Шокпарова дана канатхановна


  ЛАНДШАФТТАРДЫ КЕШЕНДІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ



Pdf көрінісі
бет3/27
Дата13.09.2022
өлшемі6,4 Mb.
#38965
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

ЛАНДШАФТТАРДЫ КЕШЕНДІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ 
ӘДІСТЕМЕСІ........................................................................................... 
104 
 
ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................ 
111 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .................................... 113 
 
ҚОСЫМШАЛАР........................................................................................ 123 


АНЫҚТАМАЛАР 
Бұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге анықтамалар қолданған: 
Антропогендік ландшафт - адамның іс-әрекеті нәтижесінде өзгертілген 
немесе жасанды қалыптастырылған ландшафт. 
Беткей экспозициясы – бедер элементтерінің (жота, қырқа, төбешіктер 
жәнне т.б.) күн сәулесіне немесе жел бағытына қарсы орналасуы.
Географиялық ақпараттық жүйе - ақпараттарды жинап, сақтау, кеңістік 
мәліметтерді бейнелеуді қамтамасыз ететін интерактивтік ақпараттық жүйе. 
Қоныс – фациялардан да күрделі табиғи-аймақтық кешендерді құрайтын, 
бір-бірімен тығыз байланысқан, бедердің бр мезопшінінде қалыптасқан ұқсас 
фациялардан құралған кешендер.
Қонысша – бір бедер пішіндері мен экспозициясында орналасуына 
байланысты біртекті генетикалық және динамикалық тұрғыда байланысқан ортақ 
және ұқсас фациялардың жиынтығы. 
Ландшафт - басты жеті құраушы компоненттерден, яғни тау жыныстары, 
жер бедері, климат, су, топырақ, өсімдік және жануарлар әлемінің өзара бірімен 
бірінің тығыз байланысқан, біріне-бірі тәуелді бірліктерінен тұратын жүйе. 
Ландшафт дифференциациясы - біртекті ландшафтты ұсақ және не одан да 
ұсақ өзіне тән сипаттамалары бар құрылымдық бөліктерге, яғни бірліктерге бөлу.
Ландшафт типі – нақты бір табиғи белдемге тән және (орманды дала – 
орманды далалық, дала – далалық және т.б.) оның бірігуін қамтитын аймақ. 
Ландшафттану - физикалық географияның табиғи аймақтық кешендерін 
(геожүйелерді) зерттейтін ғылыми саласы. 
Ландшафттар класы – жоғары класиффикациялау бірлігі – бірдей 
морфоқұрылымдық ерекшеліктері бар табиғи-территориялық кешендер. 
Ландшафттарға бейімделген егіншілік жүйесі - белдемдерге (зоналарға) 
сәйкестендіріп құрылған егіншілік жүйесінің орнына ландшафттардың 
экологиялық болмысына бейімделген жүйе. 
Мекен – қоныс деңгейінде бір-бірімен үздіксіз, заңдылықты түрде 
байланысқан, құрылымдық-тектік байланысқан табиғи-территориялық кешендер. 
Су эрозиясы - беткей еңістігі 1º және еңістігі 0,3-0,5º болып келетін 
бедерлерде ағынды сулар және жауын-шашындардың нәтижесінде пайда болатын 
үрдіс. 
Табиғи ландшафт - шаруашылық және басқа да іс-әрекет нәтижесінде 
өзгеріске ұшырамаған біркелкі климаттық жағдайда, бедер типтері, сол жерге тән 
топырақ, өсімдік жамылғысымен ерекшеленетін аймақ. 
Топырақтың деградациясы - топырақ құнарлығының кемуінің нәтижесінде 
оның физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерінің төменденуіне және 
ландшафттардағы экожүйенің тепе-тепеңдігінің бұзылуына алып келетін процесс. 
Фация – кешендер арасында кеңістік бойынша өзгеріссіз қалатын, 
ландшафттың ең кіші морфологиялық бірлік. 


Эрозия - топырақты және топырақты құраушы тау жыныстарының су, жел, 
антропогенді және басқа үрдістердің әсерінен бұзылу және бұзылу процесінің 
нәтижесіндегі өнімдердің ысырылу процессі. 


БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 
DEM 
бедердің сандық үлгісі (Digital Elevation Model) 
GRID 
тікбұрышты реттік тор
TIN 
трансгуляциялық ретсіз тор (Triangulated irregular network) 
а/ш 
ауылшаруашылығы 
АБЕЖ
агроландшафттарға бейімделген егіншілік жүйесі 
АГК 
аймақтық географиялық кешендер 
АҚ 
акционерлік қоғам 
БҰҰ 
Біріккен Ұлттар Ұйымы 
б. 
бет 
га. 
гектар 
ГАЖ 
геоақпараттық жүйелер 
ж. 
жыл 
ЖШС 
жабык шаруашылық серіктестік 
ҚазҰУ 
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
ЛБЕЖ 
ландшафттарға бейімделген егіншілік жүйесі 
ЛБМШ 
ландшафттарға бейімделген мал шаруашылығы 
м. 
метр 
млн.. 
миллион 
млрд.
миллиард
мм. 
миллиметр 
ºС 
градус Цельсий
см.
сантиметр 
т.б. 
тағы басқа 
ТӨШ 
тәжірибе-өндірістік шаруашылық 
ТТК 
табиғи территориялық кешен 
ЭТБ 
элементарлы территориялық бірлік 


КІРІСПЕ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет