Шыныбай Жұлдыз СпИс-21тобының студенті



Дата06.01.2022
өлшемі20,62 Kb.
#14936
түріКонспект
Байланысты:
2091787597Filosofiya 4apta


Шыныбай Жұлдыз СпИс-21тобының студенті

1 Тапсырма

1. «Рефлексия ұғымы және оның ойлау мәдениетінің қалыптасуындағы ролі» конспект

дайындау.

Рефлексия (лат. reflexio - кейінге қаралу, назар аудару) - бұл дегеніміз субъектің өзіне және өзінің санасына назар аударуды, атап айтқанда, өзінің жеке белсенді өнімдеріне, және соның барлығына кішкене де болса қайта қарастыруды білдіреді. Атап айтқанда, - дәстүрлі мағынада, - өз сана мазмұны мен ерекшеліктеріне, соның ішіне тұлғалық құрылымдар кіреді (құндылықтар, мүдде, себепшілік), ойлау қабылеті, қабылдау/сіңдіру механизмдері, шешім қабылдау, эмоциялық жауап, мінез-құлық шаблондары және т.б..

Пьер Тейяр де Шарденнің айтуынша, рефлексия - ол дегеніміз адамдарды хайуандардан айыратын нәрсе, соның арқасында адам теқ қана белгісіз бір нәрсені біліп қоймай, сонымен қатар сол "білімін білуді" тсүндіреді.

Эрнст Кассирерудің айтуынша, рефлексияның мағынасы «барлық бөлінбеген ағындардың сенсорлық құбылыстарының ішіндегі кейбір тұрақты элементтерді бөлу қабілеті, оларды оқшаулап, сол элементтерге ажырамай көңіл бөлу»Әртүрлі философиялық жүйеде рефлексияның мазмұны бірдей емес. Лоқтың ойынша, түйсік сыртқы заттармен тікелей ұштасады, ал бақылау сананың ішкі іс-әрекеттеріне бағытталғанда рефлексия ерекше білімнің бастамасы болмақ. Лейбниц үшін, рефлексия - адамның жан дүниесіндегі өзгерістерге көңіл бөліп, елеушілік, Юмнің ұйғарымынша, идеялар - сырттан қабылдайтын әсерлерді рефлексиялау. Гегель үшін, рефлексия - екі түрлі нәрсенің мысалы, мен құбылыстың өзара бейнеленуі. <<Рефлекстеу>> термині сананы өз-өзіне үңілдіруді өз психикалық күйіне ой жүгіртушілікті сипаттайды

Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым корытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспаддағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік мағлүматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері ете кең.Адамның ойы өрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседу Ойлау мен сөйлеу бірдей,нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой — сыртқы дүниені бейнелеудік ең жоғары формасы, сөз — ойды басқа адамдарға жеткізетін қүрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланды.Сөз бен ойдың бірлестігі алғашқы адамдардың психикасында да үлкен орын алған. Сөзбен ойлаудың арқасында ғана олар бірінің білмегенін екіншісі біліп, ақыл-ойын молайта түскен. Тіл мен ойдың бір-бірімен тығыз байланыста болатындығын халық ерте кездің өзінде-ақ байқаған. Мәселен, халқымыздың “Ішіндегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түсімде” деген мақалы адамның басындағы ойы тілінен көрінетіндігін, ал тілдің өзі адам психологиясын байқататын тамаша құрал екендігін жақсы көрсетеді.



2. «Мифология, дін және философияның арақатынасы» тақырыбында эссе (А4 форматындағы 2-беттік).

Мифология – адамзаттың рухани мәдениетінің ең көне формасы. Миф (аңыз, ертегілер) сананың әлі толық жетілмеген біртұтас ең көне формасы. Мифология гректің mifos – аңыз, ертегі және logos – ілім, білім деген сөздерінен шыққан. Қоғам дамуының бастапқы сатыларында қоғамдық сананың формасы мифтер барлық халықтарда болды. Мифологияда сыртқы дүние мен адам, ой мен сезім, зат пен идея, объективтік және субъективтік дүниелер арасында айқын шекара болмады. Ол шекаралар кейіннен пайда болды. Мифологияда олардың барлығы тұтасып жатты. Ол дүние жанындағы біртұтас түсінік болып табылды. Белгісіз дүниені түсіндіруге тырысудан оданда белгісіздігі мол дүниені танып білуге ұмтылу, егерде ол дүние танып білуге мүмкіндік бермесе, тәңірге немесе құпия ғаламат күшке сілтеме жасау – Мифтің өзіне тән ерекшелігі. Мифологияны зерттеумен айналысатын мифологтар бір уақытта немесе басқа да мифтерді жинақтап, тарихи немесе белгілі бір аймақта (яғни Жерорта теңізі) немесе бүкіл әлемде таратылатын, бірақ тақырып немесе мазмұнмен байланысты болуы мүмкін барлық оқиғаларды (яғни мифтерді жасау). Студент / профессор бір мезгілде мифтерге немесе әңгімелерге түрлі көзқарастармен келіп, оларды салыстыру, оларды түсіндіру, ләззат алу және оларды жиі басқалармен бөлісуді жалғастырады.«Мифология» термині жиі-жиі белгілі бір мәдениеттің мифтеріне қолданылады; сондықтан грек мифологиясы немесе полинезиялық мифология туралы айтуға болады.Әдетте осындай мифологиялар, әрқашан емес, құдайлар мен богинелердің пантеоны туралы өзара байланыстырылған әңгімелердің көп санынан тұрады, олар «бұрыннан бері» өмір сүрді және көбінесе әлемді және бұрыннан өмір сүрген алғашқы адамдардың өмірін жасады. Кейде бұл құдайлар мен богиняларды бүгінгі күнге дейін өмір сүруге және қасиетті орынды «мекендеуге» немесе белгілі бір заттар мен жануарлардың «өзін-өзі бейнелейтін» деп айтуға болады.Ғылым мен техниканың дамуына, адамзаттың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына толыққанды жағдай жасаған XX ғасыр да тарих қойнауына енді. Өте ерте заманда-ақ пайда болған дін әлі күнге өз позициясын адамзат санасының басқа түрлерінің алдында бермей келеді. XXІ ғасырда түрлі конфессиялар мен діни ұйымдар ойдағыдай әрекеттесуші институттар ретінде өркениеттің бір саласы болып өмір сүре бермек. Діннің тұрақты сақталып келе жатқаны факт болып табылады.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін рухани ояну процесі басталды. Бұл – кең көлемдегі тоқтаусыз процесс. Болашаққа қол созған жарқын істеріміздің, ұдайы алға жетелейтін үмітіміздің маңызды бір бөлігі – діни өрлеу.Діннің әлемдік деңгейдегі адамзатқа тән ойлау жүйесінен шет қалмайтындығын қазіргі заман болмысы айқын аңғартып отыр, себебі дінсіз қоғам болмайды. Қоғамда діни сана үнемі болып келді. Дін мен қоғам бір-бірінен ажырамайтын феномендер. Өркениетті деп саналатын батыс елдерінде де, бізде де дін мемлекеттен бөлінген, бірақ, ол қоғамнан ажыратылмайды. Дін қоғамдық құбылыс, ал қоғам мемлекеттің субстанциясы. Әлемнің діни жетекшілері 2006 жылы жиылып, діндерге ортақ, адамзатқа ортақ, жалпы өркениетті қоғамға ортақ қандай мәселелр бар және де діндердегі қандай мәселелер өркениеттік жолмен қоғамдарды, елдерді, мемлекеттерді бір-біріне жақындастырады деген өзекті тақырыптар төңірегінде сөз қозғады. Адамзат баласына ортақ дүниелер көп. Біздің ойлау жүйемізде, діни жүйеде не ортақ екен? Ол ортақтық өркениетке, адамзаттың болашағына қалай қызмет етеді екен? Осы мәселелер ізгілік жолындағы адамзат баласын толғандырып отыр. Өйткені, осы кезге дейін біз бүкіл дүние жүзінің халықтарын дін-дінге бөліп, бөлектеп-бөлшектеп келдік. Тіпті өткен тарихтарға көз жүгіртсек, дін үшін қырғын соғыстардан миллиондаған адамдар опат болды, қасірет кешті. Осындай қасіретті азайтуда, не мүлдем жоюда діндер бір ортақ келісімге келе ала ма? Ортақ келісімге келудің уақыты туды. Бүгінгі таңда әркім өзінің діни сеніміне берік бола отырып, ортақ адамзаттық келісімге келу өркениеттік сананы қажет етпек. Өркениеттік сана дегеніміз әрбір адамның өз болмысымен, дінімен, елдік санасымен бірге адамзатқа ортақ мәселелер туралы келелі сөздер айта білуі. Халықтар, елдер арасында, діндер арасында ұрыс-керіс, жанжал емес, бүгінгі бұрқ-сарқ етіп қайнап тұрған XXI ғасырда мәдени сұхбат қажет. Исламды саясаттандыру төңірегіндегі әрекеттер исламның қазіргі қоғамдағы орнын даулы проблемаға айландыруға себепші болып отыр. Негізінде дін мен саясат екі бөлек феномендер. Дін адамның ұятында, арында, яғни оның иманында. Саясат болса, ол адамдардың қауымдасып, ұлт, халық болып, мемлекет құрып өмір сүрудегі тәсілі. Дін саясатқа жанасып кетсе-ақ, өз қадірін жоғалта бастайды. Сондықтан асылы Дін мен Саясат бөлек-бөлек болғаны абзал.Діндердің барлығы «әділдік пен махаббат» жолына үндейтінідігі ақиқат. Бірақ, сол әділдік пен махаббатқа білімсіз жету мүмкін емес. Діни білім туралы мұсылман дінтанушысы Абу Хамид Мұхаммед ибн Мұхаммед Әл-Ғазали (1059-1111) былай деген: «Пайдалы біліммен шұғылдану бүкіл басқа істерге қарағанда әлдеқайда жақсы. Пайдалы білім – дүниенің жамандығын, ақыреттегі жағдайдың қауіптілігі мен қорқыныштылығын түсіндіретін білім. Дүниеге беріліп, ақыреттен бет бұрған адамдардың надандығы мен ақымақтығын, олардың бойындағы өркөкіректік, күншілдік, екіжүзділік, өзін-өзі сүюшілік, атаққұмарлық пен мансапқұмарлық, дүниеге құштарлық сияқты жүрек дерттерінің дауасы не екендігін білдіретін білім – пайдалы білім».

Рухани бірлік пен келісім аясында өмір сүру мақсатына жету үшін өркениеттілігіміз бен азаматтық қоғам ретіндегі мәдени дамуымыздың жоғарғы деңгейі болып табылатын толеранттылық (өзгеге төзімділік, қамқоршылық, жұмсақтылық, кішіпейілділік, мейрімділік таныту) қасиетімізді сақтай білуіміз керек. Қоғамның толеранттылығы өздігінен пайда болатын нәрсе емес. Ол – тәрбие арқылы қалыптасатын қоғамдық мінез. Ал мінездің негізі дінде.

3. Бейсаналылық, сана, жоғары сана. Философиядағы З. Фрейд, К.Г. Юнг бойынша

бейсаналықтың негізгі концепциялары (кесте түрінде).



Бейсаналық – 1) адамның жүріс-тұрысында өзінен-өзі , сананың қатысуынсыз, ойланбай, дағды бойынша іс-қимылдар жасау қасиетінің барлығы (бар болуы); 2) индивидтің өзінің білуінсіз өтетін, іске асатын психикалық (менталдық) қызметінің әртүрлі формаларының жиынтығы.

Сана — философия, психология, әлеуметтануда адам психикасының маңызды жүйелі компонентін (бөлігін) сипаттайтын іргелі ұғым. Сана адамды жануарлар әлемінен айыратын, бөлетін оның тектік белгісі. Ол адамның қазіргі типінің ұзақ эволюциясы мен қалыптасу

З. Фрейд

К.Г. Юнг

бейсаналық – бұл "белсенді байқалатын (көрінетін) және сонымен бірге сол адамның санасына жетпейтін" психикалық процестер;

тұлғалық бейсаналық" – тұлғаның ашыналық, сырластық жан өмірін құрайтын көбінесе эмоционалды (тез әсерленгіш) боялған елестер мен кешендерді (комплексы) өзіне кірістіретін, қосатын бейсаналықтың үстіңгі (сыртқы) қабаты;

; 2) бейсаналық – адам психикасының негізгі және ең мазмұнды жүйесі (бейсаналық – санаалдылық – саналы: бессознательное – предсознательное - сознательное); бұл жүйе рахаттану принципімен реттеледі және өзіне танымсыздығымен, сексуалдылығымен, әлеуметсіздігімен және т.с.с. сипатталатын әртүрлі туа біткен және ығыстырылған элементтерді, құштарлықтарды, импульстерді, тілектерді, мотивтерді, ұстанымдарды, ұмтылыстарды, кешендерді және басқаларды кірістіреді.

ұжымдық бейсаналық" – бейсаналықтың туа біткен терең қабаты; ол адамдардың өткен ұрпақтарының тәжірибесін өкілдік ететін (репрезентирует) және өзіне тұлғадан тыс әмбебап мазмұн мен жандық өмірдің жалпылама негізі ретінде болатын үлгілерді қосатын индивидуалды (жеке емес, жалпылама табиғаты бар (болатын) психиканың жалпы орталығы мен өзегі (ядро); "ұжымдық бейсаналықтың мазмұны" негізінен архетиптер – психикалық қызмет пен жүріс-тұрыстың мұралық етілетін жалпылама үлгілері, рәміздері және стереотиптері болады;

индивидтің санасында ешқашан болмаған мазмұнды

"психоидтық бейсаналық" – органикалық дүниемен ортақ қасиеттері және біршама бейтарап сипаты бар бейсаналықтың ең іргелі деңгейі, сондықтан ол толық түрде психикалық та, физиологиялық та болмағандықтан іс жүзінде санаға толық мәлімсіз.

санада болған, бірақ одан бейсаналыққа ығыстырып шығарылған (вытеснено) мазмұнды.





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет