Шикізат бұл алғашқы өндіріс немесе тауар өндіруде қолданылатын материалдар немесе заттар



бет3/8
Дата21.04.2023
өлшемі413,76 Kb.
#85363
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ОХТ рк

Химиялық өндіріс – шикізатты қажетті өнімдерге химиялық
өзгерістер жолымен өңдеуге арналған машиналармен аппараттарда
жүзеге асырылатын үдерістер мен операциялардың жиынтығы.
Химиялық өндіріске:
– өндірісте қажетті өнімдер алу;
– экологиялық қауіпсіздік;
– пайдаланудың қауіпсіздігі жəне беріктігі;
–шикізат жəне энергияны максималды пайдалану;
– максималды еңбек өнімділігі сияқты жалпы талаптар қойылады.

1 – шикізатты дайындау; 2 – шикізатты өңдеу; 3 – негізгі өнімді бөлу;
4 – қалдықтың утилизациясы және санитарлық тазалау;
5 – энергетикалық жүйе; 6 – қосымша материалдар мен суды дайындау;
7 – басқару жүйесі.

  1. Химиялық өндірістің көрсеткіштері: технологиялық, экономикалық, эксплуатациялық.

Техникалық көрсеткіштер химиялық-технологиялық үдерістің сапасын анықтайды.(қуат,жұмсалу коэффиценті,интенсифтілік)
Экономикалық көрсеткіштер – өндірістің экономикалық тиімділігін анықтайды(өзіндік құн,капиталдық шығын)
Эксплуатациялық көрсеткіштер өзгерісті сипаттайды, өндірісте жəне химиялық-технологиялық үдерісте регламенттік жағдаймен күйден ауытқулар пайда болған өзгерістерді сипаттайды.
Әлеуметтік көрсеткіштер - өндірісте жұмыс істеудің қолайлығын және оның қоршаған ортаға әсерін сипаттайды. Қызмет көрсетудің зиянсыздығы - газдану, шаң-тозаңдану, қатты дауыс деңгейі және т.б. талапқа сәйкес нормада болуын санитарлық- гигиеналық тұрғыдан қадағалау.

  1. Химиялық-технологиялық жүйе құрылымы.

Жүйе деп өндірістегі элементтер жəне байланыстар арасындағы біртұтас жиынтықты айтады.

  • Химиялық-технологиялық жүйе (ХТЖ) бастапқы затты (шикізат) өнімге дейін өңдеуге арналған аппараттардың, машиналардың, басқа қондырғылардың (элементтер) жəне материалдық, энергетикалық, басқа ағыстардың (байланыстар) өзара біртұтас жиынтығын айтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет