Пәнді оқып үйрену барлық өтілген материалды қамтитын, әр түрлі үлгідегі(жазбаша немесе ауызша емтихан, тестілеу) емтихан тапсырумен аяқталады. Емтиханға жіберілудің міндетті шарты бағдарламада қарастырылған барлық тапсырмалардың орындалуы болып табылады. Әрбір тапсырма 0-100 ұпаймен бағаланады. Ағымдағы сабақтарда орындалған барлық тапсырмалардың арифметикалық ортасынан рейтингке кіру рұқсаты шығарылады (сабаққа қатысу, үй тапсырмалары, БӨЖ бойынша тапсырмалары, іс-тәжірибе және басқадай тапсырмалар мен межелік бақылаулар бойынша). Пән бойынша қорытынды бақылауға жұмыс оқу бағдарламасының барлық талаптарын орындаған(барлық практикалық(семинар, зертханалық) жұмыстар мен БӨЖ, БОӨЖ тапсырмаларын орындап тапсырған), рейтингке кіру рұқсатын алған (50 ұпайдан кем емес) студенттер ғана жіберіледі. Әр пән бойынша(сонымен қатар, қорытынды бақылау МЕ түріндегі пәндер бойынша) студенттің оқу жетістігінің деңгейі сабаққа қатысуымен ескеріліп, рейтингтік бақылау және емтихан бағалары қосылған қорытынды бағамен анықталады(формуланы қараңыз). Қ= +ҚБ*0,4; (мұндағы n1,n2 – сабаққа қатысу, p1, p2 – межелік бақылаулар). Егер білім алушының рейтингке рұқсаты, сонымен бірге қорытынды бақылау бойынша дұрыс бағалары болған жағдайда ғана пән бойынша қорытынды бағалары есептелінеді. Қорытынды бақылауға себепсіз келмей қалған жағдайда «қанағаттанарлықсыз» деген бағамен теңеседі.
Пән бойынша аралық аттестация мен емтихан нәтижесі студенттерге дәл сол өткізілген күні немесе, егер жазбаша емтихан сол күннің екінші жартысында өткізілсе, онда келесі күні айтылып жеткізіледі. Білім алушының білімі нақты болу үшін қорытынды бағаны есептеу межелік бақылау мен қорытынды емтихан кезінде 0 ден 100% пайызға дейін бағаланады. Рейтингтік бақылау бағасы ағымдағы бағалар мен межелік бақылау бағасының қосындысы болады.