Д
әулет Серікбаев атындағы ШҚМТУ басшылығы
университеттің имиджін қалыптастыруда аянбай
еңбек еткен 124 оқытушыны зейнеткерлікке шығарды.
Татьяна, визажист:
- Бұзылып кеткен азық-түліктер
жиі кездеседі. Әсіресе сүт
өнімдері. Сыртқы қорабындағы
жарамдылық мерзімі бітпесе де,
алған сүтім іріп тұрған жағдайлар
көп болған. Мен өзім дау-да-
майды, айғай-шуды ұнатпайтын
адамдардың
қатарынан
болғандықтан дүкенге барып
шағымданбаймын. Себебі біздің
қаламызда дүкеннен көп нәрсе
жоқ. Сондықтан бірден бара-
тын дүкенімді алмастырамын да,
бұзылған тауар шыққан дүкенге
мүлдем бармаймын.
Александр, қала тұрғыны:
- Таныс-туғандарымнан бұзы-
лып кеткен, мерзімі өтіп кет-
кен тауарларды алдым дегенді
естимін. Бірақ өз басымда ондай
жағдай болып көрмепті. Бірде
менің танысым мерзімі өткен та-
уар алып, уланып, ауруханаға жа-
тып шыққан. Содан бері мен ол
сауда жасаған дүкенге аяғымды
аттап баспаймын. Ал егер
болашақта маған сондай бұзылған
тауар түссе, онда мен дүкенге ба-
рып ақшамды қайтарып беруді
талап етемін.
Адель, сатушы:
- Иә, мен ондай жағдайда
сатушыларға барып ескертемін.
Одан кейін тауардың мерзімі
өткендігін тауар иесіне не-
месе тұтынушылардың құқығын
қорғау
комитетіне
айтуға
асықпаймын. Өйткені мен ол та-
уардан уланып, залалын көрген
жоқпын. Сатушыға ескертсең,
ол тауар иесіне де жетеді деп
санаймын.
Бірақ
өткізген
тауарыма ешқашан айырбас
жасауға келіспес едім. Өйткені
айырбасталған өнімнің сапасы да
дұрыс болмауы мүмкін.
Меруерт, қала тұрғыны:
- Мен дүкенге немесе тауар
өндірушіге бірден жүгірмеймін.
Себебі оның барлығы азық-
түліктің бағасына байланысты.
Егер алған өнімнің бағасы 100
теңгенің айналасында болса, дау
шығарып жүрмеймін. Өйткені
біріншіден ол менің уақытым,
жолға шығаратын шығыным. Ал
егер оның бағасы 500 теңгеден
жоғары болса және мен оны алған
дүкеннің түбіртегін сақтаған бол-
сам, онда дау шығару мақсатында
емес, сауда иелерін ескертіп,
тауарды қайтару үшін барамын.
ustinka.kz сайтының қолданушылары да аталмыш сауалнамаға атсалысты.
"Егер сіз сапасыз азық-түлік сатып алсаңыз, сіз сатушыға немесе өнім
шығарушыға барып айтасыз ба? деген сауалнаманың нәтижесі:
Барлығы
бағаға
байланысты.
75%
Жоқ, ұрысқан-
ды ұнатпаймын.
12.5%
М і н д е т т і
түрде барамын.
12.5%
Бұл
туралы
әлеуметтік желіге
саламын.
0%
Әрине, мұндай қаралы ста-
тистиканы көре сала облыс
орталығындағы өкпе ауруы-
на себепші болып отырған
экологияның салдары деп ой-
лап қалу оңай болар еді.
Себебі,
қаламызда
бірқатар
экологиялық мәселелердің әлі
күнге дейін бәсеңдемей тұрғаны
жұртқа аян.
Бірақ эколог мамандардың ай-
туынша соңғы кездері ауадағы
зиянды заттардың мөлшері өсім
білдірмеген. Сонымен қатар,
қыс мезгілінде ауадағы зиянды
заттардың көп шығарылатынына
қарамастан,
адам
денсаулы-
ғына ауа температурасының
төмендеуінен зиянды заттар-
дың
әсері
төмендемейтінін
айтады.
- Ауадағы зиянды заттардың
өсімі қолайсыз метеорологиялық
жағдайларда өседі, әсіресе қыс
мезгілінде. Ал Өскемен қаласы
үшін бұл 90 күнді құрайды, -
дейді Экологиялық қауіпсіздік
орталығының директоры Генна-
дий Корешков. - Бірақ, ауадағы
зиянды заттардың қаупі жыл
мезгілдеріне, ауа температурасы
мен күн уақытына қарамайды,
ол адам ағзасындағы өлшемімен
зиянды.
Тыныс
алу
жолдарының
зақымдануы, ауруға шалдығуы
тікелей түрде қысқы мерзімде
күшейеді. Тек тұмау ғана емес
ұзақ мерзімді аурулардың сал-
дарына әкеліп соғады. Бұл ту-
ралы дәрігер мамандар анықтап
айтады.
- Тыныс алу жолдарының
ішінде ең жиі кездесетін аурулар
қатарына жіті респираторлық
вирустық инфекция, өкпенің со-
зылмалы обструкциялық ауру-
лары, пневмония жатады. Бұл ау-
рулар экологиялық жағдайларға
байланысты емес, - дейді
Шығыс Қазақстан облыстық
денсаулық сақтау басқармасы
басшысының міндетін атқарушы
Ғалия Жуасбаева. - Аталған сим-
птомдар экологиялық фактор-
лармен байланыссыз вирустық
инфекциялар мен суық тию
ауруларының белгілері болып
табылады.
Ағымдағы
жылдың
19
қазанына қарай 800 мыңға
жуық
қазақстандықтарға
тұмауға қарсы вакцина егілді
деп хабарлаған болатын ҚР
ДСӘДМ. Атап өту керек, вакци-
наны егу әлі де жалғасып келеді.
Ал
өкпенің
созыл-
малы
обструкциялық
ау-
руы - ең алғашында шы-
рышты қабат, артынша үдеріс
үдеген сайын бронхтардың
тереңірек қабаттары мен пе-
рибронхиалды дәнекер тіні
зақымдалып, өкпе жолдары со-
зылмалы
түрде
қабынады.
Бұл
ауруға
көбінде
кәрі
жастағы ер кісілер шалдығады.
Мамандардың
айтуынша,
өкпенің созылмалы обструк-
циялық
ауруының
негізгі
белгілеріне: жөтел, қақырық та-
стау, ентігу жатады. Созыл-
малы бронхиттің ерекшелігі
ол уақыт өте келе дамиды
және кеш анықталады. Себебі
науқас ұзақ уақыт бойы аз ма-
заланады. Клиникалық көрінісі
бронхиалды
жолдардың
зақымдау деңгейімен байла-
нысты көрінеді.
Дос Сапар
әлеумет
7
№44 (306) 3 қараша 2016 ж.
фотоyaostrov.ruсайтынан
Денсаулық
Мәселе
фотоRevitaсайтынан
ШҚО
Статистика департаментінің мәліметінше
облыс бойынша тоғыз ай ішінде ты-
ныс алу мүшелері ауруынан 964 адам қайтыс болса,
олардың 177-сі өскемендіктер.
Қаралы статистика -
көңіл көншітпейді
Наркоз алу денсаулыққа зиян ба?
Адам өміріне қауіп төнген
кезде ең біріншіден ота жасалады.
Күрделі хирургиялық операция-
лар кезінде ауру сезімін болдыр-
мау мақсатында наркоз беріледі.
Наркоз - орталық жүйке жүйесіне
арнайы дәрілер жіберу арқылы
организмде
жасанды
түрде
шақырылған терең ұйқы. Нар-
коздан кейін адам есінен толық
не жартылай айырылып, ауыру
сезімін жоғалтып, тіндер жансыз-
данады.
- Наркоз берудегі негізгі
мақсат - пациентті хирургиялық
агрессиядан
қорғау,
ағзаның
тіршілігін қолдау мен монито-
ринг жүргізу арқылы жүрекке,
өкпеге және басқа да өмірлік
маңызды ағзаларға ұзақ оталар
жасауға мүмкіндік беру, - деп
түсіндірді ШҚО Денсаулық сақтау
басқармасы басшысының міндетін
атқарушы Ғалия Жуасбаева.
Наркоз
берер
алдында
науқастың ауыз қуысы, асқазаны,
ішегі толық тазаланады, жүйке
жүйесін тыныштандыратын дәрі
беріледі, мұны премедикация
кезеңі деп атайды. Наркоз арнайы
наркоз аппараттарымен беріледі.
Анестезиологтар
жіберілетін
дәрінің мөлшерін электрэнце-
фалограф
аппараты
арқылы
бақылап, тамырдың соғуын,
қан қысымын өлшеп отырады.
Өйткені науқастың организмі
жіберілген дәріге реакция беріп,
анафилакстік шок (естен тану)
болуы не наркоз беретін түтік
тыныс жолдарын жарақаттап,
ауаның өтпей қалуы мүмкін.
Наркоз
жүргізген
кезде
асқынулар да орын алып жатады
екен.
- Адамның өмірлік маңызды
ағзаларына (миға) анальгендік
заттар әсер етсе, құсу, жүрек
қызметінде - аритмиядан жүрек
толқуына дейін, өкпеге - ате-
лектаз, өкпені жасанды жел-
деткенде, наркоз жүргізудің
техникасы дұрыс болмағанда
асқынулар болуы мүмкін, -
деп
түсіндірді
Ғалия
Жуасбаева.
Облысымызда жылына 40
мыңнан аса наркоз қолданылады.
Анестезиология-реанимотоло-
гия ғылымы, жаңа препарат-
тар, жаңа жабдықтар дамуы-
мен байланысты жалпы наркоз
саны жылдан-жылға ұлғайып
келеді.
- Жансыздандырумен анесте-
зиология ғылымы айналысады.
Бұл ғылым түрі тұрақты түрде
дамып келе жатыр. Ал біздің
өңірлік тәжірибемізде соңғы кезде
жергілікті жансыздандыру кең да-
муда, - деді Ғалия Жуасбаева.
Жансыздандырудан
кейін
жиі кездесетін ауытқулардың
қатарында
жүректің
айнуы,
тамақтың
ауруы,
қалтырау,
бас айналу, бас ауру, арқа мен
белдің ауруы, бұлшық еттердің
ауруы, ұмытшақтық тұр. Ал жиі
кездесе бермейтін себептердің
ішінде отадан кейнгі өкпедегі
инфекция, тіл, тіс, еріннің
жарақаттануы, жалпы анесте-
зия кезінде ояну бар. Ең сирек
кездесетін жағдайлардың ішінде
жүйке жүйесінің зақымдалуы
(50 000 жағдайда 1 рет кездесуі
мүмкін), аллергиялық реакция
(15 000 жағдайда 1 рет орын алуы
мүмкін), көзді зақымдап алу (2000
жағдайда 1 рет орын алуы мүмкін)
жағдайлары да кездеседі екен.
Наркоз кез келген жағдайда са-
лына бермейді және оны сіздің
ағзаңызға жібермес бұрын анесте-
зиолог дәрігерлер сізге салына-
тын жансыздандыру дәрісі жайлы
бүге-шігесіне дейін баяндап, сізге
ұйқыдан ерте оянып жатқанда
қалай әрекет ету керектігін айтып
беруі тиіс.
Ақерке Ақылбекқызы
Б
үгінгі таңда меди-
цина әлемінде ешбір
ота наркозсыз жасал-
майды.
қоғам
8
№44 (306) 3 қараша 2016 ж.
фоторедакциямұрағатынан
Іссапар
Екі мектеп
арасына автобус
қатынайды
Облыс әкімі Даниал Ахме-
тов Тарбағатай ауданына барған
іссапарында бірқатар ауылдарға
атбасын бұрып, мектептердің
жағдайымен танысып қайтты.
Жұмыс барысында аймақ бас-
шысы Қызылкесік ауылына да бет
бұрды.
Құрметті қонақтардың келуі
мектеп ұжымын ашық күнде
найзағай күркірегендей әсерде
қалдырған болар. Себебі бұл
мектептің жағдайы айтарлықтай
мәз емес. Орындықтары алынып
тасталған акт залы, жабық ас-
хана, жылуы жоқ спорт зал еріксіз
қабақ шыттыратын болар.
- Акт залы қаңырап тұр. Ас-
хана жабық, кітапхана жабық.
Балаларды
ыстық
тамақпен
қамтамасыз ету деңгейі қандай,
сапалы түрде тамақтана алып
жүр ме, 30 миллион теңге қандай
істерге жұмсалғаны қаралсын, -
деп аймақ басшысы білім
басқармасының
басшыларына
тапсырмалар берді.
Бүгінгі
таңда
Көктүбек
ауылының орта мектебінде де
80-нен астам бала оқуда. Атал-
мыш ауылға жаңа мектеп салу
мәселесіне келгенде облыс бас-
шысы бұл сұрақты алдымен жан-
жақты ойлану керектігін айтты.
- Қазіргі таңда мектептердің
көпшілігі әлі де балалармен 60-
70%-ға ғана толатынын айтып,
Ақжар ауылындағы 600 орындық
мектептің бос тұрғанын мысалға
алды. Ауылдағы халық санын
есепке ала отырып, кішігірім
ауылдардың барлығына мектеп-
тер сала беруге болмайды, - деді
Даниал Ахметов.
Аталмыш ауылдың жанында
көршілес орналасқан Сәтпаев
ауылындағы
үш
қабатты
мектептің бірінші қабаты ғана
қолданыста болып тұрғаны об-
лыс әкімінің назарына ілікті.
Мектеп негізінен 280 орынға
көзделген, ал балалар саны да
көрші ауылдың кебінін кигендей
сексен оқушыдан сәл ғана асып
тұр. Ал арасы бес шақырыммен
бөлініп тұрған қос ауылдың мек-
теп мәселесін өзгеше жолмен
шешуді құп көрді.
- Мұнда жартылай бос мек-
теп тұр. Көрші ауылға жаңадан
мектеп
салып
шығындануға
келмейді. Екі ауылдың арасы
бес шақырым, ең дұрыс шешімі
екі мектептің арасына автобус
қатынасын орнатайық. Жөндеу
жұмыстарын
жүргізе
оты-
рып, бос тұрған екінші-үшінші
қабатты ашу керек. Мұннан мек-
теп салайық, ана жақтан мектеп
салайық деп ұсыныстар айтады.
Барлық кішігірім ауылдан бір-бір
мектептен ашсақ, шығынға ба-
тамыз. Әр жақта мұғалімдердің
жартысы жұмыс істесе, мына
жақта оқушылардың жартысы
білім алса не болғаны? Ертең
оқушыларымыздың білім сапасы
да төмендеп кетуі мүмкін, - деді
облыс әкімі Даниал Ахметов.
Аймақ басшысы бюджеттің
қаржысын оңды-солды шаша
бермей,
кейбір
мәселелерді
бірегей
жолдармен,
ойлана
шешуге шақырды. Ұстаздар
мен оқушылардың жағдайын
бақылап өткен облыс әкіміне
мектеп оқушыларының бірдей
киім үлгісін киетіндігі көңілінен
шықты. Білім салаларының бас-
шыларына бұл қадамдарының
дұрыс екенін айтты.
Айдос Мырзахметов
Борыш
Дерт
Әскери борышын өтеу
уақыты өзгермейді
А
ғымдағы жылдың
қазан-желтоқсан
айлары аралығында
еліміздің барлық
өңірлерінде кәмелеттік
жасқа толған азамат-
тарды мерзімді әскери
қызметке шақыру
науқаны жүргізіледі.
Биыл
Қарулы
Күштер
қатарына
еліміз
бойынша
30 мың азамат шақырылады
деп жоспарланса, оның ішінде
15 мыңы көктемгі шақыруға,
ал қалған 15 мыңы күзгі
шақыруға жатады. Оған 18 бен
27 жас аралығындағы іріктелген
жігіттер алынады.
- Шақыру учаскелеріне тіркеу
сәтінен бастап және олардың
әскерге шақырылғанына дейін
жергілікті әскери басқару ор-
гандарымен мерзімді әскери
қызметке шақырылуға жататын
азаматтарды жүйелі түрде зер-
делеу жүргізіледі, - дейді ШҚО
Қорғаныс істері жөніндегі де-
партамент басшысы, полковник
Дулат Танекенов.
Жақында ҚР Парламенті Се-
наты Халықаралық қатынастар,
қорғаныс
және
қауіпсіздік
комитетінің төрайымы Дариға
Назарбаева әскери борышты
өтеу мерзімін екі жылға ұзарту
керектігі
туралы
ұсыныс
білдірген. Алайда, Мәжілістің
жалпы отырысында ҚР Қорғаныс
министрі
Сәкен
Жасұзақов
әскери борышты өтеу мерзімінің
ұзартылмайтындығын айтқан бо-
латын.
- Қазіргі кезде сарбаздардың
әскердегі мерзімі бір жыл. Бұл
мерзім бізге жеткілікті. Қазақстан
армиясының
70
пайызын
келісімшартпен жұмыс істейтін
кәсіби
мамандар
құрайды.
Сондықтан Қорғаныс министрлігі
сарбаздардың Отан алдындағы
борышын өтеу мерзімін 2 жылға
созуды қолдамайды, - деді Сәкен
Жасұзақов.
Жасыратыны жоқ, қазіргі
қоғамда әскери борышын өтеуге
шақыртылған
азаматтардың
көбі әскерге жарамсыз. Тіпті,
кейбіреуі Отан алдындағы ұлы
борышын өтеуге еш құлықсыз.
Алайда, әскерден қашқан аза-
маттар міндетті түрде заңмен
жазаланатын болады. Әскерге
барудан саналы түрде қашып
жүргендер және шақыру қағазы
мен бірнеше ескертуді елемеген-
дер үшін жаза қатаң. Ондай аза-
маттар 3 жылға сотталады не-
месе 2 миллионға жуық айыппұл
төлейді.
Заң бойынша әскерден тек
денсаулығы жарамсыз, білім
алып жатқандар, отбасын құрып,
балалы болғандар босатылады, -
дейді Дулат Танекенов. - Осын-
дай себептермен әскер қатарында
болмағандар 33 жасқа дейін
жеделдетіп бір айлық жаттығуға
баруларына болады.
Мамандардың
айту-
ынша, бүгінгі таңда әскерге
шақыртылған жігіттердің басым
көпшілігі сколиоз, асқазан, көз
аурулары, жүрек пен семіздіктен
зардап
шегетін
көрінеді.
Айта
кетейік,
азаматтардың
психологиялық,
спорттық
дайындықтары мен денсаулығы
түгел
тексерілгеннен
кейін
бастапқы
әскери
дайындық
қорытындысы бойынша жігіттер
әскери ант қабылдайды. Одан
кейін әскери қызмет атқару үшін
тиісті лауазымдарға тағайындау
жүргізіледі.
Әскер
мемлекеттің
бас-
ты қорғаушы күші болса, ал
азаматтық борышыңды өтеу өз
елің мен ар-ұятыңның алдында
жауап берумен тең. Сондықтан
да айбынды азаматтарымыз Отан
алдындағы борышын әскери би-
лет үшін емес, өз парызым деп
түсінсе игі.
Ерке Мұхаметкәрім
Қант диабетінің емі бар ма?
Ж
ер шары тұрғындарының 6 пайызы қант
диабетінен зардап шегуде. Бұл дерт өмір
сапасын төмендетеді, мүгедектікке, тіпті, өлімге әкеліп
соғуы мүмкін.
Айта кетейік, қараша айының
16-жұлдызында
әлемде
Дүниежүзілік қант диабетімен
күрес күні өтеді.
- Диабет - ұйқы безінің
инсулинді
(қан
құрамында
қанттың немесе глюкозаның
құрамын
реттейтін
гормон)
жеткілікті
өндіре
алмауы-
нан немесе ағзаның өндірілген
инсулинді тиімді қолдана алмау-
ынан туындайтын қауіпті созыл-
малы ауру, - дейді ШҚО салау-
атты өмір салтын қалыптастыру
орталығы директорының орынба-
сары Альмира Тұрғымбаева.
Айта кетейік, қант диабетінің
екі типті түрі бар. Бірінші типі -
инсулин бөліну төмендеуі не-
месе
болмауы.
Сондықтан
күнделікті инсулин препаратын
қабылдау керек. Екінші типі -
ағзаның инсулинді тиімсіз пай-
далануы. Бұл типпен ауыратын-
дар жалпы көрсеткіштің 90 па-
йызын құрайды. Бұрын диабет-
пен тек ересектер ғана ауырса,
қазір балалар да ауыра бастағаны
байқалады. Одан өзге, жүкті
әйелдерде де қант диабеті болады.
Ол гестациялық қант диабеті
деп аталады.
- Негізінен тұқымқуалаушылық,
семіздік, баланың салмағы 4 кг-
нан артық болуы, жүктілік кезінде
ауыру, жоғары қан қысымы, басқа
да аурулар, ауыр инфекциялар,
химиялық агенттер, токсиндер,
өт зақымдануы, психологиялық
жарақат алу - бұның барлығы
қант диабетіне шалдығуға се-
беп болуы мүмкін, - дейді Аль-
мира Лұқбекқызы. - Қант диабеті
түрлі асқынуды тудырып, жалпы
мезгілсіз өлім-жітім қаупін арт-
тыруы мүмкін. Оған инфаркт,
инсульт, бүйрек жеткіліксіздігі,
аяқты кесу, көру қабілетінен ай-
ырылуы, жүйкенің зақымдалуы
және тағы да басқалары жатады.
Маманның айтуынша, қант
диабетінің алдын алу қажет. Де-
генмен, өкінішке орай, 1-типтің
алдын алу шаралары жоқ.
Ал 2-типтің алдын алу үшін
дұрыс тамақтану, арнайы диета
мен дене белсенділігін сақтау,
темекі,
алкоголь
сынды
жағымсыз әрекеттерден аулақ
болып, салауатты өмір сал-
тын сақтау маңызды. Сонымен
қатар, жан тыныштығын сақтаған
дұрыс. Өйткені күйзеліс ауруды
асқындырады.
Әдетте қант диабетімен ау-
ыратын адамдардың туыста-
рында қант диабеті жиі кездеседі.
Егер ата-анасының екеуі де қант
диабетімен ауыратын болса,
олардың
балаларында
диа-
бетпен ауыру қаупі - 100%,
ал ата-анасының бірі ауырса -
50%,
ағасы
немесе әпкесі
д и а б е т п е н
ауырса 25%.
- Егер сіз немесе
ж а қ ы н д а р ы ң ы з
қауіп
тобында
болсаңыз
да
еңсеңіз түспесін, - дейді
Альмира Тұрғымбаева. -
Қант
диабетінің
зама-
науи алдын алу шаралары
қалыпты өмір салтын ұстануға
мүмкіндік береді және осы
дерттің даму қаупін төмендете
алады.
Оның үстіне егемен-
діктің 25 жылдығында
еліміз медицина са-
ласында айтарлықтай
ілгеріледі. Тіпті бұрын-
соңды
көрмеген,
естімеген ем түрлері
қолданысқа енді. Соған
бір мысал ретінде елде
13 жыл бұрын қолға
алынған жасушамен ем-
деу ісі қант диабетін ем-
деуге септігін тигізуде.
Мысалы, осы аралықта
6 мыңнан астам ота жасалған.
Мамандардың айтуынша бұл
тәсіл арқылы ағзаға ендірілген
клеткалар
онкологиялық
және
генетикалық
ауру
тудырмайтындығы дәлелденген.
Айта кетейік елімізде бұндай
ем Ұлттық ғылыми медицина
орталығында жасалады.
Назерке Нұрболатқызы
АҚБАЯН
9
№44 (306) 3 қараша 2016 ж.
фото жеке мұрағатынан
"Қыздың
көзі
қызылда"
демекші, кез келген қыз жастайы-
нан әшекей бұйымдарға қызығып
өседі. Байырғы заманнан қазақ
қыздарының құлақтарына сырға,
мойындарына алқа, шаштарына
шолпы, қолдарына жүзік, білезік
тағатын. Қазіргі кезде қыздың
сұлулығын ерекшелейтін бұл
әшекей бұйымдардың таңдау
аясы кеңейіп отыр. Яғни, бағалы
тастардан ғана емес, көздің жа-
уын
алар
тас-моншақтарды
қолданумен жасалады. Бүгінгі
таңда қолдан жасалатын әшекей
бұйымдарға сұраныс артып отыр.
Облысымызда мұндай әшекей
бұйымдарды жасаумен айна-
лысып, өңіріміздің ғана емес,
еліміз
бойынша
қыздардың
сұлулыққа деген сұраныстарын
қанағаттандырып жүрген әшекей
бұйымдардың шебері Гүлназ
Темірханова.
Әшекей
бұйымдарды
әзірлеумен әуестенген Гүлназ
Бақытжанқызының бұл саладағы
еңбек тәжірибесіне бір жыл ғана
болды. Бірақ оның қолынан
шыққан бұйымдары аз уақыт
ішінде
бүкіл
қазақстандық
қыздардың көңілінен шығып,
сұраныстарын арттыруда.
Барлығы түсімнен
басталды...
Гүлназ Бақытжанқызы Ұлан
ауданының тумасы. Ұстаздардың
отбасында тәрбие алған ол,
әкесінің жолын қуып, тарих пәні
мұғалімі мамандығын меңгереді.
- Мен үйдің еркесімін. Отба-
сымда жалғыз қыз болғандықтан,
мені
ата-анам
"қанаттыға
қақтырмай,
тұмсықтыға
шоқтырмай"
өсіріп,
барлық
сұрағанымды, айтқанымды орын-
дады. Сондықтан мен ауыр
жұмысты немесе тыңғылықты
жұмыстарды бала кезімде істеп
үйренбеген едім, - дейді шебер.
Жас
шебердің
пікірінше, адам
өзі қалаған кез келген іспен ай-
налыса алады. Тек ол үшін оған
1 пайыз талант пен 99 пайыз
еңбек қажет. Тынбай еңбек етудің
арқасында Гүлназ Темірханова да
сән саласында өзінің орнын таба
білді.
- Балалық, студенттік шақтарда
менің таңдауым мен талғамым
әшекей бұйымдармен байланыс-
ты болды. Кез келген киімімді
әшекей тасты моншақтармен
сәндеп киетінмін. Бірақ олардың
қалай жасалатынын, тіпті оларды
өзім жасауым мүмкін екендігін
ойламаған екенмін, - деп атап өтті
Гүлназ Бақытжанқызы.
Шебер өзінің бұл қолөнер
түріне деген қызығушылығы
түсіне аян болып кіргенін де
жасырмады. Сол түстің бір
мағынасы барына сеніп, өмірі
қолына алып көрмеген тастарға
тапсырыс беріп, бағын сына-
мақ болды.
- Аяғым ауыр кезімде бос
уақытым көп болды. Не істерімді
білмей өзіме ермек іздейтінмін.
Бірде түсіме бейтаныс әйел кіріп,
әшекей тастарды көрсетіп, "бұл
сенің жолың" деді. Сол түстен
кейін мен жолдасыммен ақылдаса
келе, әшекей тастарды сатып
алып, ғаламтор желісіне көмекке
жүгіну арқылы үйрендім, - дейді
Гүлназ Темірханова.
Гүлжан ханым өзіне жаңа ермек
тауып, күн-түн демей, алғашқы
білезіктерін жасай бастайды.
Қолынан келіп жатқанда қуанып,
келмегенде бәрін басынан бастап
жасайтын. Соның арқасында өз
еңбегінің жемісін көріп отыр.
- Мен бұрын-соңды қолөнермен
айналысып
көрмегендіктен,
бұл мен үшін қызықты болды.
Қолымнан келмейтін кездерде
Алла менің он екі мүшемді
сау етіп жаратты, қол-аяғым
бар, менің қолымнан келуі ке-
рек деп өзімді ынталандырып,
бәрін басынан бастап отырдым.
Нәтижесінде
діттеген
мақсатыма
қол
жеткізетінмін, -
деді шебер.
Кез келген бастамада адамға
қуат беріп, жігерлендіретін адам
қажет. Гүлназ Темірханованың
жағдайында мұндай адам оның
өмірлік серігі болды.
- Егер сенің жаныңда қолыңнан
қандай да бір істің келетініне
сенетін адам болса, онда сен
оның
көңілін
қалдырмай,
оның алдында ерекше болып
көрінгің келеді. Мені алға қарай
ұмтылдырған
жолдасымның
маған деген сенімі, - деп атап өтті
Гүлназ Бақытжанқызы.
Еңбегіне қарай, өнбегі
Әр бұйымды әзірлеудің өзіндік
жолдары, қырлары мен сырлары
болады. Гүлназ Бақытжанқызы
өз
жұмыстарының
жемісін
көру мақсатында аянбай еңбек
етті. Ғаламторлардағы ақыл-
кеңестерден бөлек, ол қолөнер
шеберлігіне үйрететін кітаптарды
оқып отыратын.
- Ғаламторда бар нәрсе, кітапта
болмауы мүмкін. Сондықтан мен
қажетті әдебиеттерді сатып алуды
жөн санап, оларды да оқып,
зерттедім. Өзімнің біліктілігімді
арттыру жолында көп нәрселер
оқып білдім, - дейді шебер.
Оның пікірінше, теориялық
білімсіз, қандай да бір бұйымды
жасау мүмкін емес. Оған ол өз
тәжірибесімен қолжеткізді.
- Ең бірінші білезіктерді жасай
бастадым, шеберлігім шыңдалған
соң, сырға мен алқалар әзірледім.
Өз жұмыстарымды әлеуметтік
желілерге сала бастаған кезде,
тапсырыстар да түсе бастады.
Кейін диадема мен тәждерді де
жасап үйрендім, - дейді Гүлназ
ханым.
Шебер қазір өзінің бір білезігін,
алқасы мен сырғасын 1-2 сағатта
әзірлеп шықса, тәжді 1 күннің
ішінде жасайды.
- Болдым, толдым деген
адам болмау керек. Шебер өз
шеберлігін үнемі шыңдап отыру
қажет. Ең алғаш рет диадема-
ларды жасауға 5 күн кетті, кейін 2
күнде дайындап үйрендім, - дейді
Гүлназ Бақытжанқызы.
Адамның қиялында шек жоқ.
Талғамдары да әр кезде әр түрлі
болады. Сондықтан Гүлназ өзінің
клиенттерінің көңілінен шығу
мақсатында олардың барлық
сұраныстарын қанағаттандыруға
тырысады.
-
Адамдар
да,
олардың
талғамдары да әртүрлі бо-
лады. Бірі мен жасап қойған
бұйымдарды ұнатса, енді бірі
өздері "маған мынандай ке-
рек" деп келеді. Мен қолымнан
келмейді деп айтпаймын. Өйткені
оны жасап шыққан соң өзім де
бір белесті бағындырғандай бола-
мын. Сол себепті сұраған тапсы-
рыстарын алып, оны жасау жол-
дарын іздеп, үйреніп, шықпай
жатса басынан бастап, бәрібір де
жасап шығамын, - дейді шебер.
Гүлназ
Бақытжанқызының
қайтпас
қайсарлығының
арқасында ол тек облысымыздағы
қыздардың ғана емес Астана, Ал-
маты, Қарағанды қалаларындағы
сұлулардың сұраныстарын да
орындап отыр.
Тастар таңғажайып
бір әлем
Қазақ халқы наным-сенімдерге,
ырым-тыйымдарға ерте заман-
нан бері сеніп келеді. Сондықтан
тіл-көзден сақтау мақсатында
түйреуіштерді киімге түйреп,
үйлерді аластаумен де айналы-
сатын. Қазіргі кезде тас-
тар да зерттеліп, әр
тастың өзіндік сипатынан бөлек,
қандай да бір әрекетке, адамға
байланысты бағаланады. Ше-
бер өзінің ендігі мақсаты осы
тастардың ғылымын тереңірек
тану екенін айтты.
- Біз жаңа туған сәбиді тіл-
көзден
сақтау
мақсатында
түйреуіш түйреп, маңдайына
күйе жағамыз. Бүгінгі қоғамның
сұранысында осы түйреуіштерді
есімдермен ерекшелеп безендіру
сәнге айналды. Бұл бұйымдарды
жасауға да мен ерекше назар ау-
дарамын. Өйткені қара агат де-
ген тас көз тиюден сақтайды. Өз
жұмыстарымда қолдана бастадым.
Аквамарин деген тас адамның
күйгелектігін,
ашушаңдығын
басуға көмектесетінін білемін.
Сол себепті бұйымдарымда сол
тастарды қолдана бастадым, - деп
түсіндірді Гүлназ Бақытжанқызы.
P.S:
Достарыңызбен бөлісу: |