Шыңғыс хан туралы тың деректер



Pdf көрінісі
Дата30.01.2017
өлшемі180,55 Kb.
#3063

 

 

 



 

 

Шыңғыс хан туралы тың деректер



 

Соңғы уақытта Шыңғыс хан жайлы ақылға қонбайтын 

сыбыстар тарала бастады. Соның ішінде Шыңғыс 

ханның зиратын қазбау жөнінде пікірлер айтылады, 

егер осындай жағдай орын алса, соғыс басталады деген 

лақап сөз тарады. Осындай сыбыстар келесідей деректерге 

сәйкесті пайда болып отыр. 1940 жылы Гитлер “Барбаросса” 

жоспарына қол қойды. Осыған сәйкес 1941 жылдың 21-22 

маусымында, яғни түнге қарай, Германия тұтқиылдан КСРО-ға 

шабуыл жасауы тиіс еді. 1941 жылы осы соғыс “Барбаросса” 

жоспарына сәйкес 21-22 маусымның түнгі уақытында басталды. 

Осы түнгі уақытта тарихшылар мен археологтар Самарқандағы 

Темірланның зиратын қазған. Темірланның зираты қазылмаған 

жағдайда, соғыс болмас еді деген пікірлер тарады. Бұл, әрине, 

ақылға симайтын нәрсе. Бірақ осындай ақылға симайтын болжам 

қазіргі уақытта Шыңғыс ханның зираты туралы айтылып жүр. 

Мұндай адам түсіне алмайтын ақымақ пікірлер мен ойларды 

Шыңғыс ханның қас жаулары таратып жүр. Олардың арасында 

танымал адамдар да бар. 

 

Бүкіл әлемге хабарларын ағылшын, француз, италян және испан, 



неміс, орыс тілдерінде тарататын халықаралық Еуропалық 

телекомпания адамзаттың дамуы жөнінде мәлімдеме жасады. 

Ағылшын ғалымдары ұзақ әрі күрделі зерттеулер нәтижесінде 

алғашқы жылқылардың Қазақстанның солтүстігінде пайда 

болғанын анықтады. Сондай-ақ, алғашқы адамзаттың дамуы 

тарихында жылқылар үй малы ретінде қолға үйретілген. 

Ағылшын ғалымдары мұндай шешімге көне арбалардың және 

үзеңгілердің топырақ арасынан аршылып алуы нәтижесінде 

келді. Ағылшын ғалымдарының пікірі бойынша, қазақтар жер 

бетіндегі ең көне халықтардың бірі болып табылады. Сондықтан 

Қазақстан тарихы қайтадан жазылуы тиіс. Өйткені қазақтар 

адамзат қоғамы және өркениеттің дамуына айтарлықтай үлес 

қосты. Адамзат өркениеті жабайы жануарларды қолға үйретуден 

басталған еді. Бұл мәлімет қазақтың тарихына жаңаша өзгерістер 

әкеліп, қазақты жер бетіндегі адамзат өркениетін құруға және 

дамытуға үлкен үлес қосқан көне халықтардың бірі ретінде 

көрсетіп отыр. Өркениеттің бастауы Таяу Шығыста және ежелгі 

Мысырда пайда болған деген жалпыадамзаттық пікірді жоққа 

шығарып отыр. Қазақ халқының тарихын қамтитын түркі 

өркениеті ғұндар тарихынан бастау алады. 

Ғұндар түркі қағанаттарына бөлінді, Батыс түркі қағанатын 

құрған оғыздар батысқа кетіп қалды. Ал қазақтар мен татарлар 

Шығыс түркі қағанатының негізін салды. Бұл құрылым өз 

кезегінде көптеген жекелеген руларға бөлініп кетті. Ал Шыңғыс 

хан осы рулардың көпшілігін жеке бір ортақ мемлекетке 

біріктірді. Қазақ рулары Еуразияның ұлан-ғайыр алқабында 

Днепр өзенінен бастап Манчжурияға дейінгі аймақта, сонымен 

қоса қазіргі Казақстан жерінде өмір сүрді. Шыңғыс хан құрған 

мемлекеттей елді тек көптеген жылдық мемлекеттілік тәжірибесі 


бар және тарихы сонау ежелгі замандардан басталатын, қазіргі 

кезде саны жарты миллионнан аспайтын өте аз моңғол халқы 

емес, қазақ және татар рулары құрды. Моңғолдар 100 жыл бұрын 

тәуел–сіздікке қол жеткізе отырып, осы күнге дейін адамзат 

өркениетінің заманауи талаптарына сәйкес келетін мемлекет 

құра алған жоқ. 

Моңғолдардың жартысынан көбі қазіргі кезеңде киіз үйді мекен 

етеді, ал тұрғындардың білім деңгейі өте төмен дәрежеде. Осы 

жайында орыс тарихшысы Александр Бушков «Шыңғыс хан 

және беймәлім Азия» кітабында жазған еді. Яғни, Шыңғыс 

ханның тегі түркі болғандығына сүйенейік... Шыңғыс ханның 

моңғол болуы мүмкін емес. Осы жерде түркілер жайында мәселе 

қозғалып отыр. Өте ірі көлемде дүниені жаулап алу үшін тек 

қана үлкен орда ғана емес, сонымен бірге бес қаруы сай, 

дайындығы мол әскер керек. Моңғолдар ұлттық салт-дәстүр мен 

мемлекеттіліктен жұрдай болғандықтан, олар аз уақыт ішінде 

әскер құрып үлгере алмас еді, осылайша бізде Азияда ХІІІ 

ғасырда мемлекеттілікті құру, кәсіби әскерді жасақтау, 

басқарушылық жүйені ұйымдастырудың тәжірибесіне кім ие 

болған деген ең қарапайым мәселенің шешімін тапқандаймыз... 

Бұл сұрақтың жауабын іздеп жатудың қажеті шамалы. Сұрақтың 

жауабы анық. Олар, әрине, сан ғасырлық қағанат пен мемлекет 

кұру тәжірибесі бар түркі тайпалары екені сөзсіз. 

Демографиялық есеппен XXI ғасырды ХІІІ ғасырмен 

салыстыратын болсақ, онда сол кездегі моңғолдардың саны 50-

60 мың адамды ғана құрайтын. Ал Шыңғыс ханның әскері 300 

мың адамға дейін жететін. Моңғолдарға ақиқатты ажыратып 

алудың уақыты келгендей, сондықтан да олар өзге халықтың 

тарихына таласпаулары тиіс. 

Одан әрі Александр Бушков былай деп жазады: “Моңғол жазуы 

ХVІІ ғасырда қалыптасты. Сондықтан да қазіргі кезеңде 

Шыңғыс ханға жақын болып келетін ешқандай жылнама 

деректер жоқтың қасы”. 

Шыңғыс хан және қазақ мемлекеті жайлы кейінгі кітаптарымда 

қазақ халқын аяусыз қырған, 1932-33 жылдары Қазақстанда 

жаппай аштықты ұйымдастырған, ядролық полигон 

ұйымдастыруға қолайлы адамзат баласы мекендей бермейтін 

Сібірдің кең өлкесі барына қарамастан, қазақ жерінде ядролық 

полигон ашқан, Қазақстанға көптеген халықтарды зорлап, 

күштеп қоныс аудартқан Иосиф Сталиннің жеке тапсырмасы 

бойынша Ресей тарихшысы Козиннің Шыңғыс ханның шығу тегі 

моңғол деп келтірген түпнұсқаларындағы бұрмалаушылыққа 

тоқталып өтемін. 

 

Марко Полоның “Әлемнің ғажайыптары кітабындағы” Шыңғыс 



хан ұрпақтары жайында 

 

Өткен ғасырлардағы мемлекет қайраткерлерінің өмір тарихы 



Шыңғыс ханның тарихындай дәрежеде бұрмаланып, 

өзгерістерге ұшырамаған. Тегі қазақ Шыңғыс ханды көптеген 

жұртшылық жанын салып, оның тегі моңғол деп тырысып 

бағуда. Осындайда заңды түрде келесі сұрақ туындайды: осының 



керегі не? 

Бұл ең алдымен Қытай, сондай-ақ орыс князьдіктерін түркі 

қазақтар емес, керісінше саны аз моңғолдар жаулап алды деп 

тарихты бұрмалайтын ресейліктердің қызығушылығынан 

туындайды. Осындай жолмен орыс тарихында татар-моңғол 

шапқыншылығы деген тұжырым пайда болды. Сонымен, қазақ 

мемлекетінің және Шыңғыс ханның тарихы үлкен дәрежедегі 

геосаясатқа айналып кетті. Қытай өзі шығарған 

энциклопедиясына Балқаш өзеніне дейінгі жерлерді Қытай 

мемлекетінің құрамына қосып алыпты. Шыңғыс хан құрған 

мемлекет және Шыңғыс хан мен оның ұрпақтары жаулап алған 

бұрынғы ЮАНЬ-Қытай мемлекеті ресми түрде былай деп 

жариялады: “Шыңғыс хан Қытай императоры болып табылса, 

яғни кезінде ЮАНЬ мемлекетін басқарса, онда Қытай осы 

мемлекеттің мұрагері ретінде ЮАНЬ мемлекетінің байырғы 

жерлерін иеленуге халықаралық дәрежеде толық құқықты екен. 

«Бұл өз кезегінде Шыңғыс хан ешқашан қытайдың императоры 

болмаса да, керісінше Қытай Шыңғыс хан және оның ұрпақтары 

жаулап алған мемлекеттердің біреуі болғанына қарамастан, осы 

геосаяси шара жүзеге асырылуда. Осы идеологияға сәйкес 

Қытай өзінің ұлттық ақшасын юань деп атады. Шыңғыс ханның 

ұлты қытайлық деп жариялау үшін Қытай моңғолдардың тегі 

қытайлық деп бүкіл әлемге жар салды. Қытайдың юань атты 

ұлттық ақшасында Қытай мемлекеті ресми тұрғыда қытай ұлтын 

қалыптастырған төрт ұлттың атын жазып бейнеледі: ХАНЗУ, 

МАНЗУ, ЖУАНЗУ, МАНГУЛ. Шыңғыс ханның ресми түрде 

құрған мемлекетінің аты «ЮАНЬ ЧАО БИ ШИ» деп аталып 

кетті. Қытай идеологтарының мақсаты бойынша бұл жағдайда 

Шыңғыс хан мемлекеті Қытай мемлекеті болып табылады. 

Өйткені тегі қытайлық (маңғул-моңғол) Шыңғыс хан осы 

мемлекеттің императоры болған. Шыңғыс ханның қазақ екені 

дәлелденсе, онда Қытайдың өзге жерлерді басып алу, соның 

ішінде Қазақстан аймағын жаулап алуға қатысты күллі ойдан 

құрастырылған жалған саясаты құрдымға кетеді. Қазақстан 1991 

жылдың 16 желтоқсанына дейін кеңес отаршылдары ойлап 

тапқан «Қазақ КСР» республикасы ретінде өмір кешті, бұл отар 

болып табылатын елде, билік қазақтардың қолында болған жоқ, 

бүкіл республика отаршылдыққа түскен ел ретінде Мәскеу 

арқылы басқарылды. Сондай-ақ, тарихтан белгілі мәліметтер 

бойынша, орыс князьдықтары Шыңғыс хан ұрпақтары басқарған 

ұлы мемлекет Жошы Ұлысы-Алтын Орданың құрамына енген 

еді. Жошы Ұлысының алғашқы ханы Жошы хан болатын. Ол 

Қарағанды облысы, Ұлытау бөктерінде жерленді. Оның кесенесі 

күйдірілген кірпіштен орнатылды. Бұл жағдайда Шыңғыс хан 

орыс идеологтарының пікірі бойынша қазақ болуы мүмкін емес, 

ал Жошы Ұлысы – Алтын Орданы басқарған Шыңғыс хан 

ұрпақтарының қазақ болуы мүмкін емес. Осы тұжырымдар орыс 

идеологтарын Шыңғыс ханды саны жағынан өте аз моңғол 

халқының ханы деп жариялауына итермеледі. Шыңғыс ханның 

тарихы және Шыңғыс ханның өзі жайында 1240 жылы Бежін 

қаласында «Шыңғыс хан жайында қаһармандық дастан» 

жазылды. «Шыңғыс хан жайлы қаһармандық дастанды Шыңғыс 



ханның кенже інісі Отшығынның найман тілінде жазғаны 

анықталды. Отшығын бұл дастанды найман әліппесіне, XIII 

ғасырдағы қазақтардың тіліне негіздей отырып құрастырды. 

Еуропалық ғалымдар «Шыңғыс хан жайлы қаһармандық 

дастанды» мазмұнын өзгертпестен найман тілінен латын 

әліпбиіне герман және француз тілі үлгілерінде аударған. 

Аудармашы А. С. Козин бұл шығарманы толығымен бұрмалап, 

оны латын тілінен орыс тіліне аударып, Шыңғыс ханды моңғол 

деп жариялады. Өзімнің кейінгі кітаптарымда латын мәтінін 

орыс мәтінімен салыстыра отырып, сараптау жолдары арқылы 

осы өзгеріске ұшыраған бұрмалаушылықтың бәрін көрсетуді 

мақсат тұттым. Козин өз аудармасын «Моңғолдардың құпия 

шежіресі» деп атады. Моңғолияда «Шыңғыс хан жайлы 

қаһармандық дастанды» одан сайын бұрмалап, өзгерте отырып, 

орыс мәтінінен моңғол тіліне аударған қазақ табыла кетті. 

«Шыңғыс хан жайлы қаһармандық дастанның» түпнұсқасы 

найман әліпбиінде жазылған еді. Осы тілден Еуропа ғалымдары 

латын әліпбиіне дастанды еш өзгертпестен аударып көшірген 

еді. Яғни, дастан бір әліпбиден екінші әліпбиге алғашқы қалпын 

сақтап, өзгерген еді. А.Козин жасаған аударманы латын тілімен 

салыстырып, сараптама жасаудың негізінде оның айтарлықтай 

дәрежеде дастанды бұрмалағанын байқаймыз. Одан кейін 

тарихшылар өзгеріске түскен А.С. Козиннің бұрмаланған 

деректерін пайдалана бастады. Сондай-ақ, атақты венециандық 

саяхатшы Марко Поло жазған “Әлемнің ғажайыптары» кітабын 

өзгертіп, бұрмалай бастады. Марко Полоның еңбектерін ғылыми 

зерттеу нәтижесі Шыңғыс ханның тегі моңғол болмағандығын 

айқын көрсетті. Тарих деректерін бұрмалаушылар саналы түрде 

Шыңғыс ханның тарихы жайындағы түпнұсқаларды әдейі 

пайдаланбады. Яғни, 

1. Рашид-ад-Диннің «Деректер жинағы”, 1305 жыл. 

2. Ибн Әл-Әсирдің жылнамалары. 1226 жыл және тағы басқа 

еңбектер Шыңғыс хан тарихы мен ол құрған мемлекетке 

қатысты қолданылды. 

Тарихты бұрмалаушылар бұл түпнұсқаларды зерттеуден бас 

тартып отыр. Өйткені осы түпнұсқалар Шыңғыс хан тарихына 

қатысты бұрмалаушылықтарды толығымен теріске шығарады. 

«Шыңғыс хан жайлы қаһармандық дастанның» мәтінінде 40 

пайыз қазақ сөздері қолданылған. Ал дастанда келтірілген 

өлеңдерде 70%-ға дейін қазіргі қазақ сөздері кездеседі. Бұл 

жерде көне славян туралы сөз қозғау қажеттілігі туындайды. 

Дәлірек айтқанда, орыс халқының тілі мен Ресей тарихы 

бойынша көптеген кітаптар көне славян тілінен аударылған. 

Сондай-ақ, қазіргі орыстардың көне славян тілін оқи 

алмайтынын атап өтуіміз керек. Міндетті түрде аударма жасалуы 

керек. Өйткені көне тілде қазіргі орыс сөздері мүлде кездеспейді. 

Ал “Шыңғыс хан жайлы қаһармандық дастан” қазіргі қазақ 

тілінің 40-70% сөздерін қамтыған. Осы дастанды қазіргі қазақ 

тілін жақсы білетін қазақтар емін-еркін оқи алады. Ал осы 

айғақтар дастанның ХІІІ ғасырдағы қазақтардың тілінде 

жазылғандығын толық дәлелдейді. Әр ғасырда кез келген 

халықтың тілі 7-12%-ға дейін өзгереді. Осы дастан жазылғалы 



бері сегіз жүз жыл өтсе де, дастанның тілі 40-70%-ға дейін 

өзгерген жоқ. Бұл XIII ғасырдағы қазақ тілінің күшін көрсететін 

нақты аксиома-дәлел болып табылады. Осы тарауда Марко 

Полоның “Әлемнің ғажайыптары кітабын” зерттеу нәтижелері 

бойынша Шыңғыс ханның шығу тегіне қатысты деректер 

келтірілген. Марко Полоның кітабы Шыңғыс ханнын тегі 

моңғол және қытайлық екендігін толығымен жоққа шығарады. 

27 жыл бойы Қытайда өмір сүрген Марко Поло Шыңғыс хан 

ұрпақтары мен олардың мемлекеттері жайлы нақты деректер 

келтіреді. Дәлірек айтар болсақ, “Шыңғыс хан жайлы 

қаһармандық дастанның” қытай тіліне аударылған мәтінінде 

найман тілінде жазылған өлеңдердің түпнұсқасынан аудармалар 

жасалмаған. Осының салдарынан қытай тіліндегі аударма 

барынша жұтаңдаған. “Шыңғыс хан жайлы қаһармандық 

дастанның” қытай тіліне «ЮАНЬ ЧАО БИ ШИ» деп аударылған 

мәтінінен қасақана түрде өлең жолдары қолданыстан 

шығарылған. Өйткені бұл жырларда 70 пайызға дейін қазіргі 

қазақ сөздері кездеседі. Осындай жолмен Шыңғыс ханның 

тарихы бұрмаланып отыр. Бірақ бұрмалаушылықтың аты 

бұрмалаушылық, ол өзге халықтың тарихын ұрлау мақсатында, 

қасақана өзгерту деген сөз. Ең алдымен мұны қазақтардың өзі 

түсінгені абзал. 

Марко Полоның кітабында Шыңғыс ханның татар халқының 

алғашқы ханы болуы жайлы былай делінеді: «1187 жылы 

татарлар өздеріне хан сайлап алады. Ол өте батыл, ғалым және 

қайратты адам еді”. Бүкіл әлемдегі жер бетіне шашырап кеткен 

татарлар сайланған ханды мойындап, оны өздерінің ханы етіп, 

билеушілерінің алдына келіп, тағзым етеді. 

Шыңғыс хан бұл елді керемет деңгейде басқара білді. Тағы не 

айтсақ екен? Жиналған татарлардың санының көптігі соншалық, 

Шыңғыс хан өзінің қоластына шоғырланған татарлардың көп 

екендігіне көз жеткізіп, осы халықты қаруландырып, өзге 

елдерді басып алу мақсатында соғысын бастап кетті. Марко 

Поло Ханбалықта (Бежін) 27 жыл өмір сүрді, хан әулетімен 

тығыз қарым-қатынас ұстанды. Қытайды аралауға көп уақытын 

жұмсады. Марко Полоның сол кезеңдегі Қытайда орын алған 

оқиғалар туралы деректері барша ғылыми әлемде шынайы және 

құнды мәліметтер ретінде қабылданады. Марко Полоның 

кітабының құндылығы сондай, осы кітаптың беттерінде моңғол 

халқының атауы бірде-бір рет кездеспейді. Сол кезде осындай 

халық өмір сүрген болса, онда Шыңғыс хан да моңғол болып 

шығары сөзсіз еді. Яғни Марко Полоның кітабында осындай 

халық атауының жоқтығы Шыңғыс ханның моңғолдарға еш 

қатысы жоқ және еш байланысы болмағандығын айғақтайды. 

Марко Полоның кітабында Шыңғыс хан мемлекетінің халқы 

татарлар деп аталған. 

Онда моңғол сөзі қайдан шыққан? Шыңғыс хан өзі құрған 

әскерді Мыңқол деп атаған.  

Мың және қол – шынайы қазақ сөздері. Шыңғыс хан неге өз 

қолын мың қол деп атаған? Мұндай атау Шыңғыс хан дәуірінде 

кәдімгі қалыпты және заңды жағдай еді. Ескендір Зұлқарнайын 

мен Көне Римнің тарихына тоқталып өтейік. Ескендір 



Зұлқарнайынның әскерінің негізі фалангадан құралған еді. 

Ескендір Зұлқарнайынның әскеріне қарсы көне гректердің 

тәжірибелі әскері төтеп бере алмады. Ол ежелгі Грекияны 

жаулап алды. Фаланга жеңілмейтін жеңімпаз әскер ретінде 

танылып, осы жайында үгіт-насихат жүргізілді. Фаланга жайлы 

көп насихат жүргізудің тиімді жақтары болды. Сондықтан да 

парсы патшасы Дарийдің әскері соғысқа дейін рухани жеңіліп, 

ақыры жеңілістің ащы дәмін татты. Римдік легион туралы да дәл 

осындай үгіт-насихат жүргізілді. Шыңғыс хан өз қолын мыңқол 

деп атап, осындай алапат күш арқылы жаудың әскерін 

үрейлендіруді мақсат тұтты. Одан кейін мыңқол сөзі жеңіл түрде 

айтылатын мыңғол, моңғол сөзі болып ауысты. Шыңғыс хан 

тарихын бұрмалаушылар Шыңғыс хан әскерінің мыңқол атауын 

пайдаланып, сол жақтағы бұрынғы көшпенді қазақтардан мал 

шаруашылығын игерген орман тұрғындары, яғни қазіргі саны аз 

халықтың атымен Шыңғыс ханның шығу тегі моңғол деп атап 

көрсетті. 

Марко Поло Шыңғыс ханның барша халқын өз кітабының 

барлық тарауларында татарлар деп атап көрсетіп, осы атауды 

Шыңғыс хан мемлекетінің құрамындағы бүкіл қазақ руларына 

қатысты келтіреді. Соның ішінде Шыңғыс ханның руы қиятқа да 

қатысты мәлімет келтіреді. Шыңғыс ханның тарихын 

бұрмалаушылар мен моңғолтанушылардың өз еңбектерінде 

Марко Полоның деректерін пайдаланбай, бұл мәліметтерді 

айналып өткені бекер емес. Шыңғыс ханның моңғол емес 

екеніне көз жеткізу үшін Марко Полоның кітабын оқу жетіп 

жатыр. Дегенмен, Шыңғыс ханның шыққан тегі қазақ екендігін 

дәлелдейтін ХІІІ-ХІV ғасырлардың басындағы ғалымдар Рашид-

ад-Дин мен Ибн Әл-Әсирдің жазбаша деректері сақталған. 

Осының негізінде моңғолтанушылардың еңбектері жалған 

бұрмалаушылық екені оңай жолмен дәлелденеді. 

Одан әрі Марко Поло былай деп жазады: 

“Бүкіл ұлы хандарды Ұлы Алтай тауында жерлейді. Ұлы хан қай 

жерде о дүниеге жүріп кетсе де, тіпті жүз күндік ара қашықтықта 

болсын, оның денесін осы тауға әкеліп жерлейді”. Бұл жайында 

өз кітаптарында еуропалық саяхатшылар Плано Карпини мен 

Гильом Рубрук жазған еді. Осы деректер туралы кейінірек өзім 

жазатын кітаптарымда нақты деректер келтіретін боламын. 

Шыңғыс хан ұрпағынан тараған билеушілерді өздері басқарған 

жерлерде жерлемей, Алтай тауына апарып арулап қоятындығын 

келесі жайттардан байқаймыз: америкалық және жапон 

ғалымдары Шыңғыс ханның зиратын Моңғолия мен Қытай 

аймағында қанша іздесе де таба алмаған. Мұндай іздестіру 

жұмыстары жаңаша ғылыми әдістер мен технологиялардың 

қолданылуы арқылы жүргізілді. 

Марко Полоның кітабында бақсылар жайлы сөз қозғалған, олар 

Құбылай ханның сарайы маңында өмір сүрген. «Бақсылардың 

пұтқа табыну мерекесі басталғанда олар өздерінің ұлы ханға 

бара жатқандығын айтады». Моңғолдардың бастапқыдағы 

ормандағы аңдарға табыну діні кейінірек ламаизмге ұласты. Ал 

ламаизм дінінде ешқашан бақсы ұғымы болған емес. Тәңір 

дініндегілер жалғыз Тәңірге сыйынады. Тәңір діні бойынша бір 



құдайға құлшылық ету қажет болғандықтан, бұл өз кезегінде 

қазақтар мен татарлардың мұсылман дінін қабылдауын 

жеңілдетті. 

Одан әрі Марко Поло төмендегідей деректерді келтіреді: “Басқа 

бақсылар шашы мен сақалын толығымен алады екен. Бұл 

әңгімені жайына қойып, бүкіл түркі руларының ханы 

Құбылайдың таңғажайып істері мен атқаратын қызметіне 

тоқталайық». Бұл жерде Марко Поло түркі татарлары туралы 

ғана сөз қозғайды. Бұл деректері шынайы. Өйткені Құбылай хан 

және басқа князьдар моңғол емес, қазақ болған еді. Моңғол сөзі 

Марко Полоға таныс емес. Құбылай хан жөнінде Марко Поло 

былай деп жазады: «Ол мемлекеттегі тақ басына 1256 жылы 

отырады, оның хандық құрған кезінен қазіргі уақыт 1298 жылға 

дейін қырық екі жыл өтіпті». 

Шыңғыс хан ұрпақтары туралы кітапта Марко Поло қазақтар 

мен татарлардың болғанына қарамастан, тек татарлар туралы 

жазады. Марко Поло (1254 – 1324 жыл.) өз кітабын Еуропаға 

қайтып оралған соң ХІV ғасырдың басында жазған. Осы кезеңде 

ЖОШЫ ҰЛЫСЫ – АЛТЫН ОРДА мемлекеті дәуірлеп, гүрілдеп 

тұрған еді. Батый хан кезінде ЖОШЫ ҰЛЫСЫ – АЛТЫН ОРДА 

әскері Еуропаға басып кіріп, осы әскердің алдыңғы шебін 

татарлардың әскері бастаған еді, алдыңғы шептегі әскерді 

ЖОШЫ ҰЛЫСЫ – АЛТЫН ОРДАНЫҢ атақты батыры Ноғай 

басқарған. Осыған байланысты ЖОШЫ ҰЛЫСЫ – АЛТЫН 

ОРДА мемлекетінің әскері татарлар ретінде қабылданып, осылай 

аталып кетті, Марко Поло өз кітабында татарлар деп 

жазғандықтан, АЛТЫН ОРДАДАҒЫ осы халықтың аты біржола 

татарлар болып аталып, қолданысқа түседі. Араб және парсы 

тарихшылары ЖОШЫ ҰЛЫСЫ – АЛТЫН ОРДА хандығының 

тұрғындарын – қыпшақтар, ал орыс князьдықтарында 

ордалықтар деп атайтын. 

Шыңғыс ханды қазақ деп мойындағысы келмейтін жалған 

тарихшылар ХІІІ-ХІV ғасырлардағы түпнұсқалардан біржола бас 

тартады. Қазіргі уақытта белгілі болғандай, Қытай, Моңғолия, 

Өзбекстанда өмір сүретін қазақтарды есепке алсақ, ондағы 

қазақтардын жалпы саны 8 миллионға жетеді екен. Тарихты 

бұрмалаушылар Шыңғыс ханның түркі-қазақ болғандығы 

жөніндегі болжамға жол бергісі келмейді. 

Мұндай бағыт Ресейде өте басым. Қытайлықтар Шыңғыс ханды 

моңғол деп жариялап, яғни Қытайды қалыптастыруға қатысқан 

төрт халықтың бірінің өкілі ретінде санап, өздерінің теріс пікірін 

одан сайын нығарлап Шыңғыс хан мемлекетінің (Юань 

мемлекеті) құрамына енген Қазақстан аймағына өздерінің 

таласын заңдастару үшін жанталасуда. 

Одан әрі Марко Поло былай деп жазады: “Қазіргі кезеңде 

патшалық құрып, билік жүргізген ұлы хан Құбылайдың 

таңғажайып істері мен ұлы істері туралы әңгімемді бастайын.” 

“Білгілеріңіз келсе, ол Шыңғыс ханның әулетінен тарайды. Тек 

Шыңғыс ханның ұрпағы болып саналатын хан ғана татарлар 

елінде хандық құрып, билік жүргізе алады”. 

Марко Поло татарларда тек Шыңғыс хан ұрпағы болып 

табылатын татарлардан шыққан билеуші ғана хан болуға құқығы 



бар дейді. ЖОШЫ ҰЛЫСЫ – АЛТЫН ОРДА, Қазақ және Қазан 

хандығында хан болып, тек бәйбішеден туған Шыңғыс хан 

ұрпақтары ғана сайланатын еді. Осы келтірілген деректерінде де 

Марко Поло моңғолдар туралы жақ ашып, бірде-бір рет моңғол 

деген сөзді атамайды. Одан әрі “Ұлы мәртебелі Кұбылай ханның 

сипаты: орта бойлы, толық денелі, дене бітімі сымбатты, аққұба 

жүзді жан еді. «Моңғолдар арасында ақ түсті адамдарды мүлде 

кездестіре алмайсыз. Еуропалық ғалымдар әртүрлі жерлерді 

мекендейтін қазақтардың ДНК-сына сараптама жасаған. Осы 

зерттеу қорытындысы бойынша қазақтардың қанында 43 пайыз 

еуропалық адамның қаны анықталған. Ірі ғалым Қайрат 

Закирьянов ғылыми мақсатта өзіне ДНК сараптамасын жасатқан. 

Осының нәтижесінде оның бойында 100 пайыз Еуропа қаны бар 

екені анықталды. 

Шыңғыс хан және оның барша қияттан тараған ұрпақтарының 

арасында ақ түсті адамдар өте көп кездеседі. Шыңғыс хан 

қазақтардай жартылай еуропалық келбетті адам болған. Келесі 

тарауында Марко Поло былай деп жазады: “Ұлы ханның екі 

князі бар. Оның туған бауырлары. Біріншісінің есімі – Баян, 

екіншісінің ныспысы – Минган”. 



  

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет