1. Әзірлеу
ортасының Dynamic Help (Динамикалық анықтама) қосымша
парақшасына шертіңіз немесе Help (Анықтама) мәзірінде Dynamic Help (Динамикалық
анықтама) жолын таңдаңыз. Динамикалық анықтама терезе пайда болады.
2. Динамикалық анықтама терезесінде кез келген пунктті таңдаңыз. Әзірлеу
ортасының басты терезесінде анықтаманың таңдалған парақшасы пайда болады.
3. Егер сіз жүйеңіз бойынша құжаттаманы орнатпаған болсаңыз, онда динамикалық
анықтама терезесінде ешқандай да тақырыптар шықпайды. Құжаттаманы орнату үшін Visual
Studio.NET-ті орнату бағдарламасын тағы да қосыңыз және Product Documentation (Өнімнің
құжаттамасы) пунктін таңдаңыз.
4. Динамикалық анықтама тізімінен басқа да бірнеше мақалаларды қарап шығыңыз.