Шыѓыс ќазаќстан облысыныњ білім басќармасы


Жас ерекшеліктері психологиясы туралы ұғым, мәні және мәселелері



бет26/59
Дата07.01.2022
өлшемі0,72 Mb.
#19796
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   59
Байланысты:
Психология

15. Жас ерекшеліктері психологиясы туралы ұғым, мәні және мәселелері
Психология ғылымның бір саласы бола отырып, ж.ер.психологиясы ғылыми талдауға ұшырауы мүмкін психологиялық фактіні – бақылау мен эксприментті алудың негізгі екі әдісін пайдаланады.

Алайда, психологиялық – педагогикалық зерттеу пәнінің ерекшелігі аталған әдістерді пайдалануда айрықша өзгерістер тудырады. Мәселен, жас ерекшелігі психологиядағы бақылаулар, көбінесе, бала психологиясының дамуын дәлелдейтін фактілерді жүйелі тіркеуді сипатына күнделікті жазу түрінде ие болады. Балалар пихологиясы, былайынша айтқанда, ерте сәбилік шақ психологиясытек бақылауға негізделеді. Соңғы жылдары педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясында психологиялық эксприменттің ролі айтарлықтай өсті. Педагогикалық - психологиялық зерттеуде пайдалануының жилігі жағынан лабораториялық экспримент баланы зерттеудежетекші орын алып жүрген табиғи эксприментке ғана жол береді.

Оқу – процесі жағдайында жүргізілген табиғи экспримент оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін жеке адамнаң қалыптасу ерекшеліктері мен жәке адамдар арасындағы қатынастарды жәжірибенің табиғи жағдайға жақын әлеуметтік ұйымдасиырған және арнайы өзгерткен жағдайларында зерттеуге мүмкіндік береді. Педагогикалық - психология үшін табиғи эксприменттің ерекше түрі қалыптастыру эксприменті өте пайдалы болып есептеледі. Бұл жерде сыналушылардың психологиялық іс-әрекетінде болатын өзгерістер зерттеушінің белсенді әсер етуі нәтижесінде бақыланып отырады.

Педагогикалық - психологиялық мәліметтерді алудың ерекше бір түрі –егіздер әдісі д.ат. әдіс Оның мәні - бір жұмртқадан өрбіген егіздердің психикалық дамуын бақылаулар мен экспримент жағдайларында салыстырысып көру. Бұл олардың тұқым қуалаушылық қорының бірдейлігін еске ұстай отырып, орта мен тәрбие ықпалынан болатын бір қатар факторлардың әдістерін ажыратуға мүмкіндік береді.

Зерттеуші психиканың қалыптасуының тақ сол сәтті психологиялық ерекшеліктерін білуге тырысқан кезде бала психикасын дамуын көлденең кесу әдісімен де зерттей алады. Бірнеше қайталанатын мұндай кесулер бір қатар сынаушылар жөнінде мағлұмат алуға көмектеседі. Кейде психолктар бір сынаушының өрін оның елеулі өзгерстерді жүйелі тіркей отырып, ұзақ уақыт зерттейді. Мұндай зерттеу бойлай зерттеуд.а.

Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының өзіне қабылау мен эксприменттің және олардың өзгеріліп пайдаланған барлық түрлерін қамтитын сан алуан нақтылы зерттеу әдістерін кең қолданылады. Нақты психологиялық әдістердіңмолдығы мен сан алуандығы қазіргі педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясыныңкұрделі теориялық әрі практикалық мәнді проблемаларын шешуді қамтамассыз етеді.

Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы психология ғылымның ертеден келе жатқан және тұрақты дәстүрлі бар неғұрлым дамыған саласы. Педагогикалық және жас ерекшелігі проблемаларын

ғылымында күрделі еңбектерімен байытқан белгілі психолог - ғылымдар: Б.Г. Ананьев, Л.И. Божович, П.Я.Гальперин, В.В. Давыдов, Л.В.Занков, Г.С.Костюк, н.ф.Тальцина, т.б. нәтижелі зерттеп келеді. Жас ерекшелігі психологиясының концепциясының бірі ақыл – ой әрекеттерінің кезеңмен қалатасу теориясы б/ы. Ол 50 жылдарда П.Я.Гальпериннің еңбектерінде қалыптасты. Ақыл – ой әрекеттерінің кезеңмен қалатасу теориясының негізгі идеясы мынадан тұрады: білім алу оқушылардың іс - әрекеті процесінде, әрекеттердің белгілі бір жүйесін олардың орындауы жағдайында және соның нәтижесінде жүзге асырылады. Адам – ой әрекетін табюиғаттан даяр күйінде алмайды, ол ойлайды үйренеді, ойлау операцияларын игереді. Педагогиканың міндеті – осы процесті шебер басқарып білу, тек ойлану іс - әрекетінің нәтижесінде ғана емес оның қалыптасу барысын да бақылап отыру. Бірқатар совет ғылымдарының еңбегінде оқушылардың материалды игеруі олардың танымдық іс - әрекеттерінің құрылымына тәуелді болып келетіндігі, ал оның өзі оқыту әдістерімен анықталатындығы байқалды, яғни оқушылардың білімді игеруі мен ойларының дамуы оқытудың сипатына, оның мазмұны мен әдістеріне тәуелді болатына ашып көрсетілді. Мұғалімнің басшылығымен оқушылар шерілуіге тиісті. Ұғымдардың белгілерімен жаңа типті есептерді шығарудың тәсілдерін өздігінен іздестірген жағдайларда оқытуда неғұрлым жоғары дамытушы нәтиже пайда болады.Адам мен жануарлардың психикасы үздіксіз даму күйінде болады. Алайда жануарлар дүниесі мен мазмұны сапа жағынан ерекшеленеді. Адам мен жануарлардың психикалық функциялары шығуы жағынан да, құрылымы жағынан да теңесе алмайды. Жануарлар псикасының дамуының басты механизмі- биологиялық бекіген тәжірибенің тұқым қуалап берілуі. Соның негізінде жануардың сыртқы ортаға дара функцияларының ерекшелігі сол олар баланың қоғамдық- тарихи тәжірбиені игеру процесі үстінде дамып отырды. Бала адамдар дүниесінде, адам заттары дүниесінде, адамдар қарым-қатынастар дүниесінде өмірге келіп, тіршілік етеді. Оларда қоғамдық тәжірибе қалыптасқан. Баланың дамуы дегеніміз осы тәжірбині игеру процесі болып саналады. Бұл процесс оқытуда жүзеге асырылады.

Адамзат тарихында іс- әрекетті жүзеге асыру құралдары ғана дамып қоймай, осы құралдарды, қоғамдық тәжірибені кейінгі ұрпаққа жеткізудің ерекше жолы да қалыптасып, дамып, күрделене түсті. Бұл ерекше жол-оқыту, ол қоғамдық тәжірибені берудің бағытталған және ұйымдастырылған әдісі болып табылады. Оқыту баланың психикалық даму процесінде айқындаушы роль атқарады.Адамның психикалық іс-әрекеті - өте күрделі құрылым. Оның ерекшеліктері алдымен баланың тіршілігі және тәрбиесімен сабақтас. Сөздік-логикалық ес, ұғынымды ойлау, заттық қабылдау және (басқа да жоғары психикалық жолмен қалыптасып), адамға тән жоғары психикалық функциялар биологиялық тұқым қуалаушылық жолмен қалыптасып берілмейді. Бұл олардың тарихи даму процесінде өзгерістерге ұшырап, жетілі түсінуге мүмкіндік береді.Адамның өмірде қалыптасатын күрделі психикалық іс-әрекеті (ойлау, сөйлеу) мен неғұрлым қарапайым табиғи функцияларын (қозу мен тежелу процестерінің арақатынасы мен ерекшелігі)

ажырата білу керек. Психикалық іс-әрекет өзіне басқа да көптеген компоненттермен қоса осынау қарапайым функцияларды да қамтиды.Балалардың дамуының оқыту процесіндегі ең басты және анықтаушы жағы білімдерді, іс-әрекет әдістерін күрделенуден тұрады. Қазіргі кезде көптеген психолог-зерттеушілер оқыту мазмұны, яғни балаға берілетін білімдерді және іс-әрекет әдістерін өзгерте отырып, баланың дамуын елеулі өзгертуге болатынын дәлелдеп берді.

Баланың психикалық дамуы оның жеке басының тұтас өзгерісін, яғни жеке адамның жалпы қасиеттерінің дамуын да қамтиды. Даму процесінде балалардың психикалық іс-әрекетінің түрлі қыры өзгереді, сан алуан әрекеттерді барған сайын көбірек орындау іскерлігі, тәсілдері жинақталып, өзгеру болып өтеді, білімі мен ұғымы өзгереді, жаңа мотивтері мен қызығулары қалыптасады.Жасы өскен сайын адамның өз іс-әрекетін жоспарлауы мен оны жүзеге асыра білуі дамиды. Бұл ерекшеліктердің бәрі оқу тапсырмаларын орындаудан, оқу іс-әрекетінен көрініп жатады. Сонымен, іс-әрекеттің психологиялық құрылымының даму процесінде балалардың жалпы мінез-құлқының құрылысы да өзгеріске түседі.Бала дамуының тұтас процесінің үш негізгі жағын бөлуге болады.

1. Оқыту процесінде білім мен іс-әрекет тәсілдерінің дамуы;

2. Игерілген тәсілдерді қолданудың психологиялық механизмдерінің дамуы;

3. Жеке адамның жалпы қасиеттерінің (бағыттылығы, іс-әрекет, сана және ойлаудың психологиялық құрылымы) дамуы. Дамудың көрсетілген бағыттарының әрқайсысы өзіне тән өзгешеліктері мен сипатталып, ақиқат түрде барлығы өзара байланыста болады да, тек барлығы бірге қосылғанда ғана психикалық даму деп аталынатынын жеке адамның өзгеріс процесін құрайды.

Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала-дамуының осы кезеңдегі оның жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Л.С. Высотский жас шағы дамудың белгілі, біршама тұйық кезеңі деп қарады. Бір жас сатысынан екіншісіне өтуде пайда болады және даму барысының өзі қайта құрылып, өзгеріп отырады.

Жас ерекшеліктері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықтайды. Бұл - әрі балаға оның өмірінің осы кезеңінде қойылатын талаптар жүйесі әрі айналасындағыларымен қарым-қатынастарының мәнісі, әрі ол игеретін білім мен іс-әрекеттер типі, әрі осы білімдерді игеру тәсілдері. Жас шағына ерекшеліктерді анықтайтын жағдайлардың жиынтығына баланың дене дамуының түрлі жақтарының (мыс, сәбилік шақтағы белгілі морфологиялық құрылымдардың организм өзгерістерінің ерекшелігі т.б.) ерекшеліктері де енеді.

Жас кезеңін айналасындағылармен қарым-қатынас жасаудың даму деңгейі бөлімдердің тәсілдерінің, қабілеттердің даму деңгейі арасындағы байланыс анықтайды.

Соңғы кезде педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясында педагогикалық критериилерге негізделген кезеңдерге бөлу жиірек қолданылады.

Мектепке дейінгі шақтың ерте сәбилік, сәбилік, естиярлық және ересектік жас кезеңдерді, бала-бақшадағы топтарға сәйкес (үш жасқа дейін – ерте сәбилік шақ тобы; кішкентайлар тобы – бесінші жыл; ересектер – алтыншы жыл және даярлық тобы – жетінші жыл) бөлінеді. Оқыту мен тәрбиелеудің негізгі кезеңдеріне және олармен байланысты оқушылардың даму ерекшеліктеріне сай мектептік шақ үш кезеңге бөлінеді: төменгі сынып оқушылары (1-3,4 сыныпқа дейін), ортаңғы сынып оқушылары (4-5-тен 7,8 сыныпқа дейін), жоғарғы сынып оқушылары (8-10,11 сыныпқа дейін).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет