Қазіргі таңда балалар аурулары арасынан ең жиі кездесетіні – ішектік бұзылыстар. Соның ішінде – дисбактериоз. Ішектік дисбактериоз – қалыпты жағдайда ішекке енетін, микрофлораның қозғалыс тепе теңдігінің бұзылуымен көрінетін синдром.
Дисбактериоз – бұл ішек микробиоценозының сандық және сапалық өзгерістерімен сипатталатын күрделі симптомокомплекс.
Ол организмнің әлсіреуінде антибиотиктерді бақылаусыз жиі қабылдағанда дамиды. Осыдан тоқ ішекте тағамдық өнімдердің ашып кетуі, іріп шіруі көбейіп кетеді, ішектердің толқи жиырылулары артып, іш өтулер байқалады. Бұл кезде ішектегі қалыпты микрофлораның сандық және сапалық өзгерісі болып, басқадағы патогенді микрофлоралардың саны көбейеді. Яғни дисбактериозды уақытылы емдеп асқынулардың алдын алған жөн. Ең дұрысы профилактикалық шараларды ұстанып, гигиеналық ережелерді қатаң сақтаған жөн. Жас баланың түрлі ауруға шалдығуы ата ана күтіміне байланысты сондықтан болашақ сәбилеріміздің денсаулығын қазірден бастап ойлайық. Өз денсаулығымыздың өз қолымызда екенін ұмытпайық. ЕШҚАШАН ДИСБАКТЕРИОЗБЕН АУЫРМАЙЫҚ