Шоттар жүйесі және екі жақты жазу



бет4/5
Дата08.12.2022
өлшемі0,73 Mb.
#55965
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
лекция 4

Субшоттар

  • Талдау шотының қарапайым ғана құрылуы әрқашан қажетті көрсеткіштерді алуға мүмкіндік бере бермейді. Кейбір жинақтау шоттары бірнеше талдау шоттары топтарынан тұрады.
  • Бухгалтерлік есепте, жалпы бухгалтерлік шоттар құрамында: жинақтау және талдау шоттарымен қоса, екінші кезектегі шоттар немесе жинақтау және талдау шоттарының арасында жүретін субшоттар қолданылады.
  • Субшоттар арқылы қосымша жинақтау шоттары ашылып, талдау шоттарының көмегімен есептелетін мәліметтер қорытындыланып бір жүйеге келтіріледі.
  • Талдау шоттарының бірінші топтары (жинақтау шоттарынан кейін) субшоттар деп аталады. Субшот жинақтау және талдау шоттары арасындағы аралық звено болып саналады. Олардың әрбіреуі бірнеше талдау шоттарын біріктіреді, бірақ өздері, өз кезегінде, бір жинақтау шотымен біріктіріледі. Кейде субшоттарды екінші кезектегі шоттар деп атайды, ол кезде жинақтау шоттары бірінші кезектегі шоттар деп аталынса, онда талдау шоттарын үшінші кезектегі шоттар деп атауымызға болады.
  • Осы орайда «Субшоттар не үшін керек?» деген сауал тууы мүмкін. Бұл сұраққа жауап беру үшін мына төмендегі мысалды қарастыруымыз керек.
  • Осы субшоттар жүйесі барлық кәсіпорындар үшін халық шаруашылығының қай саласында болмасын, бірдей етіп бекітіледі және кәсіпорын жұмысының көрсеткіштерін бір жүйеге келтіріп қорытындылауға мүмкіндік береді.

Шоттардың жіктелуі

Шоттардың жіктелу белгілеріне байланысты сипаттамалары



р/р

Бухгалтерлік есеп шоттары

Мақсаты және құрылымы бойынша

Экономикалық мазмұны бойынша

Балансқа қатысы бойынша

1

Материалдар

Негізгі, инвентарлық

Еңбек заттарын есептеуге арналған

Баланстық, активтік

2

Жарғылық капитал

Негізгі. Меншікті капитал

Меншікті қаражат көздерін есептеуге арналған

Баланстық, пассивтік

3

Кассадағы ақшалар

Негізгі, ақшалай

Айналым саласы құралдарын есептеуге арналған

Баланстық, активтік

4

Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу

Негізгі, есеп айырысу

Айналым саласы құралдарын есептеуге арналған

Баланстық

5

Негізгі құралдардың тозуы

Реттеуші, контрактивтік

Еңбек құралдарын есептеуге арналған

Баланстық,
контрактивтік


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет