Шокпарова дана канатхановна



Pdf көрінісі
бет14/27
Дата13.09.2022
өлшемі6,4 Mb.
#38965
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27
в) ГАЖ технологияларын пайдалану 
Зерттеу нысанын территориялық талдауда және оның нәтижесі болып 
саналатын тақырыптық карталардың жиынтығы ГАЖ технологиясының кеңінен 
пайдаланып жүрген ArcGIS 9.3 және ArcGIS 10 бағдарламаларының көмегімен 
іске асырылды.  
ГАЖ алғашында географиялық мәліметтерді талдау және оларды басқаруға 
бағытталған технология ретінде дами бастаған ілім. Дегенмен де, ГАЖ-дың 
бірінші даму тармақтары бар. Алғашқыда, бұл термин 1960ж. басында Rodger 
Tomlinson [87] еңбектерінде Canada Land Inventory атты компанияда жұмыс жасап 
жүрген кезінде пайда болатын.
Қазіргі таңда қолданбалы геоақпараттық ArcGIS жүйесімен жұмыс жасау 
барысында David M. Theobald [88] өзінің еңбегінде атап өткендей келесідей 
жұмыстар іске асырылады: 
- карталарды құрастыру және оларды өңдеу; 
- карталарды безендіру және оларды көзбен шолу; 
- тақрыптық карталарды құру; 
- графикалық және семантикалық ақпаратты кеңістіктік және статистикалық 
тұрғыда талдау; 
- «ал егер де ...» қағидасы бойынша талдау мен жобалау; 
- геокодтау; 
- мәліметтер базасымен жұмыс жасау, соның ішінде ODBC бойынша да; 
- карталарды немесе графикалық файлдарды принтер және плоттерден 
шығару. 
Карталарда берілген қандай да бір мәліметтер бойынша ақпарат алу 
картографиялық зерттеулерді жүргізу барысы 4 кезеңнен тұрады:


19 
1-кезең – картада бар мәліметтердің қатысымен шешілетін мәселелерді алға 
қою;
2-кезең – дайындық кезеңі;
3-кезең – зерттеуді жүргізу;
4-кезең – алынған мәліметтерді сараптау, өңдеу. 
Алғашқы кезең картаны құрастырудың мақсатын анықтап алғаннан кейін 
басталып, кейіннен нақтылы математикалық сипатта анықталады. 
ArcGIS мәліметтерді өңдеуде жоғарғы деңгейлі мүмкіндігі бар, 
геоақпараттық жүйелерді толық каталог түрінде құрып, картография саласында 
кеңінен қолданылатын бағдарлама болып табылады. Бұл ESRI фирмасының 
өніміне жатып, өзара байланысқан 3 базалық мүмкіндіктердің жиынтығы, яғни 
ArcMap, ArcCatalog және ArcToolbox-тың. Бұлар арқылы картографиялау, 
мәліметтерді басқару және редакциялау, кеңістіктік талдау, оларды геоөңдеуден 
өткізу сияқты көптеген ГАЖ-функцияларын шешуге мүмкіндік береді. 
Сондықтан, бұл бағдарлама, толық-функционалды, интегрирленген және 
масштабталған жүйеге жатады. Мұның қызметінің толық орындалуы үшін, 
құрамдас бөліктерінің жұмыстарына тоқтауға тура келеді. Мысалы, ArcMap 
қосымшасында карта құрастырудағы картаны байлау, сандау, мәліметтерді енгізу, 
редакциялау жұмыстары жүргізіледі. Осы орындалатын функциялар ArcGIS –тің 
атқарылатын қызметінің негізгі жұмыстары болып табылады. Ол екі бөлімнен 
тұрады. Біріншісі, географиялық мәліметтерді картаға енгізу, қабаттармен жұмыс 
істеу, редакциялау, географиялық мәліметтерді бейнелейтін белгілерге талдау 
жасау және т.б. жұмыстар атқарылады. 
Екіншісі, компановка, яғни картаны қағаз бетіне басып шығаруға дайындау. 
Бұл бөлімде карта безендіріледі, легендасы құрастырылады, тақырыбы жазылады, 
масштабы бекітіліп көрсетіледі, солтүстік бағыттаушысы қойылады және қағаз 
өлшемі беріледі. ArcCatalog - геомәліметтер базасын құру, кеңістіктік 
мәліметтерді басқару, яғни оларды қабаттарға бөлу үшін метамәліметтерді құру
бақылау, басқару сияқты қызметтер атқарылады. 
ArcToolbox - геомәліметтерді өңдеуге арналған көптеген құралдарды 
сақтайтын қосымша. Мысалы, полигональды нысандарды сызықтыққа немесе 
керісінше, тұйық сызықты нысандарды полигональдыға аударатын құралдарды 
сақтай алады [89]. Мұның қызметінің іске асырылуы 1-суретте көрсетілген.


20 
1 -сурет - ArcToolbox қосымшасында жұмыс істеу 
Сандық карталарды құру жұмысы келесі жұмыстардың кезектесіп 
орындалуымен іске асырылады: 
- растрлық бейнелерді байлау; 
- кеңістіктік нысандарды векторлау (сандық қабаттарды құру); 
- атрибутты (қосымша) кестені құру және толтыру; 
- сандық карталарды безендіру. 
Карталарды өңдеуге дайындық кезеңіндегі бірінші қадам – бұл байлау 
(растрлық бейнені тіркеу).
Растрлық бейне дегеніміз бұл суреттің, фотосуреттің немесе қандай да бір 
графикалық материалдың растрдың нүктелік жиынтығы ретінде компьютерде 
сипатталуы.
Растрлық бейненің цифрленуі онда сипатталған нысандардың (мысалы, 
облыстар, аудандар, көлдер аймақтық объектілер түрінде болуы мүмкін; жолдар, 
электрберу сызықтары, газ және мұнай құбарлары, өзендер сызықтық объектілер 
түрінде; құдықтар, бақылау постары, көпірлер, биіктік белгілері нүкте түрінде) 
векторлық түрде сипатталуымен ерекшеленеді. 
Цифрлау барысында сапалы нәтиже алу үшін қарапайым, бірақ қажетті 
қағидаларды ұстану керек: 
1. Әр түрлі географиялық класстар белгілерін (нүкте, сызық, полигон) әр 
түрлі қабаттарға орналастыру керек; 
2. Әр түрлі тақырыптық класс белгілерін әр түрлі қабаттарға орналастыру 
керек (мысалы, жолдар мен өзендердің сегменттерін бір қабатқа орналастырса, әр 
түрлі қабаттағыларға қарағанда олар компьютердің көп ресурстарын алып 
жатады). 
3. Сызықтық нысандарды векторлау кезінде кем дегенде үш сызық 
қиылысатын жерді таңдау керек. Жаңа сызықтың басын Snap режимінде дәл 
байланыстыру керек (S батырмасын қосып және өшіріп) және жаңа сызықты 
келесі қиылысуға дейін векторлау қажет. Сызықтың қиылыспайтын нүктелерінде 


21 
де (мысалы, егер сызық ұзын болып, үзіліс жасау керек болса) сызықты бастауға 
және аяқтауға болады. 
4. Өзен сигментінің торын цифрлау кезінде (немесе бағытты қажет ететін кез 
келген басқа қабаттың берілгендері) өзеннің ағымы бойынша не керісінше, 
ағымға қарсы енгізу керек (кейін олардың барлығын бір уақытты бұруға болады). 
5. Егер екі полигон шекаралас болса, онда осы шекарадағы полигондардың 
контурлары бірдей боуы тиіс (бірдей координаттардан тұратын нүктелерден 
құралады). 
Бұл аталған карта құру кезеңдерін және оларда ArcGIS бағдарламасының 
көмекші құралдарының көмегімен бастапқы жән қосымша карталар құрастырылу 
жолдары 3-кестеде толығымен көрсетілген.


22 
3-кесте - Ландшафттық-экологиялық картографиялау барысындағы мәліметтерді геоақпараттық өңдеудің 
мазмұны мен кезектестігі 
Өңдеу этаптары 
Өңдеу барысында атқарылатын 
жұмыстар 
ArcGIS қызметтері мен 
құрылғылары 
Нәтижелері 
1. Мәліметтерді 
жинақтау 
мен 
алғашқы 
өңдеуден өткізу 
Мәліметтер 
базасын 
құру, 
атрибутивті кетселерді толтыру 
ArcCatalog-тың 
векторлау 
құралдары мен ArcMap-тың 
редактор құралдары 
Мәліметтер 
базасы 
және 
алғашқы 
тақырыптық қабаттар 
және олардың құрамы 
2. 
Жаңа 
мәліметтерді алу 
(талдау) 
Барлық жиналған мәліметтерді ГАЖ 
бағдарламасы 
бойынша 
өңдеуге 
қолайлы бір форматқа келтіру; ГАЖ-
да карта алгебрасының алгоритмін 
пайдалана 
отырып 
алғашқы 
мәліметтердің негізінде тақырыптық 
карталарды құрастыру 
ArcGIS Spatial Analyst-қа 
«конверттеу»; 
ArcGIS 
Spatial Analyst бойынша 
"тығыздығы" 
Алғашқы тақырыптық 
растрлар, 
жаңа 
аналиимкалық 
көрсеткіштер 
3. Мәліметтерді 
қайта 
жіктеу, 
қарастыру 
(анализ 
және 
бағалау) 
Тақырыптық шкалаларды единой 
қалыпты 
шкала 
мәліметтерімен 
алмастыру 
«Қайта классификациялау» 
ArcGIS Spatial Analyst 
Нақты 
шкалалары 
белгіленген 
қайта 
өңделген тақырыптық 
карталар 
4. 
Мәліметтер 
жинағын 
өңдеу 
(синтез) 
Тақырыптық карталарды бір-біріне 
беттестіру 
ArcGIS Spatial Analyst-тің 
"Есептік калькуляция" 
Синтездің нәтижесінде 
алынған 
жаңа 
тақырыптық карталар 
5.Ландшафттарды 
тіркеп, тексеріп
шекараларын 
анықтау 
Ландшафттық 
карталардың 
векторлық 
полигондарын 
орта 
мәндерін анықтап, есептеу
«Зоналық 
статистика» 
ArcGIS Spatial Analyst 
Векторлық карталар 


23 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет