30 мың адам әр түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған.
АҚШ елі сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша 7,3 баллмен 18 орынға иеленіп, «жиырма көшбасшы» елдің қатарына енді.
АҚШ шетелдік шенеуніктерге пара беруге тыйым салатын «Сыбайлас жемқорлықтың шетелдік тәжірибесі туралы» атты Заңды (1977ж.)
тұңғыш қабылдаған ел болып табылады.
Эстония елі посткеңестік республикалар ішінде сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша 6,6 баллмен 27 орында Сыбайлас жемқорлықпен күресті компюьтерлендіру арқылы жүзеге асыру қарастырылған
Финляндия
9,0 баллмен Сингапурден кейінгі 5-ші орынды иеленген ел.
1995 жылы Ұлыбританияда Нолан Комиссиясы жемқорлықтың алдын алатын 7 қағида қабылдаған:
1. Риясыздық. Лауазымды қызметкерлер қоғамдық мүддені жоғары ескере отырып, бір шешімге келеді. 2. Сатылмастық. Лауазымды қызметкерлердің өздерін басқа бір адамдарға не ұйымдарға қаржылық тәуелсіздікке қоймағаны дұрыс. 3. Әділдік. Жоғары қызметке тағайындау, келісім шарт жасау, марапаттау мәселелері бойынша шешім қабылдағанда лауазымды қызметкерлер үміткердің кәсіби қабілеттерін, іскерлігін ескеруі тиіс. 4. Есептілік. Лауазымды қызметкерлер қоғамның алдында өздерінің істеген ісі, қабылдаған шешімдері бойынша есеп беріп отыруы керек. 5. Ашықтық. Лауазымды қызметкерлердің шешімдері мен істері қоғамға ашық болуы тиіс. Әр шешім дәйектеліп отыруға міндетті. 6. Арды, абыройды сақтаушылық. Лауазымды қызметкерлер өздерінің мүдделері туралы ашық айтып, егер де осы мүдделері олардың істеген жұмысына қайшылық келтірсе, қоғамның пайдасына әкелетін шешімге келуге тиісті. 7. Басшылық. Лауазымды қызметкерлер осы аталған қағидаларды қолдана отырып, басшылықты орындап, өзінің дұрыс істерімен, мінез-құлқымен үлгі көрсетіп отыруға міндетті.