|
Қан және оның фракциялары
|
бет | 54/81 | Дата | 06.01.2022 | өлшемі | 1,01 Mb. | | #15629 |
| Байланысты: f0086d92-36e8-11e3-a987-f6d299da70eeшужык жәңе консерві өнд.Қан және оның фракциялары. Консервілердің кейбір түрлерін (фаршты, ет өнімді) дайындаған кезде тұтас, тұрақтандырылған, ірі қара малдың дефибринирленген қаны, сонымен қатар қан сарысуы мен плазмасы қолданылады. Қан сау малдардан алынады, өңделеді және регламентирлі тәсілмен консервіленеді. Қан мен қан плазмасы ет өнімдері рецептурасына сұйық күйінде, белокты байытқыш түрінде қолданылады.
Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері. Фаршты, диеталы, балаларға арналған консервілерді дайындаған кезде қолданылатын жұмыртқа, меланж және жұмыртқа ұнтағы ешқандай бұзылу белгісі жоқ, таза болуы керек. Меланж (жұмыртқаның сарысы) біркелкі сұйық консистенциялы, ашық-сары немесе ашық-сарғыш түсті болуы қажет. Жұмыртқа ұнтағы құрғақ, түйдектелмеген, шаң тәрізді құрылымы бар, ашық-сары түсті болуы қажет. Ұнтақтағы ылғал мөлшері 6,8-7,0 % аспауы шарт.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|