Ет ұшаларын таңбалау. Әрбір ұшаны және жарты ұшаны тексергеннен кейін, мал дәрігері еттің қоңдылығын анықтап, тиісті таңбамен таңбалайды. Сиыр жарты ұшаларын келесі белгілермен таңбалайды.
І - категорияны дөңгелек;
ІІ - категорияны төрт бұрышты;
ІІІ - категорияны үш бұрышты таңбамен.
Үлкен малдың, яғни І категориялы сиыр жарты ұшасына 5 таңба салады: бір таңбадан жауырын, арқа, бел, жамбас және кеуде бөліктеріне салады.
Жас малдың І категориялы сиыр жарты ұшасына дәл сол жерлерге де 5 таңба салып, әр таңбаның оң жағына биіктігі 20 мм М әріпін басады.
І және ІІ категориялы бұқа етінің жарты ұшасына екі таңбадан жауырын, жамбас бөліктеріне салады. Әр таңбаның оң жағына биіктігі 20 мм Б әрпін салады.
Үлкен мал мен жас малдың екінші категориялы сиыр жарты ұшасына екі таңба: бір таңбадан жауырын, жамбас бөліктеріне салып, жас малдың етіне М әріпін басады. Ақаулары бар жарты ұшаларды НС таңбасымен әр таңбаның оң жағына таңбалайды.
Бұзау ұшасына екі таңба басады: бір таңбадан әр жауырынға оң және сол жағына және алдыңғы әр аяғына Т әрпін таңбалайды. Бұзау ұшасының І категориясын дөңгелек таңбамен, ІІ категориясын төрт бұрышты таңбамен, арық бұзау ұшасын үш бұрышты таңбамен таңбалайды.
Шұжық өндірісінде тазалыққа көп көңіл бөледі. Себебі шұжық өнімдерін қосымша термиялық өңдемей тұрып пайдаланады, ал осы шалафабрикаттар тез бұзылатын өнім болып саналады және микроорганизмдердің дамуына ең қолайлы орта болып табылады. Еденнен, қабырғалардан, желдеткіштерден тағы да басқа саңылаулардан кеміргіштер өте алмайтындай болуы керек. Ас тұзы мен дәмдеуіштерді сақтайтын арнайы бөлме болуы қажет.
Қабырғаларды өнімге зиянды әсер келтірмейтін материалдардан дайындайды.
Құрылғыларды (волчок, куттер) әр кезектен кейін бұзып, өнімнің қалдықтарынан тазалап, температурасы 45оС жылы сумен және кальциленген соданың 2% ерітіндісімен жуады. Ал машинаның ұсақ бөлшектері мен ыдыстарды ішінде дезинфекциялағыш ерітіндісі бар кеспекке 3-5 минутқа салып қояды.
Субөнімдер цехының бөлмелері жобалаудың санитарлық талаптарына жауап беру керек. Цехтың іші жақсы желдетілуі тиіс, себебі бұл жерде түкті субөнімдерді үйітеді, құрылғыларды өңделген өнімдер келіп түсіп жатқан шикізатпен, лас ыдыстармен қақтығысып қалмайтындай етіп орналастырады. Столдарды, бақыраштарды, арбаларды болаттан жасайды. Субөнімдерді өңдемей келесі күнге қалдыруға болмайды. Дайын өнімді кешіктірмей мұздатқышқа жібереді. Жұмыс күнінің соңында қолданылған құрылғыларды, ыдыстарды, құрал-саймандарды, жұмыс орындарын қалыпқа келтіріп, жинастырып кетеді. Аптаның соңында барлық заттарды хлорлы әктің ерітіндісімен дезинфекциялайды.
Достарыңызбен бөлісу: |