Шокпарова дана канатхановна



Pdf көрінісі
бет6/27
Дата13.09.2022
өлшемі6,4 Mb.
#38965
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Зерттеу нысаны. Іле Алатауының солтүстік беткейінде жайғасып, 19,3 мың 
км² жер аумағын алып жатқан, Алматы облысының Жамбыл ауданындағы 
сұрғылт, ашық-, күңгірт қарақоңыр және таулы қара топырақтарында жайғасқан 
ландшафттар. 


Зерттеу әдістері. Ландшафттарды картаны ГАЖ технологиясы арқылы 
құрастыруға қажетті құрамды бөліктерімен қамтамасыз ету үшін Жамбыл 
ауданының 
1:100 
000 
масштабтардағы 
физикалық, 
топырақтық-
геоморфологиялық, жер бетінің сулары мен ирригациялық жүйесінің карталары 
жасалды. Құрастырылған ландшафттық картаның ішіндегі Қастек мекеніне 
жататындарын қоныс, қонысша және фация деңгейлеріне дейінгі морфологиялық 
бірліктерге дифефренциациялап 1:25 000 масштабтағы карталар құрастырылады. 
Бұларды іске асыру келесі әдістер арқылы орындалды: рекогноцировты-далалық 
экспедицияларды жүргізу; дәстүрлі картографиялық әдістер және ғарыштық 
түсірілімдерді пайдалану; әртүрлі ландшафттардан алынған топырақтарды 
зертханалық физикалық-химиялық талдаулар (анализдер) жасау; алынған 
мәліметтерді статистикалық және математикалық өңдеулерден өткізу; әртүрлі 
масштабтарда құрастырылған ландшафттық карталардың мазмұндық сипаттарын 
қорытындылап, олардың ЛБЕЖ-ді жобалауға қажетті құрамды бөліктерін анықтау.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Ландшафттарға бейімделген егіншілік 
жүйесін жобалауға арналған территориялық талдауды (анализді) жүргізу 
барысының кешендік-әдіснамасы ГАЖ технологиясы үшін алғаш рет құрамданды. 
Нәтижесінде, бірінші рет, агроландшафттардың әртүрлі деңгейлердегі (1:100 000, 
1:25 000) карталары құрастырылып, олардың әрқайсысының ЛБЕЖ-дің 
агротехникалық жобаларына қажеттілігінің жүйесі алғаш рет нақтыланды. 
Осыллардың негізінде фациялық ландшафттық деңгейдегі бірлестіктердегі 
еңістіктік беткей экспозицияларының су эрозиясына қауіптіліктері анықталып
олардың экологиялық жағдайларын сипаттап, пайдалану мүмкіндіктері туындады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет