Шокпарова дана канатхановна


Жұмыстың ғылыми тәжірибелік құндылығы



Pdf көрінісі
бет7/27
Дата13.09.2022
өлшемі6,4 Mb.
#38965
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
Жұмыстың ғылыми тәжірибелік құндылығы. Кез-келген территорияны 
ландшафттық талдаусыз ЛБЕЖ-ді жобалап, оны іс-жүзінде орындау мүлдем 
мүмкін емес. Сондықтан, біздің жүргізген ғылыми жұмысымыз, осы жобаның 
іргетасы болып, практикалық құндылығын айқындайды. Республикамыздың таулы 
және қыраттық аумақтарындағы ЛБЕЖ-ді өндіріске ендіру біздің әдіснамалық 
ұсыныстарымыз арқылы іске асуы керек. 
Жұмыстың жариялануы және сыннан өтуі. Диссертация қолжазбасы әл-
Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты 
пайдалану факультетінің география, жерге орналастыру және кадастр 
кафедрасында дайындалып, кафедра мәжілісінде талқылаудан өткен соң қорғауға 
ұсынылды. Зерттеу нәтижелері мен қорытындылары «ҚР Мемлекеттік 
рәміздерінің қабылданғанына 20 жыл толуына орай студенттер және жас 
ғалымдардың «Ғылым Әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясының 
материалдары» (Алматы, 2012 ж.), «Экологиялық мәдениеттің және қоғамның 
тұрақты дамуының қазіргі кездегі мәселелері» (Алматы, 2013 ж.) және ІІІ 
Халықаралық «Науки о Земле на современном этапе» (Мәскеу, 25.07.2012 ж., 
Ресей), VIІI Халықаралық «Перспективные разработки науки и техники – 2013» 
(07-15.11.2013, Przemysl, Польша) атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік 
конференцияларында баяндалды. 


Зерттеудің негізгі нәтижелері көрініс тапқан 4 мақаланың 3-і ҚР БҒМ ғылым 
саласындағы бақылау комитеті тізіміне кіретін журналдарда және 1 мақала Scopus 
базасында тіркелген «World Applied Sciences Journal» журналының 2013 жылғы
26 (7) нөмірінде 979-986 беттерде «Degradation of Sierozem Soils in the Ile Alatau 
Foothils» атты мақала жарияланды. 
Сонымен қатар, шетелдік ғылыми жетекші Бургхард Мейермен бірлесе 
отырып, Германияның Springer баспасында жарияланған "Novel Measurement and 
Assessment Tools for Monitoring and Management of Land and Water Resources in 
Agricultural Landscapes of Central Asia" атты монографияда автордың "Erosion 
Rates Depending on Slope and Exposition of Cropped Chestnut Soils" тақырыптағы
мақала жарияланды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет