зерттеушілері
XIX ғасыр
Мәутенғазина Мерейім
ГИ-201
Шоқан Уәлиханов
қысқаша биография
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов- 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын жерінде дүниеге келген.
Шоқанның ата- бабалары атақты сұлтандар әулетіне жатады. Оның арғы бабасы Абылай хан XVII ғасырдың айбынды қазақ билеушілерінің бірі болды.
Ал атасы Уәли хан патша үкіметінің ресми түрде бекіткен қазақтың соңғы ханы еді. Әкесі Шыңғыс Уәлиханов білімді адам болған. Ол 1834 жылы Омбыда Сібірдің казак әскери училищесін бітіріп, орыс армиясында жоғары әскери шен - полковник атағын алып, Қазақстанды басқару аппаратында көптеген жауапты қызметтер атқарды
Shoqan Ualikhanov
Шоқан Уәлиханов-XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің алғашқы және талантты өкілдерінің бірі болып келеді.
Шоқан Уәлиханов Шығыс халықтарының география, тарих, этнография, салаларында айтарлықтай толымды да жемісті ғылыми зерттеулер жүргізді, сол кездерде сыры-қыры
ашылмаған беймәлім елдерге асқан қауіп
қатерге қарамастан, батылдықпен саяхат жасады.
Өзің ержүрек саяхатшы ретінде даңққа бөлеген Қашқар сапарына
Шоқан Уәлиханов 1858-1859 жылдарда шықты. Бұл сапар қауіп қатерге толы сапар болған еді. Осы уақытта ол қаламен танысып, Алтышаһар елін зерттейді. Солтүстігінде Тянь-Шань, оңтүстігінде Кунь-Лунь таулары қоршап тұрған Қашқар, Ақсу, Үш Турфан, Жанасар, Жаркент және Қотан қалалары сол кезде Алтышаһар деп жалпылама аталатын.
Ш.Ш.Уәлиханов Петербург қаласына тек 1859 жылдың аяғында барады.
Орыс ғалымдары оны ержүрек саяхатшы, Орта Азия, Қазақстанды терең білетін зиялы зерттеуші ретінде қарсы алды.
Сонымен қатар ол орыс география қоғамында да қызмет атқарады. Мұнда жас ғалым өз еңбектерін География қоғамының басылымдарында жариялауға
әзірледі. Шоқанның "Жоңғар очерктері", "Алтышәһардың немесе Қытайдың Нан-Лу ( Кіші Бұқардағы) алты қаланың 1858-1859 ж жай-күйі туралы" және де т.б еңбектері 1861 жылы "География еңбектерінде" жарық көрді.
Орта Азияны, Қазақстанды және Шығыс Түркістанды зерттеуші ретінде Ш.Уәлихановтың ғылыми еңбектерін
әлемдік ғылым бірауыздан мойындады. Оның еңбектері орыс, ағылшын, француз және неміс тілдерінде басылып шыққан.
Ш.Ш.Уәлиханов тұңғыш рет Тянь-Шаньның сүтқоректі жануарлары мен құстарын зерттеді және олардың таралу заңдылығын анықтап алғаш рет аудандастырды. Ғалымның деректері бойынша, Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шаньның биік белдеулерінде оңтүстік Сібір мен қырғыз даласының таулы аймақтарына тән сүтқоректілер таралған. Шоқан бұл пікірін Жоңғар Алатауы
мен Тянь-Шаньның тауларында да бұғы, тауешкі, арқар, қарақоңыр және қызғылт түлкі, ақтөс сусар және т. б. кездесетінін айтып дәлелдейді.
Ш.Ш.Уалиханов өзі зерттеген елдерді картаға түсіру ісіне елеулі үлес қосты. Оның архивінде толып жатқан чертеждер, карталар, схемалардың сызбалары сақталған, олардың көпшілігі осы күнге дейін сыры ашылмай және қалпына келтірілмей жатыр.
Орта Азиямен Шығыс Түркістанның картасын құрастырған кезде Ш.Ш.Уәлихановқа көптеген ескі деректер мен материалдарды ақтарып зерттеуге, өз ізденістерімен қатар ғылыми әдебиетке де сүйенуге тура келгенін дәлелдейді. Архивте сол сияқты Ш.Ш.Уәлиханов құрастырып, әскери-топографиялық депоның архивіне түскен кейбір карталардың тізімі келтірілген. Олардың арасында мыналар бар:
1. Құлжа қаласының планы.
2.Балқаш көлі мен Алатау жотасының аралығындағы кеңістіктің картасы.
3. Іле өзенінің төменгі сағасының картасы.
4. Іле өлкесінің батыс бөлігіне әскери барлау.
Азия бөлімшесінің қорында экспедиция жұмысының нәтижесі туралы есепке қоса Ыстықкөлдің картасы да сақталған.
Ш.Ш.Уәлиханов зерттеулерінің ішіндегі ең маңыздысы әрі қызғылықтысы — оның Шығыс Түркістанға жинаған материалдары. Ғалымның қолжазбаларының архивінде Шоқанның күнделіктерінде жазғандарымен қоса толып жатқан суреттемелер, топографиялық және географиялық карталар бар.
Ш.Ш.Уәлиханов 1852 жылы құрастырған тағы бір карта бар. Ол — Торғай даласы мен Құсмұрын дуанының қауырсынмен сызылып жасалған схемалық картасы. Картаның практикалық зор маңызы бар, өйткені оны Қазақстанның осы күнгі картасымен салыстыра отырып, кейбір геогра-фиялық объектілердің ол кезде қандай роль атқарғанын түсінуге болады.
пайдаланылған әдебиеттер
1. Ш.Ш.Уәлиханов «Бес томдық шығармалар жинағы» V том
2. Ә.Илмағанбетов «Ш.Уәлиханов» таңдамалы.
3. Қазақстан тарихы VI томдық
Thank You