Шокпарова дана канатхановна


Беткей экспозияциясының картасын құрастыру



Pdf көрінісі
бет18/27
Дата13.09.2022
өлшемі6,4 Mb.
#38965
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27
Беткей экспозияциясының картасын құрастыру. 
Жер бедерінің маңызды морфологиялық көрсеткіштерінің бірі болып бедер 
экспозияциясы 
саналады. 
Зерттелетін 
аймақтың 
күн 
энергиясымен 
қамсыздандырылуы, жел бағыты бойынша орналасуы және басқа да 
көрсеткіштерін анықтауда ЛБЕЖ-ді қалыптастыруда рөлі өте зор. Сондықтан да, 
осындай маңздылығын ескере отырып біз аудан жерін әртүрлі еңкіштіктік бедер 
пішіндерін ескере отырып, экспозицияларын да анықтадық. 
Зерттелетін нысанның экспозициялық картасын құрудың екі әдістемесі бар: 
дәстүрлі және жаңа (яғни, ГАЖ бағдарламалардың қолданылуымен біздің 
жағдайымда ArcGIS).
ArcGIS бағдарламасының көмегімен беткей еңкіштігі картасын құрастыру 
кезінде пайдаланылған DEM (бедердің сандық үлгісі) үлгісін пайдалана отырып
3D Analyst функциясының қосымша көмекші құралдарының көмегімен оның 
экспозициялық картасын құрдық (Қосымша Г). 


35 
DEM үлгісін бағдарламаның Spatial Analyst Tools функцияcының Surface 
қосымшасының көмегімен бедердің еңістік градусы, аралығы анықталып берілді.
Жамбыл ауданы солтүстіктен оңтүстікке қарай бедері жазықтан тауға қарай 
өзгереді. Ауданның ауылшаруашылығына пайдаланғаны үшін және оларды бір 
жүйеге біріктіріп, бейімделмелі егіншілік жүйесін жобалауда олардың егіншілікке 
қаншалықты әсер ететінін анықтау үшін маңызды.
Жамбыл ауданының 1:100 000 масштабтағы топокартасының негізінде 2.2 
тарауында аталып өткен морфологиялық әдістің көмегімен анықталған 
бірліктердің негізінде және DEM үлгісінін пайдалана отырып аудан аймағындағы 
беткей экспозицияларды. 
Картаны талдай келсек, Жамбыл ауданында келесідей беткейдің бағыттары 
(румбтары) анықталды (5-кесте): 
5-кесте - Жамбыл ауданындағы беткей экспозицияларының саны 
Экспозиция (румб, град.) 
Саны, % 
Тегіс (уклон < 0,1°) 
Солтүстік (337,5-22,5°) 
Солтүстік-Шығыс (22,5-67,5°) 
Шығыс (67,5-112,5°) 
Оңтүстік- Шығыс (112,5-157,5°) 
Оңтүстік (157,5-202,5°) 
Оңтүстік -Батыс (202,5-247,5°) 
Батыс (247,5-292,5°) 
Солтүстік-Батыс (292,5-337,5°) 
Оңтүстік беткейлер басқа беткейлермен салыстырғанда күн сәулесі мен 
жылудың көп түсетін аймағы.
Беткей экспозициясын анықтау бізге келесідей мүмкіндіктер туындатады: 
- ландшафттарды пайдалану мақсатына байланысты бөлу; 
- беткейдің жоғары бөліктері мен төменгі жерлеріндегі температуралық 
айырмашылық ауытқулары болуына байланысты соған сәйкес егілетін дақылдар 
мен шөптесінді өсімдіктерді таңдау; 
- қысқы аяз беткейдің жоғарғы бөліктеріне, ал көктем-күздік үсік шалу 
төменгі бөліктеріне тән болу ерекшеліктерін ескере отырып, дақылдарды егу 
уақыты, тереңдігі және сонымен қатар агротехнологиялық шараларды таңдау. 
Беткейлердің орналасу бағыттары бойынша Алматы облысы Жамбыл 
ауданы территориясында анықталған беткейдің орналасу бағыттары бойынша 
келесі жағдайларды ескерген жөн: 


36 
- оңтүстік экспозициялық беткейлер күн сәулесімен қамсыздандырылған, 
дегенмен де тәулік ішінде температуралық ауытқулар да ескеру қажет. Мысалға, 
көктем мезгілінде топырақтың тез қызуы; 
- оңтүстік және шығыс беткейлері солтүстік-батыстан соғатын желдердің 
әсерінен алшақ орналасқан; 
- оңтүстік беткейлерге тән, күн сәулесінің көп түсуі нәтижесінде жер бетінің 
тез құрғап кетуіне байланысты арнайы суғару технологиясын таңдау қажеттілігі; 
- оңтүстік беткейлерде қардың ерте еріп кетуі тән. Сондықтан да, егілетін 
дақылды таңдау барысында оның ерте өсіп-өнуі, сыртқы күштерге төзімділігі 
бойынша таңдаған дұрыс; 
- шығыс беткейі таң ертең күн сәулесімен толық қамтамасыз етіліп, тәулік 
соңына таман өсімдікке күннің әсері аз болып, күйіп кетпеуінен сақтайды; 
- батыс беткейлері желге қарсы бағытталғандықтан бұл жерде желге, суыққа 
төзімді дақылдарды таңдап, арнайы агротехнологиялық шараларды таңдау қажет.
3.1.1 Ауданның 1:100 000 масштабтағы топырақтық-геоморфологиялық 
картасын құрастыру 
Жер бедерінің қалыптасу тегі, дамуы геоморфологиялық картада көрініс 
табады. Ол, кез келген геоморфологиялық зерттеулердің нәтижесі, сонымен қатар 
жер бедерін толықтай ғылыми тұрғыдан зерттеп білудің бірден-бір көмекші құрал 
болып табылады. Н.Н. Баранскийдің [103] пайымдауы бойынша "Карта - 
география ғылымының альфа және омегасы, географиялық зерттеулердің 
бастапқы және соңғы кезеңі ........ Карта - географияның "екінші тілі" деген 
тұжырымдамалары геоморфологиялық карталарға толығымен сәйкес келеді деп 
айтсақ та болады.
Геоморфологиялық карта Жамбыл ауданының 1:100 000 масштабтағы 
топографиялық картасының негізінде (Қосымша Д, Е) құрастырылды. Растрлық 
картамен жұмыс жасау барысы, оларды сандау 3.1 тараушасында айтылып өткен.
Картаны құру үшін келесідей мәліметтерді анықтап алу қажет: 
1) Жер бедері элементтерінің қандай жер бедері пішіні екенін анықтап алу. 
Морфометриялық, қалыптасу тегі, жер бедерінде болып жатқан үрдістердің пайда 
болу тегіне байланысты мәліметтерді алу.
2) Аталған бедер пішіндерінің шекараларын анықтау (бедердің сызықтары 
мен биіктік нүктелері). 
3) Әрбір элементті картаға салу, шекаралары бойынша топтастыру.
А.И. Спиридонов [104], Г.И. Рычагов [105] және А.М. Берлянттың [106] 
берген жіктемелеріне сүйене отырып, Жамбыл ауданының геоморфологиялық 
картасын келесі сипаттамалары бойынша жіктедік (11-сурет): 


37 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет