Қазақстан қазіргі жаһандану заманында дамудың нарықтық қатынастар талабына жауап беретін жаңа кезеңдеріне аяқ басты. Бұл сапалы жоғары білім берудің мақсатын қайта қарауды қажет етеді. Мемлекетіміз өзінің табиғи байлықтары көзіне сүйене отырып бәсекеге қабілетті 30 - алдыңғы қатарлы елдің құрамына енуді көздейді.
Сапалы жоғары білімді көздей отырып Қазақстан Европалық жоғары білім стандарттарына бет бұрды. Мысалы, 1997 жылы Қазақстан ТМД елдерінің ішінде ең алғашқы болып мемлекет аралық дипломдарды өзара қабылдау туралы айтылған жоғары білім туралы Лиссобон конвенциясын енгізген. Бүгінде Қазақстан жоғары білім беру жүйесі Болон үдерісіпринциптеріне сүйеніп қайта қарастырылуда. Болон үдерісі – еуропалық жоғары кәсіби білімде біртұтас жалпы-еуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға бағытталған жаһандану үрдісінің көрінісі. Алғашқы еуропалық университеттің отаны - Болонья қаласының(Италия) құрметіне аталған Болондық декларациямен (1999 ж.) бекітілген. 2004 жылға дейін Болондық үдеріске 40 ел мүше болды. Мүше – мемлекеттердің ағымдағы мәселелерін талқылау мақсатында мерзімдік кездесулерді ұйымдастыруды көздейді. Болон үдерісі демократиялық жоғары технологиялық ақпараттық нарықтық қоғам талаптарына сай келетін және жеке бағыттылықты, таңдау еркіндігін және өзіндік білім жолын игерумен, білім жинаудың ақпараттық-ізденімпаздық сипатын қалыптастыруды мақсат тұтады.
Болон үдерісі (Болондық қайта құрылулар) – жоғары білім министрлерінің Декларациясына сәйкес, еуропалық жоғары білім жүйесін жақындату процесін белгілеу үшін жиі пайдаланылып жүрген термин. (Париж, 1998; Болонья, 1999; Прага, 2001; Берлин 2003).
Болон үдерісі (Болондық қайта құрылулар) – жоғары білім министрлерінің Декларациясына сәйкес, еуропалық жоғары білім жүйесін жақындату процесін белгілеу үшін жиі пайдаланылып жүрген термин. (Париж, 1998; Болонья, 1999; Прага, 2001; Берлин 2003).
Болон үдерісі – жалпы қызмет қағидасына негізделген жоғары білімнің біріңғай еуропалық жүйесінің құрылу үдерісі. Қазақстан 2010 ж. 11 наурызынан бастап бірінші орталық-азиялық мемлекет болып (Болондық үдерістегі) Еуропалық білім беру кеңістігінің толық мүшесі болды.