Шығыс ойшылдарының ой-пікірлері


әл-Фараби – педагогиканың негізін салушы



бет2/7
Дата06.01.2022
өлшемі1,96 Mb.
#11927
1   2   3   4   5   6   7

әл-Фарабипедагогиканың негізін салушы

  • Педагогика ғылымының жүйесіндегі негізгі ғылыми пән болып табылатын жалпы педагогиканы оның жалпы негіздері, дидактика (оқыту теориясы), тәрбие теориясы және мектептану құрайды. әл-Фараби өз дәуірінде сол уақыттың талаптарына сәйкес осы мәселелерді қарастырып, еңбектеріне арқау еткенін бүгінгі күнде педагогика ғылымының даму тұрғысынан талдау арқылы көз жеткізуге болады.
  • Халқымызға білімнің нәрін сепкен ұлттың ұлы ұстазы Әбу Насыр әл-Фараби «кез келген адамның қалайтыны, мақсаты бақыт болып табылады» деп көрсете отырып, осы бақытқа жетудің жолы адамның бойында ізгілікті қасиеттердің қалыптасуы деп біледі: «Қайырымдылық бақытқа жету үшін керек. Ол табиғи түрде де, қалау түрінде де бола алады. Зұлымдық бақытқа жетуге кедергі жасайды» . Ал бақытты зерттейтін ғылымды азаматтық ғылым деп бөліп көрсетеді: «Азаматтық ғылым ең бірінші кезекте бақыт дегеннің не екендігін зерттейді: ал бақыт атаулының екі түрі болады. Оның алғашқысы – сырттай қарағанда бақыт болып көрінгенімен де, шын мәнісінде нағыз бақыт болып табылмайтын түрі. Ал екіншісі - өзінің мәнділігімен ерекшеленіп, ешқашанда айырбастауға болмайтын шынайы бақыт...Одан кейін азаматтық ғылым танып-білу және үлгі өнегелілік мақсатында адамның қылықтарын, өмір салтын, әдет-ғұрыптарын, мінезқұлықтарын, ерік-жігер қабілеттерін зерттейді»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет