9
ЗЕРТТЕУ НЫСАНДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
2.1
Зерттеу нысандары
Зерттеу нысаны ретінде Іле Алатауының солтүстік беткейінде орналасқан
Алматы облысы Жамбыл ауданының әкімшілік территориясын қарастырдық.
1922 жылдан Қастек, ал 1928 жылдан бастап Жамбыл ауданы аталып келген
аудан жерінің аумағы 19,3 мың км² [72]. Халқының саны 124 мың 400 адам. Оның
36 970 адамы аудан орталығында тұрады. Ауданда 24 ауылдық, кенттік округтер,
61 елді мекен бар. Аудан орталығы - Ұзынағаш ауылы. Бастапқы атауы –
Ұзынағыс. Бұлай аталу себебі аудан жерін басып өтетін тау өзенінің Күртінің
жазығына дейін кететін кең алқапты алып жатуынан және ағысы қатты
болғандығынан. Орыс мұжықтары ХІХ ғасырдың екінші жартысында осы жерге
қоныстанғаннан кейін Ұзынағысты «Узынагыс» деп, бара бара Узунагач аталып,
оны қазақшалағанда Ұзынағаш болып кеткен.Жамбыл ауданының оңтүстігін Іле
Алатауының батыс бөлігі алып жатыр, ал, оңтүстік батысын Шу-Іле тауларының
шығыс сілемдері алып жатыр. Солтүстікке қарай ауданның жер бедері
жазықтыққа ұласады. Мұнда Бозой үстірті және Қараой аңғарымен әрі қарай
Аңырақай және Жусандала жазығымен, Сарытауқұм, Қорғанқұм құмды
алқаптарымен шектеседі. Кен байлықтары түсті металдар, әктас , құрылысқа
арналған тас кездеседі.
Географиялық орны мен ерекшеліктері. Аудан Алматы облысының
батысындағы Қырғызстанмен шектесіп жатқан Жамбыл облысының Қордай
ауданымен жалғасып жатыр. Ауданның оңтүстігін Іле Алатауының батыс,
оңтүстік батысын Шу-Іле тауларының шығыс сілемдері алып жатыр. Солтүстікке
қарай ауданның жері жазықтыққа ұласып, Бозой үстірті мен Қараой аңғары, ал
одан әріқарай Аңырақай, Жусандала жазықтарымен жалғасып, Тауқұмның
Сарытауқұм құм-даласы және Қорғанқұм құмды алқаптарымен шектеледі.Алматы
облысының аумағы солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Сарыарқаның оңтүстік
сілемдерімен (Шолақ, Қызылтатар, Қаракеңгір, т.б.) солтүстік-шығысында
Тарбағатай жотасымен, Барлық Майлы тауларымен (Алакөл қазаншұңқырымен
бөлінген), шығысында Жетісу (Жоңғар) қақпасы, Борохоро, Боротола жоталары
арқылы Қытаймен, оңтүстік-шығысында солтүстік Тянь-Шанның Кетпен
(Ұзынқара) жотасымен және Күнгей Алатауымен, оңтүстігінде Іле, Теріскей
Алатауларымен және оңтүстік-батысында Шу - Іле тауларының Жетіжол және
Кіндіктас тауларымен, батысында Жусандала үстірті арқылы Шу - Іле тауының
Айтау, басқа да аласа таулар мен тауаралық аңғарлармен шектеседі. Солтүстік-
батысында Балқаш көлі арқылы Бетпақдаланың қиыршықтасты шөлді-шөлейтті
өңіріне толасады.
Жер бедері мен геологиялық құрылымы, олардың ерекшеліктері. Ауданның
жер бедері бір-бірінен айырмашылықтары бар геоморфологиялық бірліктер –
11
Қарғалы, Ақтерек, Ырғайты өзендерінің борпылдақ, тұрпайы ірі жұмыртасты және
ұсақ тасты қабаттардан түзілген шошақ конусты төбе көтермелері болып
табылады.
Жирен-Айғыр, Самсы, Құтырған, Куруөзен өзендері бөліп жатқан тауалды
құлама етек жазықтар өзінің механикалық құрамы жағынан түрлі қайта
қабатталған проллювиальды және делювиальды түрлерден түзілген.
Қызылтүсті құмды-саз топырақты ұсақ тасты түрлерден түзілген үшінші
қабаттың күштілігі бірнеше метрден ондаған метрге дейін созылады. Ауданның
солтүстігі төртінші қабаттар – құмдар күштілігі 1,5-5м. Олар жеңіл механикалық
құрамды ашық түсті сұртопыраққа арналған қыртыс түзуші түр болып табылады.
Жер өңдеуде ашық түсті сұртопырақ қыртыстың дефляциясында кең таралады.
Достарыңызбен бөлісу: