Шырай категориясының жасалу тәсілдері және морфемдік көрсеткіштері


Шырайдың фонетикалық тәсіл арқылы жасалуы



бет2/2
Дата21.04.2023
өлшемі22,46 Kb.
#85364
1   2
Байланысты:
shyraj-kategoriyasynyң-zhasalu-tәsilderi-zhәne-morfemdik-kөrsetkishteri

Шырайдың фонетикалық тәсіл арқылы жасалуы. «Қазақ тілі грамматикасында» «интонацияның бесінші функциясы әртүрлі эмоцияларды айқындау болдып табылады. Сөйлемнің коммуникативтік мағынасымен бірге эмоциялық-экспрессивтік түрлерін анықтайды. Бұл функция адамдардың түрлі ой-сезімін, оның құбылуын, өзгеруін білдіреді» - деп жазған [7, 108 б.]. Ал заттың сапасын бағалау ой-сезімге байланысы екені белгілі. Олай болса, заттың сапасының дәрежесін білдіруге де интонацияның қақысы бар. Бұл туралы орыс тіліндегі шырай категориясын зерттеген ғалым А.В.Качура шырай мағынасын білдіруде интонация да қатысады деп санап, ол туралы былай деді: «начнем с фонетического уровня языка. Как известно, в целях уселение признака употребляется суперсегментные, интонационные средства, выступающие вместе с другими языковыми средствами» [7, 112 б.].
Рас, қазақ тіл білімінде шырайға қатысты интонация мәселесі сөз болған емес. Бірақ тілдік деректер орыс тілі ғалымдары дәлелдеген интонация арқылы да сапаның дәрежесін білдіруге болатынын анықтады. Мысалы, Япыр-ай, қандай сұлу! (М.Әуезов). Не деген айықпас, қараңғы ну! (М.Әуезов). – Мағрипа ше? Мағрипаны айтам! Қандай көркем еді? (М.Әуезов). Мынау бір ауқатты ауыл ғой! (М.Әуезов). Қандай батыл ой! (М.Әуезов).
Осы сөйлемдердегі қараңғы, қара, жақсы, ауқатты, батыл деген сын есімдерге шырай қосымшалары жалғанбаған, бірақ олар оы сөйлемдерде тек қана түбір қалпындағы негізгі мағынасында қолданылып тұрған жоқ. Сөйлемде олардың мағынасы әр түрлі реңде күшейтіліп, мағынасы түрленген. Не деген айықпас қара ну дегенде нудың қаралығы өте күшейтіліп, әрі таңдану, әрі қараның күштілігіне наразылық мән қосылған, оны қараңғы қара ну деген қолданыспен салыстырғанда, аңғару оңай.
Бұл келтірілген тілдік деректер шырай мәнін білдіруде интонацияның үлкен қызмет атқаратынын дәлелдеді. Сондықтан да ол шырайдың фонетикалық тәсіл арқылы жасалатынын дәлелдейді [3, 10-11 б.].

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



  1. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: «Арыс», 2008. – 472 бет.

  2. Шакенов Ж. Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясы. Алматы: Ғылым, 1989. – 384 бет.

  3. Кенбаева С.О. Шырай категориясының жасалуы, түрлері, қолданысы. КДА. – Алматы, 2008. – 28 бет.

  4. Сауранбаев Н. Қазақ тілі. Алматы –

  5. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 446 бет.

  6. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі: Морфология. филология фак. студенттеріне арналған оқулық. – Алматы: Ана тілі, 1991. 2-басылым. – 384 бет.

  7. Маманов Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері – Алматы: «Арыс» баспасы, 2007. – 488 бет.

  8. Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис / А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, Е.Жанпейісов т.б. – Астана: Елорда, 2002. – 784 бет.

  9. Исаев С., Қосымова Г. Қазақ тілі. 7-сынып. – Алматы: Атамұра, 2003. – 207 бет.

  10. Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі. – Алматы: Ғылым, 1986. – 307 бет.

  11. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. Алматы: Рауан, 1998. 303 бет.

  12. Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. – 3-т. Тіл – құралы (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері) – Алматы: «Алаш», - 2005. 352 бет.

  13. Ахметова З. Шуақты күндер: Естелік, эссе. – Алматы: «Алматыкітап баспасы», 2008. – 264 бет

  14. Әуезов М. Абай жолы. 1-кітап. – Алматы: Жазушы, 1989. – 604 бет.

  15. Бегімбай Ұ. Марал баба. Роман. – Алматы: ЖҚҚ «Марал баба». – 264 бет


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет