ШҚО мәдениет басқармасы
«Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі
Шығыс Қазақстан облыстық мекемесі» КММ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРА ОБЪЕКТІЛЕРІН
ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕР
Әдістемелік құрал
Өскемен қаласы, 2014 жылы
Мазмұны
1.
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы
органдарының құзыретi....................................................................................................
2.
Ұлттық-мәдени игілік объектілерінің ерекше режимі.................................................
3.
Тарих және мәдениет ескерткіштеріне қорғау міндеттемелерін беру ережесі.
4.
Тарих және мәдениет ескерткiштерiнің қорғау аймақтары........................................
5.
Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, оларға мәртебе беру және
одан айыру ережесі ....................................................................................................
6.
Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегi ғылыми-реставрациялау жұмыстары
7.
Жаңа ескерткiштер мен монументтерді орнату..........................................................
8.
Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және
пайдалану жөнiндегi заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк және олардың
орындалуын бақылау .........................................................................................................
9.
Қосымша материалдар............... ........................................................................................
1. АУДАНДАРДЫҢ (ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛАЛАРДЫҢ)
ЖЕРГIЛIКТI АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰЗЫРЕТI
«ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРА ОБЪЕКТIЛЕРIН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1992 ЖЫЛҒЫ 2 ШIЛДЕДЕГI N1488-ХII
ЗАҢЫНЫҢ 18-БАБЫ.
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары өз
аумағында:
1) жеке және заңды тұлғалардың тарих және мәдениет ескерткiштерiн қамқорлыққа
алуын ұйымдастыруға жәрдемдеседi;
2) жұртшылықты тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және насихаттау жөнiнде
iс-шараларды жүргiзуге тартады;
3) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы
заңдарының сақталуын қамтамасыз етедi;
4) уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша, тарих және мәдениет ескерткiштерiне қауiп
төндiретiн құрылыс және өзге де жұмыстарды тоқтата тұру, сондай-ақ оларға тыйым салу
туралы мәселенi шешедi;
5) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы
органдарына немесе уәкiлеттi органға өздерiнiң құзыретi шегiнде, тарих және мәдениет
ескерткiштерiнiң бүлiнуiн, құлау қаупiн жою жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
6)
тарихи-мәдени сараптама негiзiнде тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң
қорғалатындығын жариялау туралы ұсыныстар енгiзедi;
7) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының
заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге
асырады.
«ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРА ОБЪЕКТIЛЕРIН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1992 ЖЫЛҒЫ 2 ШIЛДЕДЕГI N1488-ХII
ЗАҢЫНЫҢ 4-БАБЫ, 2-ТАРМАҒЫ.
Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану:
1) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауға, зерттеуге және насихаттауға;
2) тарихи-мәдени мұра объектілеріне тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін
бекітуге;
3) жоюдан, тағылық актілерінен, өңін айналдырудан, жалған дәріптеуден, бұрмалаудан,
орынсыз өзгерістер енгізуден, тарихи түпмәтіннен үзіп тастаудан қорғауды қамтамасыз етуге;
4) археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу жолымен қайта
түлетуге және сақтауға;
5) олардың сақталуы қамтамасыз етілетін нормаларға сәйкес күтіп-ұсталуына;
6) этномәдени ортаны қайта түлету процесінде, сондай-ақ ғылыми және тәрбиелік
мақсаттарда пайдалануға бағытталған шаралар жүйесін қамтиды.
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ 2010 ЖЫЛҒЫ 20 СӘУІРІНДЕГІ
«ШЫҒЫС
ҚАЗАҚСТАН
ОБЛЫСЫНЫҢ
ТАРИХИ-МӘДЕНИ
МҰРА
ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ЖАҒДАЙЫН ОДАН ӘРІ ЖАҚСАРТУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАР
ТУРАЛЫ» № 436 ҚАУЛЫСЫ тек орыс тілінде.
2. ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ ИГІЛІК ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ
ЕРЕКШЕ РЕЖИМІ
«ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРА ОБЪЕКТIЛЕРIН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1992 ЖЫЛҒЫ 2 ШIЛДЕДЕГI N1488-ХII
ЗАҢЫНЫҢ 10-БАБЫ.
Меншік құқығының субъектілері
Қазақстан Республикасы, жеке және заңды тұлғалар тарихи-мәдени мұра объектілеріне меншік
құқығының субъектілері болып табылады.
"МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІК ТУРАЛЫ" ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2011
ЖЫЛҒЫ 1 НАУРЫЗДАҒЫ № 413-IV ЗАҢЫНЫҢ 4-БАБЫ.
Осы Заңның реттеу нысанасы
5. Тарих және мәдениет ескерткіштеріне, мәдени құндылықтарға мемлекеттің құқықтарды
жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, осы Заңмен және Қазақстан
Республикасының өзге де заңдарымен реттеледі.
«ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРА ОБЪЕКТIЛЕРIН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1992 ЖЫЛҒЫ 2 ШIЛДЕДЕГI N1488-ХII
ЗАҢЫНЫҢ 11-БАБЫ.
Тарих және мәдениет ескерткіштеріне мемлекеттік меншік
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және басқа субъектілерге тиесілі емес
тарих және мәдениет ескерткіштері Қазақстан Республикасының ерекше меншігі болып
табылады.
Қазақстан Республикасы қазақ халқының және Қазақстан Республикасында тұратын басқа
да халықтардың тарихи-мәдени мұрасын құрайтын тарихи-мәдени құндылығы бар тарих және
мәдениет ескерткіштеріне меншік құқығын олардың меншік иелерімен жасалған шарттар
бойынша сатып алуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы атынан халықаралық және республикалық маңызы бар
ескерткіштерге меншік иесі өкілеттігін тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану
жөнiндегi уәкiлеттi орган, ал жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiне -
облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық
маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асырады.
«ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРА ОБЪЕКТIЛЕРIН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1992 ЖЫЛҒЫ 2 ШIЛДЕДЕГI N1488-ХII
ЗАҢЫНЫҢ 12-БАБЫ.
Меншік субъектілерінің құқықтары
Меншік иесіне тарих және мәдениет ескерткіштеріне өз бетімен құрту құқығын
қоспағанда, меншік иесінің оларды меншік объектілері ретінде иеленуге, пайдалануға және
оларға билік етуге құқығы бар.
Меншігінде тарих және мәдениет ескерткіші бар азамат, егер меншік объектісі өзіне
мұрагерлік құқығы арқылы тиесілі болса және шығу тегі немесе мазмұны жағынан мұра етіп
қалдырған адамның жеке басымен немесе меншік иесінің ата-бабасымен байланысты болса, ол
ескерткіштің мазмұнын елу жыл мерзiмге дейiн жария етпеуді немесе зерттеу мен жария
көрсетуге жол бермеуді талап етуге қақылы.
Меншік иесі тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалану және іске қосу нәтижесінде
пайда табуға (табыс алуға) құқылы, бұл құқық оларды қорғау жөніндегі міндеттемелермен
шектеледі.
«ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРА ОБЪЕКТIЛЕРIН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1992 ЖЫЛҒЫ 2 ШIЛДЕДЕГI N1488-ХII
ЗАҢЫНЫҢ 13-БАБЫ.
Меншік иелерінің міндеттері
Тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң меншiк иелерi оларды сақтау жөнiндегi қызметтi
жүзеге асырады және:
1) тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар
қолдануға;
2) алынып тасталды - ҚР 2007.07.21 N 307Заңымен.
3) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық
маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарын меншік құқықтарының болуы мүмкін
немесе болған өзгерістері туралы хабардар етуге;
4) алынып тасталды - ҚР 2007.07.21 N 307Заңымен.
5) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде
ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді - уәкілетті органмен, жергілікті маңызы бар
тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді
облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы
органдарымен келісуге;
6) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық
маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен жасалған арнайы шарттарда
белгіленген тәртіп пен шекте тарих және мәдениет ескерткiшiне ғылыми, мәдени және өзге де
мақсаттарда қол жеткiзудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
Тарихи және мәдени ескерткіштердің меншік иелері мен оларды пайдаланушылардың
міндеттемелері облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті
атқарушы органдары беретін қорғау міндеттемесінде тіркеледі.
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген міндеттемелер тарихи және мәдени
ескерткіштерді пайдаланушыларға да бірдей дәрежеде қатысты
«ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРА ОБЪЕКТIЛЕРIН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1992 ЖЫЛҒЫ 2 ШIЛДЕДЕГI N1488-ХII
ЗАҢЫНЫҢ 30-БАБЫ.
Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға берудің тәртібі мен шарттары
Тарих және мәдениет ескерткіштерін жеке және заңды тұлғаларға ғылыми, мәдени-ағарту,
туристік және өзге де мақсаттар үшін пайдалануға беру осы Заңмен белгіленген тәртіп
бойынша жүзеге асырылады.
Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері осы Заңға сәйкес облыстардың
(республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының шешімі
бойынша пайдалануға беріледі.
Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
уәкілетті органның шешімі бойынша пайдалануға беріледі.
«МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2006 ЖЫЛҒЫ 15
ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ N 207 ЗАҢЫНЫҢ 34-БАБЫ
.
Ұлттық-мәдени игілік объектілерінің ерекше режимі
1. Кешенді түрде ерекше көркемдік немесе тарихи мүдделілік туғызатын коллекцияларды
немесе заттар жиынын бөлшектеуге болмайды.
Мемлекеттіктізілімге енгізілгенұлттық-
мәдениигілікобъектілерінуәкілеттіорганныңәрбірнақты
объект
бойыншаөзіқұратынсарапшыкомиссиясыныңұсынымынегізіндеберетінарнайырұқсатынсызжою
ға, басқажергеауыстыруға, өзгертуге, түрлендіругенемесереставрациялауғажолберілмейді.
2. Ұлттық-мәдени игілік объектілерін тарихи, көркемдік және діни мақсатына сай емес
қандай да бір тұрғыда пайдалануға жол берілмейді. Діни-табыну ұйымдарына тиесілі және
ұлттық-мәдени игілік объектілері болып табылатын заттар олардың табынушылық мақсаты
ескеріле отырып пайдаланылуы мүмкін.
3. Ұлттық-мәдени игілік объектілерінің айрықша режимі авторлық құқық және сабақтас
құқықтар объектілеріне қолданылмайды.
4. Сәулет ескерткіштерін пайдаланудың басым құқығы мәдениет мекемелеріне тиесілі.
5. Ұлттық-мәдени игілік объектілерінің жай-күйін тиісінше ұстап тұру және сақтау
жөніндегі міндеттер оларды пайдаланушыларға немесе меншік иелеріне жүктеледі. Аталған
міндеттің сақталмауы берілген құқықты сот тәртібімен өтемді негізде алып қоюға әкеліп
соғады. Меншік иелерінің немесе пайдаланушылардың ұлттық-мәдени игілік объектілерін
күтіп-ұстауға материалдық немесе өзге де мүмкіндіктері болмаған кезде, шығыстарды мемлекет
өзіне алады. Ұлттық-мәдени игілік объектісі меншік иесінің құқықтарын іске асыру, Қазақстан
Республикасының ұлттық-мәдени игілік объектілері сатылған жағдайда, оларды мемлекет
иеленуінің басым құқығы көзделіп, Қазақстан Республикасының заңында белгіленген
бақылаумен және тәртіппен жүзеге асырылады.
6. Мемлекет меншігіндегі ұлттық-мәдени игілік объектілері иеліктен шығаруға жатпайды.
7. Ұлттық-мәдени игілік объектілері мен заттарын қасақана жойғаны, бұзғаны немесе
бүлдіргені
үшін
жеке
және
заңды
тұлғалар
Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.
«ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРА ОБЪЕКТIЛЕРIН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1992 ЖЫЛҒЫ 2 ШIЛДЕДЕГI N1488-ХII
ЗАҢЫНЫҢ 33-БАБЫ.
Пайдалануға берілген жерлерде тұрған тарих және мәдениет ескерткіштерінің
сақталуын қамтамасыз ету
Жеке және заңды тұлғалар өздеріне пайдалануға берілген жерлерде тұрған тарих және
мәдениет ескерткіштерінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
«ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРА ОБЪЕКТIЛЕРIН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1992 ЖЫЛҒЫ 2 ШIЛДЕДЕГI N1488-ХII
ЗАҢЫНЫҢ 38-БАБЫ.
Тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнын ауыстыруға және оларды өзгертуге тыйым
салу
1. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнын ауыстыруға және оларды өзгертуге тыйым
салынады.
Тарих және мәдениет ескерткішінің жетпіс процентінен астамы бұзылған не оның тарихи-
мәдени құндылығы жоғалған, не орнын ауыстыру оның сақталу жағдайын жақсартатын болған
жағдайда:
1) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне
уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен;
2) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне облыстардың
(республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының ұсынуы
бойынша уәкілетті органның шешімімен уәкілетті органның арнайы комиссиясымен келісе
отырып тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде ғана олардың орнын ауыстыруға
және өзгертуге жол беріледі.
2. Мұндай шешім алған жеке және заңды тұлғалар ескерткіштің орнын ауыстыруды немесе
оларды өзгертуді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген
шарттардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті, ал уәкілетті орган тарих және мәдениет
ескерткішін ғылыми зерделеу және тіркеу бойынша жұмыстар жүргізуге міндетті.
3. Аталған жұмыстарды жүзеге асыруға байланысты шығыстар тарих және мәдениет
ескерткішінің орнын ауыстыруға немесе оларды өзгертуге шешім алған жеке және заңды
тұлғалардың есебінен жүргізіледі.
«ЖАРНАМА ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2003 ЖЫЛҒЫ 19
ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 508-ІІ ЗАҢЫНЫҢ 11-БАБЫ.
Сыртқы (көрнекi) жарнама
Тарих пен мәдениет ескерткiштерi, ғибадат ету объектiлерi аумағында, сондай-ақ ерекше
қорғалатын табиғи аумақтарда сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыруға тыйым салынады.
3.ТАРИХ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ЕСКЕРТКІШТЕРІНЕ ҚОРҒАУ
МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН БЕРУ ЕРЕЖЕСІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 6 ҚАРАШАДАҒЫ N 1045
ҚАУЛЫСЫ
«ТАРИХ
ЖӘНЕ
МӘДЕНИЕТ
ЕСКЕРТКІШТЕРІНЕ
ҚОРҒАУ
МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН БЕРУ ЕРЕЖЕСІ».
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тарих және мәдениет ескерткіштеріне қорғау міндеттемелерін беру ережесі
(бұдан әрі - Ереже) "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан
Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 17-бабының 6)
тармақшасына сәйкес әзірленген және ескерткіштердің меншік иелеріне немесе
пайдаланушыларға тарих және мәдениет ескерткіштеріне (бұдан әрі - ескерткіштер) қорғау
міндеттемелерін беру тәртібін айқындайды.
2.
Осы
Ережеде
мынадай
негізгі
ұғымдар
пайдаланылады:
1) қорғау міндеттемесі - тарих және мәдениет ескерткішінің осы құжатты ресімдеу сәтіндегі
жай-күйі және меншік иесінің немесе пайдаланушының тарих және мәдениет ескерткішін
күтіп-ұстау шарттары тіркелетін құжат;
2) меншік иесі - өз бетімен құрту құқығын қоспағанда, тарих және мәдениет ескерткішіне
қатысты иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығын жүзеге асыратын жеке немесе заңды
тұлға;
3) тарих және мәдениет ескерткішін пайдаланушы - Заңға сәйкес тарих және мәдениет
ескерткішін оның меншік иесімен жасалған шарт негізінде пайдалану құқығы берілген жеке
немесе заңды тұлға.
2. Қорғау міндеттемелерін ресімдеу және беру тәртібі
3. Ескерткіштің меншік иесі немесе пайдаланушы облыстардың (республикалық маңызы
бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарын (бұдан әрі - жергілікті атқарушы
органдар) ескерткішке меншік (пайдалану) құқықтарының болуы мүмкін немесе болған
өзгерістері туралы хабардар етуге міндетті.
4. Жергілікті атқарушы органдар хабар алған сәттен бастап не тарихи-мәдени мұра
объектісіне ескерткіш мәртебесін берген сәттен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде қорғау
міндеттемесін ресімдейді.
Сілтеме. 4 – бөлім, 29.04.2011 жылғы № 467 ҚР Үкіметінің қаулысымен енгізілген
өзгерістерімен,
5.
Қорғау міндеттемесінде: оны ресімдеу сәтіндегі ескерткіштің жай-күйі;
меншік иелерінің немесе пайдаланушылардың ескерткішті күтіп-ұстау шарттары тіркеледі.
Қорғау міндеттемесін ресімдеу сәтіндегі ескерткіштің жай-күйін тіркеу үшін жергілікті
атқарушы органдар меншік иелерімен немесе пайдаланушылармен бірлесіп, ескерткішке
техникалық байқау жүргізеді, оның деректері қорғау міндеттемесіне енгізіледі.
6. Ансамбльді құрайтын ескерткіштердің қорғау міндеттемелерін ресімдеу кезінде
техникалық байқау деректері ескерткіштің әрқайсысы бойынша жеке тіркеледі.
7. Ескерткішке меншік (пайдалану) құқықтары ауысқан кезде жергілікті атқарушы органдар
осы Ережеде көзделген тәртіппен қорғау міндеттемесін қайта ресімдеуді жүзеге асырады.
8. Қорғау міндеттемесін беруді оны ресімдегеннен кейін үш күннің ішінде жергілікті
атқарушы органдар жүзеге асырады.
4. ТАРИХ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ЕСКЕРТКIШТЕРIНІҢ ҚОРҒАУ
Достарыңызбен бөлісу: |