Қазақ поэзиясының сұлу сарайы. Ілияс Жансүгіров
Қазақтың ұлы ақыны Ілияс Жансүгіров 1894 жылы Алматы облысы Ақсу ауданында дүниеге келген. 1937-38 жылдары қазақтың зиялы ұлт қайраткерлеріне жала жабылып, қуғын- сүргінге ұшырады. Ілияс Жансүгіровке де жала жабылды. 1938 жылдың 26 ақпанында КСРО Жоғары сотының Әскери коллегиясы Ілияс Жансугіровті ату жазасына кесті. Өнерді суйген, өнерді жырлаған қазақтың ұлы ақыны Ілияс 44 жыл ғана өмір сүрді.
Талдықорған қаласындағы Жетісу мемлекеттік университетіне І. Жансугіровтің есімі берілді. Университетте мыңдаған жас білім алуда. 1994 жылы университеттің алаңына ақынның қоладан құйылған ескерт кіші орнатылды. Талдықорғанда ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби- мемориалдық мұражай жұмыс істейді.
ӨМІРБАЯНЫМ
Менін өскен жерім - Жонғар Алатауынан аққан, Балқашқа құятын Ақсу өзенінің бойы, Жетісу губерниясы Талдықорған үйезі Ақсу болысы.
Жансүгір... - әкем. Кезі тірі. Жылы - жылан. Биыл 71-де. Менің жылымды «жылқы» дейді. Онысы 1894 жыл болады. Жазға қарай туыппын. Анамды аз білем, 4 жасымда жетім калдым.
Әкем әріп үйретті. Одан кейін 1912 жылғы күзде Кыли мектебіне бардым. Оның сабағы - құран, оқу, жазу, есеп. Онан кейін оқи алмадым. Егін егіп, мал бақтым.
Шешендік сөздер, әңгіме, ертегілер, өлеңдер тындағанды ұнатамын. Әріп таныған соң кітапты көп оқитын болдым. «Қыз Жібек» жырын қызығып оқушы едім.
1914 жылы «Қазақ» деген газеттің бір нөмірін көрдім. Онда «Қазақтың бас ақыны» деген «Абай» туралы мақала болды. «Абай» дегенді алғаш естігенім сол. Кітабын қолыма түсіруге құштарландым. Семейдегі досыма: «Абайдың кітабын тауып бер!»- деп жалындым. 1916 жылы ол Абайдың кітабын тауып берді. Оны 1 теңгеге сатып алдым.
Абай катты әсер етті. Ойым ояна бастады. Қайта-қайта оқи беретін болдым. Өзімде біртүрлі сергектік, сілкініс, жүрегімде жаңалық сездім. Жазуға талабым оянды. Келсе де, келмесе де өмірді өлең кыла бастадым. Абайдың торында қалдым. Сол қыста бірталай ұсақ өлеңдер жаздым. Оның атын «Балдырған» қойдым. Тіпті Абайдың орыстан аударған мысалдарын да өлең кылдым. Мәселен, «Бұлбұл мен есек» деген өлеңімнің бір кесегі әлі есімде: Салды бұлбұл енді әнге. Құйқылжытқан келді әнге.
Тау менен тас мұңданып,
Арғы мен салды бергі әнге.
Ағаш, тоғай қуанып,
Әкетті ерітіп жерді әнге.
Жан-жануар таңырқап,
Тамсандырды елді әнге.
Тоқсан толғап қаырып,
Тоқтады барып әреңге...
Міне, Абаймен алғашқы танысқаным, Абайдың маған еткен әсері.
Ілияс Жансүгіров
9-тапсырма. Жұптық жұмыс. Мәтіннен І.Жансүгіровтің Абайды қалай танып-білгені туралы бөлігін тауып, 5-6 сұрақ құрастырңдар. Диалог құрыңдар.
Жазылым
10-тапсырма. Қою қаріппен берілген сөздердің орнына жақша ішіндегі синонимдік қатардан мағынасы сәйкес келтін сөзді таңдап жаз.
Жазуға талабым (ықыласым,ынтам) оянды. Келсе де, келмесе де өмірді өлең кыла (өлең жаза, өлең ете) бастадым. Абайдың торында (ырқында, қармағында) қалдым.
Достарыңызбен бөлісу: |