Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы



бет6/6
Дата05.05.2023
өлшемі61,48 Kb.
#90145
1   2   3   4   5   6
ҚОРЫТЫНДЫ

Мектепке дейінгі ұйымның білім беру процесінде денсаулық сақтау технологиялары мен әдістері балалардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға ықпал ететін денсаулық мәдениетін, дене бітімі қасиеттерін тәрбиелеуге, денсаулықтың басты құндылық екендігі туралы түсінік қалыптастыруға, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыруға бағытталған. Денсаулық сақтау технологияларының оң әсер етуі дене жаттығуларын, табиғаттың сауықтыру күштерін, гигиеналық және әлеуметтік-тұрмыстық факторларды, өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға тұрақты жағымды ынта қалыптастыру біртіндеп, жүйелі және кешенді қолданғанда мүмкін болады. Баланың денсаулығы балалармен дене шынықтыру бойынша жұмыстың сауатты ұйымдастырылуына,ол үшін мектепке дейінгі ұйымның жағдайы қаншалықты тиімді пайдаланылуына байланысты болады. Педагогикалық ұжымның тиімді жұмысының нәтижесі балалар ауруының төмендеуі болып табылады. Тек қана дені сау бала жеке және интеллектуалдық даму процесінде, оқуда жетістікке жете алады. Осылайша, балалардың денсаулығына зиян келтірмей, денсаулық сақтау технологияларын 21-ғасырдың болашағы мол жүйелерінің бірі ретінде және мектепке дейінгі балаларды оқытудың әдістері мен тәсілдерін ұйымдастырудың жиынтығы ретінде қарастыруға болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет