерімен қатар теріс мәндерден де 
тұратын тізбектен оң сандардың орташа геометриялық шамасын есептеу. 
6. Айнымалы коэффициенттері бойынша берілген квадрат теңдеудің нақты түбірлерін 
есептеу, дискриминант теріс болса хабарлау. 
7.  Қолданушымен  енгізілген  айнымалы  тізбектен  модулі  берілген А санына  тең 
болатын сандар қосындысын есептеу.  
8.  Қалааралық  телефон  сөйлесулердің  бағасын  есептеу.  Бағдарлама  мәліметтері  қала 
коды  мен  сөйлесу  уақыты  болып  саналады,  шығару  үшін  қосымша  мәліметтер  –  қала  аты 
мен тариф болады. 
9. Егер бастапқы екі цифр түскен жылды, келесі үш цифр – факультет пен мамандық 
кодын, соңғы екі цифр – оның мамандық тізімдегі нөмірін анықтаса, онда студенттің сынақ 
кітапшасының шифрын есептеу. 
10. 
Қозғалыс 
уақытының 
бір 
бөлігін v1 жылдамдылықпен, 
ал 
басқа 
бөлігін  v2 жылдамдылықпен  жүрген  автомобильдің  орташа  жылдамдылығын  есептеу. 
Қандай шартта орта жылдамдылық v2 мәнінен артық болмайды. 
11.  Студенттің  5  емтиханнан  алған  бағасын  есепке  алып,  оған  берілетін  шәкіртақы 
көлемін  есептеу:  қосынды  балл  25-32  болғанда шәкіртақы k тенге  болады,  33-39  балл 
болғанда шәкіртақыға 25%, 40-45 балл болғанда - 50% қосылады. Экранға әрбір емтиханның 
нәтижесін және студенттің қосынды балын шәкіртақымен бірге шығару керек. 
12. ab және жақтарының  ұзындығы  белгілі  болса,  үшбұрыштың  типтерін  анықтау 
(тең қабырғалы, тең бүйірлі немесе әр түрлі қабырғалы). 
13. 
Тең 
өлшемді 
немесе 
тең 
айнымалы 
қозғалысты 
есепке 
алып, t уақытта v жылдамдылықпен қозғалыстың S қашықтығын есептеу. 
14.  Үздік  үлгерімге (30%),  нашар  отбасынан  шыққандарға  (25%),  жетімдерге  (50%) 
берілетін  жеңілдіктерді  есепке  алып,  студенттің  келісілген  оқу  түріне  төлейтін  ақысын 
есептеу. 
15. Пайдаланушымен енгізілген 4 санның ішінен кішісін табу. 
16. Үлгерімді, жатақханаға және профсоюзға төлейтін ақыны, балаларға компенсация 
мен басқа да ұсталынатын ақыларды есепке алып студент шәкіртақысын есептеу. 
17.  Әр  транспорттарға  мезгіл  жеңілдіктерін  есепке  алып,  студенттің  жол  ақысын 
есептеу. 
18. Пернетақтадан енгізілген 4 саннан үлкенін табу. 
19. Косинустар теоремасын пайдаланып, үшбұрыштың дозал бұрышты, тік бұрышты 
немесе сүйір бұрышты екендігін анықтау, егер оның жақтары белгілі болса. 
20.  Егер a<=b+c; b<=a+c; c<=a+b үшбұрыштың  жақтарына  қойылатын  шарттары 
болса, енгізілген ab және c сандары үшбұрыштың жақтары болатынын анықтау. 
21.Өлшемдері  x b x c болатын 
қорапты x s x t өлшемді 
посылкаға 
салуға 
болатынын анықтау. «Бұрышпен» жатқызуға болмайды. 
22. Пайдаланушымен енгізілген санның 9 санына бөліктендігін тексеру. 
23.  Ені  бір  мәнді  сандардың  көбейтісіне  мысал,  пайдаланушы  жауабын  сұрау  және 
хабар бере отырып енгізілген жауаптың дұрыстығын тексеру. 
24. Пайдаланушымен енгізілген санның жұптығымен бірге терістігін тексеру. 
25.  Енгізілген N санның  жетілдірген  екенін  яғни  өзінің  қарапайым  бөлгіштерінің 
қосындысына тең болғандықтығын анықтау (мысалы, 6=1+2+3). 
26. N санның жұп екендігін және 5-ке бөлінетіндігін есептеу. 
27.  Пайдаланушымен  енгізілген А санның  бір  уақытта  оң  болатынын  және  2-ге 
бөлінетіндігін есептеу. 
28. ab және c жақтары бар кірпіш r мен s жақтары бар тікбұрыш тесігінен өтеді ме? 
29. Пайдаланушымен енгізілген санның 3-ке бөлінетінін есептеу. 
30. a-да b метрлі  тікбұрышты  аймағына,  оның  жақтарына  параллель  болатын p-
да q және r-де s метрлі екі үйді орналастыру болады ма? 
  


125 
 
2.4 Бақылау сұрақтары 
2.4.1 Мәліметтерді енгізу-шығару үшін С++ тілінде қандай операторлар 
қолданылады? 
2.4.2 Шығару және енгізу операциялары деген не? 
2.4.3 С++ тілінде форматты және форматсыз шығару қалай орындалады? 
2.4.4 Бағдарламаның сыртқы көркін бейнелеу үшін қандай функциялар қолданылады? 
2.4.5 Шешім қабылдау құрылымына тілдің қандай құрылымдары қатысты? 
2.4.6 Теріс сандар TRUE немесе FALSE бола ма? 
2.4.7 Шартты өрнек қалай құрастырылады? 
2.4.8 Таңдау операторында break операторы қандай мақсатпен қолданылады? 
2.4.9 Бағдарламаларда goto операторын неге қолданбаған жөн? 
2.4.10 Үш жағынан шартты оператор деген не? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет