Шымкент-қосалқы


Курстық жұмыстың практикалық құндылығы



бет2/6
Дата25.11.2022
өлшемі194 Kb.
#52513
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
kur -mektepke-deyingi-zhane-mektep-zhasyndagy-mumkindigi-shekteuli-balaga-arnayy-bilim-beru-zhuyesi-30

Курстық жұмыстың практикалық құндылығы: Мектеп жасындағы және мектепке дейінгі балаларды тексерудің обьективті және субьективті әдістері арасындағы тәрбие қағидалары мен заңдылықтарының ерекшелігін, бақылауға арналған әдістемелік көмекші құрал ретінде қолдана алады.
Курстық жұмыстың зерттеу әдісі:

  1. И.П. Иванов әдістемесі

  2. Н.К. Крупская әдістемесі.

Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың көлемі - 33 бет.


I Тарау. Арнайы педагогика пәні
1.1 Арнайы педагогиканың шығу тарихы
Ерте кезде де аномальды балаларға әлеуметтік проблема ретінде қарап, көңіл бөлген. Балалардың қоғамдық орнын белгілейтін барлық заң ережелерінде, Рим правосында, Юстициан кодексінде аномльды балалар жөнінде айтылып, олардың қоғамдық жағдайы белгіленеді. Киев Русінің негізі (мемлекеттік қағидалар жинағы) кітаптарында, Москва мемлекетінің «жүз тарауында» аномальды балалардың қоғамдық жағдайды ерекше бұйрықтармен шектелді. Мұндай жағдай Россияда Ұлы Октябрь социалистік револциясы жеңгенге дейін орындалып келді. Кейінгі капиталистік елдерде аномальды балалардың қоғамдық жағдайын арнайы түрде белгілеп қою күні бүгінге дейін бар. Онда аномальды балаға әділетсіздікпен қарап келді.
Аномальды балалар қай кезде де философиялық ойға негіз болып келеді. Сондықтан да философтар, егер баланың құлағы есітпесе, көзі көрмесе, дұрыс сөйлемесе оның дүниені, өзін қоршаған ортаны танып – білуі қалай өтеді деген мәселемен шұғылданды.
Аристотель аномальды балаларға арналған екі трактат жазды. Кардано, Гольвеций, Дидро және басқалар аномальды балалар туралы арнайы кітаптар жазды.
А. И. Радищев өзінің атақты трактатында аномальды балалар дамудың кейбір заңдылықтарын анықтады. Неміс философтары кант және Бауэр аномальды балалардың даму ерешеліктері жөнінде жазған.
Организімнің аномальдық тұрғыда бұзыл механизмі қандай деген мәселе өте ерте кезден көңіл бөлінді. Бір немесе екі орган жұмыс істемей қалғанда, басқалары өзара қандай қарым – қатынаста болады? Бала естімегенде оның өзі қандай күйде болады? Көрмеген кезде құлақ қандай қалыпта болады? Баланың орталық жүйке жүйесі бұзылғанда, сезім органдары қандай күйде болады? Атап айтқанда, мұндай мәселелерімен Дарвин және жаратылыс ғылымының басқа да өкілдері айналысты. Қазіргі уақытта дамунда ауытқуы бар балалардың ішкі процестері мен механизмдерін танып білуге білуге үлкен көңіл бөлінуде.
Аномальды балаларды зерттеу жүйесінде ғылымның жаңа бөлімі пайда болды. Оның көру мен есту түйсіктерін тікелей зерттеумен айналысқан және ақыл – ой кемдігінің клиникасын зерттеген саласы бөлініп шықты. Аномальды балаларды зерттеудің қажеттілігінен дәрігерлер, физиологтар және медицина – биология ғылымының басқа да өкілдері күш біріктіріп жұмыс істеуде.
Педагогтар аномальды балаларды оқытудың әр түрлі жүйесін қолданып, бар күш – жігерін жұмсап бақты. Буржуазиялық әлем мұндай бастама атаулының барлығына дерлік салқын қарады. Сондықтан да аномальды балаларды оқыту процесі өте кеш – XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында басталды. Бұл уақытта аномальды баланы жеке оқыту тәсілі орын алады. Бұлай оқыту мен оны эксперимент түрінде жүргізілген кейбір ғылымның өкілдері айналысты. Ал капиталистік қоғамда осы уақытқа дейін аномальды балаларды мемлекет тарапынан, шіркеулік және әлденеше мемлекеттік оқу орындары ғана бар болды. Міндетті түрде жалпыға бірдей оқу жүйесі де жоқ еді.
Капиталистік дүние аномальды балаларға шын мәнісінде өте әділетсіздікпен қарады. Алайда өмір өз талабы орындатуда. Сондықтан да соңғы 20-30 жылдарда кемістігі бар балаларды оқыту жүйесі кеңейтілді, осы категориядағы балаларды зерттеу жұмыстарын қолға алынып, көптеген лабораториялар құрылды. Халықаралық конгрестер мен кеңестер тағы басқа жиі өткізіліп жүрді. Осы жылдарда әлденеше рет мылқаулық жөнінде және көрудің бұзылуына байланысты халықаралық конгрестер өткізілді. Бала тілінің бұзылуы жөніндегі 16- Конгреске даярлық жұмыстар жүріп жатты.
Совет құрылысы аномальды балаларға қатысты капиталистік құрылыс тудырған бөгеттердің барлығын да жойды. В.И.Ленин 1918 жылдың өзінде – ақ аномальды балаларды тәрбиелеудегі және оқудағы барлық шектеулікті жою жөнінде дереке қол қойды. М.И. Калинин 1931 жылы міндет тітүрде жалпығы бірдей оқуды енгізу туралы декретке қол қойды.
Социалистік қоғамның аса ірі қайраткерлері А.В. Луначарский, А.М. Горкий, Н.К. Крупская өз еңбектерінде аномальды балаларды оқыту және тәрбиелеу жөнінде әлденеше рет мәселе көтерді.
Біздің елімізде аномальды балаларды тәрбиелеп, оқудың мемлекеттік негізі құрылған, арнаулы мекемелердің жүйесі бар. Бұл жүйе бойынша бастауыш білім беретін кластар ғана жұмыс істеп қоймады, сонымен қатар орталау және орта білім беретін кластар да жұмыс істейді.
Арнаулы мекемелердің құрылумен бірге совет дефектологиясы дами берді. Совет дефектологтары алдына аномальды балаларға кімдерді жатқызуға болады? – деген басты проблема тұрды. Мұндай балалардың даму ерекшеліктері қандай? Олардың типологиясы қандай болуы тиіс?
Капиталистік елдердің өкілдері аномальды балаларға кімдерді жатқызуға болады деген мәселе төңірегінде әлденеше идеалистік теориялар ұсынды. Буржуазиялық дефектология ғылымы өкілдеріне біріншіден мынадай пайымдаулар тән болатын: қайсыбір органның бұзылуы қызметі бұзылған соның өзін ғана қамтиды деп есептеді. Мысалы, дұрыс естімеу тек кереңдікке ғана байланысты, соқырлық тек көздің зақымдауына ғана байланысты деді. Қайсы- бір органның немесе жүйенің бұзылуы бала дамуының осы жағына ғана қатысты болады деп жорамалдады. Шын мәнісінде мұның бәрі де әлде қайда қиындығы мол мәселе болып шықты. Сондықтан совет дефектологтары алдына аномальды балалардың даму ерекшеліктерін ашу міндетті тұрды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет