Үшінші бөлім логистика жүйесіндегі иивестициялық тартымдылығы мен қаржы ағымдары


Кесте 40- SWOT - талдау әдістігін сүлбесі бойынша зерттеу нәтижесінін көрсеткіштері



бет10/10
Дата18.02.2023
өлшемі203,59 Kb.
#69033
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Кесте 40- SWOT - талдау әдістігін сүлбесі бойынша зерттеу нәтижесінін көрсеткіштері
Тттттттттттттттттттттттт

324
ттттттттттттттттттт


Еліміздегі экономикалық реформаға сәйкес автомобильмен жүк тасымалдау негізінде бәсекелестік әртүрлі болуда. Оның ең бастысы жүк тасымалдау бағасы. Алдыңғы бөлімдерде аталғандай жеке тұлғалар мен арнаулы кәсіпорындарарасындағы баға бәсекелестігі өте үлкен. Бірақ аймақтарда ірі өндіріс орындары аймақтарды дамытуда, біріккен шаруашылықтар ұйымдастырылуына байланысты оларға тұрақты сапалы ірі


көлемде қызмет көрсетер автокөлік ұжымдары керек. Сол себепті бүгінгі танда тұрақты мамандырылған кәсіпорын ұжымдары бас көтеріп келеді.
Қазіргі замандағы автокөлік кәсіпорындары (АКК) қызметінің талдауы, нарықтық ортада біршама ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқандарына қарамастан, Қазастанның автокөлік нарығына қатысушылар маркетинг сияқты құралды аз немесе тиімсіз пайдаланатындарын көрсетті.
Қазіргі заманғы қазақстандық көлік серіктестіктерінің көпшілігі қайсы бір нарықтық бағдар ұсынбайды. Бұл орайда тасымалдаушылардың баға саясаты икемділікпен және тапқырлықпен өзгешеленбейді. Мәселен, соңғы бірнеше жылдар бойы халықаралық қатынастарда автомобиль көлігі арқылы орындалатын жүк тасымалдарының Қазақстандығы құны 1 километр үшін 1 доллар деңгейінде тұрақтап қалды, ал қала ішіндегі тасымалдар үшін төлем құны бір сағатқа 10…15 доллар құрайды.
Тасымалдаушылар мен олардың операторлары жүргізетін жарнамалық науқан, қағида ретінде, тиісті жарнамаларды тұтынушылардың нақты топтарына бағдар жасауды ескерусіз БАҚна орналастыру мен тұжырымдалады. Жарнаматаратушыны
325
таңдаудағы әдеттегі критерийлер қызмет көрсетулердің құны мен оның басылымының бұқаралық жаппай таралуы болып табылады. Жалпы маркетингтік зерттеулер сияқты, жарнамалық науқандардың тиімділігіне де талдау жүргізілмейді.
Қанағаттанарлықсыз маркетинг факторы автокөлік қызмет көрсету нарығының ахуалы мен оның кейбір субъектілерінің жұмысына бұрыс әсер етеді.
Көпшілік АКК қаржы машақатын бастан кешіретіндері және қажетті қаражаттардың жоқтығынан мамандар ұстау мен өз беттерінше маркетингттік зерттеулер жүргізуге шамалары келмейтіні түсінікті жәйт. Американың маркетингтік қауымдастығының анықтамасы бойынша, маркетинг ұғымы бизнестік дамыту тұжырымдамаларын жоспарлау мен әзірлеуді, баға белгілеуді, идеялар қозғау мен бөліп таратуды, тауарлармен қызмет көрсетулерді білдіреді. Солардың көмегі арқылы жеке және қоғамдық мақсаттырды қанағаттандыруға қол жетеді. Маркетинг кез келген шаруашылық қызметінің аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, өйткені ол клиенттер топтарын анықтауды, олармен тіл табысуды және клиенттердің сұраныстарын айқындауды қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, маркетинг рынок субъектілерінің шаруашылық қызметінің пайдалылығын
қамтамасыз етуді ескеру арқылы осы сұраныстарды қанағаттандыру үшін солардың ресурстарына бағдар беріп отырады. Кез келген нарықта тауардың немесе қызмет көрсетудің нақты және әлеуетті тұтынушыларынан және осы тауарларды не қызмет көрсетулерді тұтынушыларға ұсынатын сатушылардан
тұрады деп қарау - қалыптасқан қағида.
Мәселен, жүк автокөлік қызмет көрсетулерінің нарығы мына жинақтарды көрсетеді: жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру немесе меншікті тауарының (қызмет көрсетулерінің) өндірісін қамтамасыз ету үшін автокөлік қызмет көрсетулерін пайдаланатын жүктасымалдарының түпкілікті тұтынушылары;
түрлі экспедиторлық серіктестіктер, брокерлік кеңселер түріндегі тасымалдаушылар мен көлік қызмет көрсетулерінің түпкілікті түтынушылары арасындағы делдалдар және т.б.;

ұйымдасқан (АКК, көлік серіктестіктері және т.с.с.) немесе жеке тасымалдаушылар.


Елімізде Елбасының жүргізіп отырған иновациялық бағдарламасына сәйкес көптеген ірі жобалар іске асырылып отыр. Бұл жобалар іске қосылуы автокөлік пайдалану дәрежесін көтереді. Бүгінгі таңдағы автокөлік рыногы схемалық түрде суретте көрсетілген. Бұрын атап кеткеніміздей, не АКК, не
жеке тасымалдаушылардың рыноктың қайсыбір секторына айқын бағдарлары жоқ. Бірақ көлік қызмет көрсетулерінің негізгі тұтынушыларының әрбір жеке тобы осы қызметтерге біршама айрықшалықты қоя біледі.
Мәселен, жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін автокөлік қызмет көрсетулерін пайдаланатын түпкілікті тұтынушы, әдетте кешенді қызмет көрсетуге мүдделі болады, мысалы, ол жүк тиеу-түсіру жұмыстарын қосады. Бұл ретте тапсырыс пен қызмет көрсету тұтынушыларға қолайлы кез келген уақытта орындалуы тиіс.
Меншікті тауарлар өндіретін немесе қызмет көрсетулер жасайтын шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін, өз өндірісінің технологиялық қажеттіктеріне сәйкес оңтайлы маршруттық жүк тасымалдарын жүзеге асыру басым фактор ретінде бой көрсетеді.
Экспедиторлық серіктестіктер үшін көлік қызмет көрсетулерінің нақты түрін ұсыну үшін қажет жылжымалы құрамның барлығы анғұрлым маңызды талап болуы мүмкін.

тттттттттттттттттт

Сурет 57- Жүк автокөліктерін пайдалану амалдары


Кез келген нарық та сондай-ақ секторлардан тұратын болып қаралады, секторлар, өз кезегінде, сегменттерге (сараланымдарға) бөлінеді. Автомобиль көлігінің жүк тасымалдары еліміздің көлік рыногының нақты секторы болып табылады. нарықтың осы бөлігінің сегменті ретінде ұқсас қажеттіліктер мен сипаттамалардағы тұтынушылар тобын атауға болады. Сегменттер есебінде шаруашылық жүргізуші субъектілер - тамақ өнімдерін, құрылыс материалдарын өндірушілер немесе, мәселен, туристік бизнеспен айналысатындар қаралуы мүмкін. Экспедиторлык серіктестіктерді де сондай-ақ саралауға болады, айталық, тек автокөлік тасымалдары саласындағы мамандану немесе тасымалдарды көліктің басқа түрлерімен ұйымдастыу кезінде автокөлікті көмекші құрал ретінде пайдалану бойынша жіктеу.


Тасымалдаушының нарықтың қайсыбір сегментіне бағдарлануы оның рынокқа қатысу мақсаттарына, материалдақ және еңбек ресурстарына, сондай-ақ нарықтық ортаның ахуалы мен бәсекелер деңгейіне қарай жүзеге асырылуы тиіс.
Осындай тәсілге сәйкес маркетингті бұқаралық (жаппай), яғни бүкіл нарыққа бағдарланған, және іс-әрекеттің
328

мамандандырылған саласына қатысты сегменттік ретінде қарауға болады.


Қазіргі кезде тасымалдаушылардың біріншіден екіншіге көшу үрдістері байқалады. Біріншіден, өндірісті мамандандыру күшейе түсуде, ал рынокта тауарлар мен қызмет көрсетулердің номенклатурасы ұлғайып келеді. Екіншіден, тұтыну рыногы өзгеруде. Орташаланған сүреңсіз түтынушының
орнына лайықты дәулетке, қызмет түріне, мекен-жайға, дәстүрлерге ие клиенттер пайда болады. Үшіншіден, бұқаралық маркетинг өткізу шамадан тыс қаражат талап етеді.
Бүгінгі күні Қазақстанда барлық жүк АКК дерлік жекешелендірілген немесе жаңа жеке кәсіпорындар болып табылады. Олардың иелері өз қызметінің қаржы нәтижелілігіне мүдделі, бұл автокөлік қызмет көрсетулерінің нарығында жарыс жүргізу үшін ынталандырғыш күш болып қызмет атқарады.
Нарықтағы лайықты қатысуды қамтамасыз ету үшін де шаруашылық жүргізуші субъектінің маркетинг ұйымын күру талап етіледі. Ал мұндай әрекет нарықтың таңдап алынған сегментіне сәйкес маркетингтік іс-әрекеттердің кешенін (жиынтығын) әзірлеуді ұйғарады. Осындай кешенді кейде маркетингтің төрт "Р" деп атайды:
1 Product (өнім, тауар, қызмет көрсету);
2 Promotion (қозғау салу, жылжыту);
3 Place (орыны) және
4 Price (бағасы).
Өнім тұтынушылардың іріктелген тобының қажеттіліктерін
қанағаттандыруы тиіс. Жылжыту жарнама, таңдап алынған түтынушының қажеттіліктерін қанағаттандыруда өнімнің қабілетін атап көрсететін жеке сатулар арқылы өнімді қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуі және баға саясатының көмегімен сауда-саттықты ынталандыруы, қосымша қызметтер
көрсетулер ұсынуы тиіс. Орын (немесе бөліп тарату) рыноктың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өнімнің қажетті орын мен керек уақытында болуы тиіс екендігін білдіреді, ал баға, өнімді жасаудағы шығындарға сай болуы және тұтынушы үшін оның мәнін көрсетуі тиіс. Төрт "Р" жиынтығы бірыңғай интеграцияланған жоспарға қосылады да, рыноктағы өнімді

329
жалғастырады (сурет 51). Мысал ретінде болжалды тәуелсіз тасымалдаушының маркетингтік үйымын қарап көрелік. Мәселен, ол нарықты талдағаннан кейін құрылыс жүктері мен материалдарын тасымалдаудың пайдалылығы туралы байламға келді делік. Өз ресурстарының, ең алдымен талап етілетін жылжымалы құрамның болуына және оны алу мүмкіндігіне


қарай оң сараптық бағалардың нгіздерінде көлік нарығының осы сегментінде мамандану туралы шешім қабылданады:
Тасымалдаушының келесі қимылы талап етілетін қызмет көрсетуледі ұйымдастыруға бағытталуы тиіс, ол бір жағынан, құрылыс серіктестіктерінің технологиялық қажеттіліктерін қамтамасыз ету бойынша оңтайлы маршруттар әзірлеуі, және екінші жағынан, жылжымалы құрамды оңтайлы
пайдалануды қамтиды (қызмет көрсету мен орыны).Өз қызмет көрсетуін нарыққа жылжыту үшін тасымалдаушы мақсаттық аудиториядағы атаулы жарнаманы пайдалануы қажет (құрылыс бизнесі).
тттттттттттттттттт
Сурет 58- Маркетингктегі төрт «Р» әдісі
Өзінің көлік бизнесін құрылыс серіктестіктерінің менеджерлері арасында тікелей ұсыну әбден оң әрекет болуы мүмкін. Автокөлік кәсіпорындары үшін қызметтің жоғарғы икемділігі пайымынан рыноктың бірнеше сегментін таңдауы оңтайлы. Айталық, бір кәсіпорын жергілікті рынокта құрылыс
330

және экспедиторлық серіктестіктерге қызмет көрсете алады. Мұндай жағдайда көрсетілген қызметтің екі түрі орын алатын сияқты (кәсіпорынның екі түрлі кәсібі). Таңдалынған екі кәсіпкерліктің әрқайсысы бойынша серіктестің іс-әрекетін белгілеу үшін маркетинг жоспары аталатын құжат әзірленеді,


құжатта:
- Маркетинг мүмкіндіктері анықталады;
Осы мүмкіндіктерді ұсынатын мақсатты рынок белгіленеді;
Таңдалған мақсатты рынокқа бағытталған маркетинг стартегиясының кешені тұжырымдалады;
- Маркетинг қызметінің сараптық бағасы мен бақылауының критерийлері мазмұндалады.
Маркетинг стратегиялық жоспары серіктестіктің ұзақ мерзімдік өсуі мен өзі рынокқа ұсынатын өнімдердің бүкіл жиынтығына бағдарлар белгілейді. Маркетинг ұйымының осы негіз қалауышы екі құжаты ең алдымен серіктестіктің қандай мақсат тұтқанын айқындайды.Мақсаттар барынша нарықталынған болуы тиіс. Мәселен, таяу екі жылдың ішінде 10 ірі және 15 орта құрылыс мекемелеріне қызмет корсету белгіленеді.
Жоспар бұдан басқа, алға қойған мақсаттарға серіктестіктің қол жеткізу жолдарын (тандалған стратегиялар арқылы белгіленеді), жоспарды іске асыру үшін қажет деп басшылық есептейтін ресурстарды және нақты стратегияларды қолдану тәртібін көздейді. АКК маркетинг жүйесін құрумен жұмыс істеу үшін жауапты басқарушылық талап етіледі.

Маркетингтің сыртқы ортасы


Ттттттттттттттттттт

Сурет 59 - Маркетингтің ең қарапайым белгіленеді


Қағида бойынша, серіктестіктерде менеджерлердің екі түрі қатысуы тиіс. Бір менеджер міндетіне маркетинг жоспарын әзірлеу мен тауарлардың (қызмет көрсетулердің) әр түрі бойынша жоспарды орындауды ұйымдастыру кірсе, ал екіншісі серіктестіктің тұтас алғандағы маркетинг стратегиясын


әзірлейді. Логистикалық менеджемент сүлбесі (сурет 60) берілген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет