Негізгі:
Кокс көміртек (IV) оксидіне дейін жанады, бұл кезде темірді балқытуға және реакция жүруіне қажетті жылу бөлінеді:
C + O2 = CO2 -394 кДж/моль
CO2 +C = 2CO + 174 кДж/моль
Кен құрамындағы темір (ІІІ) оксиді көміртек (ІІ) оксидіне дейін тотықсызданады.
Fe2O3 + 3CO = 2Fe + 3CO2 – 30 кДж/моль
Қосымша темір кеніндегі басқа элементтердің оксидтері тотықсызданады:
MnO2 + 2CO = Mn + 2CO2
SiO2 + 2CO = Si + 2CO2
P2O5 + 5CO = 2P + 5CO2
Кен құрамындағы қиын балқитын қоспа (SiO2) қож түрінде бөлініп шығады:
CaO + SiO2 = CaSiO3
Кальций оксиді әктас (CaCO3)немесе доломит (CaCO3·MgCO3) ыдырағанда түзіледі:
CaCO3 = CaO + CO2 + 178 кДж/моль
2,5% C 0,3-5% Si 1% Mn 0,1% S 0,5% P
Шойынның ең басты кемшілігі морт сынғыштығы, оны қайта болатқа өңдейді.
Болат — темірдің көміртек (2%-ке дейін) және басқа элементтермен қорытпасы[1]; темірдің көміртегі және басқа элементтермен қосылып жасалған деформацияланатын қорытпасы.
Болат - өндіру технологиясына байланысты, қорытпа құрамында көміртектен басқа марганец, кремний, күкірт, фосфор т.б. қосалқы элементтер болады. Мұндай болатты көміртекті болат деп атайды. Болат сапасын арттыру үшін, қорытпа құрамына хром, никель, молибден, ванадий вольфрам, марганец, кремний т.б. элементтер қосылады. Мұндай қорытпа легирленген болат деп аталады. Болат – қара металлургия өндірісінің негізі - машина жасау өнеркәсібі мен құрылыста пайдаланылатын негізгі материал. Пайдалану саласына қарай, болатты басты-басты төрт топқа бөлуге болады :
Құрылыстық болат. Әдетте, прокат күйінде құрылыс конструкцияларының әртүрлі элементтері мен вагон, кеме жасауда қолданылады.
Машина жасау болатынан негізінен әр түрлі машина бөлшектері жасалады. Ол үшін термиялық өңдеу мен химиялық-термиялық өңдеуден өтеді.
Аспаптық болат әр түрлі кесу, өлшеу, штамп аспаптарын жасауға пайдаланылады. Айырықша-физикалық қасиеттері бар болат кәбінесе электр техникасы, химия, әскери техникаларын жасауда пайдаланылады.
Болат өндіретін негізгі шикізатқа шойын мен металл сынықтары, қосымша оттекпен байытылған ауа, кейбір қоспалар жатады.
Негізігі: шойын құрамындағы қосымша элементтерді тотықтыру жатады: C, S, P, Mn, Si және т.б.
Түзілген темір (ІІ) оксиді де, қоспаларды тотықсыздандыруға қатысады.
Кремний және фосфор кальций оксидімен қож түзеді:
CaO + SiO2 = CaSiO2
3CaO + P2O5 = Ca3(PO4)2
Темір (ІІ) оксидін бөліп алу үшін басқа металдарды қосады.
FeO + Mn = MnO + Fe
MnO қожға айналады.
MnO + SiO2 = MnSiO3
Болат өте маңызды материал. Болат-аспанмен таласқан мұнаралар мен аспалы көпірлер, пойызға арналған рельстер, қуатты әскери кемелер мен артиллерия жасалады.
Ағылшын металлургі Р.Э.Хэдфилд марганецті болатты 1882 ж патенттеген, осы кезден бастап, лигерленген болат алу басталды. Болатқа хром, молибден, ванадий, вольфрам және ниобий қосып, металлургтер әр түрлі қасиеттері бар лигерленген болат алды. 1919 ж аиерикалық өнертапқыш Э.Хейнес құрамында қоспа түрінде хром және никель бар тоттанбайтын болатты патенттеген. 1916 ж құрамында кобальт қосылған вольфрамды болаттан дайындалған магниттерді Жапония металлургі К.Хонда ашты
Достарыңызбен бөлісу: |