Ішектердің сапасын бақылау. Ішектердің сапалылығын бағалау үшін келесі талдауларды (анализ) жүргізеді.
Пісіріп сынау - ішектің кесіндісін 2-3 минутқа қайнаған суға салып қояды. Сапалы ішек осы кезеңде белоктардың ұюының әсерінен нығыздалып, созған кезінде де өзінің төзімділігін сақтайды, сапасыз ішек тез жыртылып кетеді.
Майды тұздап сынау - тексеріліп отырған ішекті (10-20 гр) 1 сағаттай суға салып қояды, егер бұдан кейін де тұздалған иісі кетпесе, ішектерді жарамсыздандырады.
Аммиакта сынау - кең пробиркаға бір бөлімнен 25 (тұз қышқылын, үш бөлімнен 96) этил спиртін және 1-бөлімнен күкіртті эфирден құралған 1мм реактив құяды.
Ақаулы ішектің кесіндісін сымға іліп, пробиркадағы сұйықтықтың деңгейіне жеткізбей 1см ара қашықтықта түсіреді. Сұйықтық ішектің ішінде аммиактың пайда болуының әсерінен, ақ бұлтша NH4Cl пайда болады. Аммиак ақуыздардың шірінді ыдырауының нәтижесінде түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |