Сондай-ақ, XX ғасырдың 20-шы жылдарында Қазақстанда түсті
металлургия мектебінің қалыптасып, дамуына ннженер-геолог ретінде
де, публицист ретінде де аянбай атсалыскан гүламанын сонында қал-
дырған мол рухани мүрасына да иіама-шарқымьп келгенше бүгінгі күн
түрғысынан өділ баға беруді карастырдық.
2.
Ш ы г ы с т а н
шыққан ж ү л д ы з
Бүл бөлімді біэдер белгілі қоғам қайраткері, жазушы, алты алаш-
тың ардақтыларының бірі Міржақып Дулатовтын қарындасы Ботакөз
Дулатованың «Жас кезінде керіп едім» деген мына естелік-мақаласы-
нан бастағымыз келіп отыр. Себебі, алдымен бүл мақала Қ.И.Сәтбаев-
тың адамгершілік иірімдерін көрсетсе, екіншіден, үрпақ жалғастығын,
болашаққа сенімділікпен қарау қажеттігін үйретеді. Сонымен Ботакоз
апамыз Қанышпен езінін алғаш кездескен түсын: «Менің есімнен кет-
пейтін тағы бір аға - Қаныш Имантайүлы Сәтбаев, оны бірінші рет
Қызылордада, 1926 жылдын қысында көрдім. Бір күні әдеттегідей ерте
оянып, сыртқа - дөлізге шықсам, бір үзын бойлы кісі түр екен. Әуелде
шошып кетсем де, чемоданын көрген соң, бізге келгенін сезіп, «Ағай,
неге кірмей түрсыз? Үйге кірініз», - дедім. Ол: «Поездан түсіп, тым
ерте келгеніме үялып, Жақаң мен Галя женгейді үйқысынан оятуды
ыңғайсыз көріп түрғаным ғо й » ,- деді. Мен болмай үйге кіргізіп, өзім
ас үйге барып самауырын қойдым. Үйге кірсем, тәтем Қанышты қүша-
ғына қысып, бетінен сүйігі, амандасып жатыр екен. Жеңешем де қуанып,
институт бітіргенімен қүттықтап қүшақтады.
Артынша Міржақып агасы «Еңбекші қазақ» газетінде келемді ма-
қала жариялап, Қаныш Сәтбаевтың алғашқы қазақ инженері екенін,
Томск технология институтын бітіргенін, келешекте еліміздің үмітін
ақтайтынын айтып, бүкіл елге кең таныстырды. Міржакып тәтемнің
айтқаны расталып, Қаныш ірі геолог, заманымыздың аса көрнекті
қоғам қайраткері, академик болып, бүкіл елге кеңінен танылды. 1946
жылы ашылған Қазақ ССР Ғылым Академиясының түңғыш президенті
болды» [41].
Ал осы дәреж еге жету үшін бүгінгі таңда ғасыр перзенті атанып
отырған Қ.И.Сәтбаевқа сан алуан өмір тезінен, қиын-қыстау кезең-
дерден өтіп, өзінің халық үшін туған перзент екендігін қажымай-тал-
май дәлелдеуіне тура келді. Себебі, 20-30 жылдар қазақ жерінде «ашар-
шылық» және «репрессиясымен» ғана есте қалған болатын. Осы жылда-
ры патшалық самодержавияны ауыстырған Кеңес үкіметі барлық шет
аймақтар сияқты Қазақстанға да кейбір оң жақтарымен қатар қара
түнек қапас империялық өктемдік саясатын да алып келген болатын.
Бүл түрғыда біздер кезінде үсақ-түйек қателіктер мен кемшіліктер деп
аталған мынадай ащы шындықты үмытпауымыз керек:
«Қазақстан К (б)П Өлкелік комитетін әл ден еш е жыл басқарған
қызыл жендет Ф.И.Голощекиннің тікелей нүсқауымен», оның үстіндегі
И.Сталин сынды «косемдердін» солақай да үрдажық саясатының сал-
дарынан 1927 жылдан бері де қазақ зиялыларының ең таңдаулы, ең
қайраткер білімпаздары түгелдей дерлік қауым ортасынан аласталып,
кейбірі атылып, олардан кейін де еңбек зейінімен қаулай өсіп шыққан
ізбасар толқыны «халық жауы» деген жалған жаламен бірнеше дүркін
қүртылып отырғаны мәлім: осынау жойқын «тазартудағы» алдыңғы
лекте жойылғандардың қатарында «Тәрбиеге жетекші», «Психология»,
«Ж ан д үн и есі ж ән е өнер тавдау» оқулықтарын жазған әдеби етш і-
ғалым Ж.Аймауытов (Қ.Сәтбаевпен Павлодар мектебінде, Семей се-
минариясында жеті жыл бірге оқыған), түңғыш есеп кітабын жазушы
М.Дулатов, халқымыздың сауатын ашқан ғүлама Ахмет Байтүрсынов
бастаған «Жүзден жүйрік, мыңнан түлпар» маңдайалды үлкен саңлақ-
тарымыз жер жастанғамын енді ғана ашық айта бастадық; солардың
соңын ала, екінші, үшінші толқында шежіреші ғалым, Түркісибті салу-
шы темір жол инженері М.Тынышпаев, Текелі кенішін түңғыш ашушы
инженер-геолог Мерғали Қадылбеков (Кодаленко), қазақ тарихын ал-
ғаш түрде негіздеген С.Аспандияров, ғалым-металлург Қартқожа То-
ғанбаев, тіл білімінің білгірі Қ.Жүбанов ... сияқты ондаған, жүздеген
қарымды білімпаздарды ң сүйікті ісінен аласталуы — қазақтың жаңа
өркендеп келе жатқан ғылымын ерекше ойсыратқаны ж әне де анық.
Мүндай опатты жылдары біздің жүрт жүген-қүрығын қолына үстап, жаяу
қалған әлей жүтқа теңеген. Біздіңше, рухани жоқтау соның бәрінен де
сорақысы және ауыры...», - деп жазды жазушы М. Сәрсеке [42].
Бүл түрғыдан қарағанда Қазақстан ғылымы жоғарыда айтылған-
дай өте қиын жағдайларға үшырады. КСРО ҒА-ның 1932 жылы қүрыл-
ған қазақстандық базасында, кейін 1938 жылы КСРО ҒА-ның филиалы
(Қаз ФАН), 1940 жылы Ғылым Академиясының (ВАСХН И Л) Қазақ
филиалының кейбір секторларында репрессияға байланысты зерттеу
жасауға қабілетті адамдардың қалмағандығы да белгілі. Әйтсе де, бүл
ортадан шетте жүрсе де, елім, жерім, Отаным деуш ілер сол кезде де
табылған. Басына төнген қатерден, от пен судан қорықпай Қаныш
сияқты ерлер күрес сахнасына шыққан.
Сөйтіп, Қаныш 1941 жылдың басында жоғарыда айтқан филиал
құрамында ұйымдастырған Геологиялық ғылымдар институтына (ГҒИ)
директор болып тағайындалады. Осы кезден бастап, оның Үлы Отан
соғысының қиын-қыстау жылдарында ұйымдастырушылық қабілеті-
мен қатар таза ғалымдық дарыны да ашыла түседі. Оны мына мысал-
дан айқын байқауға болады. «...Далалық ізденіске аттанған экспеди-
циялардан кең көлемде келіп жатқан кен үлгілерін жедел зерттеп, хи-
миялық құрамын анықтау қажеттігі туған; лаборатория жетекшісі бол-
са, тиісті реагент жоқтығын сылтауратып, анализ қорытындысын үнемі
кешіктіре берген, Қаныш Имантайүлы әріптестеріне бір жолы: «Алма-
ты сияқты үлкен қалада отырып, пәленше реагент жоқ деуіңіз ұят-ақ
қ о й !» - деп, сірә, кәсіби намысына тиіп, мүдделі іске жөн көрген шы-
ғар. Қарсақпайда бір жылы анализ жасауға спирт болмай қалғанда, И.
И. Гехт деген химиктің комбинат қоймасынан бір жәшік лак тауып
әкеп, қажет реагентті содан бөліп алғанын әңгімелеп береді. Лабора-
тория меңгерушісі кенет бұлқан-талқан болып: «Мен ғылым кандида-
тымын, әмбе академиялық институтта істеймін. Демек, сіз айтты деп,
салиқалы химик басыммен жабдықтаушы бола алмаймын. Жұмысым
үнамайды е к е н - өзіңіз маған үлгі еткен Гехтыңызға жасатыңыз!..» -
деп есікті қаттырақ жауып шығып кетеді. Нәтижесінде ГҒИ -дағы төрт
кандидаттың тағы біреуімен қоштасуға тура келген. Оның орнына туу
Қарсақпайдан ғылыми дәрежесі жоқ химик И.И.Гехт шақырылады. Бүл
кісі келісімен-ақ лабораторияның анализ жасау жүмысы шынайы ака-
демиялық деңгейге көтеріліп, кен үлгілерінің қүрамын анықтау жай-
ындағы бүрынғы сөзбүйда біржола тыйылады. Иосиф Израилович Гехт
болса кейіннен диссертация қорғап, ГҒИ ұжымында үзақ жылдар еңбек
еткен...» [43].
Сондай-ақ, Қаныш Имантайүлы бұл жылдары институтқа қызмет
істеуге Одақ көлемінде есімі таныс, білгір ғалымдар И.И.Бок, Г.Ц.Ме-
доев, И.П.Новохатский, Е.Д.Шлыгин, Г.Л.Кушев сияқты ірі геологтар-
ды шақырған. Тіпті, ғылым докторы Н.Г.Кассин мен бір кездері «Са-
рыарқа білгірі» атанған М.П.Русаковты да Алматыда жүмыс істеуге
көндірген.
Осындай іргелі істері үш ін, соғы с жағдайында Отан қорғауға
қажетті ғылыми жүмыстарды өрістеткені үшін 1942 жылы Бүкілодақ-
тық аттестациялау ком иссиясы (В А К ) оған Ү лкен Ж езқазғанды
мәлімдеу, таныту жолындағы жариялаған ілгерлі еңбектері негізінде
ешқандай қорғау, сынақсыз геология - минаралогия ғылымдарының
сгі ■■
- .... .
‘Г ' : , - і я г .- і - ■
.
; г . . г - ,
, „ ? « ц д д ,д
і. -■■■■,л
дл.гг
— —
л л
г т т . - г . г ■■■ -твп ^ л . и і в я а е я в я в ^ я и в н а а и в в
докторы, араға жыл салып корреспондент - мүше атағын береді. Ал
1946 жылы КСРО Ғылым Академиясының толық мүшесі, яғни акаде-
мигі болып сайланады. Сөйтіп, Шығыстан шыққан қазақ перзенті қатып
жатқан сең мүзды бүзып жара өз күшімен бүрын-соңды ешкімнің қолы
жете бермеген үлкен табыстарға иек артады. —
Қанекеңнің мүндай ірі табыстарға жету сырын, онымен көп жыл-
дар бойы қызыметтес болған, Еңбек Ері, академик Д.В.Наливкин:
«Қаныш Имантайүлы - ғылымның шынайы көшбасшысы еді. Қандай-
да жүмысты, мейлі кішігірім іс болса да, ол араласқан жағдайда бірден-
ақ соның жетекшісіне айналып, әлгі шаруаның өзі де маңызы зор әлеу-
меттік мәселе боп көркейіп шыға келетін...» немесе екінші бір ғүлама
академик Д.Н.Щербаков: «Қ.И.Сәтбаевты мен өте жігерлі, екі үдай сөзге
жоқ бірбеткей ж әне терең де парасатты мемлекеттік танымға ие түлға
ретінде ғана білемін. Қаныш Имантайүлының ғылыми кемеңгерлігі ерек-
ше кең болатын, бірден-бір оңды бағытты таңдаған соң-ақ ол өзі дүрыс
қүлшына кірісетін-ді. Қазақстанның үшы-қиырсыз даласында туып,
қатаң табиғаттың ыстық-суығына әбден пісіп-қатқан ол тіршілік үшін
күрестің қандайынан болмасын бастартпайтын ж әне жеңіске жеткен-
ш е тоқтатуды біл м ей тін қайраткер е д і» , - д еп жан-жақты ашып,
көрсетіп берген.
Енді, біраз артқа шегініс жасап, Қаныш Имантайүлының қалай Қазақ-
стан ғылымының көшбасшысы атанғанына назар аударсақ онда мына-
дай жайларға тап боламыз: «Сәтбаевтар отбасы Алматыға көшіп келген
күннің ертеңінде-ақ, шамасы бүл 1941 жылғы шілде айының 2 -3 жүлды-
зы, Қаныш Имантайүлы Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің хатшы-
сына шақырылып, ғылыми филиалдың да басшылық міндеті (академик
и
Григорьевке орынбасар болып, анығында Иван Федорович төрағалық
қүзырын да белсене атқармағанына қымсынып, екі жылдан кейін өзі сүра-
нып біржола босанған) де қоса жүктелгендігі ескертілген. Қысқасы нақ
сол күннен былай қарапайым іздеуш і геолог Қ.И. Сәтбаев Қазақстан
ғылымының бірегей басшысы болып тағайындалған.
Бүл болса Жезқазған барлаушысының кәперінде жоқ, ешқандай
ойламаған, болжамаған шаруа. Өзіне кәміл мәлім геологияның ғылыми
бағыт-бағдарынан теріс лағып адаса қоймасына сенгендіктен де ГҒИ -
ға жетекшілік етуге әрең келіскен-ді, ал мына іс - бүкіл республика
ғылымының төрінде отырып, оның сан тарам күрделі саласына жауап-
ты болып, сан алуан қылық-мінезге ие, өз ілімінің қатпарлы сыры мен
қырын жетік білетін профессор-докторларға жөн - жосық айту... жо-
56
жоқ, өңінде түгілі түсіне кірмеген шаруа. Бірақ, ешкім: «Байқап көресіз
б е ? » ,- деп сүраған да жоқ, осы міндетті де сізге жүктейміз жөне се-
неміз дегендей емеурінмен діттей айтты. Сөз сонымен тәмамдалып,
Үлытау қиырынан ел мерейін көтерген атақ-абыроймен оралған мар-
қасқа азамат қырықтың қырқасына жаңа ілінген қайратты шағында,
Қазақстандай алып республиканың сан-салалы ғылымының бас бағба-
ны һәм көшбасшысы болып тарих сахнасына шықты » [44].
Осы кезден бастап, Қаныш Имантайүлы өзіне тапсырылған міндет-
терді адал да уақытылы орындай отырып, Қазақстан ғалымдарының
болашағын гүлдендіру жолында жаңа қадамдарға жол ашты. Ол енді
қазақ ғалымдарының алдына, өз алдына жеке үлттық академия ашу
мәселесін қойды. Бірақ, олардың арасында «Н ебәрі төрт-бес инсти-
тут, алты секторға сүйеніп, дербес ғылым ордасы туралы сөз қозғау -
қияли адамның арманы» деген өсек-аяң өрбіді. Алайда, осының бәріне
қарамастан ол алған бетінен қайтқан жоқ. Қашан ойлаған арманына
өзі де бел шешпей еңбек етті. Басқалардан соны талап етті.
Сөйтіп, өмірінің 15 жылын Жезқазған жерінде өткізгеннен кейін,
Геологиялық ғылыми-зерттеу институтының директоры болып тағай-
ындалуына байланысты 1941 жылы Алматыға ауысады. Бүдан кейін
соғыстың сүрапыл жылдарында, яғни 1942 жылы бар болғаны 38 күн
іш інде Сәтбаевтың басқаруымен болған жанқиярлық еңбектің нәти-
ж есінде Жезді жерінде марганец кені ашылды. Сөйтіп, стратегиялық
аса қаж етті ш икізат Урал қара м еталлургиясы ны ң орталыгына
жеткізіліп, қамтамасыз етілді. Бүл да өз алдына теңдесі жоқ ерліктің,
тылдағы ерліктің ең жоғарғы түрлерінің бірі еді. Жезді кен орны мар-
генцтің 70,9 пайызын беріп отырды, яғни 10 танктің 7-нің қүрыш сау-
ыты осы кен орнының металымен қапталды, әрбір 10 оқтың 9-ын Қазақ-
стан қорғасыны, әрбір жез гильзаның үштен бірі де Қазақстан мысы-
нан жасалынған.
Сол жылдарда Қ.И.Сәтбаев аса зор ғылыми жетістіктері үшін рес-
ми диссертация қорғамай-ақ, геология-минералогия ғылымдарының
докторы деген дәрежеге ие болды. Әртүрлі қиыншылық атаульгаы жеңе
отырып талантты ғалым, соғыс әсерінен зор зардап шеккен қиын эко-
номикалық жағдайдың өзінде Қазақстан ғылымының орталығы — Ғылым
Академиясының ашылуына көп күш жүмсады. 1946 жылдың маусым
айының 1 жүлдызы Ғылым Академиясының қүрылған күні болып тарих-
қа енген. Сол күні халқының сүйікті азаматы болып танылып үлгерген
Қаныш Имантайүлы Сәтбаев бірауыздан Қазақ Ғылым Академиясы-
58
ның тұңғыш президенті болып сайланды. Сол жылы Одақтық Акаде-
мияның толық мүшесі болып та сайланды, яғни Қ.И.Сәтбаев қазақ ұлты-
нан шыққан бірінші академик қана емес, бүкіл Шығыстан шыққан ал-
ғашқы академик болды [45].
Қ.И.Сәтбаевтың бүл ерлікке пара-пар ешқащан үмытылмайтын үлан-
ғайыр істері туралы «Абай» журналына берген сүқбатында Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Сыпыра жетімсіздік жай-
лаған жағдайда оның I I институтты тыңнан ашуға ұсыныс жасап, со-
ларды 1944—1945 жылдар аралығында жүзеге асыруы - іскерліктің шыңы
дерлік қайраткерлік. Сайып келгенде бүл соғыстан кейінгі алғашқы жыл-
да-ақ ҰҒА - ның шаңырағын жедел көтеруге негіз болған. Сондықтан
да біз Қ.И.Сәтбаевты үлттық ғылым ордасының іргесін қалап, түңғыш
президенті атанған ғүлама деп ардақ тұтамыз. Бас-аяғы төрт-бес жылда
ұлттық ғылымның басшысының Қазақстаннан өзге екі академияға, КСРО
ҒА-ның толық және Тәжік ғылым ордасының қүрметті мүшесі болып
сайлануы - қазақ ғылымының ғұлама білгірлігін танудың айғағы. Шын-
туайтын айтқанда, Қаныш Сәтбаевқа дейін де, кейін де бірде-бір қазақ
ғалымы мұндай қүрмет-мәртебеге жеткен жоқ!..
М енің кәміл сенген ойымша, дархан өмір тарихи кезеңдерде ту-
мысы бөлек біртуар жандарды алға шығарып, оларға елдің, иә болмаса
аса мәнді істің тағдыр-талайын жүктеуі - заңды қүбылыс. Осы жөнмен
таразылағында, Қ.И.Сәтбаевтың қазақ ғылымының көш басы болуы -
үлтымыздың бағы, оның алып та кемел түлғасы - келешектегі жолы-
мызға рухани-ғылыми нүсқа десем , сірә, асыра бағалау емес...», - де-
ген ойлар айтқан болатын [46].
>
-■
Ал, оның металлогения мектебінің негізін қалаушы ретіндегі қыз-
меті туралы химия ғылымдарының докторы , проф ессор Алтынбек
Нүхұлы: «Қ.И .Сәтбаевты ң тарих беттеріне алтын әріптермен жазса
да артық болмайтын ғылыми еңбектерінің бірі - ол Орталық Қазақ-
станның кешенді металлогендік ж әне болжамдық картасының дүние-
ге келуіне тікелей басшылық жасап, ат салысқандығы. Бүл картаны
жасап шығару еңбегі - оны Қазақстандағы металлогения мектебінің
негізін қалаушы етіп қана қойған жоқ, ол сол кездегі Одақ көлемінде,
тіпті әлемдегі металлогения ілімінің алғашқы кірпіштерін қалаған аза-
мат етті. Бүл Сәтбаев және оның шәкірттері мен қызметтес серіктерінің
үлкен де зор ғылыми жетістігі еді. Болжамдык карта әділ бағасын 1958
жылы алды, яғни осыдан 16 жыл бүрын «Жезқазғанның мыс кендері»
деп аталған еңбегіне берілген Мемлекеттік сыйлығының қатарына, сол
кездегі ең жоғары сыйлық қосылды. Бүгінгі күні ойлап қарасаң, Қане-
кеңнің еңбектері Нобельдік сыйлыққа да лайық екен. Тек қана Үлкен
Жезқазған емес, сонымен қатар Қазақстандағы тағы да басқа кен-қазы-
на орындарының ашылуы, Қаратау фосфориті, Қостанай мен кенді Ал-
тайдағы темір және марганец, Қарағандыдағы металлургиялық зауыт,
Жезқазған жеріндегі ірі өндіріс орталықтарын сумен қамтамасыз ету
мақсатымен Сарыарқаның кең даласына Ертіс — Қарағанды каналының
қүрылысына және т.б. зор еңбек сіңірді» [47].
Байқап отырғанымыздай бүл тарауда Қ.И.Сәтбаевтың өмірінің ең
бір негізгі кезеңдері қаралып, оның Қазақстан ғылымына қосқан ерек-
ше еңбектері сөз болды. Үлкен Жезқазғанның Алматыдағы қарапайым
инженер ретінде келген жас геолог, араға көп уақыт салмай-ақ халық
аузына үлкен үйымдастырушылығымен қатар дарынды ғалым ретінде
де ілігіп, соғыс уақытына сай кең масштабты жүмыстар жүргізілуінің
арқасьгада, Қазақстан ғылымын айналдырған бес-алты жылдың өзінде-
ақ «бас айналарлық» үлкен табыстарға жеткізді. Соның нәтижесінде
Қазақстан Үлттық Ғылым Академиясы қүрылып, өркениетті дүниежүзі
халықтарының қатарына қосылдық. Әсіресе, Қазақстан Үлы Отан со-
ғысы жылдарында неміс-фашист басқыншыларын жою жолында жер
асты қазынасымен, жер үсті байлығымен де, майданда да, тылда да
жан аямай үлес қосқан республикалардың бірі болды.
3. Даналың туралы толғамдар
Халық даналығы «Көп өмір сүргеннен емес, көп біліп, көргеннен
сүра» дейді. Шындығында, сексенге келіп селкілдеп отырса да, халқы-
на бір тиын пайда тигізбей, өз жеке қарақан басының қамымен өткен-
дер де, елуге келіп елпілдеп жүрсе де халқы үшін қызмет етіп, атақ-
даңққа бөлегендер де бар. Бірақ, өкінішке орай, әдетте алғашқылары-
нан соңғылары аз болады. Тегі «жүзден жүйрік, мыңнан түлпар» деген
осы болар. Кезінде «Ақыл жастан, асыл тастан» дегендейін отыз жа-
сында орда бүзып, қырық жасында ел басқарған Қаныш Имантайүлы
да осындай жан болған. Ол туралы көзінің тірісінде де, кейін де заман-
дастары мен кейінгі толқын ізбасарлары жақсы пікір, ой-толғамдар
айтып, жазып жас үрпаққа үлгі-өнеге боларлықтай мол рухани мүра
қалдырған. Енді солардың қайсыбіріне тоқталып көрелік.
Халық қаһарманы, көрнекті энергетик - ғалым, Қазақстан Ғылым
Академиясының Қаныш Сәтбаевтан кейінгі 1964-67 жылдардағы прези-
денті Шапық Шөкин оның талантты шәкірті болған. Кезінде елімізде
электрлендіру саласына мол үлес қосып, ГЭС-тер мен ГРЭС-тер салу
ісіне ерекше назар аударған. Ал, ол өзінің «Академияның алғашқы пре-
зиденті» деген мақаласында Қ.И.Сәтбаевтың жалпы адамгершілігі мен
іскерлігі, дархан дарыны туралы: «Жүрт ол кісіге үйір болды. Оны бая-
ғыдан бері білетіндер де енді-енді көрісіп, бірер ауыз тілдескендер де
игі жақсының шарапатына разы болып, жаны жайланар еді. Шыққан тегі
атақ-дәрежесіне қарамай Қанакең кез келген кісінің көңілін аулайтын,
жылы сөз дайын түратын. Көп адамдар: кездейсоқ кісі де, Академияның
қатардағы дәйекш ісі де оны жақын досымыз деп есептейтін. Оның
тірлікте ең басты қуанышының бірі - адамдармен араласып, емін-жар-
қын сөйлесу еді. «Жақсыда жаттық жоқ», - дейді халық, мейірім шара-
паты жүзінен төгіліп түрған Қанекеңнің маңынан жүрт үйіріліп шықпай-
тын, оның ізгі жаны содан зор ғанибет тапқандай болатын.
Жастайынан тікелей өндірісте істеген Қанекең академиялық зерттеу-
лер қажеттігін жүрттың бәрінен де тереңірек түсінетін. Сонда ол іргелі
ғылымға зиян тигізбеу жағын қарастыратын, Қанекең оның дамуына ел-
ден ерек, айырықша маңыз беретін. Практикалық және теориялық жүмыс-
тарды шебер үйлестіру - Республика Академиясы ғылыми проблемала-
Достарыңызбен бөлісу: |