Шымкент қаласы, «№99 мектеп-гимназия»-сының 5 “Е” сынып ұжымына берілген психологиялық мінездеме 5 “Е” сынып ұжымында 26 оқушы бар. Оның ішінде 14-қыз бала, 12-ұл балалар.Сынып жетекшісі Суеркулова Фариза. Сынып оқушыларының құжаттары түгел, психологиялық, физиологиялық дамуы жақсы дені сау, ұйымшыл, тәртібі талапқа сай. Барлық сабаққа белсенді қатысады, мұғалімдермен қарым-қатынасы коммуникативті. Мұғалімдердің берілген тапсырмасын аса қызығушылықпен орындайды. Сыныптың топ басшысы Алтай Анель, өте тәртіпті үлгілі оқушы. Сыныптың тазалығына аса көп мән береді . Мектепте өткізілетін іс-шараларға, тәрбие сағаттарына түгел қатысады.
Бұл сыныпта мектеп психологының психодиагностикалық зерттеу жүргізген мәліметі бойынша сыныпта 5 оқушы холерик, 14 оқушы сангвиник, 7 оқушы флегматик темперамент типтері анықталған. Психикалық процестеріне зерттеу жүргізіліп оқушылардың ойлау зейін, қабылдау, ес, түрлері қалыпты деңгейде. Сабақтан кешікпейді, берілген тапсырмаларды ұқыпты уақытында орныдайды. Оқушылардың көбісі қосымша үйірмелерге қатысады. Соның ішінде қыздар би үйірмесіне, ал балалар бокс, футбол және күрес үйірмелеріне барады. Сыныпта көбісіне математика, қазақ тілі, музыка, қазақстан тарих және орыс тілі сабақтары ұнайды. Борыштық және жауапкершілікті сезіне біледі, сыртқы келбетіне, оқуға және оқулықтарға, мектеп мүлкіне жауапкершілікпен қарайды. Сынып іші топ-топқа бөліну, бір-бірімен араласпай жүру деген сияқты жаман қылықтардан аулақ. Оқушылар сабақ үстінде көп сөйлемейді, тек бар назарларын сабақты түсінуге арнайды. Жалпы сынып ұжымы бір –бірімен тату тіл табыса біледі, үлкендерді сыйлайды, ұқыпты оқушылар.
Мектеп директоры:__________Наурызбаев Б
Сынып жетекшісі:___________Суеркулова Ф
Мектеп психологы:__________