Шокпарова дана канатхановна


Жұмыстың құрылымы және көлемі



Pdf көрінісі
бет8/27
Дата13.09.2022
өлшемі6,4 Mb.
#38965
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27
Жұмыстың құрылымы және көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден,
5 тараудан, қорытындыдан, жалпы саны 153 әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы 
мәтіндік бөлімі 132 беттен тұратын жұмыс құрамында 22 сурет, 17 кесте және 10 
қосымша бар. 
 
 



ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ 
1.1 Ландшафттарға бейімделген егіншілік жүйесі туралы түсінік
Жер бетіндегі топырақ жабындығы - тіршілікті қамтамасыз ететін табиғи 
қорлардың ең басты көзі екендігі ешбір дау туғызбайтын ақиқаттылық. Осыдан 
сегіз мың жыл бұрын, адамзаттың даму барысындағы қоғамның сипатында аса зор 
революциялық өзгеріс болды. Ол - аң аулап, жеміс-жидек теріп күн көру адам 
баласын түпкілікті қанағаттандырмай, жерді игеріп, егін егуге көшу кезеңі. Бұл 
үшін жырту құралдары дайындалып, алғашқы қарапайым соқалар пайда бола 
бастады. Жыртылған жерлерге өз қолымен өсімдік өсіріп, оның жемісін қажетіне 
жарату үшін топырақтың табиғаттағы ыңғайлы, тиімді үлескілерін, яғни 
ландшафттарын таңдай білуге тура келді. Бұл телімдерге кез-келген дақылдарды 
екпей, оларға бейімделгендерін жинақтап, тұқымдарын іріктеп отырғызды. 
Сөйтіп, игерілген жерден күмәнсіз өнім алу шарты орындалды. Дж. Берналдың [1] 
пікірінше, бұл құбылыс, адамзаттың даму тарихындағы теңдесі жоқ жаңалық 
болып, өркениеттің бастапқы және тұғырнамалық негізі болды. Ал, біздің талдап 
отырған ландшафттарға бейімделген егіншілік шаруашылығының табиғи-
қоғамдық дамуының алғы шарты дәл осы кезден басталады деп тұжырымдауға 
болатын сияқты. 
Шындығында, жерді жыртып егін егу - тұнып тұрған табиғаттың 
жаратылысына қол сұғып, ғасырлар бойы дамып қалыптасқан, тоқтамайтын да, 
толастамайтын да қуат пен зат алмасу үрдісінің биосферадағы заңдылығын бұзып, 
оны өз еркіне бағындыру адам баласының қателігі ме, әлде «революциялық 
жасампаздығы ма»"? Бұл сұрақтарға осы заманға дейінгі әлемдік егіншілік 
жүйесінің даму тарихы, оның ішіндегі қателіктер мен табыстар, өміршең тұстары 
мен жанданған сипаттары жауап беруге тиіс. 
«Қателіктердің» негізінде егіншілік шаруашылығы мен экологиялық 
жағдайлардың арасындағы қарама-қайшылықтар жатыр. Н.Ф. Реймерстің [2] 
пікіріне сүйенсек, «адам баласы табиғаттың болмысына сіңісіп кетудің механизмін 
жасаудың орнына, керісінше, одан биік тұрып, оны өзінше барынша 
бағындырудың әр-алуан жолдарын іздестірді». Біздің ойымызша, бұл қағиданың 
мысалы ретінде және ауқымды апаттарға душар еткен құрамдағы топырақтарын 
жаппай игерудің салдарынан жел эрозиясына тап болғандығын немесе Арал 
маңының қатерлі экологиялық дағдарысқа душар болғандығын айтса да 
жеткілікті. Ал, Ресейдің ауылшаруашылық академиясының толық мүшесі 
В.И.Кирюшиннің [3] тұжырымдауыша, бұрынғы Кеңес Одағындағы егіншіліктің 
қарама-қайшылықтары келесі топтамалардың шеңберінде өрбігені көрінеді: 
1. Егіншілік жүйесінің табиғи жағдайларға сәйкессіздігі және оның басым 
көлемінің оңтүстіктегі далалық, шөлейт, шөлді аймақтарға лықсытулары. 
Нәтижесінде, онсыз да ылғалдылығы шамалы аумақтың, одан әрі құрғап, топырақ 
пен жер асты суларының ағындық мөлшерлері кеміп, тотығу үрдісі қарқындап, 


дегумуфикация мен дефляцияның үдеулері өрши түсті. Дәнді дақылдарды егу
көлемінің барынша өсуі, мал жайылатын жерлерге салмақты мол түсіріп, жаппай 
дегрессиялық құбылыстың бағыты үнемі дами берді. Жергілікті халықтың 
ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса дамыған дәстүрлі шаруашылықтары түп-тұқиянымен 
жойылып, табиғаттың тепе-теңдігі мен экологиялық жағдайлары мүлдем өзгерді.
2. Экстенсивті жолмен басқарылған шаруашылық жүйелері суармалы 
жерлерге 
жұмсалған 
қаржыны 
ақтамай, 
топырақтарды 
тұздандыру, 
құнарсыздандыру және тағы басқа келеңсіз жағдайларға душар етті. Бұларға қоса, 
егістік жерлерді орналастыру жоспарлары табиғатқа икемделмей, дақылдар 
агроландшафттарға сәйкестендіре егілмей, танаптардың негізгі мақсаттары 
бұзылып, ауыр салмақты техникаларды шамадан тыс пайдалану және басқа да 
экологиялық нормалар орындарын таппады.
3. Экономикалық және экологиялық қарама-қайшылыққа толы мал 
шаруашылығын басқаратын технологиялық саясат, оларды өте ірі кешендік 
жүйеде жүргізуге негізделді. Нәтижесінде, малдардың қи өнімдері тиімді 
тыңайтқыш ретінде емес, қоршаған ортаны ластандыру көзіне айналды.
4. Ең негізгі қарама-қайшылық - бүкіл Кеңес Одағындағы егіншілік жүйесі, 
ондағы аса көлемді табиғи белдемдерге (зоналарға) бейімделді. Ал, бұлардың 
әрқайсысының көлемдері миллиондаған гектарлардан кем емес екендігі белгілі. 
Сондықтан 
әрқайсысының 
шеңберінде 
дайындалған 
агротехнологиялық 
шаралардың тиімділігі, бүкіл белдемді қанағттандырудан мүлдем аулақ жатты.
Жоғарыдағы көрсетілген ғалымның қарама-қайшылық топтамалары 
Қазақстанды ерекше қамтыды. Себебі, Республикамыздың тарихи қалыптасқан 
негізі - аграрлық сипатта болды. Оның өміршең өзегі - егіншілік, мал 
шаруашылығында тұғырланып, заманның сол кездегі бағыттық саяси құпиясының 
іс жүзіндегі бейнесін Қазақстаннан табуға болатын еді. Әсіресе, соңғы 70-80 
жылдары елімізде жер шаруашылығының табиғаттағы белдемдік жүйелерге 
сәйкестендіріп жүргізілгені белгілі. Бұл орайдағы өндірістік ұсыныстар, том-
томдаған ғылыми еңбектер мен ережелер жарық көріп пайдаланылды. Қазіргі 
кезде де осы жүйе басым. Бірақ, мұның пайдалы жағы мол болғанымен, жер 
шаруашылығының бұл түрінің салыстырмалы көрсеткіштері дамыған елдерге 
қарағанда 2-3 есе кем болып шықты. Ресейлік ғалымдар мен шаруашылық 
мамандары 1990 жылдардан бастап жерлерін тереңдете зерттеп, оны пайдалануды 
нақтылы агроэкологиялық ерекшеліктеріне және нарықтық талаптарға тікелей 
байланысты екенін дәлелдеді.
Бұл бағыт 1992 жылы Рио де Жанейрода өткен Біріккен Ұлттық Ұйымының 
(БҰҰ) 
шешімімен 
және 
топырақтану 
ғылымының 
негізін 
салушы 
В.В.Докучаевтың [4] жерді ландшафттық негізде игеру іліміне толық сәйкес 
келеді. 
Біздің 
ойымызша, 
жер 
шаруашылығын 
қалыптастырудың 
агроландшафттық концепциясы Қазақстанның агротехнологиялық саясатының 
негізі болуы керек. Мұндай саясат әлемдегі барлық елде бар екендігін айта кеткен 
жөн. Жалпы жер шаруашылығының ландшафттарға бейімделген негізінің маңызы 


өте зор. Себебі, республикамыздағы жерлердің агротехнологиялық сипаттары 
алуан түрлі. Сондықтан, олар әрқилы агротехникаларды талап етеді. Мәселен, кез-
келген зоналарда ауқымды биік жерлер (төбелер) бар. Оның үсті, оңтүстіктік, 
солтүстіктік, батыс және шығыс деп бес бөлікке бөлінеді. Демек, олардың әр 
бөлігінің өзіндік ерекшеліктері: өздеріне ғана тән топырағы, микроклиматы, 
құрылымдары мен құрылыстары болады. Егер осы төбенің барлық жағын соқамен 
бірдей тереңдікке жыртып, біркелкі дақыл егіп, тыңайтқыш сіңіруді де, суару 
шараларын да осындай ұқсастықпен жүргізсек, одан қандай өнім күтуімізге 
болады? 
Осы шараларды ұқсас жүргізген шаруашылық иелері өнімді де бірдей 
мөлшерде аламыз деп ойлайды. Ал, іс жүзінде одан алынатын өнім әр түрлі 
болады. Себебі, бір төбенің өзінің топырақ қабаты бірдей емес, ол үшін жерді 
пайдалануға ұсынушы ғалымдар немесе шаруа иесі оның "мінезін білуі керек". 
Жердің қай аумағының қаншалықты мол немесе аз өнім беретіндігін анықтайтын 
картасы жасалуы тиіс. Мысалы, Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймақтарында 
жылу мен ылғалды мол қажет ететін мақта, жүзім, т.б., ал, батысы мен 
солтүстігіне бау-бақша, төбесіне (жотасына), бәлкім дәнді-дақыл егу дұрыс болар.
Бұдан шығатын қорытынды - жерді адамға емес, адамды жерге бейімдеу 
қажеттілігін өзгермейтін заң ретінде қабылдау керек. Себебі, өнімді беретін жер, 
ал шаруа иесі оның барлық экологиялық мүмкіндігін пайдаланып, болмысын 
сақтап, табиғи құнарлылығын арттыруға көмектесумен айналысады. Сөйтіп, 
ландшафттың өз еркімен барынша мол өнім беру қызметіне мүмкіндік жасалуы 
тиіс. Ол үшін, ең алдымен, еліміздегі ең күрделі және әр алуан топырақтардан 
тұратын жер бетін, сауатты түрде агроэкологиялық ландшафттардың жүйесіне 
келтіріп, оларды топтарға бөліп, содан кейін әрқайсысына бейімделген 
агротехнологияларды жасауды қамтамасыз ету қажет. Бұл жағдайда, жерді 
пайдалануды бұрынғы сарынмен жалпы белдемдік технология негізінде 
жүргізгендердің еңбегі еш болады, шығарған шығынының орнын толтыра 
алмайды. Шаруашылығын «орташа» өніммен дамыту мүмкіндіктеріннің өзінен 
қол үзіп, банкротқа ұшырайды.
Мәні, осы айтылған сипаттама ландшафттарға бейімделген егіншілік 
жүйесінің (ЛБЕЖ) нақтылы түсінігі болып табылады. Дегенмен, 70-80 жыл бойы 
зерттеліп, қалыптасқан жер шаруашылығының белдемдік жүйесін мүлдем жоққа 
шығаруға да болмайды. Бұл жүйе әлемдік көлемде пайдаланып, ұзақ жылдар бойы 
іске асқан шаруа. Ал, ұсынылып отырған, ландшафттарға бейімделген егіншілік 
жүйесі осының негізінде дамытылып, оның барлық жетістіктерін тереңдете 
пайдаланып, нақтылы агротехнологиялық жүйе жасауды мақсат етеді. Мұны іске 
асыру үшін пайдаланылатын алғышарттық ғылыми зерттеулер аз емес. Тіпті, 
әлемге аты әйгілі В.В. Докучаев [4] пен В.Н.Вернадскийдің [5] еңбектері 
табиғатты тиімді пайдалануға негізделгенін айтсақ та жеткілікті. Әсіресе, 
"......топырақ - ландшафттардың айнасы" деген қағида біз көтеріп отырған 
мәселелердің түбегейлі ғылыми негізі бола алады [6]. Бұл ұғымды әрі қарай 


дамытуда көптеген зерттеушілер атсалысып, өткен ғасырдың 50-80 жылдарында 
көлемді зерттеп, қалыптасқан жалпы ландшафттар хақындағы ілім Д.Л. Арманд 
[7], А.Г. Исаченко [8], В.А. Николаевтың [9] еңбектерінде, ландшафттардың 
геохимиясы Б.Б. Полынов [10], М.А. Глазовская [11] және А.И. Перельман [12], 
ландшафттық экология Л.Г. Раменскийдің [13], топырақтың құрылымы туралы 
ілім [14], жерді ауылшаруашылық типологиялау [15-18], табиғаттық және 
ауылшаруашылық аудандастыру мәліметтері, өсімдіктердің бейімділік әлеуеті 
туралы ұғымдар [19, 20], контурлық (шекаралық), шектік мелиоративтік жер 
шаруашылығының жетістіктері туралы [17] ғылыми еңбектер жалпы 
ландшафттық жер шаруашылығын дамытуға себеп болды. 
Ландшафттарға бейімделген егіншілік жүйесін елімізде дамытып, өндіріске 
ендіре қалыптастыру үшін негіз болатын Қазақстандық ғылыми-зерттеу 
жұмыстарының да біршама екендігін айқындадық. Олардың қатарында белгілі 
ғалым Өмірбек Оспанұлы Оспановтың басқаруымен орыс тілінде жарық көрген 
«Қазақстанның топырақтары» атты 14 томдық зерттеулер, елімізде ландшафттану 
мектебін құрған профессорлар А.В. Чигаркин мен К.М.Джаналееваның [21] 
ғылыми еңбектері, академик В.М. Боровскийдің [22] республика аумағындағы 
топырақтарды мелиоративтік аудандастыру туралы көптеген ізденістері, Қазақтың 
ғылым академиясының ботаника және зоология институттарының көпжылдық 
зерттеулері, «Казгипроводхоз», «Казгипрозем», «КИЗ» деп аталатын мекемелердің 
және жоғары оқу орындарындағы зерттеулердің мол қорларын атауға болады. Осы 
жұмыстардың барлығы Қазақстанның баға жетпес қазынасы - топырақты зерттеп, 
тиімді егіншілік жүйесін дамтыуға арналған. Бұларға қоса, елімізде топырақтану 
ғылымының дамуына зор үлес қосқан академик В.М. Боровскийдің Қазақстандағы 
жайғасқан тұзды топырақтардың географиялық жайғасуларының жағдайын әр 
белдемдегі типтік көлемдерін, өндірістік аудандастыруларын дамыту сияқты 
көптеген кезеңдерге бөліп, нақтылай атағаны белгілі.
Ландшафттарды зерттеп, нақтылы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу 
талпыныстары біздің елімізде өткен ғасырдың аяқ шенінде басталды. Бұлардың 
біразы ЛБЕЖ-ді жобалап, шаруашылыққа ендіру мүмкіндіктерін жан-жақты 
талдауға арналған [23-27] ЛБЕЖ-ді жалпы жобалаудан тыс, оның құрамды 
бөліктерінің агротехнологиялық тұстарын қамтитын ғылыми-тәжірибелік 
ізденістердің нәтижелерін жариялаған жұмыстардың өздеріне тән құндылықтары 
бар. Мысалы, А.Қ. Күрішбаев пен Н.К.Азаровтың [28] жұмыстары Солтүстік 
Қазақстанның топырақтарындағы су эрозиясына ұшырау қауіптіліктері жоғары 
өңірлерін ландшафттық тұрғыда қарастырып, оларды болдырмау шараларының 
тиімділіктеріне арналған. Сол сияқты С.Б. Кененбаев пен А.И. Иорганскийдің [23-
27, 
13 
б.] 
еңбектері 
ЛБЕЖ-дің 
көлеміндегі 
зерттелетін 
нақтылы 
агротехнологияларды дамытып, топырақтың құнарлылығын сақтап, оны 
арттырудың жолдарына бағытталған.
Бұл жұмыстардың мазмұндық сипаттарына баға беретін болсақ, алынған 
мәліметтер мен қорытынды нәтижелерінің бытыраңқылығымен, ЛБЕЖ-дің тұтас 


жүйесінің ретсізділігімен, бір бағыттағы мақсатты ізденістер ауқымының 
кездейсоқ бөліктерінің барымен сипатталады. Осы ойымызды дәлелдеп, тиянақтау 
үшін Ресейдің ауылшаруашылық академиясының толық мүшелері В.И. Кирюшин 
мен А.Л. Ивановтың редакциялануымен баспадан шыққан «Агроэкологическая 
оценка земель, проекирование адаптивно-ландшафтных систем земледелия и 
агротехнологий» (2005) деп аталатын әдістемелік құралдағы ЛБЕЖ-ді 
жобалаудың қатал реттік жүйесін келтірейік: 
- ЛБЕЖ-ді жобалап ендіретін нысанды географиялық-территориялық 
талдаудан 
өткізу 
арқылы 
ландшафттардың 
әртүрлі 
масштабтағы 
дифференциацияланған карталарын құрастыру; 
- әрбір ландшафттарға немесе олардың ғылыми негізінде жүргізілген 
топтамаларына агроэкологиялық баға беру; 
- ландшафттардың агроклиматтық, агроэкологияық болмыстарын және 
жергілікті нарықтық тиімділікті ескеріп, ғылыми-тәжірибелік жолмен, оларға 
бейімделу қабілеті жоғары дақылдарды сұрыптау; 
-ландшафттарға бейімделген дақылдарға тән қазіргі заманның озық 
агротехнологиясын пайдалану жобасын жасау; 
- әрбір ландшафттарға арналған ЛБЕЖ-дің кешенді паспорты мен 
сертификаттарын дайындау. 
Жоғарыда көрсетілген және бірінен кейін бірі реттілікпен жүргізілетін 
ЛБЕЖ-дің жобасы академик В.И. Кирюшиннің [29-37] барлық ғылыми, 
әдіснамалық еңбектерінде аксиомалық қағида ретінде баяндалады. Одан 
байқайтынымыз, жобаны іске асырудың бірінші бастамасы болып, зерттелетін 
нысанды географиялық-территориялық тұрғыдан талдап, ландшафттардың 
карталарын құрастыру болып саналады. Мұны бірінші ретте орындамаса ЛБЕЖ-
дің қалған құрамды бөліктерін іске асыру мүлдем мүмкін еместігі дау 
тудыртпайтын ақиқаттылық. Олай болса, осыған дейін Қазақстандағы баспадан 
шыққан ғылыми еңбектер ЛБЕЖ-дің «кездейсоқ бөліктерін ғана қамтыған» деп 
баға беруімізге негіз болатынына күмәніміз жоқ. 
Соңғы кезде бұл тақырыпты зерттеуге талпыныс жасаған біраз ғылыми 
жұмыстардың басы қайырылғанын айта кеткен жөн. Олар, негізінен, әл-Фараби 
атындағы ҚазҰУ зерттеушілерінің [38-46] жұмыстары. Бұлардың басым көпшілігі 
әртүрлі масштабтағы ландшафттық карталарды құрастырудың ГАЖ технологиясы 
мен ғарыштық түсірілімдерді пайдаланып, оларды дешифрлеудің әдістік, 
әдіснамалық және тәсілдік жолдарын іздестіруге арналған. Осыған дейін бұл 
мәселе дәстүрлі әдістермен орындалып, далалық-экспедициялық зерттеулермен 
іске асырылғаны белгілі. Мұндай ғылыми-зерттеу жұмыстар көп жылдық уақытты 
алумен қатар қыруар шығынға тап болып, ауқымды жүргізілген ол ғылыми-
тәжірибелік нәтижелерінде ақиқаттық шындыққа жанаспайтын кездері де 
болатындығы белгілі. Ал, ГАЖ технологиясы мен ғарыштық түсірілімдерді 
пайдаланып алынған суреттік бейнелер зерттелетін нысандардың табиғи 
құрылымын ауытқытпай беретін мәліметтер сипатталады. Осыдан келіп, бұрынғы 


дәстүрлі әдіснамалық ұстанымдарды "жаңадан қолданылатын ГАЖ технологиясы 
жоққа шығарады" деген қорытынды шықпауға тиіс. Керісінше, бұл екі бағыт 
бірін-бірі тексере туралап, өзара толықтырып, табиғаттың болмысын ақиқатты 
шындықпен тани біліп, дұрыс тұжырым жасауға молынан мүмкіншілік беретіндігі 
дәлелденген. 
Сонымен, жоғарыда талданған ақпараттарға шолу жасау нәтижесінде, келесі 
тұжырымдық қорытындылар жасауға мүмкіндік туындады: 
- жалпы және нақтылы ландшафттар туралы ұғымды жүйелей талдап, 
ландшафттарға бейімделген егіншілік жүйесі туралы түсінікті анықтай келе, бұл 
мәселенің теориялық және практикалық маңыздылығы айқындалып, Республика 
көлеміндегі жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарына баға беріледі; 
- осылардың нәтижелерінде ұсынылып отырған жұмысымыздың өзектілігі, 
мақсаты мен шешілетін мәселелері анықтала келе, тақырыпқа сәйкес жүргізілетін 
ғылыми жұмыстардың құрамындағы біздің зерттеулеріміздің орны нақтылы 
белгіленді; 
- ландшафттарға бейімделген егіншілік жүйесін жобалаудың міндетті түрде 
бірінші реттегі бастамасы болып, зерттелетін нысандарды географиялық-
территориялық 
талдаулардан 
өткізіп, 
олардың 
дифференциацияланған 
ландшафттық карталарын құрастыру алғашқы болып орындалатынына күмәнсіз 
көзімізді жеткіздік. 
1.2 Ландшафттық карталарды құрастыру мен дифференциациялаудың 
әдіснамалық негіздері 
Географтарды табиғат пен адамзат арасындағы байланыс, қарым-қатынас 
бұрыннан қызықтырып келген. Бұл сұрақ көпке дейін географтардың, сонымен 
қатар көптеген философтардың, тарихшылар мен әлеуметтанушылардың арасында 
біржақты бағытта ғана қызығушылық танытып, табиғаттың адамға әсер ету 
мәселелерін ғана сипаттап, оны тұрпайы детерменизм тұрғысынан ғана 
қарастырды. Кейінірек, уақыт өте келе, керісінше, адам санының артуына және 
осыдан туындайтын мәселелерге байланысты олардың табиғатқа тигізетін әсері 
алдыңғы қатарларға шықты.
Адамдардың өмір сүруі, одан әрі қарай тіршілік етуіне, өндірісті дамыту 
үшін қажетті табиғи қорлардың кендерін пайдалана отырып, қоршаған ортаның 
қалпын бұзбай сақтап қалу бүкіл адамзаттың алдында тұрған ең күрделі мәселе 
болды.
Ландшафттану, басқа ғылымдармен салыстырғанда, өзіндік ерекшеліктері 
бар және олардың негізгі айырмашылықтары - зерттеу нысандарының әр түрлілігі, 
олардың сапалылығының, мөлшерінің әркелкілігі (гетерохрондығы мен 
метахрондығы), шығу тегінің (гетерогендігі), масштабының әр түрлілігі. Бұл, 


зерттеу үлгісін таңдау мен оны белгілі бір уақыт аралықтарында қалпына келтіріп 
отыру, тұрақты геожүйелік бақылауды қажет етеді.
Геожүйелер ілімінің дамуы бағытында А.А. Крауклис [47] стационарлық 
зерттеулер барысында алынған мәліметтердің негізінде физикалық-географиялық 
зерттеулердің жаңа жұмыс бағытын анықтады, яғни эксперименталдық 
ландшафттану. Бұл бағыттың дамуы ландшафттық картография мен нақты сандық 
мәліметтерді талап ететін әдістер арқылы табиғатты арнайы зерттеу арқылы 
аудандастырылуына байланысты деп есептеген. Бір-бірімен тікелей байланысты 
табиғи кешендердің ауыспалы жағдайының бір түрі ретінде геожүйе 
концепциясын ұсынып, фациялық бірліктерден тұратын жүйе ретінде ландшафт 
үлгісін құрастырды.
Геожүйелерді бағалау ландшафттық жобалаудың, яғни табиғатты пайдалану 
субъектілерінің жеке қажеттіліктерін ескере отырып оның маңыздылығы және 
антропогендік әсерлердің қарқындылықтарына қаншалықты төтеп бере алатыны 
мен олардың негізінде туындайтын өзгерістердің алдын-алуы сиқяты сипаттарға 
байланысты жүргізілетінін А.Н. Антипов [48] атап өткен болатын.
1:100 000 және 1:200 000 масштабтағы карталарды құрастырудың 
маңыздылығын ХХ ғасырдың географтары айтып өткен болатын. Себебі, аталған 
масштабтағы карталар зерттелетін аймақтың ландшафттық құрылымын рангтік 
деңгейге дейінгі жіктемесін көрсетеді. В.Б. Сочаваның [49] өз кезегінде 
ландшафттарды аумақтық және жергілікті деңгейдегі геожүйелердің арасындағы 
байланыстырушы деп есептеген. Сонымен қатар, бұл зерттеулер орта масштабты 
картографиялаудан ірі масштабты картографиялауға өтудің бастамасы болды.
Орта масштабты карталарды құрастыру әр мемлекетте әркелкі жүргізілді. 
Мысалға, Мордовия аумағының 1:200 000 масштабтық картасын [50] құрастыру 
барысында физикалық-географиялық карталарды, ғарыштық түсірілімдердің 
карталарын дешифрлеп, талдау барысында басты зерттеу нысандары ретінде 
ландшафттар, мекендер және қоныстық бірліктер алынған болатын. 
А.А.Ямашкиннің [51, 52] электрондық ландшафттық карталарды құрастыруда 
келесідей кезектестікті сақтағанын атап өткен:
- мәліметтер базасын құру - топографиялық картаны құрастыру, ғарыштық 
суреттер; қорлардағы, архивтегі және де әдебиеттерді талдай отырып, карта бетіне 
түсіру арқылы тақырыптық карталарды құрастыру; 
- білім қорын қалыптастыру - табиғат компоненттерінің арасындағы 
байланыстарды анықтау, сипаттамаларын беру (геологиялық құрылымы, жер 
бедері, климат, жер үсті және жер асты сулары, топырақ, өсімдік және жануарлар 
әлемі); ландшафттардың кеңсітіктік-уақыттық жіктелу заңдылықтарын білу
ландшафттық карталардың легендаларын құрастыру. 
19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында жердің егіншілікке жарамды 
аумақтарының карталарын біріне-бірін беттестіру арқылы талдау туралы алғашқы 
ой түйіндемелері Чарльз Эллиоттың атымен байланысты [53, 54]. 


ХХ ғасырдың орта шегінде бұл әдісті іске асырып, алғаш J. Tyrwhitt [55] 
қала және ауылдық елді мекендерді аудандастырып, жобалау туралы мақала 
жазып, карталарды бір-біріне беттестіру әдістемесін айтып өткен болатын. 
Алғашында, түссіз, мөлдір қағаздарға топырақ, бедер, гидрологиясы мен тау 
жыныстарының түрлері көрсетілген бірдей масштабты төрт карта құрастырылды. 
Оларды беттестіру арқылы, жерді өңдеуге жарамды жерлердің аумақтары 
анықталды [56].
Аталған әдісті пайдаланудың тиімділігі мойындалып, Солтүстік Америка 
мен Ұлыбританияда жерді игеру мен жобалауда кеңінен пайдаланыла бастады 
[57]. Канада мемлекетінің Жер кадастры филиалы мен Гарвардтың компьютерлік 
графика мен кеңістіктік талдау лабораториясы геоақпараттық жүйелердің (ГАЖ) 
1960 жылдардың басында дамуына септігігін тигізді. Мысалға, 1963 жылы 
Канаданың Географиялық ақпараттарының дамуы (КГАД) басталды. Жоба 
барысында ГАЖ-дағы басым түсініктер, яғни топология, қабаттарды пайдалану, 
құралдар мен ақпараттардың сақтау орындары пайда болып [58], содан бері, 
компьютерлер мен жерді пайдалану карталарын бірге салыстыра отырып 
қарастыру қажеттіліктері айтарлықтай тез дамыды. McHarg’тың 1969 жылы 
басылымға шыққан «Design of nature» атты еңбегі басты қадам болды. Ең алғашқы 
болып ашық және күңгірт түсті сипаттағы түссіз, мөлдір карталарды әртүрлі 
факторларға пайдалана отырып, оларды бір-біріне беттестіру арқылы жерді 
игеруге, пайдалануға болатын карталарды ойлап тапты [59]. 
Көпжылдық 
ландшафттық 
зерттеулердің 
негізінде 
ландшафттарға 
бейімделген егіншілік жүйесін жобалаудың келесі кезеңдері қалыптасты: 
- зерттелетін нысанның топографиялық картасы негізінде морфометриялық 
көрсеткіштерін ескере отырып жер бедеріне сипаттама беру, физикалық-
географиялық картасын құрастыру;
- аумақ бойынша ағып жатқан өзендер бойынша гидрографиялық тор құру; 
- геоботаникалық картасының көмегімен аумақта таралған өсімдік 
формацияларын аықтау;
- топырақ және геоморфологиялық картаны құрастырып, аталған карталарды 
беттестіру арқылы ландшафттық карталар құрастыру [60].
Физикалық-географиялық және де ландшафттанудың зерттеу нысаны болып 
вертикальді және қабатальді құрылғыға ие табиғи және табиғи-антропогендік 
геожүйелер 
саналады. 
Қабатальді 
құрылымға 
ие 
геожүйелерді 
В.С.Преображенский [61] «полижүйелік үлгі» немесе «территориялық үлгі» деп 
атап өткен. Полижүйелік үлгі әртүрлі таксономиялық рангтегі ландшафттық 
бірліктердің және олардың иерархиялық құрамын сипаттайды.
А.Г. Исаченко [62] көптеген ғалымдардың тұжырымдамаларын қарастырып, 
нәтижесінде ландшафттардың жан-жақты морфологиялық сипаттамасы келесі 
сұрақтарға жауап беру керектігін атап өтті, яғни: 

ландшафттарды морфологиялық бірліктерге дейін дифференциациялау 
барысында категориялар санын, олардың таксономиялық байланыстарын анықтау; 



морфологиялық бірліктердің кеңістіктік байланысы (қарым-қатынасы) 
олардың өзара біркелкі жағдайы, алынатын аймағына қатынасы (доминантты, 
субдоминантты, сирек, әмбебап); 

морфологиялық бірліктердің (әр категория бойынша жеке-жеке) 
типологиясы және олардың сипаттамалары; 

ландшафттардың морфологиялық құраушы бөлшектері арасындағы 
қарым-қатынасы, басты және оларға тәуелді бірліктер арасындағы байланыс; 

ландшафттардың морфологиялық құрылымының қалыптасуы мен 
олардың құбылымы. 
Осыдан келіп, морфологиялық жіктелімнің деңгейлері мен олардың 
таксономиялық 
қатынастары 
табиғи-территориялық 
кешендердің 
(ТТК) 
иерархиясын құрайды және ол 1-ші кестеде көрсетілген. Жалпы айтқанда, ТТК-
лардың иерархиясы, негізгі 3 бірлікпен берілген: фация – қоныс – ландшафт. 
Морфологиялық жағынан күрделі ландшафттарда, олардың ішкі бөлінуін 5-6 
деңгейге бөлуге тура келеді: фация – бөлім – қарапайым қоныс – күрделі қоныс – 
мекен – ландшафт [63, 64]. 
Аталған кешендерді қандай да бір иерархиялық категорияға жатқызуда 
басты шарт болып оның морфологиялық құрылымының күрделілік деңгейі еске 
алынады [65]. Егер, территориялық бірлік тек фациядан ғана құралатын болса, 
онда ол қоныстарға жатқызылуы керек. Егер олардың құрамындағы фациядан 
басқа бірнеше қоныстарды анықтауға болатын болса, онда олар ландшафт 
категориясына жатқызылады.
Әрбір иерархиялық деңгей үшін морфологиялық бірліктердің типологиясы 
мен олардың сипаттамасы жалпы және ортақ қасиеттері мен сипаттамалары 
арқылы бірліктерді бірімен бірін салыстыру арқылы іске асырылады. Әрбір 
иерархиялық деңгейдің шегінде жеке немесе типологиялық территорияларды 
анықтау аса қажет емес. Мұның себебі, ТТК-лар қасиеттерінің алуан түрлілігі мен 
сапалығының әркелкілігіне байланысты: 
1) Құбылыстың көп өлшемділігі. ТТК-ларды салыстыру кезінде, қосымша 
нысандардың қасиеттерін де қарастыру керек, нысандардың жиынтық қасиеттерін, 
құрылымдары мен шекараларын әлі де анықтауға тура келеді. Егер қасиеттерінің 
бір жиынтығы бойынша ТТК-лар ұқсас болып, бір типке енетін болса, онда, 
олардың арасында бір-бірінен ерекшелінетін қасиеттерін анықтауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет