26
және т.б.), сапалық фон мәліметтері, ареалдар (көлдер, елді мекендер) сандаудан
өттті.
Бедер элементтері арқылы Жамбыл ауданының гипсометриялық картасын
құрастырудың бірнеше жолы бар. ArcGIS online базасының қорынан Asia Dem-ді
алып, алынған бедер көрінісін растрлық бейнеге ауыстырып, ArcToolbox
қосымшасының коммандалары арқылы абсолюттік мәліметтер мен қабатальдар
туралы мәліметтерді алып, бедердің өлшемдк үлгісі мен гипсометриялық
картасын құрастыруға болады.
Екіншісі, растрлық мәліметтерді тіркеп, сақтағаннан кейін қабатальдар мен
биіктік нүктелерінің кеңістіктік нысандар классын құрып, сандаудан кейін
ArcGIS 10 бағдарламасынының көмегімен ArcToolbox қосымшасындағы 3D
Analyst құралындағы мәліметтерді басқару, одан TIN-ді құрастыру қызметтерін
таңдай отырып, біз бедердің гипсометриялық сұлбасын аламыз. Қажетті жағдайда
TIN үлгісінің қасиеттеріне кіріп, түс, оның жіктемесін таңдап, мәліметтерді
реттеп, бедердік растрлық бейнесін аламыз.
Үшінші жолы, бағдарламаны пайдаланушылардың көбісі қолданыатын әдіс.
Жамбыл
ауданының
шекарасын
белгілеп
алғаннан
кейін,
бедердің
қабатальдарының мәліметтері бойынша полигондальді белгілеу арқылы оларды
жіктейміз. Әр деңгейге сәйкес өзінің түстік, сандық мәліметтерін беріп отырдық.
Базаға енгізгеннен кейін, физикалық-географиялық карталардың толық кескінін
құрастыру үшін бедердің ең биік нүктелері, жол тораптары, елді мекендері, өзен-
көл және олардың атауларын енгіздік. Нәтижесінде Алматы облысы Жамбыл
ауданының
1:100
000
масштабтағы
физикалық-географиялық
картасы
құрастырылды (3-сурет).
Жамбыл ауданы солтүстіктен оңтүстікке қарай
Құрастырылған картаның көмегімен ауданның жер бедерін, пішінін және
элементтерін сипаттауда көп көмегі тиеді.
Сонымен қатар, жер бедері элементтері мен пішіндерінен бөлек ЛБЕЖ
жобасын қалыптастыруда гидрографиялық торлар мен суқоймалар, зерттелетін
нысанның бедер еңістігі картасы, беткей экспозиция картасы құрастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: