Лао-цзының негізгі ойлары: «Адамдарды білетін – ақылды, өзін білетін – білімді», «Өзін жеңген – құдіретті», «Қанағатты білген – бай», «Өз табиғатын жоғалтпаған адам ұзақ жасайды», «Азға ұмтылып, молға жетесің, көп асауға ұмтылу – адастырады», «Мейірімдіге мен қайырым жасаймын, мейірімсізге де қайырым жасаймын».
5. ЛЕГИЗМ – ФА-ЦЗЯ МЕКТЕБІ
Хань-Фэй-Цзы елбасының тек өзіне сенуі керектігін дәріптейді... бәрін өзінің ішінде терең сақтауы керек, адамдардың алдында ашылмағаны жөн. Елбасының басқару өнерін, оның ойын жанындағылардың білмеуі, сезбеуікерек. сынылады. Өйткені, «елбасының ізін аңдып арыстандар жүр», ол өзінің құпиялылығын жоғалтса, арыстандардың (жанында жүрген басқа лауазым иелері) жеміне айналады.
Елбасы бәріне самарқау қарап, еш нәрсе жасамауы керек. Оның күші – ештеңе істемеуінде.Сонда ғана ол жауларының мақсат-мүддесін түсінеді.