4.10 тақырып. Кестелер бірлестігі. Мақсаты: Delphi ортасында мәліметтер қорындағы кесте мәліметтерін сұрыптауды
және сүзгілеуді үйрету
Жұмысты орындауға нұсқау Осы зертханалық жұмыста алдында дайындалған Телефон анықтамасы жобасымен
жұмысты жалғастырамыз. Енді бұл жобаға жазбаларды белгілі өріс бойынша сұрыптауды
және мәліметтерді сүзуді қосуға болады. Айталық мәліметтерді Тегі өрісі бойынша сұрыптау
қажет болсын. Бұл өте жеңіл жасалынады. Ол үшін индекстелген өрістерді қолданамыз.
Кез-келген мәліметтер қорында индекстелген өріс ұғымы болады. Біз әзірше счетчик
типті өріске тек басты бір ғана индекс құрдық. Бұл міндетті индекс және үнемі бар болады,
бірақ сіз кез-келген уақытта қосымша индекстер құра аласыз. Бұл мәліметтер қорының
барлық өрістерін индекстелген өрістер ету емес, себебі индекстеу дискіде қосымша орын
алады және программаның жылдамдығын азайтады.
Қандай өрістерді индекстеуге болады? Көбінесе іздеу жүргізілетін өрістерді
индекстеген дұрыс. Телефон анықтамалығынан телефон номері немесе тегі бойынша іздеу
жүргізіледі. Кейде мекен-жай бойынша да іздейді. Айталық, сіз досыңызды іздегіңіз келсе
мәндетті түрде тегі бойынша қарайсыз. Сондықтан біз анықтамалықта Тегі өрісін
индекстейік.
Индекстер мәліметтерді іздеу жылдамдығын ұлғайтады және барлық жазбаларды
сұрыптауға мүмкіндік береді.
Анықтама кестесін Access программасының Конструктор режімінде аш. Мұнда Тегі
өрісін ерекшелеп, индекстелген өріс қасиетіне қараңыз. Қасиетте қажетті параметрді
таңдауға арналған ашылатын тізім бар. Мұнда үш нұсқа көрсетілген.